Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекционный курс ГПРК.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
593.41 Кб
Скачать

5 Банк салымдарын қайтару

Банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн салымшының алғашқы талап етуi бойынша:

  1. талап етілмелі салымдар бойынша- салымшы талаптарының келіп түсуі бойынша;

  2. мерзімді салымдар бойынша-банк салымы шартында көзделген мерзімнің басталуы бойынша;

  3. шартты салымды бойынша-банк салымы шарты басталуымен салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар болған кезде беруге міндетті.

1.Салымшының мерзімді салымды мерзімінен бұрын қайтарып алуға құқығы бар.

Бұл ретте банк салымды немесе оның бір бөлігін салымшының талабы келіп түскен кезден бастап бес күннен кешіктірмей беруге міндетті.

2.Шартты салымдар бойынша салымшының банк салымы шарты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар басталғанға дейін салымды қайтарып алуға құқығы бар. Бұл ретте банк салымы немесе оның бір бөлігін осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде беруге міндетті.

3.Салымшының мерзімді салымды мерзімінен бұрын алу құқығынан бас тартуы туралы банк салымы шартының, сондай-ақ шартты салымның ережелері көзделген талаптар басталғанға дейін жарамсыз болып табылады.

4.Шетел валютасымен енгізілген салым, егер заң актілерінде, банк салымы шартында немесе тараптардың қосымша келісімінде өзгеше көзделмесе, нақ сондай валютамен қайтарылуға тиіс.

5.Банк салымшының салымды немесе оның бір бөлігін қайтару туралы табылатын осы баптың 2-3- тармақтарында көзделген мерзімде орындамаған жағдайда сыйақыны төлеу банк салымы шартында көзделген талаптарда жалғастырылады.

Бақылау сұрақтары

1 Банктiк шот шарты

2 Банк салымдарының түрлерi

3 Банк салымдарын қайтару

Тақырып № 14 Сақтау шарты

Мақсаты: Сақтау шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу.

Жоспар

1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері.

2 Сақтау шартының нысаны.

3 Сақтау шартының мерзімі.

4 Сақтау шартының субъектілері ( тараптары).

1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері

Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК-нің 768-б. 1-т.).

Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б. жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.

Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы: арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады.

Сақтау бойынша міндеттеменің туындауы әртүрлі себептермен жетеленуі мүмкін және ол тек сақтау шартына ғана байланысты туындамайды. Алайда сақтау шарты басқа да барлық жағдайларда осындай міндеттеменің туындауының негізі болып табылады. Сақтаушы тұлға мен заттарды сақтауға берген тұлғаның құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес сақтау туралы ережелермен анықталады.

Сақтау бойынша қатынастардың төрт негізгі құрылымын ажыратады (М.И.Брагинский). Біріншісі ретінде, шарт үлгісі аталады. Ол бүтіндей және толығымен заңды анықтама аясына сай келеді. Бұл құрылымға деген қажеттілік немесе мұқтаждық сақтау қызметі дербес сипатқа ие болғанда туындайды. Екінші құрылым болып сақтау бойынша міндеттеменің біртұтас күрделі шартқа енуі табылады. Сонымен бірге мұндай шарт сақтаусыз әрекет ету мүмкіндігіне ие болмауға тиіс. Мұндай шарттың мысалына тасымалдау шарты жатады.

Бірінші құрылым (яғни жалпы тізім бойынша үшінші) кезінде сақтау шарттағы тараптың негізгі міндеттемесіне қызмет көрсетеді. Яғни оның өзі қосымша болып табылады. Мәселен, сақтау бойынша қосымша міндеттеме тараптардың келісімімен көлік экспедициясы, мердігерлік комиссия, тапсырыс шарттарында көзделуі мүмкін.

Төртінші құрылым сақтау бойынша міндеттеменің басқа міндеттемелермен қатар орын алуын (басымды немесе кем дегенде теңдей тәртіпте) көздейтін болады. Сақтаушы өзіне экспедициялық қызмет көрсету бойынша, жүк беруші пайдасына қосымша мердігерлік жұмыстар атқару және т.б. міндеттерді қабылдауы мүмкін.

Сақтау шартының қарым-қатынасы туралы осы мәселені баяндауда А.П.Сергеева мен Ю.К.Толстойдың редакторлығымен шыққан азаматтық құқық оқулығының авторлары қомақты үлес қосты. Атап өткендей, сақтаудың жалға алу мен ссудадан ерекшелігі – сақтаушының мүліктің сақталуын оны пайдалану құқықтарын иеленбей қамтамасыз етуге тиіс екенінде. Ал жалға алушы мен несие беруші мүлікті пайдалану құқығын иеленеді. Яғни екі жағдайда да мүлікті уақытша иелікке берудің мақсаттары әр түрлі.

Субъектілік қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнындағы кейбір ерекшеліктер мен нормативтік бекітілуіне байланысты сақтау шартының мынадай түрлері ажыратылады:

1.заттарды ломбардта сақтау;

2.құндылықтарды банкте сақтау;

3.көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау;

4.ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау;

5.қонақ үйде сақтау;

6.даулы заттарды сақтау – секвестр.

Сақтау шарты: реалды, консенсуалды, ақысыз және біржақты болып келеді.