Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус БД 2015 для магистрантов.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148.48 Кб
Скачать
  1. Курстың пререквизиттері

  • Экономикалық теория;

  • Ақша, несие және банктер.

  1. Курстың постреквизиттері

Пән бойынша алынған мәліметтерді магистрант ғылыми-зерттеу тәжірибесін өту кезінде және магистрлік диссертация жазу кезінде қолдана алады.

  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы.

“Банк ісі” пәнінің мазмұны мен мақсаты.

Банктік жүйенің кез келген нарықтық экономикадағы мәні өте зор. Банк жүйесінің мәні төрт негізгі қызметтердің орындауында көрінеді:

  • ол жинақ қорын ұстаушылар мен инвесторлар арасында, қысқа мерзімді депозиттерді орта және ұзақ мерзімді несиеге айналдыра отыра, делдалдық қызмет атқарады;

  • фракционды жинақ жүйесі міндетіндегі қолма-қол ақша мен депозиттерді тарту негізінде несиелік ақшаларды қалыптастырады, соған байланысты айналымдағы ақша массасын ұлғайтады;

  • банктердің депозиттік және несие саясаты экономикадағы ақша ұсынысына әсерін тигізеді;

  • Орталық банкпен бекіткен шектеулерді іске асыра отырып, банктер оған оның ақша-несие саясатын жүргізуге көмектеседі.

“Банк ісі” курсын оқу мақсаты Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі банк қызметін ұйымдастыру жөнінде білім алу, сондай-ақ алған білімдерін тәжірибеде қолдану болып табылады.

“Банк ісі” курсын оқу соңында магистранттар келесі негізгі білімдерді игерулері керек:

  • ҚР банк жүйесінің қызмет етуінің заңдық-құқықтық базасын;

  • екінші деңгейдегі банктердің ресурстық базаларын қалыптастырылуын және реттелуін;

  • банктердің несие саясатын қалыптастыру сұрақтарын;

  • несиелерді қайтаруды қамтамасыз етудің құқықтық сұрақтарын;

  • несие беруші банктердің қылмыстық және азаматтық-құқықтық қорғанысы мен соттық аспектілерін;

  • банктерде әр түрлі несие түрлерін ұйымдастыру;

  • банктерде валюталық операцияларды жүргізу тәртібін;

  • банктерде бағалы қағаздар операцияларды жүргізу тәртібін;

  • банктік менеджментті ұйымдастырудың негізгі қағидаларын;

  • банктік тәуекелді басқару әдістерін;

  • ҚР ақша-несие жүйесін жетілдіру жолдарын.

Курсты оқу кезінде магистранттар келесі білімдерді игерулері керек:

  • депозит пен несие бойынша жай және күрделі пайыздарды есептеуді;

  • несие алушылардың несиені қайтару мүмкіндігін анықтауды;

  • банктің несие қоржынын талдауды;

  • несие алушының несиелік өтінішіне талдау жасауды;

  • несие беруде бизнес жоспарға талдау жасауды;

  • әр түрлі әдістермен несие бағасын анықтауды.

  1. Пәннің мазмұны.

Банк ісі” пәні бойынша дәріс және семинар сабақтарының жоспары.

1-дәріс

Тақырып: Коммерциялық банктер және қазіргі кезеңде олардың іс-әрекетінің ерекшеліктері.

  1. Коммерциялық банктер: табиғаты мен ерекшеліктері

  2. Коммерциялық банктердің іс-әрекеттерін құқықтық реттеу.

  3. Коммерциялық банктердің балансы және оны талдау әдістері.

2-дәріс

Тақырып: Коммерциялық банктердің іс-әрекетін макроэкономикалық реттеудің мәні мен мазмұны. Қр коммерциялық бантердің іс-әрекетін құқықтық реттеу

  1. Ақша-несиелік саясатқа сипаттама және оның типтері.

  2. Ақша-несиелік саясаттың әдістері.

  3. Ақша-несиелік саясаттың құралдары.

3-дәріс