- •Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау
- •Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
- •52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- •Оқытудың кредиттік жүйесі және оны басқару мәселелері
- •54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
- •55. Мемлекеттік қорытынды аттестациялауға даярлық және оны өткізу
- •Тестілеу жүйесіне (тms-ке) қойылатын жалпы талаптар
- •4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар
- •5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар
- •6. «Тестті құрылымдаушы» модуліне қойылатын талаптар
- •7. «Тестілеу қорытындысы» модуліне қойылатын талаптар
- •Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу
- •4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу
- •5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару
- •Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы
- •Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралыНұсқаулық
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
- •3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
- •56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.
- •57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
- •Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
- •Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі, қашықтан оқыту және дамыта отырып оқыту мәселелері.
- •60. Жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдары: ерекшеліктері мен олардың сипаттамасы.
- •61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
- •65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
Студент тұлғасына әсер ететін тиімді тәрбие шараларын іздестіру мен жүзеге асыру ЖОО педагогикалық ұжымының жалғыз ғана міндеті емес. Негізгі жұмысты өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ студенттің педагогикалық әсерді қабылдап қана қоймай, өз бетінше әрекет жасап, тәрбие жұмысына белсенді қатысуға мүмкіндігі болатын ортаны құруға бағыттау да аса маңызды. Мұндай ұстанымды тәрбие жұмысын тең құқылы және тең дәрежелі әріптестердің өзара бірлескен әрекетінің үдерісіне айналдыра алатын әлеуметтік әріптестік қағидасы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қағида негізінде ҚазҰУ-да студенттік өмірдің бірқатар маңызды мәселелерін шешуде студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына шешім қабылдауға қатысу бойынша өкілеттіліктер беру тәжірибесі енгізілген. Атап айтсақ, білім беру үдерісінің сапасын бағалау, студенттерді жатақханаларға орналастыру мен одан шығару, тәртіпті қадағалау, академиялық келеңсіздіктермен күресу, мәдени-көпшілік шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру, тамақтандыру мен әлеуметтік-тұрмыс шарттарының сапасын қадағалу - студенттердің құзырында. Әлеуметтік әріптестіктің шынайы нәтижесі ҚазҰУ студенттерінің аса маңызды әлеуметтік-қолданбалы мәні бар бастамаларының көбеюінен де көрініс беруде. Осындай бастамалардың қатарында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамытудың жол картасы, академиялық алмасулар бойынша студенттік орталық құру, басқа аймақтардан келген студенттерге қаладан тұратын үй табуға көмектесетін әлеуметтік желі құру, студенттердің қоғамдық рейтингісін енгізу, көпфункционалды студенттік интернет-портал жасау және т.б. көптеген жобаларды атап көрсетуге болады.
Студенттік ортада тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолы студенттік еріктілер қозғалысын дамыту болып табылады. Еріктілер жобаларын дайындау мен жүзеге асыру жастарды азаматтық қоғам құру ісіне тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ олар білім беру, мәдениет, қоғамдық өмірдің салаларына қатысты түрлі мәселелерді шешу жолдарына қатысты тың идеяларды ұсынуға мүмкіндік алады. Студенттерді еріктілер қозғалысына тартуды белсенді жастар студенттік сайт, кәсіподақ, университеттік газет пен радионың көмегі арқылы жүзеге асырып отыр. Еріктілер жұмысын одан әрі жетілдіру, тәжірибе жинақтау және пікір алмасу үшін, топта жұмыс істеу, көшбасшылық, коммуникативті дағдыларды қалыптастыру бойынша тренингтер ұйымдастырылып, қайырымдылық қорлары мен еріктілер қозғалысының өкілдерімен мастер-кластар өткізіледі. Үздік жобалар файндразинг бойынша кеңестік қолдау табады және нәтижесінде студенттік ұйымдар өз жұмыстарына қоғамдық қорлар мен басқа да сыртқы ұйымдар арқылы қаржы тартуға қол жеткізіп отыр.
Студенттердің шығармашылық қуатын тиімді салаға бағыттауға студенттермен жұмыс жүргізудің клубтық формасы да ықпал етуге болады. Мұндай тәжірибе бүгінде әлемнің барлық университеттерінің жүйесінде кеңінен қолданысқа енген. Қазақстанның ЖОО-дарында да бұл тәжірибе кең етек жайған. Олардың жұмыстарына университет студенттерінің жартысына жуығы толық тартылған. Олар патриоттық, кәсіби және ғылыми бағыттағы клубтар, көркемөнерпаздар үйірмелері, спорттық секциялар, көшбасшылар мектептері, әлеуметтік және ағартушылық клубтар. Қызығушылықтары бойынша клубтар мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарын дамыта отырып, біз студенттер қауымын жағымды шығармашылық негізінде біріктіреміз, оларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен қанықтырамыз, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу қажеттілігін тәрбиелейміз. Аталған механизмдер жастар ұйымдарының студенттік ортадағы үдерістерге тигізетін оң ықпалын анағұрлым арттыра түседі. Сондай-ақ жастардың кез келген теріс ықпалды ағымдар мен ұйымдардың жетегінде кетпеуіне шынайы түрде балама бола алатын орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық тәлімгерліктің дәстүрлері мен жаңашылдықтары
Әлеуметтік серіктестіктің басымдықтары педагогтардың тәрбие жұмысындағы рөлін төмендетпейді, тіпті олардың тәрбие үдерісінен бас тартуларын да қарастырмайды. Керісінше, оқытушының негізгі миссиясының мәні білімді беруші ғана емес, студентті тәрбиелеудің белсенді агенті екендігімен де анықталады. Университеттегі кредиттік білім беру жүйесі жағдайында студент пен оқытушының өзара қарым-қатынасы жаңа бастаулар негізінде құрылып отыр. Мәселен, бір жағынан бастама, таңдау еркіндігі, жекедаралық және студенттің жеке жауапкершілігі, екінші жағынан оқытушының көмегі, ықпал жасауы мен қолдауы бірін-бірі толықтыруда. Педагогикалық тәлімгерлік студенттердің барлығы білім алу мен тәрбие үдерісінде негізгі жауапкершілік өздеріне жүктелетіндігін толық түсінбеу жағдайы мүмкін болатындығын да ескере отырып жүргізіледі. Осыған орай ЖОО-дарында кураторлар институты жандандырылып, студенттік топтардың куратор-эдвайзерлері аса маңызды екі бағытты - тәрбие және академиялық кеңес беру қызметін қатар атқарып отыр. Мұндай ұстаным оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынастарының тиімді жүйесін құруға, жастармен өмір тәжірибелерімен, өз білімдерін бөлісуге мүмкіндік береді. Куратор-эдвайзерлер әр студент немен әуестенетінін, қандай ортада өмір сүретіндігін, қандай әлеуметтік қиындықтары бар екендігін, оқудан тыс уақытын қалай өткізетіндігін білуге міндетті. Студенттермен жеке-дара жүргізілетін педагогикалық жұмыс жастар арасындағы тәуекелдігі басым топтарды анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай студенттер бірден күшейтілген бақылау мен үздіксіз жүргізілетін алдын алу жұмыстарына тартылады. Бұл топтағы жастарға өмір сүру жағдайы қандай да болмасын бір теріс пиғылды жолға түсуге бейім студенттерді жатқызамыз. Әрине, олар ең алдымен әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан әлжуаз отбасынан шыққандар, кез келген мәселені күш қолдану арқылы шешуге бейім жастар. Басқа аймақтардан келген, бірақ жатақханалардан орын ала алмаған жастарға ерекше назар аударылады. Олардың көпшілігі қаланың шет әрі тынышсыз аудандарынан арзан пәтерлер жалдап тұруға мәжбүр. Мұндай жерлерде жастардың жағымсыз әрекеттердің ықпалына түсу мүмкіндігі өте жоғары. Мұндай проблемаларды дер кезінде анықтау және оларды шешуге оң ықпалын тигізу кураторлар институтының маңызды міндеттерінің бірі. «Куратор-эдвайзер - маңызды мәселелерді шешуде дос, тәлімгер және көмекші» формуласы негізінде жұмыс атқара отырып, университеттің оқытушылары мақсатты түрде студенттердің тұлғалық даму траекториясын қалыптастыруға жәрдемдесу қажет. Куратор-эдвайзердің міндеттері оқытушының кәсіби деңгейінің де жоғары болуын талап етеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келсек, қазіргі ЖОО-дарындағы білім беру үдерісінің көпқырлылығы тәрбие жұмысында метатехнологиялардан бастап жеке-дара әсер етудің микротехнологияларына дейінгі инновациялық технологияларды қолдануға кең мүмкіндіктер ашып отырғандығын көреміз. ЖОО-дары алдында ел Президенті қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша үлкен міндеттер қойылған.
