Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
39-75.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.88 Mб
Скачать

39. Студенттік ұжымында қоршаған ортаның қолайлы жағдайы, студенттің қалыпты тұлға ретінде дамуға көмектеседі.

Оқытушы-куратор топтағы үрдістердің заңдылықтарын түсініп, олардың қалыптасуына қолайлы әсер көрсету керек.

Студенттік топтың жастары (әдетте жас айырмашылықтары 5 жылдан артық емес) бір мөлшерде болуы, назарлардың, мақсаттардың ұқсастығы, психологиялық ерекшеліктері сияқты, топты біріктіруіне жағдай жасайды. Студенттік топтың басты әрекеті – оқу болғандықтан, өндірістікке қарағанда, оқу ұйымдасқандық едәуір әлсіз болады, сондықтан кейбір кезде біріккен ұжым салынбайды, әркім өз бетімен журеді.

Студентік топта «ұжымдық көңіл-күй» (ұжымда, қоршаған әлемде болатын оқиғаларға ұжымның эмоционалды реакциясы; ұжымның көңіл-күйі ұжымның қызметін ынталандыра алады немесе керісінше бұзалады, соның салдарынан қанағаттанбаушылық, оптимистік, парықсыз көңіл-күй көрінеді), «ұжымдық пікір» (ұжым өмірінің сұрақтарына пікірдің ұқсастығы, көзқарастары, оқиғаларды, топ мүшелердің қылықтарының мақулдау немесе ұялту), «еліктеу құбылыстары, иланушылықтың немесе жарыс құбылыстары» (табысқа жетуге ұмтылуға адамдардың өзара әрекеттесу түрі, өз қызмет нәтижелеріне қызу ынталары жатады) әлеуметтік-психологиялық құбылыстар байқалады.

Қауымдастық – тұлғалық мәнді мақсаттарынан өзара қатынастар тұрғызылған топ (достардың, таныстардың тобы).

Кооперация – бұл топ нақты жұмыс істейтін құрылыммен ерекшеленеді, жеке тұлғаның көңілі іскерлік мінез-құлықты көрсетеді, бағыныштылардың нақтылы мақсаттың орындалуына қойылатын нәтижеге жетудің қызметтің айқын түрі.

Бірлестік – ішкі мақсаттармен біріккен топ, топталған мақсаттарға жету үшін әр қилы жағдайға қарамай, немесе басқа топты пайдалану арқылы.

Кейде топталған эгоизмге жеткенде, еңбек немесе оқу топтарда бірлестік рухқа ие болады.

Ұжым – уақытқа турақты топтың ішіндегі адамдардың басқару органдарымен байланысы, әлеуметтік-пайдалы қызметпен және топтың ішіндегі адамдарды формалды (іскерлік) және формалды емес қарым-қатынастағы мақсатпен біріккен. Оқу ұжымы екі құрылымнан турады: бірінші, бұл оның көптеген ерекшелліктерін анықтайтын педагогтармен кураторлардың мақсатты әрекет етулері; екіншеден, оқу ұжымы – әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарына бағынатын салыстырмалы түрде өз бетімен дамитын құбылыс.

40. Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді. Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді. И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі". Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.

Стандарт туралы ұғым. Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына өойылатын талаптар белгіленген. Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады. Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары өзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Оның көп себебі бар. Солардың бірі - кейбір мектептердің күмәнді мазмұны бар оқу курстарын ешқандай әдістемесіз енгізуі. Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республикадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады. Дене тәрбиесінің стандарты Президенттік тест негізінде жасалған. Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге қойылатын жаңа нұсқалы ДЭЕМ-нің бағдарламалық-ақпараттың мүмкіндігіне сай жүреді. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дүниежүзілік тәжірибе қолданылды. Білім мазмұнын анықтау кезінде ұлттық және аймаңтық ерекшеліктер ескерілді.

41. 1. Өзіндік жұмыс

Кредиттік оқу жүйесінде өздік жұмыс студенттің білім алудағы негізгі әрекетіне жатады. Динамика мен өзгерістерге толы, ақпараттың шектен тыс өрбіген заманда тұлғаның негізгі қасиеті өздігінен үйрсну мен білім игеру болып табылатындықтан, өздік жұмыстың маңызы барған сайын арта түсуде.

Кредиттік оқу жүйесі бойынша кез келген теориялық тақырып бойынша студенттердің талдау жұмысы келесідей тәртіппен өтуі ұтымды:

1. Студенттердің өздігімен танысқан теориялық материалды лекцияда тереңдету және талдау. Студенттер оқытушының көмегімен ақпаратты талдаудың негізгі бағыттарын толықтырады.

2. Теориялық материалды семинар сабағында проблема шешу тұрғысынан талқылау. Студенттер оқытушының жетекшілігімен теориялық материал бойынша нақты проблемаларды айқындап, олардың шешу жолдарын қарастырады.

3. Студенттер оқытушы ұсынған теориялық материалды өздігімен шығармашылық тұрғыдан меңгереді нәтижесін жазба жұмысында келтіреді.

4. Студенттер өз жұмыстарын аудиториядан тыс уақытта бірлесе талқылап, жұмыстарын тереңдетудің жолдарын қарастырады, бір-біріне кеңес береді, бір-бірінің жұмыстарына бағалайды.

5. Студенттердің өткізген шығармашылық жұмыстары оқытушы тұрғысынан бағаланады.

Бұл жерде соңғы үш жұмыс студенттердің өздік әрекеттеріне негізделеді.

Өздік жұмыс студенттердің пәнді жүйелі түрде меңгеру, игерілген білім, білік, дағды, түсінік пен құзырлылықтарды бекіту, лекция және семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларда өздігімен үйрену дағдыларын қалыптастырады.

Өздік жұмыс дегеніміз студенттің оқытушының қатысуынсыз және сабақтан тыс уақытта оқу жоспарында(силлабуста) белгіленген тапсырмаларды орындап, атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп немесе ақпарат беруі.

Өздік жұмыста студенттер алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйренеді.

Өздік жұмыс студенттің өз біліміне деген жауапкершілігін арттырып, өз білімінің мазмұндық траекториясын анықтауға және қолданатын әдіс-тәсілдерді талдауға баулиды. Бүгінгі күні мұндай біліктерді меңгеру білім алу процесінің басты мақсатына айналып отыр.

Оқытушы өздік жұмысқа тікелей қатыспай, оны ұйымдастырып, сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы студент енбегінің тиімділігіне сырттай ықпал жасайды.

Өздік жұмыстарды ұйымдастырғанда репродуктивтік тапсырмалардан мүмкіндігінше бас тарту керек. Ондай жұмыстардың қатарына шығармашылықтың табы жоқ келесі әрекеттер жатады:

- ұсынылған әдебиетті конспектілеу.

- анықтамаларды(формулаларды, түсініктерді, мәтіндерді) көшіру, жаттау:

- әртүрлі ақпарат деректерінен көшірген рефераттарды дайындау;

- лекцияда қарастырылған мәліметтерді еске түсіру, қайталау, олардың тізімін келтіру т.б.

Ағымдық бақылау өткізу ережесі:

Ағымдық бақылау (Control of Student Knowledge in Classes) – оқу пәнінің әр тақырыбы немесе жеке тарауы бойынша студенттің оқу жетістіктерін жүйелі тексеру түрі, ол оқу бағдарламасының силабусында жоспарланады:

ағымдық бақылау өткізу кестесін офис-регистратор жасап, оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді;

ағымдық бақылау әр оқу семестрінде 30 балға дейін бағаланады;

студент ағымдық бақылауды міндетті түрде тапсыруы қажет, себебі, оның нәтижесі қорытынды бақылауда ескеріледі;

ағымдық бақылауды пән тьюторы қабылдайды;

ағымдық бақылаудың өткізу түрін (ауызша, жазбаша, тест түрінде) кафедра тағайындайды;

студенттің ағымдық бақылау нәтижесінде алған бағасы арнайы бақылау ведомосіне қойылып, офис-регистраторға тапсырылады;

ағымдық бақылау ведомосына міндетті түрде тьютордың қолы қойылады;

ағымдық бақылау нәтижесімен келіспеген жағдайда студент аппеляцияға беруге құқығы бар;

ағымдық бақылаудан өтпеген студентке дәлелді себебі болмаған жағдайда қайта тапсыруға (ауырғандығы т.б.) рұқсат берілмейді;

студент ағымдық бақылауға қатыспау себебін дәлелдейтін заңды құжатын тапсырған жағдайда қайта тапсыруға рұқсат беріледі;

бақылау ведомосына қойылған бағаны офис-регистратор компьютердегі мәліметтер базасына енгізіп, түзетуге қатаң тыйым салынады;

студенттерді ағымдық бақылау өткізу тәртібімен таныстыру топ тәлімгері мен кафедра эдвайзеріне жүктеледі;

ағымдық бақылау түрлі себепті жағдайлармен (іс-сапарда болуы, сырқаттануы, т.б.) қатыса алмаған студенттер офис-регистратор құрған кесте бойынша тапсырады.

Оқу процессін тиімді ұйымдастыруға, білім беру ісінің технологиясын халықаралық денгейге көтеруге бағытталған бұл ереженің біздің ойымызша ерекшелігі мынада: біріншіден оқу процессіне қатаң қадағалау жүйесінің ендірілуінде, ал ол студенттер тарапынан аса үлкен жауапкершілікпен тиянақтылықты, ұқыптылықты талап етеді; екіншіден, бұл бақылау түрі студенттің білім траекториясы бойынша алған білімін әр тақырып бойынша қандай денгейде терең менгере алғандығын көрсетеді; үшіншіден мұндай бақылау түрі оқытушыға әр студентпен жеке жұмыс істеуге, оған өздігінен орындайтын жұмыстарына дер кезінде көмек көрсетуге, бағыт-бағдар беруге, әрі топпен ұжымдық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік береді; төртіншіден оқытушыға студенттерді педагогикалық-психологиялық тұрғыдан (ойлау, ойын жеткізе білу, сөйлей білу, ұжымда қарым-қатынас жасай алу қабілетін, мінез құлқын) жан-жақты бақылап, зерттеп білуге көмектеседі; бесіншіден студенттердің шығармашылық, жалпы интеллектуалдық қабілетіне, оқитын курсына сай студенттің құзіреттілігіне қарай ықпал етуге мүмкіндік туады; алтыншыдан студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын жиі қадағалауға, өзара бақылау, пікір алмастыру жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Аралық бақылау (Midterm Examination) – кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқитын студент білімін мерзімдік тексеру түрі.

- аралық бақылау мамандықтың оқу жылына арналған академиялық күнтізбесіне сәйкес әр семестрде бір рет өткізіледі;

- студент аралық бақылауды міндетті түрде тапсыруы қажет, себебі, оның нәтижесі қорытынды бақылауда ескеріледі;

- студенттің аралық бақылауда білімін тексеруді мамандықтың оқу жоспарындағы міндетті оқу компонеттерінен кешенді түрде комьютерлік технология орталығы (КТО), таңдау бойынша оқу компоненттерінен тьюторлар комиссия арқылы тест түрінде қабылдайды;

- әр аралық бақылауда жеке оқу пәндері бойынша студент білімі 30 балға дейінгі көрсеткішпен бағаланады;

- міндетті компонент бойынша тестілік бақылау сұрақтарды институт КТО-ға ұсынған ережеге сәйкес болуы қажет;

- міндетті компонент тьюторлары тестілік бақылау сұрақтарын КТО-ға аралық бақылауға дейін 10 күн бұрын ұсынған ережеге сәйкес тапсыруы керек және оның дұрыстығына тікелей жауап береді;

- КТО тьютордан қабылдап алған тест сұрақтары мен жауаптарының сәйкестігін қатаң қадағалауы тиіс;

- аралық бақылау нәтижесі бақылау өткізілген уақыт аяқталған соң 3 сағат ішінде оқу тобының арнайы ведомосына қойылып, факультет офис-регистраторына тапсырылады;

- бақылау ведомосына қойылған бағаны офис-регистратор компьютердегі мәліметтер базасына енгізеді және түзетуге қатаң тыйым салынады;

- студент аралық бақылау қорытындысымен келіспеген жағдайда аппеляцияға беруге құқығы бар;

- аралық бақылауға түрлі себепті жағдайлармен (іс-сапарда болуы, сырқаттануы т.б.) қатыса алмаған студенттер офис-регистратор құрған кесте бойынша тапсырады, дәлелді себебі болмаған жағдайда қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Бұл бақылау формасы біздің пікірімізше студенттерді өз бетінше ізденуге жетелеу процессінде мынадай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: біріншіден, семестр барысындағы студенттердің білім деңгейінің қалыптасқандығын бақылау, соның нәтижесінде өз еңбегінің нәтижесін көру; екіншіден, бұл бақылау формасы негізінен тест арқылы жүргізілетін болғандықтан оған студенттердің өздігінен жұмыс істеуіне үлкен талап қойылады (дайындық барысында); үшіншіден, тест сұрақтарын дайындауда мұғалімнен үлкен шығармашылық, терең білім-білік, озық әдістеме мен жауапкершілік талап етіледі; төртіншіден, бұл бақылау формасы дайындық барысында оқытушы мен студент бірлесіп жұмыс істейді; бесіншіден, дайындық барысында студенттің өздігінен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Яғни бұл өзгерістер студенттерден өздігінен білім алу талаптарын күшейтіп, сонымен қатар оқытушылардың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік ізденіс жұмыстарының мазмұндық, сапалық жағынын өзгеруіне үлкен әсер етеді, бақылау жұмыстарына қажетті әдістемелер, әдістемелік құралдар және нұсқауларды дайындауды талап етеді. Өйткені кредиттік оқыту жүйесіндегі бақылау түрлері пән оқытушылары дайындаған әдістемелік материалдар арқылы (тест, билет, сұрақтар) тексеріледі, ал ол мұғалімдерден үлкен кәсіби шеберлікті талап етеді.

Қорытынды бақылау (Final Examination) – студенттің белгілі академиялық кезең ішінде жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізіндегі кәсіби-білімдік бағдарламаны меңгеру деңгейі мен оқу жетістігін тексеру түрі.

- қорытынды бақылау кезінде студенттің ағымдық және аралық бақылау нәтижелеріндегі жинаған көрсеткіштері есепке алынады;

қорытынды бақылау оқу жылы барысында мамандықтың академиялық күнтізбесіне сәйкес ұзақтығы 3 апта мерзімнен екі рет (күзгі және көктемгі) өткізіледі;

емтихан кестесін факультеттің офис-регистраторы жасап, институттың оқу ісі жөніндегі проректоры бекітеді;

студенттерді курсы, мамандығы, оқу тобы бойынша қорытынды бақылауға жіберу факультет деканының өкімімен рәсемделеді;

қорытынды бақылауға жіберілген студенттің сынақ кітапшасына офис-регистрация сессияға жіберу туралы мөр соғады;

қорытынды бақылау өткізу формасы емтихан болып табылады (ауызша, жазбаша, тест түрінде);

емтихан билеті кафедра мәжілісінде қаралып, бекітіледі;

емтихан пән ерекшелігіне қарай комьютерлік тестілеу, ауызша, жазбаша немесе көрме-практикалық (бейнелеу өнері және сызу, музыка мамандықтарында) түрде студенттің оқу тілі (қазақша, орысша) негізінде қабылданады;

офис-регистратор емтихан ведомосына семестр барысында өткізілген аралық және ағымдық бақылаудың жалпы балдарын көрсетіп береді;

емтихан ведомосі арнайы журналға тіркеліп, сессияға жіберу туралы мөр соғылады;

тьютор ведомості емтихан күні алып, сол күні бағасын қойып, офис-регистраторға қайта тапсырады;

қорытынды емтихан ведомосінің екі түрі болады: апелляциясыз және апелляция қорытындысымен;

емтихан қорытындысы сол күні апелляциясыз ведомосқа қойылып, студенттерге хабарланады;

студент қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген жағдайда апелляцияға беруге құқығы бар;

пән бойынша семестр барысында өткізілген ағымдық және аралық бақылаулар нәтижесінен 28-ден төмен балл жинаған және курстық жұмыс тапсырмаған студент қорытынды бақылауға жіберілмейді;

курстық жұмыс қорытынды бақылауға дейін бір апта бұрын қорғалып, «курс жұмысын қорғау» ведомосы офис-регистраторға тапсырылады;

емтиханды тьютормен бірге кафедра өкілі енген комиссия қабылдайды;

студент емтиханға міндетті түрде сынақ кітапшасымен кіруі керек;

логикалық жағынан ортақ байланыс болған жағдайда кафедраның 2-3 пәнін біріктіріп, кешенді түрде емтихан қабылдауға болады. Бұл жағдайда әр пән бойынша емтихан бағасы жеке шығарылып, тиісті ведомостарына қойылады;

егер студент емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» (F) баға алса, ағымдық және аралық бақылаулар көрсеткішін есепке алмай-ақ, ведомосқа F қойылып, сынақ кітапшасына қойылмайды;

«қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда екінші рет емтихан тапсыруға рұқсат берілмейді;

студент бұл пәнді ақылы негізде бір академиялық кезең ішінде қайта оқиды;

науқастануына немесе басқа да дәлелді себептермен емтиханға келмеген студент факультет деканының рұқсатымен емтиханды жеке тапсырады;

42. Лекция-өзекті проблемаларды игеру мен меңгерудің теориялық мәселелерін қарастыратын сабақ түрі. Ол болашақ мамандық тұрғысынан үйренушілерді өміршеңді, күнделікті өмірден алынған теориялық проблемалар мен мәселелерді шешуге бағыттайды. Лекцияда көлемді мәліметтерді жүйелеп беру қолайлы, мұнда тақырыптың басты мәселелсрі нақтыланып, материалдың өзіндік тұрғыдан игерудің әдістемелік нұсқаулары беріледі.

Алайда білімді игеру процесін белсендіруде, үйренушілердің қызығушылығы мен көтеріңкі мотивациясын тудыруда, кері байланысты қолдануда, эмоционалды қарым-қатынас құруда монологқа негізделген дәстүрлі лекцияның (бір жақты пікір, көзқарас, пози­ция, шешім келтіретін) мүмкіншіліктері шектеулі.

Интерактивті лекцияның негізгі қағидалары

- Интербелсенді лекцияда ақпарат дайын күйінде берілмейді.

Интербелсенді лекция үйренушінің қандай да бір тақырып немесе мәлімет бойынша бірлескен әрекеттер негізінде (топтық пікір алмасу, талқылау, пікірталас, ой қозғау. т.б.) студенттерде өзіндік пікір мен көзқарас қалыптастыруға бағытталады, Интербелсенді лекцияда негізгі қағида «беру», «үйрету» емес - «ұсыну» болады. Ұсынылған мәлімет бойынша студенттер бірлескен белсенді әрекеттер арқылы өздігімен жаңа білім қарастырады.

- Интербелсенді лекция тақырыпты дамытуға, тереңдетуте бағытталады.

Дәстүрлі монолог түріндегі лекция «студенттердің қарастырылатын тақырып бойынша білімі мен деректері жоқ немесе жоқтың қасы» деген қағиданы ұстанады. Сол себепті де дәстүрлі лекция ақпараттың көп мөлшерін «беруге» мүдделі. Студенттер мұнда әдетте белсенді (пассив) орекеттер атқарады: тыңдайды, көшіреді.

- Интербелсенді лекцияның негізгі ұстанымы келесідей болады:

«Студенттер қарастырылатын тақырып бойынша сабаққа дайындалып келген, олардың белгілі бір білімдері бар болғандықтан, лекцияда сол білімдерді дамыту және тереңдету керек». Студенттер силлабуста берілген ақпарат бойынша бүгінгі лекция тақырыбы мен негізгі мәселелерінің қандай екендігін, оған қандай әдебиет көздері арқылы дайындалуға болатындығын, ол бойынша қандай тапсырмалар берілгендігін жақсы біледі. Сол себепті де олар лекцияға шама-шарқынша дайындалып келеді. Ал лекция олардың білгеніне негізделіп, сол білімдерін өрбітуді мақсат тұтады.

- Интерактивті лекцияда материал басылған мәтін түрінде беріледі.

Дәстүрлі лекцияда оқытушы ақпараттың негізгі көзі болғандықтан студенттер көбіне-көп оның айтқанын көшірумен айналысады. Мұндай белсенді (пассив) әрекеттер студенттердің лек­ция материалын терең меңгеруге жол бермейді: студенттер көп жағдайда өздерінің үйренуін лекция мәліметтерін есте сақтау, қайталау мен жаттау әрекеттерімен ғaнa шектейді.

- Интерактивті лекцияның мәтіні ауызша оқылмай, жазбаша үлестірмелі материал түрінде таратылып беріледі. Оқытушы лекцияны ауызша түрде студенттер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап бергенде, лекция тақырыбын толықтырғанда ғана келтіруі мүмкін. Сол арқылы уақыт та үнемделіп, студенттер де оқу материалын өздік тұрғыдан игеру әрекеттеріне белсене араласады.

- Интерактивті лекция диалог түрінде өтеді.

Қарым-қатынас келесі форматтарда өтуі мүмкін: оқытушы - студент/студенттер, студент - студент, студент - тақырып, студент - басқа пікір (зерттеуші, оқулық, т.б.). Интербелсенді лекцияда ой қозғау мен өмірден алынған нақты ситуацияларды талқылау және шешу тәсілдерін қолданған тиімді.

- Интербелсенді лекцияда материал тұтастай емес, бөлшектеліп беріледі.

Дәстүрлі лекцияда оқытушы лекцияны ауызша оқып, студенттерден тыңдау немесе конспект жасау (көшіру) сияқты белсенді (пассив) әрекеттерді атқаруды талап етеді.

Интербелсенді лекцияда әдетте мәтін бірнеше бөлімге, тиімді мөлшерде бөлінеді. Қағазға басылып, үлестірмелі материал түрінде таратылып берілген бөлімдерді оқу мен зерттеу барысында студенттер белсенді әрекеттер атқарады: олардың қатарына туындаған қиын мәселелер мен сұрақтарды келтіру, берілген мәлімет бойынша өз түсінігі мен пікірін қалыптастыру, лекцияның тұжырымдарын өзара талқылау, кесте толтыру, жоспар жасау, графиктер сызу, т.б. әрекеттер кіреді. Бұл белсенді әрекеттер жеке және бірлескен жұмыс жасау форматтарында өтеді.

- Интербелсенді лекцияда студенттердің бірлескен жұмысы қолданылады.

Студенттердің белсенді әрекеттері бірлескен жағдайда өтуі керек: берілген тапсырмалар шағын топ немесе жұп қатарында орындалады. Студенттер лекцияның бір бөлімін оқып болған соң жекелей жұмыс жасап, сонан кейін жұптасып (немесе шағын топ құрамында) өз түсініктері мен туындаған ойлары мен бөліседі: олардың жаңа білімі мен өзіндік пікірлері осындай ой талқы нәтижесінде пайда болады.

- Интербелсенді лекцияда жаңа білім студенттердің ой-толғанысы арқылы құралады.

Лекцияда студенттер қарастырылған материал бойынша «Мен сабақта не үйрендім?», «Бұл білім маған қандай пайда келтіреді?», «Бұл білімді қалайша қолдануға болады?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын, жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» деген сұрақтар ауқымында ойланып, өз жауаптарымен бір-бірімен бөліскені орынды. Осындай ой-толғаныс нәтижесінде студент лекция материалы бойынша жаңа білім құрастырады.

- Интербелсенді лекцияда бағалау жазба жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.

Студенттердің сабақта қалайша жұмыс жасағандығын, оның материалды қандай деңгейде игергендігін білу мақсатында лекция аяғында жазба жұмыстарын (ауызша ой-толғаныс әрекеттерінен кейін) орындау керек.

- Интербелсенді лекция кері байланыспен аяқталады.

Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында студенттерге бір-біріне сұрақ қойып, олардың ойларын, қандай сұрақтары мен мұқтаждары бар екендігін, бүгінгі сабақ туралы пікірлері қандай екендігін анықтау. Бұл жауаптар алдағы сабақтарды жоспарлауда қолданып, келесі сабақты студенттердің пікірлері негізінде құрастыруға бағыттайды.

43. Дидактика – оқытудың теориясы. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Бұл ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданып оқыту өнері мәнін негіздеген. Дидактиканың ғылыми негізін салған чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» (1632) кітабында оқытудың мақсат, принциптері, әдістері, сынып сабақ жүйесі туралы баяндалған. Оның ойы бойынша, дидактика «нені оқыту» және «қалай оқыту керек » деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қалай, қайда, неге оқыту

Дидактика гректің «didaktikos» - оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан.

Дидактика – бұл оқу және білімдену олардың мақсаттары мазмұны, әдістері және құрал жабдықтары, ұйымдастырылу мен нәтижелері жөніндегі ғылым. Дидактикапедагогиканың маңызды саласы.

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика-білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы.Ол оқыту теориясы деп те аталады.Дидактиканың зерттеу пәні-оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айкындалады.Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады.Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады.Мысалы, матиматиканы оқыту әдістемесі, тарихы оқыту әдістемесі.

Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теорияляқ және қолданбалы қызметтер орындайды.Дидактиканың ғылыми-теорияляқ қызметі:білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.Дидактиканы дамытуда Я.А.Коменский, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов және т.б. үлкен үлес қосты. Жоғары мектеп дидактикасы мәселелерімен айналысқан Ресейлік ғалымдар: Н.И.Пирогов, С.И.Архангельск, А.А.Вербицкий, Б.С. Горшунский, В.И.Загвязинский, А.В.Петровский, А.А.Реан, В.Е.Шукшунова, В.А.Якунина, Ф. Янушкевич және т.б. Қазақстанда жоғары мектеп дидактикасының жеке мәселелерін қарастырған ғалымдар: А.Е.Әбілқасымов, С.А.Әбдіманапов, Б.А.Абдикаримов, М.Н.Сарыбеков, Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан, Г.А.Уманов, С.А. Ұзақбаева, Г.К.Нұрғалиева, Г.Т. Хайруллин, А.П. Сейтешов және т.б.

Оқу процесі – бұл білім беру, игеру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс әрекет.

Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:

  • не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты);

  • кімді оқытамыз (оқыту субъектілері);

  • оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері);

  • неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны);

  • оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы);

  • оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компюьтерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.);

  • оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер),

  • оқыту нәтижелерін қалай бағалауға және бақылауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау әдістері).

Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз білім беру жүйесі, жоғары білім беру теориясы т.б. мәселелерді зерттейді.

Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белегілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады.

Оқытудың атқаратын қызметі:

Оқыту атқаратын қызметіне келер болсақ, ол білімдендіру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастырушылық қызметін атқарады.

Білімдендіру қызметінде оқыту процесінде білім, білік, дағдының қалыптастырылуы көзделеді. Білім нақты айғақтарды, ұғымдарды, мәләметтерді, ережелерді, заңдарды, теорияларды, формулаларды есте сақтау. Білік ережелерге сүйене отырып кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыра білу немесе білімді тәжірибеде қолдана білу. Дағды саналы іс-әрекеттің автаматтандырылған компоненті.

Тәрбиелеу қызметі әлеуметтену процесінің табиғи жағдайына байланысты туындайды. Оқыту процесінде алынған білімдеріне сай олардың көзқарастары, олардың ғылыми дүниетанымы, құндылық дүниесі, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады.

Дамытушылық қызметі тұлғаны әр жақты дамытуды, яғни ойлау, сөйлеу, іс-әрекет және т.б. қасиеттердің дамуын көздейді. Бұл мәселеде дамыта оқытуға байланысты П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин және т.б. жүйе құрған.

Ұйымдастырушылық қызметі оқыту процесінің тиімді нәтиже беруіне байланысты ұйымдастыру жолдарын белгілейді.

Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.

Жоғары мектептегі оқытудың құрылымы: мақсатты оқыту, мазмұнды оқыту, құралдар, форма, әдістер, түрлері, оқытудың нәтижесі. Жоғары мектептегі оқыту процесінің құрылымына мынадай компоненттер жатады:

мақсаттық компонент – жоғары мектептегі оқытудың мақсаты мен міндеттері кіреді;

мазмұндық компонент – бұл кәсіптік қызметпен өзіндік білімдендіру, қарым-қатынас пен іс-әрекетті меңгерудегі білім, білік, дағдыларды анықтайды;

процессуалды компонент – жоғары білім беру мазмұнын меңгеруде жоғары мектептегі мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру бағытында оқытуды қабылдау құралдары, әдістері, түрлерін сипаттайды;

бақылау, бағыттау компоненті; нәтижені бағалау компоненті – бұл студенттің жоғары мектептегі оқыту процесінің оқыту нәтижесі мен тиімділік дәрежесіне жетуі.

Сонымен қатар дидактиканың катигориялары да бар: білім беру , оқыту, оқу, оқыту принциптерін, оқыту процесі, максаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері , құралдары, оқытудың нәтижесі.

44. Жоғары оқыту орындарындағы оқыту заңдылықтарына сипаттама. Оқытудың заңдылықтары оның классификациясы мен сипаттамасы

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту масатына бағытталған алдын- ала жоспарланған іә-әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжрибесінің бөлшегі.Ол-оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі

Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш- қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іә-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың прихологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.

Оқыту-мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту-таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта туседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан – жақты жетілуін түйістіреді.

Мектептегі оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп түсінеміз.

Оқытудың жалпы заңдылықтары:

  • оқыту мақсаты,

  • оқыту мазмұны,

  • оқыту сапасы;

  • оқыту әдістері;

  • оқытуды басқару;

  • оқытуды белсендендіру.

Оқытудың жеке заңдылықтары:

  • жеке дидактикалық (оқыту нәтижелері қолданылатын әдістер, құралдар мен оқытушының кәсіби біліктілігіне және т.б. байланысты);

  • гносеологиялық (оқыту нәтижесі студенттің танымдық белсенділігіне байланысты);

  • психологиялық (оқыту нәтижесі әр студенттің қабылдау меңгеру деңгейіне байланысты);

  • әлеуметтік (индивидтің дамуы, оның басқа да индивидтердің қарым-қатынасына байланысты);

  • ұйымдастырушылық (оқыту нәтижесі, оны ұйымдастырушының студенттерді қызықтыра алуына, белсендендіруіне байланысты);

Дидактикалық принцип – бұл жоғары оқу орындарында маман дайындау мақсатында оқыту тәжірибесіне бағытталған жоғары білім беру мен заңдылықтарды қатынасына байланысты жағдай.

Принцип (латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Оқыту принциптеріне төмендегідей түрлерін атауға болады. Олар:

  • ғылымилық;

  • саналылық пен белсенділік;

  • көрнекілік;

  • жүйелілік пен бірізділік;

  • біртектілік;

  • тиімділік;

  • теория мен тәжірибенің байланыстылығы;

  • жеткіліктілік.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының тұтастығы болып табылады.

45. Жоғары мектептегі оқыту процесі туралы түсінік, оқытудың ұстанымдары, принциптерi, оған сипаттама

Дидактика – оқытудың теориясы. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Бұл ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданып оқыту өнері мәнін негіздеген. Дидактиканың ғылыми негізін салған чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» (1632) кітабында оқытудың мақсат, принциптері, әдістері, сынып сабақ жүйесі туралы баяндалған. Оның ойы бойынша, дидактика «нені оқыту» және «қалай оқыту керек » деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қалай, қайда, неге оқыту

Дидактика гректің «didaktikos» - оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан.

Дидактика – бұл оқу және білімдену олардың мақсаттары мазмұны, әдістері және құрал жабдықтары, ұйымдастырылу мен нәтижелері жөніндегі ғылым. Дидактикапедагогиканың маңызды саласы.

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика-білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы.Ол оқыту теориясы деп те аталады.Дидактиканың зерттеу пәні-оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айкындалады.Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады.Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады.Мысалы, матиматиканы оқыту әдістемесі, тарихы оқыту әдістемесі.

Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теорияляқ және қолданбалы қызметтер орындайды.Дидактиканың ғылыми-теорияляқ қызметі:білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.Дидактиканы дамытуда Я.А.Коменский, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов және т.б. үлкен үлес қосты. Жоғары мектеп дидактикасы мәселелерімен айналысқан Ресейлік ғалымдар: Н.И.Пирогов, С.И.Архангельск, А.А.Вербицкий, Б.С. Горшунский, В.И.Загвязинский, А.В.Петровский, А.А.Реан, В.Е.Шукшунова, В.А.Якунина, Ф. Янушкевич және т.б. Қазақстанда жоғары мектеп дидактикасының жеке мәселелерін қарастырған ғалымдар: А.Е.Әбілқасымов, С.А.Әбдіманапов, Б.А.Абдикаримов, М.Н.Сарыбеков, Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан, Г.А.Уманов, С.А. Ұзақбаева, Г.К.Нұрғалиева, Г.Т. Хайруллин, А.П. Сейтешов және т.б.

Оқу процесі – бұл білім беру, игеру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс әрекет.

Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:

  • не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты);

  • кімді оқытамыз (оқыту субъектілері);

  • оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері);

  • неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны);

  • оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы);

  • оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компюьтерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.);

  • оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер),

  • оқыту нәтижелерін қалай бағалауға және бақылауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау әдістері).

Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз білім беру жүйесі, жоғары білім беру теориясы т.б. мәселелерді зерттейді.

Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белегілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады.

Оқытудың атқаратын қызметі:

Оқыту атқаратын қызметіне келер болсақ, ол білімдендіру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастырушылық қызметін атқарады.

Білімдендіру қызметінде оқыту процесінде білім, білік, дағдының қалыптастырылуы көзделеді. Білім нақты айғақтарды, ұғымдарды, мәләметтерді, ережелерді, заңдарды, теорияларды, формулаларды есте сақтау. Білік ережелерге сүйене отырып кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыра білу немесе білімді тәжірибеде қолдана білу. Дағды саналы іс-әрекеттің автаматтандырылған компоненті.

Тәрбиелеу қызметі әлеуметтену процесінің табиғи жағдайына байланысты туындайды. Оқыту процесінде алынған білімдеріне сай олардың көзқарастары, олардың ғылыми дүниетанымы, құндылық дүниесі, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады.

Дамытушылық қызметі тұлғаны әр жақты дамытуды, яғни ойлау, сөйлеу, іс-әрекет және т.б. қасиеттердің дамуын көздейді. Бұл мәселеде дамыта оқытуға байланысты П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин және т.б. жүйе құрған.

Ұйымдастырушылық қызметі оқыту процесінің тиімді нәтиже беруіне байланысты ұйымдастыру жолдарын белгілейді.

Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.

Жоғары мектептегі оқытудың құрылымы: мақсатты оқыту, мазмұнды оқыту, құралдар, форма, әдістер, түрлері, оқытудың нәтижесі. Жоғары мектептегі оқыту процесінің құрылымына мынадай компоненттер жатады:

мақсаттық компонент – жоғары мектептегі оқытудың мақсаты мен міндеттері кіреді;

мазмұндық компонент – бұл кәсіптік қызметпен өзіндік білімдендіру, қарым-қатынас пен іс-әрекетті меңгерудегі білім, білік, дағдыларды анықтайды;

процессуалды компонент – жоғары білім беру мазмұнын меңгеруде жоғары мектептегі мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру бағытында оқытуды қабылдау құралдары, әдістері, түрлерін сипаттайды;

бақылау, бағыттау компоненті; нәтижені бағалау компоненті – бұл студенттің жоғары мектептегі оқыту процесінің оқыту нәтижесі мен тиімділік дәрежесіне жетуі.

Сонымен қатар дидактиканың катигориялары да бар: білім беру , оқыту, оқу, оқыту принциптерін, оқыту процесі, максаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері , құралдары, оқытудың нәтижесі. Кейбір катигорияларға анықтама берейік.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту масатына бағытталған алдын- ала жоспарланған іә-әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжрибесінің бөлшегі.Ол-оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі

Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш- қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іә-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың прихологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.

Оқыту-мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту-таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта туседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан – жақты жетілуін түйістіреді.

Мектептегі оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп түсінеміз.

Оқытудың жалпы заңдылықтары:

  • оқыту мақсаты,

  • оқыту мазмұны,

  • оқыту сапасы;

  • оқыту әдістері;

  • оқытуды басқару;

  • оқытуды белсендендіру.

Оқытудың жеке заңдылықтары:

  • жеке дидактикалық (оқыту нәтижелері қолданылатын әдістер, құралдар мен оқытушының кәсіби біліктілігіне және т.б. байланысты);

  • гносеологиялық (оқыту нәтижесі студенттің танымдық белсенділігіне байланысты);

  • психологиялық (оқыту нәтижесі әр студенттің қабылдау меңгеру деңгейіне байланысты);

  • әлеуметтік (индивидтің дамуы, оның басқа да индивидтердің қарым-қатынасына байланысты);

  • ұйымдастырушылық (оқыту нәтижесі, оны ұйымдастырушының студенттерді қызықтыра алуына, белсендендіруіне байланысты);

Дидактикалық принцип – бұл жоғары оқу орындарында маман дайындау мақсатында оқыту тәжірибесіне бағытталған жоғары білім беру мен заңдылықтарды қатынасына байланысты жағдай.

Принцип (латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Оқыту принциптеріне төмендегідей түрлерін атауға болады. Олар:

  • ғылымилық;

  • саналылық пен белсенділік;

  • көрнекілік;

  • жүйелілік пен бірізділік;

  • біртектілік;

  • тиімділік;

  • теория мен тәжірибенің байланыстылығы;

  • жеткіліктілік.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының тұтастығы болып табылады.

Әдіс деген сөз гректің «metjdos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Психологиялық-педагогикалық сөздікте «әдіс» - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет» -деген анықтама береді.

Оқыту әдісі –оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары.

Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеттері.

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

Оқыту әдістері – оқытудың мақсат- міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жирмадан астам түрі бар.

1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Ларнер):

- түсіндірмелі хабарлау әдісі;

- репродуктивтік әдіс;

- праблемалық баяндау әдісі;

- эвристикалық әдіс.

2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина):

- жаңа білім беру әдісі;

- біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;

- техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;

- өзіндік жұмыс істеу әдісі;

- білімді тексеру әдісі;

- праблемалық, программаланған оқыту әдісі.

3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):

- оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;

- оқуға ынталандыру әдісі;

- оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.

4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг):

- ауызша баяндау әдісі;

- есеп шығару әдісі;

- өнер құралдарын пайдалану әдісі.

5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):

- жаңа білімді игеру әдісі;

- өзіндік білім әдісі;

- проблемалық әдіс;

- практикалық әдіс;

-көркем әдебиет пен құралдарын пайдалану әдісі.

Солардың ішінде ең көп тарағаны – білім берудің көздеріне сәйкес (И.Т.Огородников, С.И.Петровский, Е.Я.Голант):

46 Қазақстандағы жоғары кәсiби бiлiм беру жүйесi:(''Бiлiм беру туралы'' заңның негiзiнде сипаттама). Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

47 Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы тез өсіп бара жатқан жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалға – адамның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.

Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту.Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдық) те шешуші рольге ие.

ЮНЕСКО-ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген: «...Фундаменталды ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар етуі, кәсіби қызмет нәтижелерін бағалаудың ғылыми негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс.

Қазіргі заманғы оқушының әсіресе, студенттің басты мақсаты көптеген пәндерден, олардағы ұшан-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәндік көзқарас жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады.

Инновациялық білім беруді ұйымдастырда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмеологиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология («акме» - грек сөзі, «шың», «төбе», «бір нәрсенің ең биік басқышы» - дегенді білдіреді) – зерттеу обьектісі өмірдің әртүрлі өзін-өзі көрсету сфераларында өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы.

Акмеологияның пәні адамның шығармашылық потенциалы, субьектінің өзін-өзі жетілдіруінің айқындалуының түрлі деңгейлеріне, шыңына жетуінің заңдылықтары мен шарттары. Акмеологияның міндеттері субьектіні түрлі қызмет салаларында, сонымен бірге таңдап алынған кәсібі саласында оның табысты жетілуі, дамуының қажетті білімдермен және технологиялармен қамтамасыз ету. «Акме» кәсіпкерліктің шыңы жұмыстың жоғары нәтижелерінің тұрақтылығы – сенімділігі. Кәсіби жұмыс жасау қатесіз жаза басусыз, олқылықсыз жұмыс жасау деген сөз. Өзін-өзі дамыту – кәсіби шеберліктің шыңына апаратын жол.

Міндет – барлық оқушыларға өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өздігінен оқу мен өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, себебі, бұлар «акме» деңгейіне жетудің негізгі факторлары. Алайда, бұл акмеологиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері (мотивациясы) болуы мүмкін. Оқытушының міндеті – студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптастыруға көмектесу. Түрлі білім беру технологияларыныңда басты міндеті осында.

Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына – жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материл тәрізді.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: 1 кезең – оқып үйрену; 2 кезең – меңгеру; 3 кезең - өмірге ендіру; 4 кезең – дамыту;

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Оның ғылыми- әдістемеік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.

Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Технология «техне» - өнер, шеберлік және «логос» - ғылым, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген ұғымды білдіретін гректің сөзі.Технология шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модульмен оқыту дегенге саяды. Осы мағынаны негізге ала отырып, В.П.Беспалько М.В.Кларкин, Б.С.Блум т.б. ғалымдар оны оқыту, білім беру процесіне қатысты мынадай анықтама берді: «Педагогикалық технология – оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогикалық – психлогиялық нұсауладың жиынтығы, педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспектісі».

Оқыту технологиясы – қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін, оқудың түрлері, әдістерінің құралдарының жүйесінен тұратын, оқу бағдарламасында ескерілген, оқытудың мағынасын жүзеге асыру жолы.

Педагогикалық технология - а) қызмет пен оның құралдарын тиімді ұйымдастыру. ә) аз шығын мен нәтижеге жетуге болатын операциялардың бірізділігі. б) әдістемелік деңгейде педагогикалық проблемеларды талдауға мүмкіндік беретін педагогикалық категория. г) ойлаудың жүйелі тәсілін педагогикаға енгізу. д) педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін іс - әрекеттің реттелген жүйесі.

Педагогикалық техника - ұстаздардың шәкірттерінің белсенділігін ынталандыру мақсатында қолданылатын әртүрлі шеберліктері мен ықпалды әдістері.

Педагогикалық қызметтің түрлерін әрбір педагог біле тұра, оны дұрыс жүргізіп, әсіресе оқушымен мақсатты, жүйелі түрде қарым – қатынас жасауы тиіс. Жалпы бұл педагогикалық қызметтің ең басты ерекшелігі: барлық педагогикалық ықпалдар баланың жеке өзіне емес, керісінше оның қарым – қатынасына қатысты болуы тиіс.

48

Жоғары мектептегі оқыту процесі туралы түсінік, оқытудың ұстанымдары, принциптерi, оған сипаттама.

49

  1. Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау

Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 27.07.2007 ж, № 319-III ҚРЗ, Астана. Ақорда;

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 11.07.1999 ж, №151-1;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 11.10.2004 ж, № 1459;

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауы;

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы;

«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысы;

ҚР МЖБС 2.003-2002 Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер;

ҚР СТ 1.5-2004 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойатын жалпы талаптары.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС): білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді реттейтін, білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын айқындайтын, білім беру салалары бойынша білім, іскерлік, дағдылар және қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру нәтижелеріне, білім берудің базалық мазмұнының құрылымы мен құрамына, білім алушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлеміне, білім сапасы мен деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін және білім алушылардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін нормативтік құжат.

Стандартты қолдану:

- білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді;

- әлемдік үрдістерді ескере және қазақстандық мектептің озық дәстүрлерін сақтай отырып еліміздің білім беру жүйесін дамытуды;

- мектептегі білім беру құрылымының жас кезеңдерімен сәйкестігін;

- барлық балаларға тең мүмкіндік қағидаларын іске асыруды;

- мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуындағы ауытқулардың түзетілуіне, әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына жағдай жасай отырып, оларды жалпы оқу - тәрбие үдерісіне кірістіруді;

- білім сапасын қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім берудің жаңа нәтижесі есебінен арттыруды және білім алушының, педагогтың, білім беру ұйымдарының іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалау жүйесін жасауды;

- орта білім беру саласындағы білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің міндеттері мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді;

- балалардың психикалық саулығын және денсаулығын қорғауды, тұлғаның жан-жақты дамуына, оның ішінде білім алушының қосымша білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызуды қаматамасыз етуді;

- орта білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты ұтымды және тиімді пайдалануды көздейді.

Стандарт білім алушының әлеуметтік қорғалуын, педагог қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.

Стандарттың талаптары:

- білім беру деңгейлері бойынша оқу пәндерінің стандарттарын, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;

- Республиканың орта білім беру ұйымдарында меншік нысандарынан, ведомстволық бағыныстылығынан, типтері мен түрлерінен тәуелсіз оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;

- орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін жасау;

- орта білім беру ұйымдарын қаржыландыру;

- орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;

- білім беру сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде міндетті болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]