Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
39-75.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.88 Mб
Скачать

61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.

Педагогикалық тәжрибені талдау көрсеткендей, кейбір оқытушылар ойындық технологияларын игермей жатып оны енгізуге тырысады. Ойындық әдістер, 1932 жылы КСРО пайда болған (мысалы, іскерлік ойын), жаңа технологияның компетентті емес педагогы, ал оқу үрдісінде ситуацияны, кейс немесе тренинг талдау әдістері – іскерлік ойын деп аталады. Педагогикалық жүйеде, сонымен қатар, ойын әдісі оқыту үшін емес, немесе қатысушыны дамыту үшін емес, тек ойын мақсаттарын шешу үшін қолданылады деген қателіктер де бар.

Оқу жұмысын белсендіру түсінігі білім меңгеруде, тәжірибеде қолданылатын игерім мен дағдыларын қалыптастыруда студенттердің қызығушылығы мен өзбетінше жұмыс істеуін, шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін оқыту құралдары мен әдістерін, түрлерін ойлап табуға бағытталған оқытушының мақсатты жұмысын білдіреді.

Сонымен қатар, өзбетінше шешім қабылдауы және ӛндірістік жағдай болжау мүмкіндігін қалыптастыру.

Белсенді оқыту әдістері пассивті оқыту әдістерінен былайша ерекшеленеді:

мәжбүрлі түрде ойлау қабілетін белсендіру әдісі қолданылады, оқушы қалауынан тыс белсенді болуы керек;

студенттер оқу үрдісіне айтарлықтай ұзақ уақыт қатыстырылады, себебі олардың белсенділігі қысқа уақытты немесе эпизодты емес, айтарлықтай дәрежеде тұрақты және ұзақ (барлық сабақ кӛлемінде) болуы керек;

белсенді оқыту кезінде өзбетінше қатысушыны шығармашылық шешім қабылдауға жігерлендіреді, эмоционалды және мотивация дәрежесі артады;

тікелей және кері байланыс арқылы оқытушы мен студенттің тұрақты түрде өзара байланысы жүзеге асырылады.

Белсенді оқыту әдістері: мәселелі дәрістер, мәселелі семинарлар, тақырыптық дискуссиялар («Шешілген және шешілмеген мәселелер…», «Күрделі диагноз…» және басқалары), дөңгелек үстелдер, миға шабуыл, педагогикалық ойын жаттығулары (глоссарий, кроссворд, кесте толтыру, және басқалары), тәжірибе жинау.

Имитациялық оқыту түрлерінің белсенді әдістеріне ойындық емес нұсқалары жатады: нақты ситуацияларды талдау, имитациялық жаттығулар, тренинг;

Ойындық түрлеріне жатады: рөлдік, іскерлік ойындар, мәселелі-іскерлік (5-6 студенттен тұратын топ жағдайды талдайды және өзбетінше шешім қабылдайды, оқытушы тек шешім қабылдауға әсер етеді, бірақ ол дайын жауаптарды ұсынбайды),зерттеу (ғылыми жоба), ұйымдастыру-танымдық (эссе құрастыру), ұйымдастыру-іскерлік ойындар; (портфолио), блиц-ойындар (сұрақ-жауап), ойындық жобалау. Берілген оқыту түрлері кәсіби әрекет етуді көрсетумен сипатталады, сондықтан медициналық ЖООда оқу үрдісінде белсенді қолданылуы қажет.

Белсенді оқыту әдістерінің басты принципі – студенттің «мен істей алмаймын», «мен білмеймін» деген ұстанымдарына тосқауыл қою. Еркін кеңістік принципін ұстану ұсынылады: сабақ қатысушылары еркін қозғалуына, шеңбер бойынша орналасуына, кіші топтарда бірігіп жұмыс істеуіне болады, мәселені шешу, тапсырманы орындау үшін жекелене алады және т.б.

Мәселелі оқыту – бұл оқу барысында студент жаңа білім, игерім және дағдыларды меңгеретін стандартты емес тапсырмаларды шешуге үйрену. Берілген әдістің басты нәтижесі студенттің кәсіби ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Инновация – жаңа кіріспе, жаңаны енгізу, жаңалықты енгізу. Бұл жаңаны меңгеру және енгізу үрдісі. Жаңалық – маңыздылықты, әдістілікті меңзейтін құбылыс. Жаңа құрамы мен технологиясы, әдістемесі.

Рефлексия — тұлғаның ойында және (немесе) сезініп жүрген өз әрекетін түсіну үрдісі. Рефлексия барысында әртүрлі ойлау жұмыстары жүргізіледі:

шеберлікте қолданылған және қатысушымен меңгерілген қызмет әдістерінің талдануы және бекітілуі мүмкін;

жеке оқушымен, топта немесе барлық сыныппен құрылған білімі талданады;

шешілмеген мәселелер белгіленеді, «білімсіздік аймағы» анықталады;

алдағы ізденіс жұмыстары туралы шешім қабылданады: жобалар тақырыбы таңдалады, меңгеру және талдау үшін сұрақтар ұсынылады және т.б.

62. Жоғары оқу орындағы кәсіптік және оқу тәжірибелері: мазмұны және ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазіргі университеттердің негізгі модельдері.

Кез-келген дағды, қабілет, тұлғаның ерекшелігі, қызығушылық, идеал оқушының табандылығы арқылы қызмет барысында ӛзгеруі мүмкін. Ол басқалармен қарым-қатынастарымен тығыз байланысты. Осы орайда адамның басқалармен қарым-қатынасын жеке психикалық дамуына жағдай жасайтын қозғаушы күш ретінде қарастыру да жоғары мектеп педагогикасының міндетіне кіреді.

- Қазіргі кезеңдегі жоғарғы оқу орындарының дамуындағы негізгі тенденцияны түсіндіру.

- Еліміздегі жоғары мектептің тарихымен таныстыру, қазіргі кезеңдегі жағдайына баға беру. Қазіргі кезеңдегі оқу мен тәрбиенің әдістерімен таныстыру, педагогикалық бақылаудың (тест арқылы) тәсілдерімен таныстыру.

- Оқу мен тәрбиеге қатысты мәселелерді шешу барысында философиялық әлеуметтік-экономикалық, психологиялық, т.б. білімдерден қосымша мәлімет алу.

- Педагогтың кәсіби этикасының нормаларын қалыптастыруға кӛмектесу, оқытушының студент алдындағы жауапкершілігін сезінуге, олармен әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беру.

- Жоғары оқу орнының оқытушысы кәсібінің ерекшеліктері жайлы ақпарат беру.

Жоғары мектеп психологиясы педагогикалық психологияның бір бӛлігі іспеттес. Педагогикалық психология (П.Ф.Каптеров бұл терминді 1876ж. енгізген) екі ұғымда қолданылады:

- Адамның оқу және тәрбие алу кезеңіндегі психологиялық заңдылықтарын зерттейтін базалық ғылым негізінде;

- Қолданбалы ғылым ретінде: оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелі жүруі үшін, педагогикалық мақсатқа жету жолында барлық саладағы психологиялық білімді пайдалана білудің жолдарын ұсынатын ғылым ретінде қарастырады.

Оқытудың мақсаттары педагогикалық жүйені құраушы фактор болып табылады. Оқыту мен тәрбие берудің мазмұны, әдістері мен құралдары да оқытудың мазмұнына сай таңдалады. Оқытудың әдісін таңдау үшін «қалай оқытамын?», оқу жоспарын құру үшін «нені оқытамын?» деген сұраққа жауап беруіміз керек. Ең алдымен студент алған білімі, дағдысы, қабілеті арқылы қандай мәселелерді шеше алуы тиіс дегенге назар аударылады.

Кӛп жағдайда оқытудың мақсаты ретінде оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, студенттің алатын білімі, қабілетінің дәрежесі ескеріледі. Әрине белгілі бір салаға қатысты білімді игеру оқытудың мақсаты бола алады, бірақ ол үшін нәтижені бағалаудың тәсілдері ұсынылуы қажет. Осы мәселе тӛңірегінде ой қозғаған В.П.Бесполько білімді игеруді бағалаудың тӛмендегідей шкаласын ұсынды:

1) ақпаратты қабылдау

2) ақпаратты жеткізу

3) репродуктивтік қызмет

4) шығармашылық қызмет.

Оқытудың мақсатын осы салада зерттеу жүргізген ғалымдар түрліше топтастырған. Олардың ішінде ең ауқымдысы – оқыту мақсаты және тәрбиелеу мақсаты. Л.Фридман оқыту мақсаты тәрбие беруде нәтижеге жеткізетін құрал болады деп кӛрсетті.

Оқыту мақсатын анықтауда, негізінен екі таксономия кеңінен таралған. Оның біріншісін Б.Блум ұсынған. Когнитивті бағытты басшылыққа алған бірінші таксономия мақсаттың 6 категориясынан тұрады:

● білім

● қабылдау (түсіндіру)

● қолдану

● талдау

● синтез

● бағалау

Ал екінші таксономияда мақсаттың 5 категориясы кӛрсетіледі.

Д.С.Толлингерова оқу тапсырмаларын когнитивті құрылымына қарай 5 топқа бӛлді:

1) білімді кӛрсететін тапсырмалар.

2) ойлаудың қарапайым жүйесін талап ететін (анықтау, анализ, синтез, салыстыру) тапсырмалар.

3) ойлаудың күрделі түрін қажет ететін тапсырмалар (интерпретация, аргументация).

4) продуктивті ойлау жүйесін талап ететін тапсырмалар.

5) продуктивті ойлауға арналған тапсырмалар. Нәтижесінде жазбаша немесе ауызша пікір айтылуы қажет.

Жоғары мектептегі педагогикалық мақсаттың жүйесін маман моделі құрайды. Маман моделі (модель специалиста) психологиялық-педагогикалық конструкт бола алмайды. Оның негізіне кәсіби сипат жатады. Маман моделі болашақ мамандарды даярлау моделі құрылғанда ғана психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуші құралға айналады.

Жоғары оқу орындары: 1. жыл сайын мекемелермен, ұйымдармен және мектептермен тәжірибе базасы ретінде келісім орнатылады, келесі күнтізбе жылына және оқу жылының басына дейін практика базаларымен келісіп, студенттердің практика өту күнтізбелік кестесі жасалады; 2. тәжірибе жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер және тәжірбиелі және мамандық ерекшеліктерін және практика базасының қызметін жақсы білетін оқытушылар тағайындалады; 3. студенттер практика өтетін кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және тәжірибеленушілерді тәжірибе бағдарламасымен қамтамасыз етеді; 4. ұйымға және студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтеуіне және оның орындалу мерзімдері мен мазмұнына бақылау жасайды; 5. керек болған жағдайда тәжірибеге жіберілген студенттердің медициналық тексерулерін ұйымдастырады. Жоғары оқу орынан бекітілген тәжірибе жетекшілері: 1. тәжірибе басталғанға дейін тәжірибеленуші - студенттерді қажетті дайындықтан өткізеді; 2. студенттермен жұмыс-оқу жоспары және бағдарлама негізінде кеңес өткізеді; 3. кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның тарапынан студенттерге жұмыс істеуге қолайлы тұрмыс және еңбек жағдайын ұйымдастыруын, олармен міндетті түрде еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқаулығының өткізілуін, практиканттардың ішкі еңбек тәртібінің шарттарын орындауын бақылауды жүзеге асырады; 4. кафедралар бойынша тәжірибені жоспарлауды, ұйымдастыруды және нәтижелерді есепке алуды қамтамасыз етеді, тәжірибе жүргізудің жиынтық жоспар-кестесін құрастырады. 5. тәжірибені жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын енгізеді, студенттердің әр түрлі тәжірибелері мәселелерін талқылайтын кафедра жұмыстарына қатысады. Кәсіптік тәжірибенің кафедралық жетекшісі міндетті: - студенттерді тәжірибеден өту бағдарламасымен, күнтізбелік графигімен таныстыруға, студеттерге тәжірибе бойынша есеп жазу тәртібін, тәжірибе кезіндегі міндеттері мен құқықтарын түсіндіруге; - студентті тәжірибеге жіберуге қажетті құжаттарды дайындау (жолдама, тәжірибе күнделігі, жеке тапсырмалар), тәжірибе орындарындағы ұйым басқармасымен тәжірибеден өту уақытын және тәртібін келісу; - студенттердің тәжірибеден өтуіне, ішкі тәртіпті орындауларына бақылау жасау; - кәсіпорын (ұйым) басқармасымен тәжірибе барысына бағдар жасау; - тәжірибе қорытындысы бойынша жазбаша есеп қабылдау және студенттерге бақылау сұрақтарын қоя отырып меңгерген білімдерін тексеру, тәжірибе өткен мекемелердің міндетті тұлғаларынан әрбір студент туралы ойларын және олардың тәжірибеге қарым-қатынасы туралы сұрастыру; - тәжірибе бойынша студенттер есебін қарау, пікір, баға беру кафедра меңгерушісіне студенттердің тәжірибені өтуі және оны дамытуға байланысты өз ұсыныстарын есеп түрінде жазбаша өткізу; - кәсіптік тәжірибе қорытындысы бойынша сынақты қабылдайтын комиссия жұмыстарына және студенттердің ғылыми конференциясы дайындығына қатысу. Кафедрадан бекітілген тәжірибе  жетекшілері келесі қызметтерді жүзеге асырады: 1. студенттерді тәжірибе орындарына бөледі және тәжірибе жетекшілеріне төленетін ақыға керекті құжаттарды дайындайды; 2. бекіту және қорытынды конференцияларын өткізу, тәжірибе бойынша материалдар көрмесін өткізу. 3. оқу жылындағы тәжірибе қорытындысы бойынша кафедралық есеп жазып және оны кафедра меңгерушісіне, факультеттің әдістемелік кеңесі төрағасына, университеттің оқу басқармасына тапсырады. Тәжірибе базалары болып саналатын кәсіпорындар, оқу орындар, ұйымдар мен мектептер: 1. екі жақты келісім негізінде студенттер тәжірибесін ұйымдастырып, іске асырады (жоғары оқу орны-кәсіпорын); 2. бағдарламаға сай студенттерге тәжірибе орнын көрсетеді; 3. мамандықтарына байланысты құқықтану, технология, экономика, өндірісті басқару және ұйымдастыру, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, ғылыми зерттеу және конструктролық-жоба жұмыстарын ұйымдастыру және тағы басқа білім беру салаларында студенттерге тәжірибе өту барысында қажетті білім алуларына жағдай жасайды; 4. жоғары оқу орындарымен келісілген практика күнтізбесінің тәртібін сақтау; 5. студент-практикантқа қорда бар әдебиетті қолдануға мүмкіндік береді, техникалық және басқа құжаттамаларды, сонымен қатар келісімде әртүрлі техниканы қолдануға рұқсат берілсе, техниканы да пайдалануға болады; 6. курс және диплом жұмыстарына қажетті материалдар жинауға көмектеседі; 7. міндетті түрде еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіледі: іс-қағаздарды толтыру, қажет болған жағдайда жұмыстың қауіпсіздік амалын үйретеді; 8. студент – тәжірибеленушілерді белгілі өндіріс орнында белгіленген (мекеме, ұйым, мектеп) ішкі еңбек ережелерін сақтауларына, сонымен қатар жұмыстың басталу және аяқталу уақытын сақтауға бақылау жасау; 9. өндіріс қажеттілігіне қарай едәуір дайындалған студент-тәжірибеленушіні уақытша жұмысқа цехқа, зертханаға, мектепке нақтылы айлық табыспен жұмысқа орналастырады; 10. кәсіптік тәжірибені өтуші студенттердің қайғылы жағдайларға ұшырап қалмауына толық жауапкершілік алады. Өндіріс орындарындағы тәжірибе жетекшілері (цехта, бөлімде, зертханада, мектепте және т.б) тәжірибе өтуші студенттердің күнделік жүргізуін, студенттің есеп дайындығын қадағалап және оған тәжірибе бағдарламасының орындалуы мен жеке тапсырмаларды орындалуына байланысты мағлұмат беретін кәсіби мінездеме жазады.

Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау процесінде олардың жобалау іс-әрекетіне даярлығын қалыптастыру мәселесінің орны ерекше. Себебі, жалаң «білімдер, іскерліктер және дағдылар» қалыптастырудан құзыреттіліктер қалыптастыруға көшіп отырған бүгінгі күнгі білім парадигмасына сәйкес ең алдымен педагогты шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау қажеттігі туады. Ал оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуы оның аталған даярлықтың, яғни жобалау іс-әрекетіне дайындығының қалыптасуымен тығыз байланысты. «Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нәрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нәрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды.

Ғылыми зерттеулерді талдау негізінде құзыреттілік тұрғының ерекшелігі – ол тұлғаның алынған білімдерді, іскерліктерді, іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін пайдалану қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, үздіксіз тұлғалық өзіндік жетілуін байқататындығында екенін көруге болады. Педагог мамандығы бір уақытта өзгертуші және басқарушы мамандық болып табылады. Ал тұлға дамуы процесін басқару үшін құзыретті болу керек. Ал құзыреттілік тұрғының мақсаты – толыққанды кәсіби, өндірістік-технологиялық, ғылыми-әдістемелік, зерттеушілік, т.б. іс-әрекетке даяр бәсекеге қабілетті маман тұлғасын кәсіби қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның міндеттері – біріншіден, болашақ маманда өзінің кәсіби білімі мен кәсіби іс-әрекетіне құндылықтық қатынас қалыптастыру; екіншіден, оның тұлғасының кәсіби әлеуетін арттыру; үшіншіден, қоғамдық өмірде маманның толық өзіндік тұлғалық қасиеттерін көрсетуге даярлау.

Болашақ кәсіби оқыту педагогын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау процесі күрделі, көпқырлы және қайшылықты болғандықтан, оның динамикасының сапалық және сандық параметрлерін бағалау өте күрделі болады. Сондықтан жобалау іс-әрекетіне даярлықтың қалыптасқандығының өлшемдерін, соған байланысты көрсеткіштерін анықтау қажеттігі туады. Ол дегеніміз – соған сүйене отырып мәнді қасиеттерін анықтауға болатын осы құзыреттіліктің қалыптасқандығының сапалық жағдайын көрсететін объективті және субъективті көрсеткіштердің жиынтығы.

Полотно 104

Группа 34

63. Жоғары мектептегі кәсіптік білім беруді дамытудың кезеңдері

Т. Мордың (1478-1535) «Утопия» және Т.Кампанелланың (1568-1670) «Күн қаласы» атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқуын өндірістік еңбекпен байланысуы туралы идеялар айтылған. Балаларды еңбек іс-әрекетіне міндетті түрде дайындау керек деп есептеген, қоғам өмірінде мамандық пен қолөнердің рөліне демократиялық көзқарас білдірген.

XVIII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі (1701 ж.), математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз академиясы (1715 ж.); цифрлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруалар үшін басқа оқу, жазу, арифметика) енді. ХVІІІ ғасырдың аяғында кәсіптік білім беру жүйесінде білімге бағытталған алдыңғы кезеңнің тенденциясынан өзгешелігі бар жаңа идея пайда болды. Кәсіптік педагогиканың дамуына білім берудің мемлекеттік жүйесінің негізі болған ғалым-механик және қаржы министрі И.А. Вышегорский жасаған «Ресейдегі өндірістік білім берудің жалпы жоспары» (1884 ж.) атты жобасы үлкен үлес қосты. Орыс ғалымдары мен инженер-педагогтары (Д.И. Менделеев, В.К. Делл-Вос, В.И. Гриневецкий, И.А. Стебут, А.И. Гурнов, Д.К. Советкин, С.А. Владимирский, М.В. Лысковский) кәсіптік білім беруге негізгі талаптарын қалыптастырды:

- дамып келе жатқан экономикаға сай болуы;

- дайындалып жатқан мамандардың бәсекелестікке төзімді болуы;

- жалпы блім беру базасында кәсіптік білім берудің дамуы;

- кәсіптік мектептердің әртүрлілігі және әрдеңгейлілігі;

- кәсіптік білім беру мазмұнында жалпы және арнайы компоненттердің

жанасуы;

- оқытудың практикалық бағыты және қоғамдандыруы;

- қолөнер мектептерінің ауысуы;

- оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыру

Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім жүйесінің оқу орындары туралы қаулыға сүйене отырып, кәсіптік-техникалық оқу орындарының өндірістік және оқу-тәрбиелік қызметінің мазмұнын қарастыруға болады. Мына мәселелерге ерекше назар аудару қажет:

- кәсіби қызметкерлерді даярлаудың мазмұнын жетілдіру: кең профильді мамандық бойынша мамандарды даярлау жолдарын әрі қарай дамыту;

- күрделі өнімді шығаруда өндірістік оқыту рөлін көтеру;

- «педагогика ынтымақтастығы» туралы ойлармен принциптерді, оқыту әдістері мен белсенді формаларын кең түрде енгізу;

- Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесін басқаруды демократияландыру;

- алғашқы тәжірибелерді пайдалану рөлін көтеру;

- кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базаларын бекіту;

- колледждер мен кәсіптік-техникалық мектептердің оқу өндірістік қызметтеріне шаруашылық есептік принциптерін енгізу;

- базалық кәсіпорындар мен оқу орындары қарым-қатынасының келісім жүйесін дамыту;

- үздіксіз білім берудің мемлекеттік жүйелерінде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің рөлі;

- кәсіби-техникалық білім берудің жалпы жүйесін шешетін шебер мен оқытушының рөлін көтеру: кәсіби-техникалық білім берудің инженерлік-педагогикалық кадрының квалификациясын көтеру және дайындау жүйесін жетілдіру.

Психологтардың пікірінше, тұлғаның бағыттылығы – тұрақты мотивтер жиынтығы, бұл мотивтер тұлғаның әрекетіне бағыт беріп отырады. Бұл пікірді есепке ала отырып, өзіндік мотивациялы өрісті түсініп қана қоймай, оны өлшеп, өзгерте алуды үйрену керек. Тұлғаның бағыттылығы оның қызығушылықтарымен, бейімділігімен, пікірлерімен сипатталады.

Кәсіптік білім беру педагогы өсіп келе жатқан ұрпаққа бұрынғы өмір сүрген адамдардың тәжірибесін меңгерте отырып, білім, білік, дағдыларды қалыптастырып, ұрпақтың дамуына өз үлесін қосады. Сондықтан кәсіптік білім беру педагогы маман дайындаудың негізгі тұлғасы болып табылады.

Кәсіп – қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпыадамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы. Кәсіп саласына қарай еңбек бөлінісіне ие. Мысалы, слесарь кәсібі мына түрлерге бөлінеді: слесарь-құрастырушы; слесарь-жөндеуші және аспапшы-слесарь. Сондықтан кәсіп саласы белгілі бір мамандықтар бойынша еңбек бөлінісіне ие болады. Мамандықты игеру үшін ең бастысы кәсіптік білім қажет.

Кәсіптік білім – бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібі.

Кәсіптік оқыту – бұл оқушы мен инженер-педагогтің кәсіп бойынша ғылыми-техникалық ілімді игеру мен кәсіптік білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс-әрекеті.

Кәсіптік тәрбие – оқушы мен инженер педагогтың белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

Кәсіптік білім берудің негізі – белгілі бір елдің халық шаруашылығына қажетті мамандардың керектілігі мен тұлғаның мамандықты игере алу мұқтаждығына байланысты. Маманның өнегесі – кәсіптілік түсінігінің ажырамас құраушы бөлігі болуы керек.

Кәсіптік педагогиканың міндеті – жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеу. Осы мәселені шешуге кәсіптік училищелер, кәсіптік лицей мен колледждер сияқты жаңа типті кәсіби оқыту мен тәрбиелеу мекемелері көмектесу керек. Осылайша, қазіргі кәсіптік педагогиканың ең басты міндеті – осы мекемелерде білім беру мазмұнын іске асыру. Осы мақсатты сапалы түрде шешу, білім беру мазмұнының философиялық және теориялық-әдістемелік негізін қалыптастыруды қажет етеді. Бұл қазіргі және болашақ кәсіптік білім беру орындарында маңызды ғылыми мәселе болып отыр.

Бірінші мәселе – түлектердің икемі мен дағдысын және білім деңгейін жоғарылату. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемесінде білім беру мақсаты болып, соған сәйкес кәсіптік іс-әрекеттің жаңа әдістерін құру болып табылады.

Екінші мәселе – кәсіптік оқыту мекеме түлектерінің кәсіби маңызды жәнетұлғалық әлеуметтік мәнді қасиеттерімен сапасын дамыту.

Кәсіптік білім беру педагогы білім беруде мамандықты игерту мен білікті жұмысшы кадрларды даярлау бағытын қарастырады. Кадрлар даярлауда болашақ маман кәсіби қалыптасудың кезеңінен өтеді.

Әлеуметтік жағдайда және қызметтің жетекші түріндегі сипаттамасына байланысты маманның кәсіби біліктілігін жетілдірудің (Э.Ф. Зеер пікірі бойынша) келесі бес кезеңі бар:

Оптация – кәсіптік әрекеттердің қалыптасуына өзіндік психологиялық-физиологиялық ерекшелік негізін есепке ала отырып, кәсіпті дұрыс таңдауы.

Кәсіби оқыту – кәсіби білім іскерлік дағдыларының жүйелі және әлеуметтік қажетті сапаларының типтік кәсіби міндетін шешетін тәжірибесін меңгерту, тұлғаның кәсіби бағытының қалыптасуы.

Кәсіби адаптация – кәсіппен байланысты жаңа әлеуметтік рөлді игеруі, кәсіби өздік анықталуы, сонымен қатар кәсіби қызметті өздік орындау тәжірибесін меңгеруі.

Кәсібилену – кәсіби маңызды білімге қатысты кәсіби ұстамды көзқарастың қалыптасуы, кәсіби қажетті сапалардың және іскерліктің интеграциялануы, кәсіби іс-әрекеттердің білікті орындалуы.

Кәсіби шеберлік – қозғалмалы интегралдық психологиялық және интеллектуалдық жаңа білімдер негізінде шығармашылық кәсіби қызметте тұлғаның толық ашылуы, авторлық қызмет жүйесіне енуі. Кәсіби дайындықты ұйымдастырудың және оның сапасын бағалаудың негізі ретінде біліктілік сипаты ғана емес профессиограмма да қолданылады.

Профессиограмма – талаптар жүйесі арқылы ұсынылған қандайда болмасын кәсіптің толық мінездемесі. Профессиограмманың негізгі құрамды бөлігі психограмма – адам психикасына кәсіптің қоятын талаптарына сипаттама. Ол кәсіптік функцияларды сәтті орындау үшін адамның ойлау процесінің ерекшеліктерін, білімділік, іскерлік және дағдыларының болуы мен тұлғалық қасиеттерінің сапасына қойылатын талаптар.

Осы талаптарды негізге ала отырып, кәсіптік білім беру педагогы теориялық оқытумен қатар өндірістік оқуды, және мамандыққа байланысты техниканың жаңа түрлері мен технологияның жетістіктерін қолдануды үйретеді. Бұл кәсіби шеберлікті меңгеру жолы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]