- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Анықтау ісін жүргізу пәнінен лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары. Кредит саны- 2
- •1 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы.
- •2 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу принциптері.
- •4 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.
- •6 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институты
- •1) Өзін дұрыс ұстаутуралы қол хат беру. (144 бап).
- •2) Жеке кепілдік (145 бап)
- •3) Әскери бөлім командованиясының әскер қызметшілерді байқауы
- •Кәмелетке толмағандарды қарауына беру 147 бап
- •Қамауға алу б.Ш қолдануға болады тек келесі жағдайларда:
- •7 Тақырып. Қылмыстық істі қозғау сатысы.
- •8 Тақырып. Алдын-ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
- •9 Тақырып. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту.
- •10 Тақырып. Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу іс әрекеттері.
- •11 Тақырып. Алдын ала тергеудің аяқталуы.
- •12 Тақырып. Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Соттылық.
- •13 Тақырып. Басты сот талқылауы.
- •14 Тақырып. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларын қайта қарау (Апелляциялық іс жүргізу.).
- •Cеминар сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары
- •Анықтау ісін жүргізу құқығы пәнінен емтихан сұрақтары
14 Тақырып. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларын қайта қарау (Апелляциялық іс жүргізу.).
Дәріс жоспары:
1. Апелляциялық өндірістің түсінігі, маңызы, міндеттері.
2. Апелляциялық өндірістің негізгі белгілері.
3. Сот шешімін өзгертудің, бұзудың негізлері.
4. Істерді апелляциялық өндірісте қарау тәртібі.
Негізгі ұғымдар: апелляция.
Заңда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда, тараптар апелляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін.
Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және оның өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
Наразылық білдіру құқығы істі қарауға мемлекетік айыптаушы ретінде қатысушы прокурорға тиесілі ( ҚІЖК-нің 396-бабы ).
Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді ( ҚІЖК-нің 405-бабы ).
Апелляциялық қаулы кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қарар бөлімдерінен тұрады.
Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған судьялардың бүкіл құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесінен қайтып келгеннен кейін отырыс залында оқылады.
Сот ҚІЖК-нің талаптарын сақтай отырып, қаулының қарар бөлімін шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтіні іс қаралған күннен бастап жеті күн мерзімде жасалып, оған барлық судьялар қол қояды (ҚІЖК-нің 422-бабы ).
Аудандық және оған теңестірілген сот, облыстық және соған теңестірілген сот шығарған бірінші сатыдағы сот үкімдері, егер оған шағымданбаса немесе наразылық келтірмесе, апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға тиіс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шығарған бірінші сатыдағы сот үкімі ол жарияланған соң заңды күшіне енеді.
Апелляциялық шағым жасалған немесе наразылық келтірілген жағдайда, аудандық немесе облыстық сот үкімінің күші жойылмаса, апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық шағым, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін қайтарып алынса, үкім шағымды наразылықты қайтарып алуға байланысты апелляциялық іс жүргізудің тоқталғаны туралы апелляциялық сатының қаулысы шығарылған күні заңды күшіне енеді.
Үкім заңды күшіне енген немесе апелляциялық сатыдағы соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей бірінші сатыдағы сот үкімді орындауға кіріседі.
Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі ҚР Қылмыстық кодексінің 75-бабымен белгіленген мерзімде орындалмаса жазаны өтеуден босатылады.
Заңды күшіне енген соттың үкімі мен қаулысы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сөзсіз орындалуға жатады. Соттың үкімін, қаулысын орындамау қылмыстық жауапкершілік жүктейді.
Егер үкімде сотталушының Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасынан, ҚР Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы мәселені қою қажеттігі көрсетілсе, үкімді шығарған сот ҚР Президентіне сотталушыны мемлекеттік наградасынан, көрсетілген атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы ұсынысты, сондай-ақ үкімнің көшірмесі мен оның заңды күшіне енуі туралы анықтаманы жолдайды.
Үкімді орындаушы органдар оның орындалғаны жайында үкімді шығарған сотқа дереу хабарлайды. Түзеу мекемесінің әкімшілігі үкім шығарған сотқа сотталушының жазасын өтеу орны туралы хабарлауы тиіс ( ҚІЖК-нің 449-бабы.
Анықтау ісін жүргізу пәнінен дәріс күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
№ |
Тақырыптың атауы |
Дәріс |
1 |
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы. |
2
|
2 |
Қылмыстық іс жүргізу принциптері. |
|
3 |
Қылмыстық ізге түсу. |
|
4 |
Қылмыстық іс жүргізушіге қатысушылар |
2
|
5 |
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының негізгі ережелері. |
|
6 |
Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институты |
2
|
7 |
Қылмыстық істі қозғау сатысы. |
|
8 |
Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары. |
2
|
9 |
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту. |
|
10 |
Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу іс әрекеттері. |
2 |
11 |
Алдын ала тергеудің аяқталуы.
|
|
12 |
Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Соттылық. Басты сот талқылауын тағайындау. |
2
|
13 |
Басты сот талқылауы. |
|
14 |
Соттың заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларын қайта қарау (Аппеляциялық іс жүргізу.). |
|
|
Барлығы: |
12 |
Анықтау ісін жүргізу пәнінен семинар күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
№ |
Тақырыптың атауы |
Сем. саб. |
1 |
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы. |
1
|
2 |
Қылмыстық іс жүргізу принциптері. |
|
3 |
Қылмыстық ізге түсу. |
|
4 |
Қылмыстық іс жүргізушіге қатысушылар |
|
5 |
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының негізгі ережелері. |
|
6 |
Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институты |
|
7 |
Қылмыстық істі қозғау сатысы. |
|
8 |
Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары. |
|
9 |
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту. |
|
10 |
Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу іс әрекеттері. |
1 |
11 |
Алдын ала тергеудің аяқталуы.
|
|
12 |
Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Соттылық. Басты сот талқылауын тағайындау. |
|
13 |
Басты сот талқылауы. |
|
14 |
Соттың заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларын қайта қарау (Аппеляциялық іс жүргізу.). |
|
|
Барлығы: |
2 |
Анықтау ісін жүргізу пәнінен СӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
№ |
Тақырыптың атауы |
Сөж |
1 |
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы. |
8 |
2 |
Қылмыстық іс жүргізу принциптері. |
8 |
3 |
Қылмыстық ізге түсу. |
8 |
4 |
Қылмыстық іс жүргізушіге қатысушылар |
8 |
5 |
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының негізгі ережелері. |
8 |
6 |
Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институты |
8 |
7 |
Қылмыстық істі қозғау сатысы. |
8 |
8 |
Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары. |
8 |
9 |
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту. |
8 |
10 |
Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу іс әрекеттері. |
8 |
11 |
Алдын ала тергеудің аяқталуы.
|
8 |
12 |
Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Соттылық. Басты сот талқылауын тағайындау. |
8 |
13 |
Басты сот талқылауы. |
10 |
14 |
Соттың заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларын қайта қарау (Аппеляциялық іс жүргізу.). |
15 |
|
Барлығы: |
121 |
