Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекционный курс ГПРК.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
593.41 Кб
Скачать

3 Ғұмырлық рента шарты

Шарт элементтері. Бұл шарттың құқықтық реттеуіне назар аударсақ, оған ҚРАК 28 тарауы барлық жалпы ережелері қолданымды болып келетінін айта аламыз. Ғұмырлық рентаны алушылардың біреуі қайтыс болса, онда оның рентаны алу құқығындағы, шартпен өзгешелік қарастырылмаса,артында тірі қалған рента алушыларына өтеді (ауысады). Рента алушылардың соңғысы қайтыс болғанда рента рентаны төлеуге қатысты міндеттеме толығынан тоқталады. Шартты жасау сәтінде қайтыс болған азамат пайдасына рентаны ( оны алу құқығын) орнататын шарт жарамсыз болып келеді. Осы себептен ғұмырлық рента міндеттемесі олардың орындалуы жеке несие беруші үшін арналған міндеттемелерге жатады (ҚРАК 376 бап 2 т).

Тұрақты рентадан айырмашылығы ғұмырлық рента ай сайынғы төлемдер түрінде әрбір кезекті ай аяқталғасын төленіп тұрады. Шартпен ғұмырлық рентаны төлеудің өзге мерзімдері қарастырылуы мүмкін. Ғұмырлық рентаны жеке тұтынуы болжанылатын болғасын, оларға (төлемдерге) азаматты асырауға арналған сомаларды индекстеу туралы ережені (ҚР АҚ 283 бабы) таратуға болар еді.

Мазмұны. Рента төлеуші рента төлемдерін уақтылы мерзімде төлеуге міндетті. Шартта көрсетілгендей тұрақты рента шартынан ерекше айырмашылығы рента алушылар өмір бойына төлейді.

Рента алушы рента төлеуші рента төлемдерін жасаудың шартта көзделген жағдайларын бұзса рентаны сатып алуды талап ете алады. Ғұмырлық рентаны сатып алу тәртібі тұрақты рентаны сатып алумен бірдей болып келеді (ҚР АҚ 528 - бабы).

4 Өмір бойы асырауда ұстау шарты

Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы- азамат өзіне тиісілі қозғалмайтын мүлікті сол азаматты және ол көрсеткен үшінші бір адамды өмір бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға міндеттенген рента төлеушінің меншігіне береді. Өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын реттеу ғұмырлық рента шартын реттейтін нормаларға негізделген (ҚРАК 533 бабы 2-тармағы).

Шарт элементтері.Өмір бойы асыраумен қамтамасыз етілетіндер (асыраудағылар) болып азаматтар ғана саналады. Өмір бойы асырауда болушыларға өз мүлкін рента төлеу үшін берген тұлға, немесе ол өзі шарт бойынша көрсеткен үшінші тұлға жатады. Өмір бойы асырауда ұстау шарты әдетте күн көру үшін өздерінің қаражаттары жоқ, жетіспейтін,қария, еңбекке қабілетсіз адамдармен жасалады. Осының өз салдары бар. Өмір бойы ұстаушы да (рента төлеуші) азаматты азық-түлікпен, тұрғын үймен, киім-кешекпен, егер керек болған жағдайда, денсаулығына қарап және тағы басқалармен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тізіліп айтылғанның барлығы адам өмірінің жеке санасына жатады. Сондықтан адамның этикалық, діни, әдептілік, адамгершілік көзқарастары ескерілуі қажет. Оның ар-намысы, қадір-қасиеті құрметтелуі қажет, және тағы басқа жеке құқықтары сақталуы тиіс. Біздің бірге тұрып жатқан рента төлеушісімен рента алушы араларында бұл жағдайда өзіндік (жеке)құқықтық қатынастар пайда болады деп айтқанымыздың себебі осыда.

Шарт нысанасы. (заты). Өмір бойы асырауда ұстау шартының нысанасы болып қозғалмайтын мүлік, яғни асырау төлемдері жасалуы үшін берілетін мүлкі-тұғын үй, пәтер, жер аумақтары және басқалары жатады. Шарт бойынша асыраудағы адам (рента алушы) тұрғылықты жаймен қамтамасыз етіледі. Асырау жағдайлары рента алушының тұрғын үй құқықтарының барынша нашарлатпауы қажет. Бұл шартта тұру үшін берілетін тұрғын үйдің мөлшіріне, оның санитарлық жағдайына, қауіпсіздігіне, жылытуына қатысты талаптарды бекітуді қажетті қылады. Осы себептен өмір бойы асырауда ұстау шарты біршама тұрғын үй құқығы нормалармен де реттелуі тиіс.

Бақылау сұрақтары

1 Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері.

2 Тұрақты рента шарты.

Тақырып №4 Мүлік жалдау (аренда)

Мақсаты: Жалға алу шартын анықтамасын, мазмұнын және элементтерiн ашу. Жалға алу шартының түрлерiн қарастыру.

Жоспар

1 Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы,элементтері.

2 Мүлік жалдау шартының мазмұны.