Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәжібаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.51 Кб
Скачать

§1.Ми мен Психиканың Арақатынасы туралы түсінік

Адамның психикалық әрекеттернің, ақыл-ой санасының ағымдарын, өсіп,даму жолдарын білу үшін, олардың жүйке саласының,мидың құрылыс әрекетін білу қажет.Психика-ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде психика пайда болады.Айрықша ұйымдастырылған жоғарғы сатыда тұрған материяда (биологиялық материя)ғана психикасы болады.Жоғары материя дегніміз ми, жүйке саласы.Жүйке саласы психиканыың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, өсіп-дамуын білмейінші,психиканың қалайша өсіп-дамып отыратын да жақсы біле алмаймыз.В.И.Ленин психикалық материялық негіздерін зерттеуге өте көп көңіл бөлген.Адам психикасының,ақыл-ойының материялық негіздерін білмейінше,олардың айрықша өзгешіліктерінің өсіп-дамуын да білуге болмайды,деп көрсеткен ол өзінің «Материялизм және эмпириокритицизм»деген атақты философиялық шығармасында.Ол марксизм филсофиясының диалектикалық материализм дейтін философиясын түсіндіруде үлкен еңбек сіңірген.

Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі.Жүйке сала адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен біірге адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның жан қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады.Ол сондай-ақ адам мен сыыртқы дүниенің арасындағы қатынасты да басқарады.Егер жүйке сала болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді.Жүйке саласы болмаса, оның сыртқы дүниемен қатынасы дұрыс болмай оны тануға,зерттеуге,түрлі-түрлі бейнелер тууғызуға мүмкіндік болмас еді.Жүйке саланың құрылысы,әрекетіі,өте күрделі.Оны зерттеу оңай емес.Жүйкені зерттеу үшін ғылымда алуан әдістер қолданылады.Соның кейбіреуі мына төмендегілер:

1)салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу.Мұнда жүйке саласының ерте кезде пайда болғана әрекеттерін,жекелеген бөлімдерін қарастырады.

Жүйке саласы өсіп,дамып,оның құрылысы күрделі болған сайын оның әрекетті де күрделі болады.Жүйке саланың кейіннен пайда болған әрекеттерін зерттей отырып,күрделі психикалық әрекеттердің қалай пайда болатындығын білуге көптеген мүмкіндіктер туады; 2)эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу.Мұнда,жүцйке саланың кейінгі дәуірде пайда болған бөліктеріне қолдан зақым келтіріп,осының нәтижесіінде хайуанат әрекетінде боллатын өзгешіліктер зерттелінеді.Мидың кейбір жаңадан пайда болған бөлімдеріне зақым келтіргенде,хайуанттардың жекелеген психикалық әрекеттері жұмысын тоқтатады.Бұл жайт бұл психикалық әрекетердің мидың зақым келтірген бөлімдерімен байланысты екендігін аңғартады. Сондай-ақ мидың кейбір кейбір бөлімдерін алып тастау арқылы оның психикалық әрекетке қалайша әсер ететінін байқауға болады.Мысалы, физиолог Гольц иттің жарты шарларын алып тастаған. Сонда әлгі ит өліп қалмаған. Операциядан кейін бір жарым жыл өмір сүрген. Гольц иттің мидағы жарты шарын,оның бөлімдерін, жұлын жүйкесін зерттеген кезде ит аузына әкеліп берген тамақты ғана жейтін болған.Ол иттің психикасы бұзылып,иесін танымай қалған. Бұл факт иттің миының үлкен екі жарты шарлардағы әрекеті оның жоғары психикалық әрекеттерімен байланысты екендігін көрсетеді; 3)медициналық клиника фактілерін зерттеу. Бұл көбінесе миына зақым келген аурулардың психологиялық әрекеттерінің қандай екендігін байқау кезінде жүргізіледі. Егер ауру адамның миының түрлі бөліктеріне зақым келсе, оның кейбір психологиялық әрекеттері жойылуы мүмкін. Зақымданған психикалық әрекеттерін зерттеу арқылы олардың әсері де назарға алынады; 4)құрсақтағы ұрықтың жүйке саласының өсіп-дамуын зерттеу. (Эмбриологиялық фактілерді зерттеу). Әйелдің ішіне бала біткеннен бастап, оның өсіп-өніп дамуында қай уақытта жүйке саласы пайда болады,оның құрылысы қандай,онда жүйке саласының әрекеттері бар ма,жоқ па,міне осы айтылғандарды зерттеу арқылы да психикалық әрекет жайлы көптеген мағлұматтар алуға болады.

Міне,осы жоғарыда айтылған әдістермен адамның жүйке саласы қалайша өсіп,дамып отыратындығын,мұның психикаға қандай әсері бар екендігін,яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін мәселелерді шешуге болады.