- •Тақырып № 1 Сатып алу-сату шарты Мақсаты: Студенттердi курстың мақсатымен таныстыру. Сатып алу – сату шартының мазмұнын, мәнiн және элементтерiн ашу. Жоспар
- •1 Сатып алу-сату шарты
- •2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
- •3 Тауар жеткізілімі шарты
- •4 Келісім шарт жасасу шарты
- •5 Энергиямен жабдықтау шарты
- •6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты
- •1Сатып алу-сату шарты
- •2 Энергиямен жабдықтау шарты
- •1 Айырбас шартының ұғымы
- •2 Айырбас шартының элементтері
- •3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •4 Сыйға тарту шартының ұғымы, нысаны, элементтері
- •5 Сыйға тарту шартының тараптары
- •6 Сыйға тарту шартының мазмұны
- •1 Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері
- •2 Тұрақты рента шарты
- •3 Ғұмырлық рента шарты
- •4 Өмір бойы асырауда ұстау шарты
- •1 Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы, элементтері
- •2 Мүлік жалдау шартының мазмұны
- •1 Тұрғын үй құқықтық қатынастары
- •2 Тұрғын үй заңнамасы
- •3 Жекелеген тұрғын үй қатынастары
- •4 Меншік иесінің және оның отбасы мүшелерінің қатысуымен болатын тұрғын үй құқықтық қатынастары
- •1 Мүлікті тегін пайдаланудың түсінігі
- •2 Мүлікті тегін пайдаланудың мазмұны мен жауапкершілігі
- •1 Мердігерлік шартының түсінігі
- •4 Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
- •5 Мердігерлік шарт бұзғаны үшін жауаптылық
- •Тақырып № 8 Өтемелі қызмет көрсету Мақсат: Өтемелi қызмет көрсету шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу. Жоспар
- •1 Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер ұғымы
- •1 Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер
- •2,3 Тасымалдың элементтері
- •4 Тараптардың құқықтары
- •5 Жүктерді тасымалдағаны үшін есе айырысу тәртібі
- •Тақырып № 10 Көлік экспедициясы шарты Мақсаты: Көлiк экспедициясы шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу. Жоспар
- •1 Көлік экспедициясы шарты
- •1 Заем шартының ұғымы
- •2 Заем шартының элементтері
- •3 Заем шартының түрлері
- •1 Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының ұғымы
- •2 Шарттың элементтері
- •3 Шарттың мазмұны
- •1 Банктін қызмет көрсету шартынын жалпы ережелері
- •2 Банктік шот
- •3 Ақша аудару туралы шарт
- •4 Банк салымы
- •5 Банк салымдарын қайтару
- •1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
- •2 Сақтау шартының нысаны
- •3 Сақтау шартының мерзімі
- •4 Сақтау шартының субъектілері
- •1 Сақтандыру туралы жалпы ережелер
- •2 Сақтандыру шарттары
- •2 Тапсырма шартының элементтері
- •3 Тапсырма шартының мазмұны
- •4 Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау туралы жалпы ережелер
- •5 Мазмұны мен жауапкершілігі
- •6 Комиссия шартының түсінігі мен элементтері
- •7 Комиссия шарты бойынша жауапкершілік
- •1 Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың жалпы ережелері
- •2 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының түсінігі мен элементтері
- •3 Сенімгерлікпен басқару шартының мазмұны
- •1 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының ұғымы
- •2 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының элементтерi, түрлерi
- •3 Шарттың тараптары мен өзге де қатысушылары
- •4 Шарт пәнi
- •1 Конкурстық міндеттемелер ұғымы
- •2 Тендер
- •3 Аукцион
- •4 Лотерея
- •1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы
- •2 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
- •3 Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жаупкершілік
- •4 Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік
- •1 Негізсіз баю міндеттерінің түсінігі
- •2 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер
- •1 Авторлық құқықтардың ұғымдары
- •1 Патенттің жалпы ережелері
- •2 Авторлар мен патент иеленушілер
- •3 Патент иеленушінің ерекше құқықтары мен міндеттері
- •4 Өнеркәсіптік меншік объектісін тіркеу және қорғау құжатын беру
- •5 Патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
- •1 Селекциялық жетістіктер ұғымы
- •2 Селекциялық жетістік авторының құқықтары
- •3 Патент иесінің құқықтары мен міндеттері
- •4 Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар ұғымы
- •5 Интегралды тіркеу және қолдану мерзімі
- •1 Фирмалық атау
- •2 Тауар белгiсi
- •3 Тауар шығарылатын жердiң атауы
- •1 Мұрагерлік туралы жалпы ережелер.
- •2 Өсиет бойынша мұрагерлік
- •3 Заңды мұрагерлік
1 Банктін қызмет көрсету шартынын жалпы ережелері
Банктік қызмет көрсету шарты бойынша бір тарап /банк/ екінші тараптың /клиенттің/ тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. /739-бап АК/
Банктік қызмет көрсету шартының түрлері:
1.банктік шот шарты
2.ақша аудару шарты
3.банк салымы шарты
4.заңдарды немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де шарт түрлері болып бөлінеді.
5.банк клиенттің өз ақшасына кедергісіз иелік жасау құқығына кепілдік бере отырып, шотта бар ақшаны пайдалана алады.
АК 740-бап. Банктегі ақшаларға билік етуге шектеулерді қояды.
Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктегі ақшаларына тек соттар, тергеу органдары ж/е атқарушылық іс жүргізу істері бойынша қылмыстық ж/е азаматтық ж/е азаматтық істер туралы заңдарда белгіленген тәртіппен ж/е негіздерде тыйым сала алады.
Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаларына тыйым салу мерзімі тиісті істерді жүргізу ж/е азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс. Тергеу органдары мен анықтау органдарының клиенттік ақшасына тыйым салу туралы шешімдеріне заң актілерінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін АК 741-бап клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қоюды анықтайды.
Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаларын олардың келісімінсіз алып қою тек :
-соттың заңды күшіне енген үкімнің немесе шешімнің,
-сот бұйрығының негізінде,
-ҚР салық кодексінде көзделген жағдайларда ғана жүргізілуі мүмкін.
АК клиенттің ақшасын алу кезектілігін реттейді.
Егер клиенттің банктегі ақшасы клиентке қойылған кезекті талапты қанағаттандыру үшін жеткізіліксіз болған жағдайда банк сомасы аталған талапты қанағаттандыруға жеткілікті, клиенттің пайдасына түсетін ақшаны жинақтайды. Клиентке бірнеше талап қойылған жағдайда, банк клиенттің ақшасын мынадай кезектілік бойынша алуды жүргізеді:
1.бірінші кезекте адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өтеу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүзеге асырылады,
2.екінші кезекте еңбек шарты бойынша, оның ішінде келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адамдармен демалыс жәрдемақылары мен еңбекақы төлеу бойынша, авторлық шарт жөніндегі сыйақы төлеу бойынша есеп айырысу үшін ақша алуды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі.
3.үшінші кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша ақша алу жүргізіледі:
4.төртінші кезекте басқа да ақшалай талаптарын қанағаттандыру көзделген атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі:
5.-ші кезекте клиентке қойылған басқа да талаптарды қанағаттандыру үшін күнтізбелік кезектілік тәртібімен ақша алу жүргізіледі.
Клиент болып табылатын заңды тұлға тараған кезде кредит берушілердің талабын қанағаттандыру АК 51-бабында көзделген кезектілік жүргізіледі.
АК 745-бап. Банк құпия туралы ережелерді анықтайды.
Банк құпиясын жария етпеуге банк кепілдік береді.
