Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15_lektsia_Astronomia_Kushkimbaeva.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
474 Кб
Скачать
☆

2. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті

Аспан денелеренің құрылысы, қозғалысы және дамуы жөнінде жалпы түсініктер қалыптастыру. Астрономия пәнінің әрбір тарауларындағы негізгі тақырыптарды оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін қарастыру. Мектеп «Физика және астрономия» курсындағы астрономиялық тақырыптарды оқытуда жаңа инновациялық технология әдістерін қолданып түсіндіру мәселелерін қарастыру арқылы әлемдегі объектілерді зерттеу процестерінің физикалық мәнін оқып үйрену. Космостық денелерді зерттеуде қазіргі ғылыми әдістер жөнінде түсініктер қалыптастыру. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыс істей білуге үйрету. Жұлдызды аспанды қарапайым бақылаулар жүргізуге үйрету

3. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесі мәселелерді игеріп шығады:

Білімгер білуі керек:

-оқыту принциптері мен міндеттерін білу;

-мектеп “физика және астрономия” курсының құрылымы мен ерекшеліктерін білу;

-әрбір сыныптардағы астрономия тақырыптары сәйкес тақырыптың , күнтізбелік және сабақ жоспарын жасай білу;

-оның әдістері мен түрлерін меңгеру;

-бақылау, өзіндік және жеке жұмыстар жүргізу үшін дидактикалық материалдарды іріктеп алу;

-сыныптан тыс жұмыстар жоспарын жасау;

-пәннің басқа пәндермен байланысы;

Білімгер үйренуі керек:

Болып жатқан құбылыстар себебін аша білуге, теориялық білімін практикада қолдануын оқушылардың танымдық қабілеттілігін дамытуға, оларда табиғатқа ғылыми көзқарас қалыптастыруға үйренуі керек.

  1. Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері

Пререквизит. Жалпы физика курсы. Астрономия және астрофизика. Физиканы оқыту әдістемесі. Педагогика және психология.

Постреквизит. Жаратылыстану ғылымдары концепсиялары. Қазіргі заманғы ТОҚ-ы оқыту әдістемесі.

5.Курстың сипаттамасы.

Кіріспе. Астрономияны оқыту әдістемесі пәні, оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері. Астрономияны оқыту әдістемесінің физикамен, философиямен және педагогикамен байланысы. Мектеп білім дамуының қазіргі заманғы кезеңіндегі астрономия әдістемесінің міндеттері.

Астрономияны мектепте оқытудың негізгі міндеттері: астрономия ғылымының негіздерін меңгеру, оқушылардың ойлауын дамыту және диалектика-материалистік көзқарасын қалыптастыру. “Физика және астрономия” мектеп курсы ерекшеліктері.

Астрометрия негіздері. Аспан сферасы және оның тәуліктік айналысы. Күннің жылдық көрнерлік қозғалысы және уақытты өлшеу. Практикалық астрономия негіздері.

Теориялық астрономия негіздері. Күн жүйесінің құрылысы және планета қозғалысы. Айдың қозғалысы мен фазалары, тұтылулар. Жер.

Аспан механикасы негіздері. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Жасанды аспан денелерін ұшырудың теориялық негіздері. Прецессия, тасу және қайту.

Астрофизика негіздері. Астрофизика әдістері. Күн жүйесі денелері.

Жұлдыздық астрономия негіздері. Жұлдыздардың физикалық құрылысы және жалпы шолу. Қос, айнымалы және жаңа жұлдыздар. Біздің галактикалық жүйе және басқа галактикалар.

Космогония және космология мәселелері.

Жұлдызды аспанды бақылауға әдістемелік нұсқаулар.

7 сынып үшін “Физика және астрономия пәні” құрылымы мен оқыту әдістемесі.

Физика және астрономия - табиғат туралы ғылымдар.

Табиғат және адам. Астрономия аспан денелері туралы ғылым. Орталық Азия ғалымдарының ғылымдарды дамытудағы рольі. Ерте дүниедегі халық астрономиясы.

Қозғалыс.

Планеталардың қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

Масса және күш.

Ауырлық күші . Басқа планеталардағы ауырлық күші. Салмақсыздық.

8-сынып үшін “Физика және астрономия” пәні құрылымы:

Жылу құбылыстары. Айдағы , Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар.

Жарық құбылыстары. Күн-жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және Айдың тұтылулары.

9-сынып үшін ”Физика және астрономия” пәні құрылымы.

Астрономия негіздері. Жұлдызды аспан. Аспан сферасы. Аспан координаталарының жүйелері. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. Күнтізбе. Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары. Астрономиядағы қашықтықты анықтаудың кейбір тәсілдері.

Ядролық энергия. Термоядролық реакциялар. Күн мен жұлдыздардың энергиясы. Элементар бөлшектер мен космос сәулелері туралы түсінік. Әлем дамуы туралы мағлұмат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]