
- •Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау
- •Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
- •52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- •Оқытудың кредиттік жүйесі және оны басқару мәселелері
- •54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
- •55. Мемлекеттік қорытынды аттестациялауға даярлық және оны өткізу
- •Тестілеу жүйесіне (тms-ке) қойылатын жалпы талаптар
- •4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар
- •5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар
- •6. «Тестті құрылымдаушы» модуліне қойылатын талаптар
- •7. «Тестілеу қорытындысы» модуліне қойылатын талаптар
- •Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу
- •4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу
- •5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару
- •Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы
- •Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралыНұсқаулық
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
- •3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
- •56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.
- •57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
- •Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
- •Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі, қашықтан оқыту және дамыта отырып оқыту мәселелері.
- •60. Жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдары: ерекшеліктері мен олардың сипаттамасы.
- •61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
- •65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес орта білім беру деңгейінің жоғарғы сынып оқушыларына бейіндік оқытуды енгізу қарастырылуда. Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы ретінде қарастырылады. Стратегиялық тұрғыдан анықталғандай, жалпы орта білім беру бағдарламалары «білім беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін болады». Оқушыларға «шығармашылық қызметіне және жеке қабілетінің дамуына ерекше орын берілетін, дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі. Жинақталған білім алуға, өздігінен және шығармашылықпен қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсініктерді кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі».
Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен анықталған:
- мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;
- шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру тенденциялары;
- еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы;
- білім берудің келесі деңгейлерімен сабақтастығын жүзеге асыру қажеттілігі.
Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы:
- білім алушыларды әлеуметтендіруде педагогикалық жағдайды кеңейту, алдағы уақытта еңбек нарығының алға қарай даму жағдайында оларды саналы таңдау жасауға дайындау;
- орта білім алу жолдарын анықтауда негізгі мектеп түлектеріне әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;
- үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды ұйымдастыруға тәсілдерді үйлестіру.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
1. Білім беретін оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:
1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);
2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);
3) қосымша болып бөлінеді.
Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарлары менүлгілік оқу
бағдарламаларының негізінде әзірленеді.
2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) бастауыш білім беру;
3) негізгі орта білім беру;
4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.
Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.
Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.
3. Кәсіптік оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсіптік қызметтердің бағыттары бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегі мамандарын даярлауға, жеке адамның кәсіптік және жалпы білім деңгейін жүйелі арттыруға бағытталған.
Кәсіптік оқу бағдарламалары мазмұнына қарай:
1) техникалық және кәсіптік білім беретін;
2) орта білімнен кейінгі білім беретін;
3) жоғары білім беретін;
4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларына бөлінеді.
4. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.
5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.
6. Интеграцияланған бiлiм беретін оқу бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. Интеграцияланған бiлiм беретін оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.
7. Әскери мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекiтедi.
8. Медициналық және фармацевтік мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын iске асыруға құқылы.
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары жоғары білікті ғылыми және педагог кадрлар даярлауға, олардың ғылыми және педагогтік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндік пәндерді қамтитын теориялық оқытуды; практиканы; диссертация жаза отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейді.
3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекіткен клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
«Қазақстан-2050» стратегиясында Н.Назарбаев айтқандай, «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек». Біздің елдің болашағы ұлттық білім беру жүйесінің жағдайына және кәсіби маман даярлауға байланысты болып тұр. Соңғы үш жыл ішінде Қазақстаннның жоғары білім беру жүйесінде түбегейлі сапалы өзгерістер болды. Әлемдегі ең үздік білім беру тәжірибелеріне негізделген жаңа сапалы білім беруге бағытталған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы өз жұмысын толық орындауда. Еліміздегі жоғары оқу орындарының дамуындағы бағдар болып табылатын Назарбаев Университеттінің бірден-бір жобасы іске асырылып отыр. Ғалым дәрежесі жаңа жүйесінде толық ауысулар аяқталды. Бірінші рет аймақтық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға мақсатты PhD докторларын дайындау енгізілді. Жоғары оқу орындарына арналған жаңа білім беру бағдарламалары құрастырылды. Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қатысуымен іске асатын білім беру стандарттарын қалыптастыру тәртібі, онда жетекші жұмыс берушілердің атсалысуын да қамтамасыз етеді. Мұндай іс-шара жоғары оқу орындарының жұмыс берушілер талаптарына сәйкес бағытталып, дамуына әсер етеді.
Әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде бірігу бағыты бойынша отандық білім беру және ғылым тарихында бұрын болмаған алға ұмтылу өзгерісі байқалды. Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ететін нақты механизмдердің іске қосылуымен мыңдаған студенттер еліміздің және шетелдің ең үздік жоғары университеттерінде білім алуда. Қазақстандық ЖОО студенттері шетелдің кәсіби оқытушылардың дәрістерін тыңдай алатын мүмкіндікке қол жеткізді.
Сонымен қатар бүгінгі таңда барлық деңгейдегі білім сапасына қойылар талап күнделікті артып келеді. Қазақстанның еңбек нарығында, бір жағынан, жұмыссыз бұқара жұмысқа халықты жұмыспен қамту қызметі арқылы және кадрлық агенттік негізінде қол жеткізу жағдайы бар. Екінші жағынан көптеген мекемелерде ұйымның жобаларын жүзеге асыруға қабілеті зор білікті мамандарға деген үлкен сұраныс бар. Айтар болсақ, мамандардың біліктілік мәселесі бүкіл әлемде кездеседі. Мысалға алар болсақ, Германияда 3 млн астам адам жұмыссыз бола тұра, біліктілігі жоғары мамандардың жетіспеуіне байланысты 600 мың бос жұмыс орны бар. Жұмыс берушілердің ЖОО түлектеріне деген талаптары қатаң өсуде, нәтижесінде, мұндай қойылған талаптардың үдесіне тек еңбек нарығының сұранысын назарға алатын және өзінің оқу бағдарламасын жұмыс берушілердің сұраныстарына сай бейімдейтін университеттер ғана жақсы көрсеткішке қол жеткізе алады. Алайда, шын мәнінде, біздің еліміздегі барлық жоғары оқу орындары түлектерінің болашақта қызметке орналасуы және әлеуметтік қабілетті болуына кепілдік бола алатындай сапалы білім бере алады ма? Кейбір университеттер үшін оқытушы-профессорлар құрамының жетіспеуі, материалдық-техникалық жабдықталудың әлсіздігі, оқулықтардың тапшылығы, оқытылатын материалдар мазмұнының әлсіздігі ортақ мәселелер екендігі жасырын емес. Сонымен бірге еңбек нарығында жоғары оқу орнын бітірген мамандарымыздың дипломдары шындап келгенде өзінің біліміне сай емес болуы да үлкен мәселе туғызады. Бұл мәселеге байыппен қарайтын болсақ, сауатсыз мамандар мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндігін ескерткім келеді. Сол үшін де бүгінде Білім және ғылым министрлігі тарапынан жүргізіліп отырған жоғары оқу орындарын оңтайландыру саясаты жоғарыда аталған мәселені шешуде маңызды әрі қажетті шешім болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның жоо-ның инфрақұрылымы информатиканың компьютерлік бөлмелерімен, серверлермен, интерактивтік дәрістік залдармен (ИДЗ), мультимедиалық лингафондық бөлмелермен (МЛБ), ғылыми виртуальдық зертханалармен (ҒВЗ), технопарктермен, цифрлық оқу телекөріністерімен, электрондық оқу залдарымен, ресурстық орталықтарымен, медиатектерімен және Ғаламтор-кафесімен сипатталады. Қазақстандық жоо-ыжеткілікті түрде электрондық тақталармен, мультимедиалық проекторлармен, бейнекамералармен, теледидарлармен, бейнемагнитофондармен, фотоаппараттармен, DVD/VCD-плеерлермен жеткілікті түрде жақсы жабдықталған.
Жоо-ның техникалық жабдықталуын ҚР Үкіметінің 2007 жылдың 24 желтоқсанында № 1270 қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестау ережелеріне сәйкес өздері жүргізеді. Мемлекеттік аттестаттау өкілетті органның жоспарлық ретімен білім беру ұйымдарына ұсынылатын білімдік қызметтің, білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен бес жылда бір рет іске асырылады.
Орташа республикалық көрсеткіш бойынша жоо-нда 10 студентке 1 компьютерден келеді, бұл жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.
«Білім беру туралы» заңда АҚТ-ды пайдаланып жоо-ның білім беру мазмұнын жаңарту тетігі енгізілмеген. Қазіргі уақытта Қазақстанда «Білім беру туралы» заңға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерге талқылау жүргізіліп жатыр. Ұлттық ақпараттандыру орталығы 5-бапты толықтыруға ұсыныс енгізді. «Білім беру саласындағы өкілетті органның біліктілігі» өкілетті органның келесі қызметтерімен толықтырылсын:
желілік әлемге дайындық индекстерімен(ӘЖДК) сәйкес білім берудің барлық деңгейін ақпараттандырудың стратегиялық бағдарламаларын әзірлейді;
халықаралық практикада қабылданған индикаторлармен сәйкес білім берудің барлық деңгейін ақпараттандырудың объективтік сараптамасын жүзеге асырады;
білім берудің барлық деңгейінің ұйымдарында АҚТ-ды пайдаланып оқу процесінің 30% уақытын нормалауды қамтамасыз етеді.
Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін (ББАЖ) енгізу. «Білім туралы» ҚР-ның заңына (7-бап) сәйкес біртұтас ақпараттық білім беру жүйесі өзіне білімдік сараптаманың мәліметтерін, оның ішінде ведомствалық статикалық бақылауларды, және де басқа білім беру саласындағы өкілетті органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, өз іс-әрекеттерін жүзеге асыру процесіндегі білім беру үйымдарының алған мәліметтерін енгізеді.
Білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірін жүзеге асыру мысалы болып ҚР БжҒМ Ұлттық Тестілеу Орталығының дайындаған және барлық республика бойынша енгізген тестілеудің компьютерлік жүйесі мен студенттік контентті қалыптастыру саналады. Алайда ҚР БжҒМ-нің білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесі келешек болып саналады.
Қазақстанның барлық жоо-ның сапа менежменті жүйесінің стандартына сәйкес келетін автоматтандырылған жүйесі бар.