Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәжібаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.51 Кб
Скачать

§ 3. Түйсінулер түрлері . Тері түйсінулері

Тері түйсінулері дененің бетіне, терінің жоне ауыз бен мұрынныц сілекейлі қабықтарына, көздің мүйіз ка- быгына заттар мен құбылыстардыц тікелей әсер етуінен иайда болады. Тері түйсінулерініц төрт түрін ажырату керек: сипау (осязанпе), яғни заттардыц сүйкелуін,

жылылықты және ауруды түйсіиу. Түрлі зерттеулср тері іүйсінулсріиіц осы түрлерініц адамныц барлық дсне мү- шелеріне жайылғанын, саңылау агіпараттарыныц пүкте- лері бар екендігін, олардан сезгіш жүйкелерініц ұштары болатындыгып көрсетеді. Бірыцғай тітіркендіргіштер те- рініц кейбір нүктелеріне әсер етсе, сипау түйсінуі пайда болады да, егер олар баска нүктелерге әсер етсе, тем-

128

ператураиы (жылылық, суықтық) не болмаса ауруды түіісіну паііда болады. Бірақтітіркендіргіштер қай пуикт- терге әсер еткенде, түйсінудің кай түрі пайда болатыны олі де дәл аныкталынбагап. Заттардың теріге сүіікелуі- нің нэтижесінен олардыц тегістігін, кедір-бүдырлыгын, жүмсақтығын, сүйықтыгын, шайырлығын, құрғақ я дым- қылдыгын, салмағын және осыпдай басқа қасиеттерін түйсінуге болады. Заттар тсріге сүйкелгенде жүйкелср қозса гана түйсіну пайда болады, қоздыруға шамасы келментін сүіікелу түйсінуді тугыза алмайды. Заттыц де- неге сүйкелуінен пайда болатын түйсіну — белсснсіз иро- цесс.

'Гері түйсінулерініц адамға тан белгісі бар. Бұл, ең алдымен, адамның тері түйсінулерінде сииаудыц елеулі орын алуымен байланысты. Сппау мүшесі — қол. Қол еибек құралы болса, сонымен бірге ол дүннс танудыцда құралы. Қол — адамның ең сезгіш мүшесінің бірі. Қол- мен заттарды ұстап, оныц обьективтік қасиеттеріп сезеді. Сипау — қолдыц, дененін қозғалысымен байланысты. Сондықтан заттардыц жай сүйкелуі арқылы олардың күрделі қасиеттерін түйсінуге болады. Жас нәрестелер- дің айналасындагы дүниені тануында, сипау үлкеи орын алады. Сипау сезімі — мылқауларды оқытудың, оларды түрлі мамаидықтарға үйретудің, тіптен олардың ақыл- ой өрісін дамытудың күшті құралы. Бүған әрі соқыр, әрі мылқау Елена Қсллсрдің жоғары білім алуы және сол сияқты көрсоқыр, мылқау адамдардың оқу, үйрсну ар- қылы психикалық әрекеттеріпің биік дәрежеге жетуі дәлел. Терінің сезімділігі дененің барлық жеріпдс бірдей емсс. Вебердің зерттеулері бойынша, екі сүйкелістің ара- лыгын гілдің ұшымен ажырату үшін олардың қашықты- гы орта есеппен 1,1 мм, саусақтардың ұшымен—2,2 мм, мүрынның ұшымен — 6,7 мм, бстпен — 11,2 мм, маңдай- мен—22—22,5 мм, арқамен—54,1 мм-ден кем болмауы керек. Тері түйсінулерінің табалдырықтарын зерттеу үшін алдымен Вебер, онан соң Фрей, Спирмен, Бехтерев, Мейман тағы басқалар эстезиометр деген аспапты қол- даиған. Қейбір зерттеушілер (Бние, Холл т. б.) балалар- дең тері сезғіштігі үлкен адамдардан өткірірек бола- іыііыіі көрсетеді. Мысалы, ерссек адамның жаибасында айыру табалдырығы орта есеппен 67 мм-ге тең болса, 12 жасар баланікі 35 мм-ге тең болады. Тері түйсігінің өткірлігі өзгешелігімсн қоса адамның жүйке саласының қажуымен де байланысты.

129

Температураны, ягни жылылық псн суықтықты түіі- сінуі. Температураны түіісіиу денені суықтан, я ыстық- тан сақтауға, сонымен бірге оның қалыпты әрекетін қамтамасыз етуге аса қажет. Ғалымдар теріде суық пен ыстыкты бөлек-бөлек түйсінетіп арнаулы нүктелер бар екенін айтады. Бірақ олардыц арнаулы «қызметі» дәл атқарылмайды екен. Тітіркендіргіштердің күшіне қараіг ол пүктслсрдіц саны да, әрекеті де өзгсріп біріне-бірі осср етіп отыратын сияқты. Егер әсер ететін тітіркен- діргіш дененіц темпсратурасынан жоғары болса — ол жылылықты, төмен болса — суықтықты түйсіндіреді, ал тепе-тең болса — онда тері ешбір температураны сез- бейді.

Температура түйсінуінде жоғарыда аталған көнігу (адаптация) процесінде айқын байқалады. Мысалы, шайды бірінші рет ұрттағанда — ол тым ыстық болып көрінеді. Кейіннен суып кетпесе де ол бұрынғыдай онша ыстық көрінбейді. Сондай-ақ бір қолыцды ыстық суға, екінші қолыцды суық суға ұстап, онан соцекеуін де жылы суға салсаң — ол су бұрын ыстық суда болган қолыңа суық көрінеді де, суық суда болған қолыңа ыстық кері- педі.

Ауруды түйсіну. Дененің ауырған жерін түйсіндірс- тін арнаулы тітіркендіргіштер жоқ. Егер әсер етуші зат- тардың қай-қайсысы болса да денеге жай сүйкелмен, я шаншып тисе — ауырғанды түйсінеміз. Түйсінудің бұл түрі адам денесін жарақаттан я мертігу қаупінен сақ- тайтындықтан, оның тіршілік үшін маңыздылығы тү- сінікті. Жүпке саласына зақым келген кейбір адамдар денесінің ауырганын сезбестсн, денесін қатты жарақат- тап алатыны кездеседі.

Ауруды түйсінудің де теріде арнаулы нүктелері бар. Бірақ дсиспің барлық мүшелерінде олардыц орпаласуы да, ауырғанды сезгіпітіп дс бірдей болмайды. Ауруды сезінетін түйсінулерде сезгіш және қимыл келтіретін жүйкелер бірлікте болады. Сондықтан аурудыц сезу мен қорғану проңесі бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Ауруды сездіретін тітіркендіргіштердің күші әлсіз болып кслетіндіктеп мұндағы көнігу проңесі де бір жерде тез пайда болмайды. Ол иррадиаңия басқа жерлерге жа- йылып, дсиснің ауырган жерін кеңейтуі мүмкін. Осыныц нәтнжесінен ауырған жердің иүктесіп ажырату да қпыіі соғады. Ауруды түйсіну жағымсыз сезіммен азапқа түсу- мсн байланысып жатады. Тәнніц ауруы адамның психи-

130

асыиа елеулі әсер етеді. Адамныц денесіне келетін зақымнан үрейлену, оиың ауруға қарсыласуын бәсецде- теді, аурудыц субьектнвтік сезімі оныц обьектнвтік күніі- нен әлдеқайда күіпті болып сезіледі. Мұндаіі сезім еріксіз, босац, шыдамсыз адамдарда анқын байқалады. Денені ауыртқанда, шыдамдылық пен батылдық көрсст- кен қайсар адамдар қиыншылыққа төтеп беріп, оны же- ціп шығады. Бүл жағдаплар ауруды түйсіну үлксн жарты шарлар әрекеттерініц ықпалында болатындығын, оған адамның саналы әрексттерініц зор әсер ететіидіғіи көрсе- теді.

Ә. Иіс түйсінулері

Иіс пен дом айыру түіісінулері адамныц дүниетану процесінде де, жалпы психикалық әрекеттерінде деоиша елеулі орын алмайды. Ал хаііуандардың, әсіресе, даму- дыц төменгі сатысында тұрған организмдердіц тіршілігін- де ( гамақ табу, яғни шағылысу) үлкеи орын алады. Бұл түіісінулердіц соқыр, керец, мылқау адамдардыц тірші- ліғінде де маңызы өте зор. Жүйкелердің иісті қабылда- ғыш клеткалары танаудың жылбыс қабыршағының жоғарғы бөлімінде болады. Дем алғанда адаммен бірге пісті заттар газ тәрізді күйінде кіріи, ондағы кілегей қабыршағындағы клеткаларға әсер етіп, осыдан барын ніскеу түйсінуі пайда болады. Иіскеу түйсінуі басқа түй- сінулердей толық зерттелмегсн, сондықтаи оларды жік- теп, түрлерін ажырату да қиын. Заттардыц өзгеше тән иістері болатындықтан, иісті сол заттардыц иістеріне ұқсатын ажыратады. Мысалы: жуа нісі, қауын иісі, қыз- ғалдақ иісі т. т.

Б. Дәм түйсінулері

Дом айыру түйсінуі иіс түйсіпуі спяқты заттардыц химиялық қасиеттерініц әсерінен пайда болады. Егер иіскеу ғаз тәрізді заттардың әсерінсн пайда болса, дәм айыру еріген заттардыц әсерінен пайда болады. Дәм айыру түйсінуі түрлі тітіркендіргіштердіц тілдіц бетін- дегі жане тацдай мен өцештегі дәм түйіршіктеріне әсср етіп, оларды қоздырудың нәтнжесінсн туады. Иіс түй- сіпуі сияқты дам түйсінуініц де түрлері нақты жіктелме- ғен. Дом түйсінулеріп, оны тудыратын тітіркендіргіштер- ғе қарай төрт түрге бөлуге болады: тәтті, қышқылт, тұз- ды, ащы. Бұлардыц косындысынан түрлі күрдслі дэмдер ажырагылады. Дәмді пайда болдыратын заттардыц иісі,

131

тілге адамға бірдеп әсер етеді, сондықтан да дәм айыру- дыц табиғаты иіс түйсіиуінен күрделірек болып келеді. Зерттеулерге қарағанда, дәм түйсінуін пайда болдыратын сацылау — тілдіц ұшыныц, шеттерінің және түбініц жыл- быс қабыршағы. Тілдің ортасымен астын дәмін ажы- рата алмайды. Тілдіц ұшы — тоттіпі, шеттері — қышқыл дәмді, түбі — ащыны сезгіш болады. Піскеу түйсінуі мен дом айыру түйсінуі вегетатіш жүііке саласымен тығыз байланысты болғандықтан, олар адамға жағымды, жа- ғымсыз сезімдер береді.

Басқа түнсінулер сняқты дәм аііырудың сезгіштігі де тәжірибсмен банланысты. Жаттығу нотнжесінде кснбір адамдар жемістердің нісіпе қарай, олардыц өзін көріп, дәмін татпаса да, қандай жеміс екенін оцаіі-ақ ажырата алады. Түрлі тағамдар шығаратын өндірістерде істейтін дәм ажыратушы мамандар (дегустаторлар) шараптың, шайдың, шылымның жоне сол сияқты заттардың дәмін дол ажырата алады. Бұған қарағанда, жаттығу мен дағ- дыланудың дом түйсінуінің дамуында үлкен маңызыбар екені көрінеді.

£. Есіту түйсінулері

Есіту түйсінулері адамның дүниетану процесінде, оның барлық іс-әрекетінде үлкен орын алады. Есіту түй- сіну дыбыс толқындарының реңспторға әсер стуінен пай- да болады. Біздің еститін дыбыстарымыз, ауа толқынын (ауаның бір қоюланып, бір снреп алмасып отыруының) ■есту саңылауларына берстін әсерлеріне байланысты. Есту түйсінулері арқылы музыкалық үндер, шулар, ды- быстар мида бейнелснеді. Музыкалық үндерге ән мсн күйдің және музыкалық инструменттердің көпшілігінің дыбыстары жатады. Ал шуларға дүрсіл-гүрсіл, күннің күркіреуі т. б. осы сияқтылар енеді. Бірақ шулардың өзі де музыкалық үндерде болады. Мұндай дыбыстарды тек камертон сияқты арнаулы аспаптар арқылы ғана түйсіне аламыз. Шу дыбыстары ауаның ретсіз, мерзімсіз және тұрақсыз тербелуіпен, нс болмаса оның өте қысқа күрде- лі тсрбелуінен пайда болады.

Есту туйсінуі дыбыстың қаттылығынан (дыбыстың күші), жоғарылыгынан, тембрінен, яғни дыбыстың үш тү- рінен болады. Дыбыстың қаттылыгы тербеліс амплиту- дасына байланысты. Тербелістің амплигудасы неғұрлым үлкен болса, дыбыс соғұрлым күшті болады. Қерісінше, амплнтуда қысқа болса, дыбыс та әлсіз болып шығады.

132

Дыбыстын жоғарлығы тербелістің жиілігіне (бір сскөнт- тің ішіндегі саны) байланысты. 'Гербеліс неғүрлым жиі болса, дыбыс соғұрлым жогары болады да, тсрбелістің жиілігі неғұрлым аз болса, дыбыс согұрлым төмен бола- ды. Мысалы, бір секөпттің ішіндегі тербеліс саны қанша- лықты көп болса, дыбыс соншалықты жогары болады. Жуан шскті домбыраның (контрабас) дыбысы дауыстың жуандыгын, флейтаның дыбысы оның жіңішкелігін көр- сетеді. Құлақ дыбыстың жогарылыгын түрліше түйсіне- тіндіктен, оның объектнвтік күшіне әрдаііым сәйкес келе бермейді. Түрлі зерттеулерге карағанда біздің құлағы- мыз тербеліс саны 1000 герцтен 3000 герңке дейін болып келген дыбысты сезеді екен. Сондықтан күші бірдей ды- быстардың жоғарылыгы (тербеліс саны) бірдей болма- са, олардың естілуі де бірдей болмайды. Құлақ дыбыс- тардың барлыгын есіте бермейді. Адам бала жасында дыбыстың жоғарылығын 20000—22000 герцке дейін есті- се, қартайған сайын бұл мөлшер төмендей бсреді. Сон- дықтан олар масаның ызыңдауы сияқты жоғаргы дыбыс- тарды есітпсйді, яғни 15—20 гсрцке дейінгі төмснгі дыбыстар естілмейді. Адамның, әсіресе, музыкантгар мен опшілердің жоғарғы дыбыстардың айырмашылығын сез- гіштігі өткір болады. Дыбыс тербесінің жиілігі 1000 герцтей болса, адам дыбыстың айырмашылығын 3 герцке дейін де ажырата алады.

Егер бір дәрежелі дыбыс (жоғарылығы үндескен) же- ке-жеке дыбыстарға тсңелмесе, опда ол сапалы үн болып естіледі. Қосылушы дыбыстардың тербелісі біріне-бірі жақын болса, олардың үндссуі де үйлесімді болады. Үн- десудің үйлесімдігі қаншалықты жақын болса, оны кон- сопанс дейді. Ал үйлесімділігі каншама алыс болса, оны дмссонанс дейді. Қүші де, жоғарылығыда бірдей дыбыс- тардың құлаққа әр түрлі болып естілуін дыбыстыңтсмбрі дейді. Мысалы, тембріне қарай хордағы адамдардың, оркестрдегі түрлі музыкалық инструменттердің (рояль- дің, скрипканың, флейтаның) үнін ажырата алуға бола- ды. 'Гұрмыста адампың даусыи жылы, қоңыр, шаңқыл- дауық, шіңкілдеуік, күрілдеуік деген тембрлерге бөлеміз Дыбыстардың күші, жоғарылығы және тембрі сезгіштігіне, дыбыс шыгарушы заттың алыс-жақынды- гыпа, адампың тәжірнбссіне сезім мүшелерінің саулыгы- на, көңіл күйіие байланысты болады. Хайуандардың есту түйсінуіпің жоғаргы табалдырыгы адамдардікінен жо- гары болады. Мысалы, нттіц жоғаргы есту табалдырығы

133

8000 герцке тең, бірақ музыкалық үндер адам баласы- на ғана белгілі. Жоғарыда айтылғандай адам түрлі ас- паптарды қолдаиып, хаііуаидардыц ешқайсысы түйсіне алмайтын дыбыстарды бейиелей алады.

Құлақ үш бөлімнен құралады: сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ. Есіту аппаратының пегізгі бөлімдері ортаңғьі және ішкі құлақ. Құлақтың қалқаны ауаның толқынын жинап түтікке жіберіп отырады. Сыртқы құлақ пеп ор- таңгы құлақтың арасында өте жұқа, бірақ күшті дыбыс- тарды қабылдағанда да жыртылмайтын, бсрік дабыл жаргағы бар. Ол түрлі ауа толқыпдары келіп тигенде өзінше тербеліп отырады. Самай сүйегінде жатқан ортаң- ғы кұлақ іші ауаға толған дабылдың куысы сияқты. Он- да бір-бірімен байланысып жатқан үш сүйек (балғашық, төс, үзеңгі) дабыл жаргағыиың дыбысын ішкі құлаққа кіретін тесікке енгізеді. Ішкі құлақтың ішінде (иірім тү- тік) есіту үшін маңызы өте зор. (Иірім түтік) бұрал- ған сүйек кабыршығы тәрізді. Оны екіге бөлетін қор- шаудың ұзынырақ жагы сүйекті болады да, улитканың маііда ссрпінді талшықтарынан қүралатын жері, негізгі жарғақ деп аталады. Бұті жарғақтың жоғарғы жуан жерінде жүйке клеткаларының айрықша түрлерінен құ- ралғаи Қорти органы бар. Ұштары «түкті» деп аталатын клеткалардан тұратын есіту жүйелерінің талшықтары Қорти органымен байлаиысады. Мыңдаған «түкті» клет- калар негізғі жарғақтың бойында бес қатардан жатады. Негізгі жарғаққа жақын тұрған текториал жарғағы. Улитканың ішіндегі сұйық заттың тсрбелуі негізгі жар- ғақты да тербелтеді. «Түкті» клеткалар үстіндегі қалқып тұрған территориал жарғаққа тиіп оны тітіркендіреді, бұл тітіркену жүйке талшықтары арқылы мига барады да соның нәтижесінде есіту пайда болады.

Гельмголңтің теориясы бойынша, негізгі жарғақтың талшықтары пианиноның ішіндегі сымдар сияқты. Бұл талшықтар улитканың басына жақындаған сайын азая береді, қысқарақ талшықтар — жоғарырақ дыбыстарды, ұзынырақ талшықтар төменгі дыбыстарды қабылдайды. Жүргізілген зерттсулср ішкі құлақтың негізгі жарғағын- дағы жүйкснің қыска талшықтарына зақым келгенде, адамның жоғаргы дыбыстарды естімейтіндігін, ұзып талшықтарга зақым келгенде, төмен дыбыстарды есті- мейтіндігін көрсетуі Гельмгольц теориясының дұрысты- гын дәлелдейді. Дыбыстың күшін, жогарылығын, тембрін есіту үшін, есіту түйсінуінің жоғарғы, төмсн және айыр-

134

ыа табалдырықтарыи зерттеуге арнаулы әдістер мен приборлар қолданылады. Моселен, Гальтон ысқырыгы арқылы есітудіи жоғаргы табалдырығы зерттеледі. Есі- тудің төмснгі табалдырығы, көбінесе камертондармен бірге Цот аппараты, Вундттыц дыбыс маятнигі, Штерн- нің вариторы сияқты аппараттардың принципімен құрыл- ган приборлар арқылы зерттеледі. Жоғарыда көрсетіл- гсн прнборлар арқылы есітудің аііырым табалдырықтары да анықталады.

Г. Көру түйсінулері

Көру туйсінуі дс дүннетану процесінде мацызды орын алады. Өйткені адам көру арқылы дүниедегі заттар мен қүбылыстардыц көпшілігін түнсінумен бірге оларды дұ- рысырақ танитын болады. Қөру түйсінуі көзгежарықтыц осер етуінен, яғни 390-нан 800 мнллион кронға (милн- метрдің миллионнан бірі) дейін ұзындығы бар электро- магнит толқындарыныц әссріиен пайда болады. Жарық толқындарының ұзындығын, амплитудасын жәнс форма- сын айыру қажет. Толқынныц ұзындығы опыц бір секөнт- тегі тербеліс санына байланысты. Тербелістің саны қан- шалықты көп болса соншалықты толқынныц ұзындығы соншама қысқа болады, керісінше, тербелістің саны азайған саііын толқын да ұзара түседі.

Дүниеде жеті түрлі негізгі түс бар, олар: қызыл,

қошқыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Жарық толқынның ец ұзыны, яғни толқынныц бір секөнт- тен ец аз тербелісі қызыл түсті пайда болдырады да, толқынныц ец қысқасы, яғни тербелудіц ең көп болуы күлгін түсті пайда болдырады. Мысалы, жарықтың 630— 800 миллимикрондық толқыиынан қызыл түсті түйсіну паііда болса, 380—450 миллимикроннан күлгін түсті түй- сіну пайда болады. Ақ пен қара түске толқынның ешбір үзындығы сәйкес келмейді, себебі бүл түстер спектрлі түстердің барлығыныц қосындысынан, не болмаса қо- сымша түсті пайда болдыратын жүп түстердіц қосынды- сынан пайда болады. Түстіц өзініц айқындылыгы жарық толқындары тербелісіпіц амплитудасыпа, яғнн, толқын- дардыц жігерлілігімен байланысты (мысалы, қызыл түс- тіц—қызыл, қан қызыл болуы).

Барлық түстер екі топқа бөлінсді. Олар: ахроматика- лық және хроматикалық түстер. Ахроматпкалық түстер- ге ақ пен қара және екеуініц аралыгындағы сүр түстер жатады. Хроматикалық түстерге барлық қызыл, сары,

135

жасыл, көк, күлгін түстер және олардың аралыгында кездесетін түстер жагады. Ахроматикалық тустер бірі- нен-бірі тек жарықтығы арқылы ғана ажыратылса, хро- матнкалық түстердіц үш түрлі қаснегі болады. Олар түс- тіц жарықтылығы, рсцкі және оныц қоюлығы. Заттыц жарықтылыгы оған түскен сәуленіц шағылысуымен бай- ланысты. Егер затқа түскен сәуленіц шағылысуы қанша- лықты көп болса, зат соншалықты жарық болады. Сондықтан түскен соулені толығырақ сәулелендіретіи (шағылыстыратын) ақ түс сц жарық түс болып табыла- ды да, басқа түстерден гөрі сәулені өзінс көбірек қабылдап «сіціретін», яғнн шағылыстырмайтын қара түс болғандықтан, оның жарықтығы мейлінше аз бо- лады.

Түрлі сапалы гүстердің бірінен-бірін ажыратудыц түс- тің түрі, яғни, тоны дейді мысалы, қызыл, жасыл, қара, көк т. б). Түстіц түрі сәуле толқынның ұзындығымен байланысты. Түстің қоюлығы сәуле тербелісінің санына байланысты. Мысалы, бір түстің қоюлығы бірдей бол- май, түрлі дәрежеде болатындықтан ол турлі-түрлі бо- лып көрінсді. Түстің қоюлығы ахроматикалық түстен спектрлі түске жақындаған сайын (мысалы, кызылға жа- қындағап сайын) қоюлана береді де, керісінше спектрлі түстен ахроматикалық түске жақындаған сайыи сұйық- тала береді. Сондықтан қызыл түс — ең қою түс болып есептелінеді.

Табиғи жагдайда біздіц көзімізге көрінстін түстер сәу- ле толқыныныц бір ғана ұзындығы емес, түрлі-түрлі ұзын- дыгының косындысы болып габылады, яғнн, түрлі түстер- дің араласып отыруыныц нәтнжесі болады. Ломоносов- тыц, Гельмгольцтің т. б. ғалымдардың зерттеулерінде түстердіц араласуында арнаулы зацдардыц бар екені та- былған. Оларды түстіц араласу заңы дейді. Түстер арала- суыныц негізгі заңдары бар: 1) әрбір хроматикалық түсті өзіне лайықты басқа бір арнаулы түске қосса — ахрома- тикалық түс пайда болады. Мұидай жұп тустерді қосымша тустер дейді. Олар мыналар: кызыл мен көгіл- дір (жасыл), қошқыл қара мен көғілдір (сұйық көк), сары мен көк, сарғылт, көк пен күлгін жоне жасыл мен күреи қызыл; 2) косымша екі тусті қосса, онда осы екі түстіц аралығында жататын түстерді табуға болады; 3) біріне-бірі ұқсас екі жұп түсті қосса, ол түстсрдіц фи- зикалық қүрылысы түрліше болғанымен, олардыц қосын- дысынан пайда болган түстер біріне-бірі ұқсас болады.

136

Түстің бір тобынан паііда болатын сұр түстін басқа топтардыц қосындысынан пайда болғап сұр түстердсн ; і й ы р м а ш ы л ы ғ ы бол м а йды.

Көру түйсінуі біздіц көзімізге әсер етуші тітіркендір- і іштіц түрімен, әсер сту мерзімімсн, оныц кецістіктегі жағдайымен және бір мсзгілде әсер етуші басқа заттар- дыц да сипаттарымен байланысты. Көру түйсінуінің зат- тардыц әсер етуші мезгілімен байлаиысты болуын адапта- цня құбылысынан анық байқауға болады. Күшгі жарық- і ыц көзге түсуі, әсіресе алғашқы 5 минөттіц ішінде, көру түйсігін бәсеңдетеді. Бірақ көз бара-бара көндіккен соц, оның көргіштігі ұлғая береді, өйткені қараңғыда адамның жарықты сезгіштігі күшті болады.

Көзге көрінетін зат жойылғанмен, оны сезу бір деген- нсн жоғалмайды, оны түйсіну біраз уақытқа дейіи созы- лады. Мұны іле-шала пайда болатын, яғни ілеспе, ергіш бейнелер дейді. Егер ілеспе, ергіш бейнелер жарықты- лығы және түрі жағынан алдында болған түйсінуге сәйкес болып келсе, оны жағымды ілеспе, яғни, артын ала пайда болатын бейнелер дейді. Мысалы, қараңғы үйде жанып тұрған жарыққа, не болмаса ол жарықтың сәулесі өте-мөте айқынырақ түскен затқа біраз уақыт қадалып тұрса жарық өшкен соң да біраз уақытқа де- пін жапып тұрған жарық пен оның жарық сәулесі түсіп тұрған зат көз алдыңа көрініп тұрғандай болатын бейне- іер жатады. Жарықтылығы және түрі жағынан алдында болған түйсінуге қарама-қарсы болып келсе, оны жағым- сыз не теріс ілеспе бейне деп атайды. Егер 15—20 секөнт- тей ақ фонға қойылған қызыл квадратқа қадалыи қарап тұрып, онан соң назарды ақ тегістікке аударсаң, күңгірт фонда көгілдір-жасыл квадратты көруге болады. Маңың- дағы түстердің әсерінен бір түстің өзіне сәйкес емес өз- геше түйсіну де пайда болуы мүмкін. Ол түс айналасына байланысты түсін «құбылтып», өзінің түсінен өзгсше бо- лып та көрінуі мүмкін. Басқа түстердің қоршауындағы түстің мұндай түйсінілуін жарық контрасты дейді. Бұл жарық фонда қараңгы түстердің қараңғырақ болып, қара фонда жарық түстердің жарығырақ болып көрінуі- мсн байланысты.

Хроматикалық контраст заңы бойынша хроматикалық фонда тұрған түс сол фонның түсіне қосымша болып ке- летін түс жағына қарай өзгереді. Көк фонда түс сарға- йып көрінеді де, қызыл фонда жасылданып көрінеді. Әрине, бұл контраст заңын білмейінше, басқа түсті зат-

137

тар арасында түрған заттыц тусін дүрыс ажырату қиын болады. Көру түйсінулері басқа сезім мүшслеріне бір мезгілде әсер ететін тітіркендіргіштермен де баііланысты. Заттардыц түсі қандай өзгеріп көрінгенмен олардыц объсктивтік түсі әрқашан да бірқалыпта дұрыс қабылда- нады. Бүл жағдай идеалистердіц дүниеде объективтікзат- тар мен обьективтік түстер де жоқ, оларды адам обьектнв- тік түрде қабылдамайды, олар адамныц субьективтік түйсінуімен байланысты деген түсінігіне қарсы дәлсл бо- лып табылады. Әрине, басқа түйсінулер сияқты керу түйсінуінде де қателер болады. Сонымен бірге көздіц ауруы, я оныц кенбір физиологпялық жетімсіздіктері қа- лыпты көру процесін де бұзады. Мысалы, кейбір адам- дар заттардыц түстерін ажырата алмайды. Көбінесеолар қызыл түс нен жасыл түске соқыр болады. Тұрмыста мұндай адамдарды дальтонистср дейді. Бұлар қызыл, жасыл түстерді жарықтыц дәрежесі әр түрлі — сары түс есебінде түйсінеді. Барлық түстерді де ажырата ал- майтын адамдар да болады. Мұндай адамдарға дүние түссіз, ажарсыз, бояусыз бейне суретіндей сұр болып кө- рінеді. Көрудің жетімсіздіктеріне жакыннан көрушілік (близорукость) алыстан көрушілік (дальнезоркость) жа- тады. Егер көз жақындағы заттарды ғана жақсы көріп, алыстағы заттарды нашар көрсе, не тіптен көрмесе, оны жақыпнан көрушілік дсйді. Бұл көзге түсетін жарық сәуленің мүйіз қабыршағы мен хрусталиктсн сынып өтіп сәуле торыиа жетпей бір нүктеде түйісуімен туындайды. Оның нәтнжесінен сәуле торына ашық бейне түсе алмай- ды. Сондықтан алыстағы заттардыц бейнесін сәулсторы- на түсіру үшін арнаулы көзілдіріктерді иайдалану керек.

Алыстан көрушілік жақындағы заттардыц сәулссі мүйіз қабыршағы мен хрусталиктеп жалпақ болғапдық- тан, олардан сынып өтетін сәуле — торқабықка жетпей, одан өтіи барып түйіседі. Жақындағы заттардыц бейнесін сәуле торына анық түсіру үшін жоғарыда айтылған- дай бұған да арнаулы көзілдіріктер пайдалану қажет. Жақыннан көрушіліктіц пайда болуына жарықтыц на- шарлығы, оқитын кітаптардыц әріптерінің майда не көмескі болуы, партада ецкейіп, ецсесін түсіріп отыруы, көздіц талуы, ылғп да көз назарын түсіріп отыратын жұмыстармен шұғылдануы (оку, жазу, тігу т. б.) қатты әсер стеді. Сондықтан оқыту гіроцесінде осы айтылған жагдайларға жол бермеу керек. Алыстап жақсы көретіи

138

балаларды класта арткы парталарга, кейіи бірте-бірте алға жылжытып, оларды жақыннан дұрыс көруге үйрете берген жөн.

Адамның дүпиедегі заттарды және олардың түстерін ажырата алуы сәуле торының (тор қабық) айрыкша кұ- рылысымен байлапысты. Сәуле торы—көз алмасының арт жағынан кірстін жүйкелердің тарамдары болып табылады. Жарық — соуле торып күрайтын көру жүйке- сінің үштарына түсіп оларда химиялық процсстер ту- гызады да, содаи барып көру жүйкесін коздырады. Сәу- ле торыныц жарық пен түсті сезетін көру жүйкесінің үшындағы аппараттары таяқша мен шакша сияқты бо- лады. Кейбір зерттсулерге қарағанда сәуле торында 130 мнллиондай таяқшалар, 7 миллиондай шақшалар бар екен. Бірақ олар сәуле торында бірыцгай орналаспаған. Шақшалар сәуле торыныц ортасында орналасады да шеттегсн сайын оныц саны азая береді. Лл таяқшалар сәуле торының шеттерінде болады да, ортасына жақын- даған сайын тіптен азаяды. Сәуле торыныц шақшалар шоғырланған ортасын сары дақ деп атайды. Оныц орта- лық шұқыр дейтін нүктесі болады. Заттыц сәулесі осы шұқырға түскенде ғана зат дол және анық көрінеді. Ал заттыц сәулесі көз алмасыиа кірер жеріне түссе, адам еш нәрсені көрмейді. Себебі ол жердс ешбір таяқша, не шақша клеткалары болмайды. Сондықтан ол соқыр нүкте деп аталынады. Егер сол көзді жұмып, оц көзбен 30 сан- тнметрдей аралықтан дөцгелекке қарасақ, крест көрін- бей қалады. Оң көзді жұмып, сол көзбен креске қараған- да, дөцғслек көріпбсй қалады. Бұл олардың суреті соқыр нүктеғе тускендігін көрсетеді. Егер, суретті сәл ғана жа- қындатсақ, олар қайтадан көріне бастайды.

Алыстағы жоне жақындағы заттарды көздіц торына дүрыс сәулелсндіру үшін көздіц хрусталпгі я томпайып, я жалпайып отыру керск. Зат жақындаған сайын хрус- талик томпая береді, зат алыстаған сайын ол жалпая түседі. Қоздіц мұндай әрекетін аккомодация 1 дейді. Екі көз бір көздей болып бірлесіп әрекет етеді, заттың су- ретін көздіц сары дағына түсіру үшін олар көрілетіп зат- тарға қарай бұрылады, мүпы конвергенция2 дейді. Бір

Аккомодатно — латын сөзі, казақша «көз үнрету» дсген ма-

ғынада.

Конвсргенцня — латынша конвергере, қазакша «жақындату» деген мағынаны білдіреді.

139

кәзбеи көруді — монокулярлық көру, екі көзбен көруді бинокулярлық көру дейді. Бинокулярлық көрудіц мо- нокулярлық көрудеп артықшылығы: скі көзбен қарағаи- да кеңістіктегі заттыц көлемдік формасын (рельефін), орналасуын дурыс ажыратуга мүмкіндік туады.

Көру түйсінуініц мәнін түсіндіретін осы кезге дейіи молім бірнеше теориялар бар. Шульц-Крис теорнясы бойынша, шақшалар—күндізгі көрудіц, таякшалар — ымырт кезінде көрудіц аппараты. Егер таяқшалардыц әрекет етуіне сәл ғана сәуле жеткілікті болса, шақша- лардың әрекет етуі үшін өте жарық сәуле ксрек. Сондық- тан сәуле торыпыц шақшалары күндіз әрекет етеді де ымырт түскен соц таяқшалар әрекет етеді. Таяқшалар ахроматикалық түстерді ажыратуга ыцғайланған болса, шақшалар нешс түрлі хроматикалық түстерді ажырату- га ыңғайланған. Сондықтаи ымырт түскенде біз түстер- ді ажырата алмаймыз. Бұл теорня бойынша, түстерді ажырата алмайтын адамдардыц көздерінде шақшалар әрекет етпейді. Олар тск таяқшалар арқылы көреді. Егер сәуле торының шақшалары әрекет етпесе, ондай адамдар ымырт түскенде тауық сияқты еш норсені көрмейді, не өте нашар көреді. Мұны «тауық соқырлыгы» дейді. Түрлі зерттеулерге қарағанда, күндіз ғана көретін тауық, кеп- тер сияқты құстардыц көзінде таяқшалар болмайды да, түнде ғана көрінетін байғыз, үкі, жарғанат сняқтылар- дың көзінде таяқшалар болмайды. Осы кезде таяқшалар арқылы көру принципі жсткілікті зерттелді деуге бола- ды. Таяқшаларды қызыл-күрсц (иурпур) заттар бар, соуленің осеріиен оларда болатын химиялық процестер көру жүйкесін қоздырады, содан барып көру пайда бо- лады.

Түстерді ажырату жөнінде Гельмгольц және Геринг тсорнясы дейтін осы кезге дейін елеулі орын алып келе жатқан негізгі екі теория бар. Гельмгольц теорнясы бо- йынша, біздіц көру түйсінуіміз соуле торындағы орқайсы- сы өз алдына жеке түсті сәулелендіретін үш түрлі зат- тардың фотохимиялық реакцияларынан болады. Гельм- гольцтіц ұйғаруынша, көздіц сәуле торындағы шақша тәрізді жасылды-қызылды күлгінді түйсінетін үш түрлі зат бар. Егер бірінші зат ез алдына дара толық болса, біз қызыл гүсті түйсінеміз, екіпші заттыц басқаларынан тәуелсіз қозуы жасыл түсті түйсіндіреді. Бірақ бұлардың орқайсысын жеке-дара қоздыра бермейді. Бір дегеннен олардыц біреуін, кем дегенде екеуін қоздырады. Сопдық-

140

;ш көзге түсксн түрлі толқыиды сәуленің бүл үш затты түрліше қоздыруы түрлі түстерді түйсінуге ссбеп болады.

Гельмгольц теориясы түстерді араластырудың ортақ заңдарын жағымсыз ілеспе бейнелерді де түсіндіреді. Қызыл түсті затқа едәуір уақыт қадалып қараудыц нә- тижесінде, сәуле торындағы қызылды сәулелендіретін заттың қозуы бәсеңдейді. Назарды ақ қағазға түсірген- де, үш заттың барлығы бірдсн қозбай, жасыл мен күлгін- ді сезетін заттар күштірек, басымырақ қозады. Соның нотижесінде ақ қағаздан жаңағы заттың көгілдір жасыл бейнесін көреміз. Бұл теория түрлі түске соқырлықтың монін де дұрыс гүсіндіреді: егер үш заттың біреуі әрекет стпей қалса, оның сәулелендіретін түсін адам көрмейтін болады. Герингтің теориясы бойынша, көзде түстерді түйсіндіретін үш турлі зат бар. Олардың ажырауынан не қосылуынан ақ-қара, қызыл-жасыл және сары-көк түс- •герді түйсінуге болады. Мысалы, олардың ажырауынан ақ, кызыл, сары түстер, қосылуынан қара, жасыл, көк түстер сезіледі.

Дүниеде заттармен, не кұбылыстармен байланыссыз түстер болмайды. Сондықтан адам тегінде түстерді түрлі заттармен және кұбылыстармен байланыстырып отыра- ды. Бұл жөнінде адамның тәжірибесі үлксн орын алады. Қөбінесе, тұрмыста сары түс күннен, оттың жалынымен, қызыл түс қанмен, көгілдір түс — өсімдікпен байланыс- тырылып отырылады. Сонымен бірге әр түс адамға өзінше әсер етеді, түрлі физиологиялық процестерді пай- да болдыруға да себеп болады. Мысалы, кейбір түстер адамның жүйке саласын қоздыратын болса (қызыл, қош- қыл сары, күрең қызыл сары т. т.) баска түстер жүйке саланы жұбатып, тыныштатады (көгілдір көк, жасыл т. т.). Қейбір тустер көбінесе жағымды болса, басқа бі- реулері жағымсыз болып қабылданады. Бұл жөнінде түстер жылы, суық деп те аталады.

Ғ. Органикалың түйсінулер

Органикалық түйсінуге ашығу мсн шөлдеу, тою мен сусынды қандыру, ішкі мүшслердің ауруы, түншығуы, жүрек айну, жыныс сезімдері сняқты туйсінулер енеді. Ал жыныс құштарлығы адамдардың бір-бірінің күрделі қарым-қатынасынан және нәзік сезіндерімен байланыс- ты болады.

'Гүйсінулер дененің өңеш, құрсақ, ішек, өкпе, қан тамыры, жүрек сияқты ішкі мүшелерінің сыртқы беті ар-

141

ылы бізго жеткізіліп отырылады. Органикалык түйсіну- лер адамныц материалдық кажеттігімен және соларды өтеумен байланысты. Қөбінесе олар органикалық функ- циялардыц бөгелуімеи, калыпты қызметініц бұзылуымен және органикалық қажеттіліктің паііда болып, оның қа- нағаттануымен байланысты. Адамныц органнкалық қажеттілігі оныц санасына барып сәулеленеді. Органи- калық қажеттіліктіц қанағаттанылуы жағымды түйсіну- ді паііда болдырады да, оныц қанағаттанылмауы жагым- сыз түйсінуді тудырады. Сондықтан органикалық түйсінулер адампыңэмоцнялық сезімдерімен байланысып жатады. Егср басқа түйсінулер, сыртқы дүниедегі тітір- кендіргіштерден тоуелді болса, органикалық түйсінулер ішкі мүшелердіц орекетімен, оларда болатып физноло- гиялық процестермен байланысты. Егер көру, есту, дәм, иіскеу түйсінулсрініц арнаулы, белгілі, мүшелері болатын болса, мұны органикалық түйсінулерден табу қиынға соғады. Мысалы, адамныц тұла бойының ауруы, не бол- маса адамныц ашығуы.

Органикалық түйсінулер органикалық қажеттілікті соулелендірстіндіктен және олардыц қанагаттаиылуы- мен, я қанағаттанылмауымен, кұнығуымен, кұш- тарлығымен байланысты болады. Мысалы, адамныц қарны ашқан, шөлдеген, сусмп қанған кездегі жағдайы т. б. Органикалық түйсінулсрдіц табиғаты осы кезге дс- йін әлі толық тексеріле қоймаған. Олардың ішінде то- лығырақ зерттелінгені ашығу түйсінуі. Бұл жөнінде екі түрлі теория бар. Вұл теорняныц біреуі ашығуды түйсі- нуін құрсақтың, оныц боршаларының жиырылуымен байланыстырады: кұрсақтың жиырылуынан пайда бола- тын қозу вегетативті жүйке саласы арқылы миға бара- тынын айтады. Екінші теория бойыиша адам ашықканда қанныц құрамы өзгерсді, ал өзгсргсн қан тікелсй миға әсер етіп, ашыгуды түйсіндіреді. Егер, бірінші теория ашығуды перифериялық жүйке жүйесініц әрекетімен (се- бептермен) байланыстырса, сол сияқты шөлдеуді де, та- мақтың құргауын да сонымен байланыстырады. Екінші теория шөлдеуді ашығу сияқты себептермен, яғни шөл- деуді, органпзмде судыц жстімсіздігімен байланыстыра- ды. Шынында, бұл екі теория, орқайсысы жеке-жеке алып қарағанда, бір жақты ұғым берсді. Бірақ екеуініц де дұрыс жақтары бар. Сондықтан екеуі бірін-бірі то- лықтырып ашығу мен шөлдсуді дұрыс түсіндірс алады.

142

Д. Дене (проприорецептор) түйсінулері

Дене, ягни, проприорецептор түйсінулері адамныц бүкіл денесініц, нс болмаса, жеке мүшелерінің жағдайын, қозралысын кецістіктегі жағдайды, опыц қозғалысын мецгеріп отыруды бейнелейді. Проприорецептор түйсіну- лерініц екі түрі бар: 1) книестетнкалык, яғни боршалар мсн буындарда туындайтын түйсінулер. 2) дененің тепе- теңдігін түйсіну.

Қинестетикалық түйсінулер, яғни, буындардағы ре- цепторлардан тарайтын қозулар арқылы адам өзінің деис мүшелерін, олардыц қозғалысын сезеді. Дене мүше- лерінің қозғалтқыштарда тарамыстарда, буындарда бо- латын қозулары орталық жүйке салаға барып жетеді, сөйтіп түрлі рсфлекторлық реакцияларды туғызады. Біз- дің әрбір қимылымыз орталыққа ұмтылатын сезгіш жүй- келер арқылы бақыланып отырылады. Көру және сипау түйсінулерімен қатар кинестетнкалықтүнсінулердің де қи- мыл, қозғалыс дағдыларының қалыптасуына мацызы зор. Дене қимылдарын көзбен көрмей-ак проприорецепторлар арқылы сезуге болады. Адамның денесін кецістікте тепе- тец ұстауды басқаратын аппаратын, ол ішкі құлақтағы пірім түтік, оған кіретін есік алды жэне имек түтіктер бо- лып табылады. Соларда болатын қозудың мишыққа ба- руы арқылы адам денесініц тепе-теңдігін сезеді. Дсненіц тепе-теңдіғін басқаратын жоғары орын мишық болып табылады.