- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Анықтау ісін жүргізу пәнінен лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары. Кредит саны- 2
- •1 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы.
- •2 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу принциптері.
- •4 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.
- •6 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институты
- •1) Өзін дұрыс ұстаутуралы қол хат беру. (144 бап).
- •2) Жеке кепілдік (145 бап)
- •3) Әскери бөлім командованиясының әскер қызметшілерді байқауы
- •Кәмелетке толмағандарды қарауына беру 147 бап
- •Қамауға алу б.Ш қолдануға болады тек келесі жағдайларда:
- •7 Тақырып. Қылмыстық істі қозғау сатысы.
- •8 Тақырып. Алдын-ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
- •9 Тақырып. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту.
- •10 Тақырып. Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу іс әрекеттері.
- •11 Тақырып. Алдын ала тергеудің аяқталуы.
- •12 Тақырып. Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Соттылық.
- •13 Тақырып. Басты сот талқылауы.
- •14 Тақырып. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларын қайта қарау (Апелляциялық іс жүргізу.).
- •Cеминар сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары
- •Анықтау ісін жүргізу құқығы пәнінен емтихан сұрақтары
Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары
«Анықтау ісін жүргізу» пәні бойынша емтихан сұрақтары
1. Қылмыстық құқықтың міндеттері және принциптері.
2. Қылмыс көптігінің түсінігі және олардың түрлері.
3. Есеп: Николаев кешкі мезгілден көшеден бір әйелді тоқтатып, қорқытып сөмкесін беруін талап етті. Қорқып кеткен әйел сөмкесін бере салды. Сөмкеден әйелдің опадалап-тары мен 15 теңге ақша табылды. Николаевтың іс - әрекеті Қылмытық кодекстің 9-бабының 2-бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес пе?
4. Қылмыстық құқықтың міндеттері және принциптері.
5. Қылмыс көптігінің түсінігі және олардың түрлері.
6. Есеп: Николаев кешкі мезгілден көшеден бір әйелді тоқтатып, қорқытып сөмкесін беруін талап етті. Қорқып кеткен әйел сөмкесін бере салды. Сөмкеден әйелдің опадалаптары мен 15 теңге ақша табылды. Николаевтың іс - әрекеті Қылмытық кодекстің 9-бабының 2-бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес пе?
7. Қылмысқа қатысушылардың түсінігі.
8. Қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері.
9. Есеп: Еңбекке жарамды 35 жасар Хамидов жоғарғы білімі бола тұра еш жерде жұмыс істемей соқыр болып қаңғыбастықпен, қайыршылықпен айналысты. Хамидовтың әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?
10. Қылмыстық құқытың міндеттері, принциптері.
11. Қылмысқа қатысушының шектен шығуы.
12. Есеп: Әскери құпия объектісін фотосуретке түсіру кезінде бір азамат ұсталды, ол шетелдік азамат болып шықты.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша шетел азаматының жауаптылығы қалай шешілуі керек?
13Қылмыстардың көптігін күрделі, созылмалы, жалғаспалы қылмыстардан ажырату.
14. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
15. Есеп: Иран теплоходының штурманы палубада Ақтау қаласының айлағында тұрған уақытта осы теплоход матросының денсаулығына ауыр зиян келтірді. Қылмыстың элементерін анықтаңыздар.
16.Қылмыстық заңның кері күші.
17. Қылмыстық жазаның тәртіптік немесе әкімшілік шаралардан ерекшеліктері.
18. Есеп: Автобус жүргізушісі Қасенов автобустың алдыңғы есігін жаппаған күйінде аялдамадан әрі жүре бастады. Сол кезде жолаушылардың бірі автобустан секіріп түсемін деген кезде, аяғы тайып, автобустың артқы дөңгелегіне астына түсті. Автобус жүргізушісінің әрекеті ҚР ҚК 296-бабының 1-бөлігінде көрсетілген объективтік жағын құрай ма?
19. Қылмыс санатттары.
20. Қылмыстаң түсінігі, белгілері.
21. Есеп: 15 жасар Федоренко қолдан пистолет жасады. Өзімен бірге үш жолдасын шақырып, Федоренко пистолеттің қалай атылатынын көрсете бастады. Екінші рет атқанда ұңғысы жарылып, Федоренконың оң қолының бір саусағын жұлып кетті, ал 13 жасар Смайловтың оңжақ көзін шығарды. Федоренко қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жата ма?
22. Жазаның ұғымы, мақсаттар, жүйесі.
23. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату.
24. Есеп: Қалиев жұмысына бара жатып, тайғақ жиекжолда (тратуарда) кеннеттен тайып құлап, қасынан өтіп бара жатқан Жаркинді аяғынан тайып құлатып, оның денсаулығына ауыр зиян келтерді. Қалиевтің әрекетінде қылмыс құрамының (ҚР ҚК – нің 111-бабы) белгілері бар ма?
25. Қылмыстың басқада құқық бұзушылықтан және жат теріс әрекеттерден ерекшелігі.
26. Жаза тағайындау кезінде жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар.
27. Есеп: 17 жасар Федунов футбол ойыны кезінде допты қатты теуіп жіберіп, доп қастарынан өтіп бара жатқан зейнеткер Ларионовтың басына тиген. Соққыдан Ларионов асфальтқа құлады және екі күнен кейін миы шайқалу салдарынан қайтыс болады. Ларионов өліміне Федунов кінәлі ме?
28. Қылмыстың арнаулы субъектісі.
23. Қылмыстардың жиынтығы.
30. Есеп: Юсупова балалы болғысы келмегендіктен өзінің жаңа туған баласын дәретханаға тастап жіберген. Баланың өлігі соңынан табылды. Баланың өлі туылғандығы сараптау кезінде анықталды. Бірақ оны Юсупова білмеген екен. Юсупова қылмыстық жауаптылыққа тартыла ма?
31. Қылмыстың объектісінің түсінігі және түрлері.
32. Жазаның түрлері.
33. Есеп: Чумаков Құрмановты өлтірмек болып, оны мылтықпен екі рет атты. Құрманов ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оның өмірі құтқарылды. Алайда, оның алған дене жарақаттары медициналық сараптама жасалған ауыр деп танылды.
Чумаков жасаған қылмыс үшін жауаптылыққа тартыла ма?
34. Қылмыстың заты және оның объектіден айырмашылығы.
35. Қылмыстардың қайталануы.
36. Есеп: Шохов пен Дәітов көшеде Ердәулетовты ұстап алды. Шохов пышақпен қорқытып ақша беруін сұрайды, ал Дәітов Ердәулетовтың үстін тінтіп шықты. Ақша таппаған олар Ердәулетовты жібере салды. Алайда, көп кешікпей қолға түсті. Шохов пен Дәулетовтың істеген қылмыстарына шешімдер анықтаңыздар.
36. Қылмыс құрамының түсінігі, түрлері және оның элементтері.
37. Жаза тағайындау кезінде жауаптылықты жеңіілдететін мән-жайлар.
38. Есеп: Снегиревтің көзінше оның таныстары Ілиясов пен Хромов кісі өлтірді. Олардан қорыққан Снегирев тергеушіге шақырылған кезде кісіні кім өлтіргенін білмейтіндігін айтты. Снегирев қылмыстық жауаптылыққа тартыла ма?
39. Шын жүректен өкіну.
40. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.
41. Есеп: 14 жасар Лунев, мектептегі оқуын тастап, көршілердің үйінен заттарын ұрлаумен айналысты. Үй иесінің жоқтығын пайдаланып, 13 жасар Шакеевпен бірге бейне магнитофонын ұрлады. ҚР ҚК-нің бабы бойынша кім қылмысты орындаушы болып табылады?
42. Қылмысқа қатысудың ұғымы, оның объективтік және субъективтік белгілері.
43. Жазадан босатудың негіздері және түрлері.
44. Есеп: Қарағанды қаласында бұрын екі рет сотталған Лысов шоланға кіріп, сонда жатқан азық түліктерді ұрлады. Кетіп бара жатып үй иесі әйелмен кездесіп қалды да, оған шабуыл жасап, пышақпен қорқытып ақша сұрап, қылқындырды. Пышақ суық қару деп табылады. Істелген қылмыстар бойынша жаза түрін анықтаңдар.
45. Қылмысқа қатысудың нысандары.
46. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
47. Есеп: Садықов көтерме сауда базасының қойма меңгерушісі болып жүріп, күнделікті тауарларды дүкенге жіберу кезінде кем өлшеу арқылы өзінің бас пайдасын ойластырды. Үш ай мерзім ішінде құны 34000 теңге тұратын әр түрлі тауарларды иемденді. Бұл жерде қылмыс қандай бап бойынша сараланыды?
48. Қылмысқа қатысушылардың түрлері.
49. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы.
50. Есеп: Алферов кәмелетке толмаған жасында (14 жас) абайсызда кісі өлтірді. Осы қылмысы үшін жазасын өтеп жүріп, ол сотталған Ивлевтің денсаулығына ауыр зиян келтірді, соның салдарынан ол қайтыс болады. Бұл қылмыстары үшін жазасын өтеп болғасын, ол тағы да қылмыс жасап – бөтен біреудің мүлкін ұрлайды. Істелген қылмыстардың көптілігінің түрін анықтандар.
51. Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар.
52. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары және оның мазмұны.
53. Есеп: Бір азамат өндіріс тауарлары дүкеніне жүгіріп кіріп, сөреде тұрған тордағы төрт үлкен допты алып, көшеге жүгіріп шығып кетті. Дүкенде тұрған сатып алушылар ұрлықшының артынан қуа жөнелді. Белгісіз адам өзенге жүгіре жетіп суда батып бара жатқан жасөспірімге қарай лақтырып жіберді, сөйтіп жасөспірім аман қалды. Ломовтың әрекеті қылмыс болып санала ма?
54. Орында тәуекел, оның түсінігі маңызы.
55. Шартты түрде соттауғы түсінік.
56. Есеп: Су тасқыны кезінде жинақ кассасының жұмысшысы Монахов қайыққа салып, бағалы қағазы мен құжаттары бар сейфті әкеле жатты. Жолында ол суға батып бара жатқан екі адамды көріп, бір сейфті суға тастадыда, адамдарды өз қайығына отырғызды. Монаховтың әрекеті қылмыстық кодекстің қай бабында қарастырылады?
57. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің түсінігі.
58. Қылмыстық зардап, түсінігі мен түрлері.
59. Есеп: Винокуровқа екі жыл бас бостандығынан шектеу жазасы бекітілді. Сотталғаннан кейін Винокуров инспекцияға өзінің 2-топтағы мүгедек екендігін куәландырылатын анықтау қағазын көрсетті. Винокуровқа жаза қолдану шарасын анықтау туралы мәселені шешіңдер.
60. Қате, оның маңызы.
61. Аса мәжбүрлеу қажеттілік.
62. Есеп: Ченов автомашиномен жоғары жылдамдықта жүріп келе жатып, жаяу адамды қағып кетті. Жәбірленушінің денсаулығына орта зиян келтірді. Істеген қылмысы үшін Ченов жүргізушілік куәлігінен 5 жылға айырылды.
Ченовты жазалағандағы соттың шешімі дұрыс па? Сот жаза тағайындағанда негізгі жаза ретінде жүргізушілік куәлігінен айыру жазасын қолдана ала ма?
63.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және белгілері.
64. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі.
65. Есеп: Бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін әскери қызметкер Ишанов 2 ай тұтқыннан кейін тәртіпке салу батальонына тиісті жазасын өтеуге тұтқын ретінде жіберілді. Ишановқа жаза тағайындаған кезде сот қандай заң бұзушылық жіберді?
66. Кінә, оның түсінігі, нысандары және түрлері.
67. Аяқталмаған және қатысып жасаған қылмыс үшін жаза тағайындаудың түсінігі..
68. Есеп: Соттың үкімімен Мазинге қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазасы тағайындалды. Істі қарап болғаннан соң Мазин өзінің 2 топтағы мүгедек екенін дәлелдейтін анықтама тапсырды. Мазинге жазалау шарасын нықтау жөніндегі мәселені шешіңдер.
69. Қылмыстық жауаптылықтан бостаудың түрлері.
70. Кәмелетке олмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
71. Есеп: Әлиева мемлекет мүлкін ысырап қылу арқылы талан-таражға салғаны үшін ҚР ҚК 176-бабының 1-бөлігімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Әлиеваға ең жоғары жаза шарасын тағайындай отырып, сот ауырлататын жағдайлар болып, бұл Әлиеваның өз кінәсін мойындамауы екенін көрсетті.
Соттың істе көрсетілген ауырлататын жағдайларға сүйенгені дұрыс па? Жауаптылықта ауырлататын жағдайларды атаңдар.
72. Жалған қорғанудың түсінігі.
73. Ескіру мерзімінің өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылық тан босату.
74. Есеп: Абрамов түңгі уақытта акционерлік қоғамның жерінен бір қап картоп ұрлады, бірақ автокөлікке тиер кезде қарауылға ұсталды. Соттың үкімімен Абрамов ҚР ҚК 24-бабы және 175-бабының 1-бөлігі боынша 300 есе айлық есеп көрсеткіш көлемінде айып төлеуге сотталды. Сотталушы касациялық шағымда өзінің жәбірленушімен келіскенін, оған картопты қайтарғанын айтып, қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады. Шағымды қанағаттандыруға негіз бар ма?
75. Қылмысқа жанасушылық түсінігі, түрлері және қылмысқа қатысушыдан өзгешелігі.
76. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
77. Есеп: Костров жағажайда сағат ұрлайды. Ол келесі күні полицияға келіп, шын көңілмен ұрлық жасағанын айтып, сағатты қайтарып береді. Костров қылмыстық жауаптылыққа тартылады ма?
78. Шартты түрде соттау .
79. Мас күйде қылмыс жасаған адамның жауаптылығы.
80. Есеп: Шакиров мас күйінде өзі тұрып жатқан үйдің егесінен балаларға арналған спорт кастюмын ұрлап кетті. Бір жылдан соң теартдың гардеробынан қолшатырын ұрлап, тағы-да қалмыс жасады. Екі қылмыс та 3 жылдан кейін қылмысты жасағаннан кейін ашылды. Шакировке қылмыстық жауаптылыққа тартудағы ескірушілік институтын қолдануға бола ма? Қолданудың негіздерін атаңыз.
81. Шартты түрде соттаудың сынақ мерзімі, оның ұзақтылығы.
82. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері және мақсаты.
83. Есеп: Колбин ұрып, соққаны үшін соттың үкімі бойынша сотталып бас бостандығынан айырылды. Тағайындалған жазаның 3/2 өтеген соң, колония әкімшілігі Колбиннің атына шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш хат жазды, соттың ұйғарымы бойынша қалған өтелмеген 1 ж. шектеулі бостандықта сол мерзімге өтелсін деді. Соттың шығарған ұйғарымы заңға сәйкес пе?
84. Қылмыстың субъектісінің түсінігі және оны сипаттайтын белгілері.
85. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері.
86. Есеп: сот Балағановқа бұзақылығы үшін 3 жылғы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. 1 жылын өтегеннен кейін Балағанов жазылмайтын аурумен ауырады. Ауруына байланысты жазадан босатудың негізін атаңыздар және оны қолданудың негіздері қандай?
87. Қылыс істеу сатыларының түсінігі.
88. Айыптау үкімі ескіруінің шарттары және мерзімдері.
89. Есеп: 1979 ж. 1.08 туылған Мадиевке 1997 ж 2.08 кісі өлтіргені үшін өлім жазасы тағайындалды. Ол кешірім беруге арыз жазды. Оған кешірім беру мәселесі толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
90. Кінәнің екі нысаны мен жасалған қылмыс үшін жауаптылық.
91. Соттылық түсінігі, оның жою және алу.
92. Есеп: Базарбаевқа ұрлық жасағаны үшін оған айып түрінде сотпен жаза тағайындалды. Базарбаев жұмыс істеген ұжымы оны қылмыстық жызыдын босату туралы өтініш хат жазды. Қылмысты жасаған адамның қоғамға қауіптілігі болмаған жағдайда, қылмыстық жазадан босататын негіздерді атаңыздар.
93. Қылмыстық ниет және мақсаттың түсінігі.
94. Шартты түрде соттаудың күшін жою немесе мерзімін ұзарту тәртібі.
95. Есеп: Кәмелетке толмаған Баев өзімен бірген оқитын сыныптасынан 135 т ұрлап алғаны үшін жауапқа тартылды. Сот Баевты жақсы мінездемесіне қарап, бірінші жасаған қылмы-сы болғандықтан, қылмыстық жазаның орнына тәрбиелік сипаттағы еріксіз шара қолдану-ды ұйғарды. Баевқа қатаң сөгіс жарияланды және келтірілген залалдың орнын толтыру міндеттелді. Сот шешім кезде Баевқа 14 жас 7 ай толған еді. Соттың шешімі негізделген бе?
96. Қате, оның түсінігі мен түрлері.
97. Қылмыстық жауаптылықытан және жазадан босатудың түсінігіғ түрлері.
98. Есеп: 1980 ж 3.07 күні туған Закиев 1998 ж 17.03 күні ҚР ҚК 259-бап 1-бөл бойынша қылмыс жасап, 1 ж бас бостандығынан айырылған. 1994 ж30.05 күні Закиев қайтадан ҚР ҚК 259-бап 1-бөл бойынша есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Сол Закиевті ҚР ҚК-нің осы бабымен 2 жылғы бас бостандығынан айырып соттады. Закиевке жаза дұрыс қолданылды ма?
99. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі, маңызы, және белгілері.
100. Қылмыстық заңның мерзімдегі күші.
101. Есеп:Портнов пәтерге жасырын кіріп, бағалы заттарды ұрлады, бірақ шығарда, үй иесі оны ұстап алды. Портновтың әрекеті қылмыс жасалудың қандай сатысында тоқтатылды?
102. Орынды тәуекел түсінігі.
103. Қылмыстық зардаптың түсінігі және олардың түрлері.
104. Есеп: Амзеев пен Белов автовокзалдың жанында, жерде мас күйінде жатқан Қожановты көріп, оның қолындағы қол сағатын шешіп алды, ал Белов қалтасынан 20 американ долларын, 537 т. мен 10юань бар әмиянді алып алды. Қатысушылықтың нысанын анықтаңыз.Орындаушының эксцессі дегеніміз не?
105. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің түсінігі.
106. Аса мәжбүрлеу қажеттілік.
107. Есеп: Монахов мас күйінде бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сот 1 ж. бас бостандығынан айырып, түзеу колониясының жалпы режиміне 110 сағ. мерзімге қоғамдық жұмыс тағайындап соттады. Монаховтың жазасы дұрыс тағайындылды ма?
СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік кеңесі
«ҚР Тергеушінің мәртебесі құқығы» пәні бойынша СӨЖ мына жағдайларды қарастырады:
-Білімгерлердің белсенділігі мен жан-жақты ізденуінде қазіргі замандағы теория мен практиканы ұштастырудың жаңа нысандары мен әдістерін ойластыру (әртүрлі ойындар, мәселені талқылау, ситуациялық жағдайлар ойластыру, т.б.);
-Тақырыпты өз бетінше теориялық жағынан талдау, жоспарын құру, аннотация жасау, іздену (өз таңдауы бойынша);
- Пән тақырыптары бойынша кішігірім сөздік құрастыру;
- Шағын топ болып зерттеудің жобасын жасау, презентациялау;
Курсты оқу барысында білімгерлер тақырыптарға қатысты деректер көзімен жұмыс жасауға:
- Құқық негіздері пәні бойынша әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілермен танысу (ғылыми, оқу, заң терминдері, заңдар, анықтамалар), яғни кітапханада әртүрлі дерек көзімен жұмыс жасауға, ізденуге тырысады;
- Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдыланады;
- Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізуге, жоспар жасауға, тезистер, конспект жасауға, тақырыпқа қатысты хабарламалар алуға, реферат жазуға;
- Дерек көздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын ұстауға, нақты дәлелдер келтіруге, ойын жинақтауға;
- Әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, мәселені талқылауға белсене қатысады.
Білімгерлердің ізденіс қабілеттерін дамытуға және белсенділіктерін арттыруға көп көңіл бөлінеді:
Ситуациялық жағдайларды ойластыру, талдау жасау;
пікірталастар тудыру, өз құқықтарына нұқсан келген жағдайларды анықтау, тығырықтан шығу жолдарын іздестіру, тез ойын жинақтау;
күнделікті өмірде құқығына жиі нұқсан келетін кездерді анықтау, мәселені қоя білу, нақты сүйенетін фактілерді көрсету;
Тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя білу.
СӨЖ –дің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
СӨЖ |
Тапсырма атауы, мазмұны |
Сағ. саны |
Тапсыру мерзімі |
Тапсыру нысаны |
1 |
1. қылмыстық процесс және қылмыстық іс жүргізу құқығы ның бір-бірінен айырмашылыған жазбаша түрде ашыңыз. 2. Қылмыстық іс жүргізудің төмендегі функцияларына сипаттама беріңіз: - қылмыстық істі тергеу -қылмыстық ізге түсу -прокурордың заңдылықты қадағалауы 3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары бойынша кесте құрастырыңыз. 4. Қазақстан Республикасындағы соттар жүйесі және ҚР-ның сот инстанцияларына талдау жасаңыз. |
12 |
4 неделя |
Конспект, Кроссворд, схема
|
2 |
1. «Ақтау және қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз іс әрекетімен келтірілген зиянды өтеу» - тақырыбна реферат жазыңыз. 2. «Сот» және «әділсоттылық» сөздерінің мәні мен арақатнасын жазыңыз. 3. «Анықтаушы – қылмыстық іс жүргізу құқығының субъектісі ретінде»- тақырыбына баяндама жазыңыз. 4. Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік мәселелері бойынша конспект жасаңыз. |
13 |
7 неделя |
Реферат, жазбаша анализ, баяндама
|
3 |
1.Алдын ала тергеу сатысында тергеушімен жүргізілетін тергеу әрекеттері бойынша кесте құраңыз. 2. Алдын ала тергеу кезіндегі сезіктінің процессуалдық жағдайын жазбаша сипаттаңыз. 3. «Қылмыстық процесс бойынша процесуалдық құжаттар»- тақырыбына реферат жазыңыз. 4. Тергеу эксперименті түсінігі мен процессуалдық тәртібі бойынша конспект жазыңыз. |
10 |
11 неделя |
Кесте, Конспект,реферат |
4 |
1 «Істің қысқаруымен байланысты соттың айыптау үкімін жою»- тақырыбына баяндама жазыңыз. 2. «Қылмыстық іс жүргізудегі айрықша іс жүргізу»- тақырыбына баяндама жазыңыз. 3. 14-15 тақырыптар бойынша кроссворд құраңыз. |
10 |
14 |
|
|
Барлығы: |
45 |
|
|
