- •Тақырып № 1 Сатып алу-сату шарты Мақсаты: Студенттердi курстың мақсатымен таныстыру. Сатып алу – сату шартының мазмұнын, мәнiн және элементтерiн ашу. Жоспар
- •1 Сатып алу-сату шарты
- •2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
- •3 Тауар жеткізілімі шарты
- •4 Келісім шарт жасасу шарты
- •5 Энергиямен жабдықтау шарты
- •6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты
- •1Сатып алу-сату шарты
- •2 Энергиямен жабдықтау шарты
- •1 Айырбас шартының ұғымы
- •2 Айырбас шартының элементтері
- •3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •4 Сыйға тарту шартының ұғымы, нысаны, элементтері
- •5 Сыйға тарту шартының тараптары
- •6 Сыйға тарту шартының мазмұны
- •1 Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері
- •2 Тұрақты рента шарты
- •3 Ғұмырлық рента шарты
- •4 Өмір бойы асырауда ұстау шарты
- •1 Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы, элементтері
- •2 Мүлік жалдау шартының мазмұны
- •1 Тұрғын үй құқықтық қатынастары
- •2 Тұрғын үй заңнамасы
- •3 Жекелеген тұрғын үй қатынастары
- •4 Меншік иесінің және оның отбасы мүшелерінің қатысуымен болатын тұрғын үй құқықтық қатынастары
- •1 Мүлікті тегін пайдаланудың түсінігі
- •2 Мүлікті тегін пайдаланудың мазмұны мен жауапкершілігі
- •1 Мердігерлік шартының түсінігі
- •4 Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
- •5 Мердігерлік шарт бұзғаны үшін жауаптылық
- •Тақырып № 8 Өтемелі қызмет көрсету Мақсат: Өтемелi қызмет көрсету шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу. Жоспар
- •1 Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер ұғымы
- •1 Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер
- •2,3 Тасымалдың элементтері
- •4 Тараптардың құқықтары
- •5 Жүктерді тасымалдағаны үшін есе айырысу тәртібі
- •Тақырып № 10 Көлік экспедициясы шарты Мақсаты: Көлiк экспедициясы шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу. Жоспар
- •1 Көлік экспедициясы шарты
- •1 Заем шартының ұғымы
- •2 Заем шартының элементтері
- •3 Заем шартының түрлері
- •1 Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының ұғымы
- •2 Шарттың элементтері
- •3 Шарттың мазмұны
- •1 Банктін қызмет көрсету шартынын жалпы ережелері
- •2 Банктік шот
- •3 Ақша аудару туралы шарт
- •4 Банк салымы
- •5 Банк салымдарын қайтару
- •1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
- •2 Сақтау шартының нысаны
- •3 Сақтау шартының мерзімі
- •4 Сақтау шартының субъектілері
- •1 Сақтандыру туралы жалпы ережелер
- •2 Сақтандыру шарттары
- •2 Тапсырма шартының элементтері
- •3 Тапсырма шартының мазмұны
- •4 Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау туралы жалпы ережелер
- •5 Мазмұны мен жауапкершілігі
- •6 Комиссия шартының түсінігі мен элементтері
- •7 Комиссия шарты бойынша жауапкершілік
- •1 Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың жалпы ережелері
- •2 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының түсінігі мен элементтері
- •3 Сенімгерлікпен басқару шартының мазмұны
- •1 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының ұғымы
- •2 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының элементтерi, түрлерi
- •3 Шарттың тараптары мен өзге де қатысушылары
- •4 Шарт пәнi
- •1 Конкурстық міндеттемелер ұғымы
- •2 Тендер
- •3 Аукцион
- •4 Лотерея
- •1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы
- •2 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
- •3 Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жаупкершілік
- •4 Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік
- •1 Негізсіз баю міндеттерінің түсінігі
- •2 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер
- •1 Авторлық құқықтардың ұғымдары
- •1 Патенттің жалпы ережелері
- •2 Авторлар мен патент иеленушілер
- •3 Патент иеленушінің ерекше құқықтары мен міндеттері
- •4 Өнеркәсіптік меншік объектісін тіркеу және қорғау құжатын беру
- •5 Патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
- •1 Селекциялық жетістіктер ұғымы
- •2 Селекциялық жетістік авторының құқықтары
- •3 Патент иесінің құқықтары мен міндеттері
- •4 Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар ұғымы
- •5 Интегралды тіркеу және қолдану мерзімі
- •1 Фирмалық атау
- •2 Тауар белгiсi
- •3 Тауар шығарылатын жердiң атауы
- •1 Мұрагерлік туралы жалпы ережелер.
- •2 Өсиет бойынша мұрагерлік
- •3 Заңды мұрагерлік
5 Энергиямен жабдықтау шарты
Энергиямен жабдықтау шарты - көрсетілген ерекшеліктерді иемденетін (электр және жылу энергиялары) заттарды өткізуді (сатып алу – сатуды) реттейтін шарт.
Ереже. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482-бабы).
Энергиямен жабдықтау –шартының нысанасы. Сатып алу-сату шартының нысанасы болып, электр немесе жылы қуаты келеді. Электр энергиясын өнеркәсіптік тұтынуда энергиямен жабдықтау шартының нысанасы болып электр қуаты келеді.
Мемлекеттік реттеуге монополиялық қызмет субъектілеріне баға белгілеу жатады. Бірқатар жағдайларда электр энергиясын жабдықтаушылар (таратушылар) және өндірушілерге Қазақстан Республикасының “Табиғи монополия туралы” Заңы қолдануы мүмкін.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты
Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер қосылмайды.
Кәсіпорынды сату шартының элементтері.
Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының тараптары болып, сатушы және сатып алушы келеді. Оларға азаматтық-құқықтық қатынастардың кез келген субъектілері – жеке және заңды тұлғалар жатады.
Кәсіпорынды мемлекет мүлкіне айналдыру жағдайында , мемлекет кәсіпорынды сатып алушы рөлінде болуы мүмкін.
Кәсіпорын күрделі зат болып табылғандықтан, ҚР АК 121-бабында көрсетілген . Кәсіпорын дегеніміз – жұмыс істеп тұрған өндіріс, немесе ол кішкентай жөндеуден, жинақтаудан кейін және т.б. жұмысқа қосылуы мүмкін болады.
Кәсіпорынды сату шартының мерзімі. Тараптар шарт арқылы міндеттерін орындау және құқықтарын жүзеге асыру үшін кез келген мерзімдерін бекітуі мүмкін.
Кәсіпорынды сату шартының нысаны. Кәсіпорынды сату шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс, тіркелген кезінен бастап жасалған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеудің талабын орындамау кәсіпорынды сату шартының жарамсыздығына әкеп соғады.
Бақылау сұрақтар
1Сатып алу-сату шарты
2 Энергиямен жабдықтау шарты
Тақырып № 2 Айырбас шарты. Сыйға тарту шарты
Мақсаты: Айырбас, сыйға тарту шарттарын ың ерекшелiктерiн және элементтерiн ашу. Шарттарға анықтама және заңи мiнездеме беру.
Жоспар
1 Айырбас шартының ұғымы.
2 Айырбас шартының элементтері.
3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
4 Сыйға тарту шартының ұғымы, нысаны, элементтері.
5 Сыйға тарту шартының тараптары.
6 Сыйға тарту шартының мазмұны.
1 Айырбас шартының ұғымы
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді (бұл ҚР АК 501-бабының тұжырымдамасы).
Демек, айырбас шарты бойынша бір тарап өз тауарын өзге (екінші) тараптың тауарына айырбастайды. Тараптардың әрқайсысы бір-біріне тауарды меншікке, шарушылық жүргізуге, оралымды басқаруға беруге міндеттенеді.
Айрбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес – консенсуалды, өзара және өтеулі (ақылы) шарт болып табылады. Айырбас қатынастарына – бір тауар мен екіншісін айырбастағанда, олардың құны бір біріне сәйкес келмеуіне байланысты тараптардың бірі қосымша ақшалай өтемақы беретін жағдайларда жатады.
Егер шартта немесе заңнамада өзгеше көзделмесе айырбас шарты сатып алу-сату шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, бұл мәміленің нысанына, оны мемелекеттік тіркеу бойынша талаптар сатып алу-сату шарты бойынша қойылатын талаптарға тең болып келеді.
