- •§ 2. Психофизикалың проблема
- •§ 3. Сана туралы түсінік
- •§ 4. Психикалың функциялар туралы ұғым
- •§ 5. Психологияның басңа гылымдармен баиланысы, оның негізгі салалары
- •II тарау психологияның зерттеу әдістері
- •§ 1. Зерттеу әдістері туралы жалпы түсінік
- •§ 2. Психологиялың әдістердің түрлері а. Байңау әдісі
- •§1.Ми мен Психиканың Арақатынасы туралы түсінік
- •§2.Жүйке саласының филогенетикалық дамуы
- •§3.Адамның ми жарты шараларының құрылысы.
- •§4.Жүйке саласының онтогенетикалық дамуы.
- •§5.Жүйке саласы қызметінің негізгі заңдары.
- •§6.Шартты рефлекстің жасалу жолдары.
- •§7.Вегетативтік жүйке саласы және бездер.
- •§1.Психика дамуы туралы жалпы түсінік.
- •§2.Хайуанат мінез-құлығының түрлері.
- •V тарау жеке адам психологиясы
- •§1. Жеке адам туралы түсінік
- •§2. Жеке адам психологиясы туралы теориялар
- •§3. Адамның негізгі түрткілері
- •VI тарау іс-әрекет психологиясы
- •§ 2. Дағдылану ерекшеліктері
- •§ 3. Дағдыға машықтанудың жолдары
- •§ 4. Дағдының дамуы
- •VII тарау зейін
- •§ 1. Зейін туралы жалпы түсінік
- •§ 2. Зейін түрлері
- •§ 3. Зейіннің қасиеттері 1
- •§ 4. Зейіннің дамуы. Кейбір педагогикалық қорытындылар
- •VIII тарау түйсінулер
- •§ 1. Түйсінулер туралы жалпы түсінік
- •§ 2. Түйсінудің жалпы сипаттамасы мен заңдылықтары
- •§ 3. Түйсінулер түрлері . Тері түйсінулері
- •§ 4. Түйсінулердің дамуы
- •IX тарау қабылдау
- •§ 1. Қабылдау туралы жалпы түсінік
§3.Адамның ми жарты шараларының құрылысы.
Үлкен ми бірнеше бөліктерге, салаларға бөлінеді. Екі жарт ышарды бөліп отыратын сайлар(бороздасы).Ол мидың самай бөлімін мидың маңдай бөлімінен бөліп отырады.Бұл ең үлкен борозда,егер оның арасын ашсақ,самайды мидың басқа бөлімінен алуға болады.
1.Мидың маңдай бөлігі.Роланд самайының алдыңғы жағындағы бороздадан бастап алдыңғы ми бөлімдерінің барлығы мидың маңдай бөлігі дейді.Маңдайдың өзінде бірнеше бороздалар болады.Мәселен,жоғарғы маңдай,төменгі маңдай бороздасы.Роланд сайының арасындағы ми иректеліп,қыптыстанып тұрады.
Маңдайдағы борозданың жоғарғы жағындағы қыртысты жоғары маңдай ирек қыртысы дейді.
Жоғарғы және төменгі маңдай сайының арасындағы қыртысты,орта маңдай қыртысының ирегі дейді.
2.Мидың төбе бөлігі.Роланд бороздасы мен төбе,желке сайының арасындағы аралықты мидың төбе бөлігі дейді.Психологияның ескі оқулықтарында мидың әр бөлімі адамның әр түрлі психологиялық әрекеттерімен байланысты.Егер мидың белгілі бір бөліміне зақым келсе,онда адамның тиісті психологиялық әрекеттері істен шығады,оларға да зақым келеді дейтін пікір айтылатын.Осы концепция бойынша психологиялық әрекеттер мен ми бөлімдерінің арасында тікелей байланыс болады.Әрбір психикалық әрекеттің мида өз алдына кіндігі мен өз алдына орталығы бар дейтін.Мұндай ұғым кейінгі зерттеулерге қарағанда дұрыс болмай шықты.
Психологиялық әрекеттер мен мидың орталықтарының арасында тікелей байланыс болмайды.Мұндай психологиялық әрекеттер мен үлкен бас мидың арасында ешбір байланыс жоқ,өйткені мидың үлкен жарты шарларының қыртысы психологиялық әркеттің бәріне қатысты анатомиялық-физиологиялық орталық, Адам психикамыздың негізі-ми қабығы.Егер ми салаларына зақым келсе,біздің психикалық әрекетімізге де зақым келеді.Бірақ мида жеке дара психологиялық әрекетімізге арналған тиісті орталық,кіндік жоқ.Бірақ жоғарыда айтылған салалардың психологиялық әрекетпен байланысы бар.Мысалы,мидың маңдай бөлігін алса,жоғарғы психологиялық әрекетке нұқсан келеді.Мидың маңдай өлкесі тек адамдарда ғана жақсы жетілген,хайуанаттарда мидың бұл бөлігі мардымсыз.Сол себепті хайуанаттарда,адам баласындағы жоғарғы сатыдағы психологиялық әрекеттер жоқ.
Маңдай ми күрделі логикалық ойлау мен қиял процестерін басқарып тұрады.Сондықтан маңдай миға зақым келсе,адамның ақыл-ой процестеріне де зақым келеді.Үлкен мидың сол жақтағы жарты шарының төменгі маңдай иір қыртысының артқы жағында Брока*кіндігі бар.Бұл кіндік адамның сөйлеу орталығын басқарады.
Егер бұған зақым келсе,адам дұрыстап сөйлей алмайды.Қаншама сөйлейін десе де,тілі икемге келмейді.Орта маңдай ирегінің жоғары жағында(сол жарты шар)жузу кіндігі(орталығы)орналасқан.Егер жазу кіндігін зақым келсе,адам дұрыстап сөйлей алмайды.Бұрын жазып үйренген болса да,жаза алмай қиналады.Мұндай ауруды-аграфия дейді.Ал,адамның тілі күрмеліп сөйлей алмай қалса,оны афазия дейді. Мидың төбе бөлігі адамның қимыл әрекеттерімен байланысты.Ол дене мүшелерінің қимылдарын басқарып тұрады.Адамның кеңістік пе уақытты ажырата алуы осы төбе миының әрекетімен байланыссты.Егер төбе миының төменгі жағына зақым келсе,адам
*Брока аты анатомның атына қойылған.
үйреншікті әрекеттерін қайтадан жасай алмайды.Мысалы,шырпы жағу,не жіптен түйін түю секілді әрекеттерді істей алмай ұмытып қалады.Мұны апракция дейді.Мидың желке бөлімі адамның көру әрекетімен байланысты.Егер,оған зақым келсе оның көз алмасы болғанда заттарды тани алмайды,не түрлі түстерді бір-бірімен ажырата алмайды,тіпті көре алмайтын жағдайға ұшырайды.Мидың самай бөлігі есту әрекетімен байланысты.Егер,оған зақым келсе,оның көз алмасы болғанда заттарды тани алмайды,не түрлі түстерді бір-бірімен ажырата алмайды, тіпті көре алмайтын жағдайға ұшырайды.Мидың самай бөлігі есту әрекетімен байланысты.Егер оған зақым келсе,адам ести алмайды,естісе де сөздерді ажырату қиын соғады.Егер жоғарғы самай ирегінің алдыңғы жағына зақым келсе,кісі музыкалық күйлерді есінде қалдыра алмайды.Самайда да сөзді ұғудың кіндігі бар.Ол сөзді ұғынып,қабылдап отыратын орталық.Егер оған зақым келсе,кісі есіткен сөздерін ұқпайды.Самай миының тағы да бір әрекеті,оның дәм,иіс сезім мүшелерін басқару.Самай бороздасының түбінде аралшық болады,дәмнің қандай екенін айыратын,міне,осы кіндік. Адамның ақыл-ойының әрекеттері,оның ақылды болуы,мидың көлемімен,үлкендігімен,не кіші болуымен,не бороздаларының терең,ұзын,көп болуымен,не иірлерінің көп болуымен байланысты емес.Адамның ақыл-ойы,мидағы жүйке клеткалардың құрылысынан,қандай қыртыстардаа қандай клеткалар болып,олардың көптігінен және адам миының сыртқы дүниедегі әсерлерге қайтаратын жауабынан,олардың сәулесін қабылдау,жаңа жағдайларға,жаңа қоздырғыштарға үйреніп,соларға жауап қайтарудан көрінеді.Сол себептен адамның ақылды болуы басының үлкен болуынан,не бороздаларының көп болуынан деген ұғым қате пікір болып табылады.Миы үлкен адамдардың барлығы ақылды бола бермейді,басы кіші адам да ақылды болуы мүмкін.Кейде миы ауру адамдардың басы үлкен болып келеді.Үлкен ми барлық мидың барлық сексен процентіне тең.Үлкен мида 15 миллиардтай жүйке клеткалары бар.Үлкен адамдардың миы орта есеппен 1400грамға ең болады.Үлкен бас мидың сұр заттары артта болып,ақ заттары мидың ортасында болады.Мидың жүйке клеткалары мидың қыртысында болады да,олардың денеге тарайтын тараулары мидың ортасымен оның төменгі салалары арқылы денеге тарайды. Енді мидың арасындағы және денемен байланыстырып тұратын жүйке жолдарына келейік.Үлкен бас мидың салаларына бірімен-бірін байланыстырып тұратын және оларды дене мүшелерімен байланыстыратын бірнеше жүйке жолдары бар. Оларды үшке бөлуге болады;1.проекциялық жолдар-үлкен мидың барлық дене мүшелерімен байланыстырып тұратын жолдар;2.ассоциациялық жолдар-үлкен мидың бір жарым шарындағы салаларын бр-біріне байланыстыратын жүйке жолдар,3.біріктіру не байланыстыру жүйке жолдары.Бұлар екі жарты шарды бір-бірімен байланыстырып отырады.
