- •Тақырып № 1 Сатып алу-сату шарты Мақсаты: Студенттердi курстың мақсатымен таныстыру. Сатып алу – сату шартының мазмұнын, мәнiн және элементтерiн ашу. Жоспар
- •1 Сатып алу-сату шарты
- •2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
- •3 Тауар жеткізілімі шарты
- •4 Келісім шарт жасасу шарты
- •5 Энергиямен жабдықтау шарты
- •6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты
- •1Сатып алу-сату шарты
- •2 Энергиямен жабдықтау шарты
- •1 Айырбас шартының ұғымы
- •2 Айырбас шартының элементтері
- •3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •4 Сыйға тарту шартының ұғымы, нысаны, элементтері
- •5 Сыйға тарту шартының тараптары
- •6 Сыйға тарту шартының мазмұны
- •1 Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері
- •2 Тұрақты рента шарты
- •3 Ғұмырлық рента шарты
- •4 Өмір бойы асырауда ұстау шарты
- •1 Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы, элементтері
- •2 Мүлік жалдау шартының мазмұны
- •1 Тұрғын үй құқықтық қатынастары
- •2 Тұрғын үй заңнамасы
- •3 Жекелеген тұрғын үй қатынастары
- •4 Меншік иесінің және оның отбасы мүшелерінің қатысуымен болатын тұрғын үй құқықтық қатынастары
- •1 Мүлікті тегін пайдаланудың түсінігі
- •2 Мүлікті тегін пайдаланудың мазмұны мен жауапкершілігі
- •1 Мердігерлік шартының түсінігі
- •4 Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
- •5 Мердігерлік шарт бұзғаны үшін жауаптылық
- •Тақырып № 8 Өтемелі қызмет көрсету Мақсат: Өтемелi қызмет көрсету шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу. Жоспар
- •1 Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер ұғымы
- •1 Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер
- •2,3 Тасымалдың элементтері
- •4 Тараптардың құқықтары
- •5 Жүктерді тасымалдағаны үшін есе айырысу тәртібі
- •Тақырып № 10 Көлік экспедициясы шарты Мақсаты: Көлiк экспедициясы шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу. Жоспар
- •1 Көлік экспедициясы шарты
- •1 Заем шартының ұғымы
- •2 Заем шартының элементтері
- •3 Заем шартының түрлері
- •1 Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының ұғымы
- •2 Шарттың элементтері
- •3 Шарттың мазмұны
- •1 Банктін қызмет көрсету шартынын жалпы ережелері
- •2 Банктік шот
- •3 Ақша аудару туралы шарт
- •4 Банк салымы
- •5 Банк салымдарын қайтару
- •1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
- •2 Сақтау шартының нысаны
- •3 Сақтау шартының мерзімі
- •4 Сақтау шартының субъектілері
- •1 Сақтандыру туралы жалпы ережелер
- •2 Сақтандыру шарттары
- •2 Тапсырма шартының элементтері
- •3 Тапсырма шартының мазмұны
- •4 Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау туралы жалпы ережелер
- •5 Мазмұны мен жауапкершілігі
- •6 Комиссия шартының түсінігі мен элементтері
- •7 Комиссия шарты бойынша жауапкершілік
- •1 Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың жалпы ережелері
- •2 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының түсінігі мен элементтері
- •3 Сенімгерлікпен басқару шартының мазмұны
- •1 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының ұғымы
- •2 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының элементтерi, түрлерi
- •3 Шарттың тараптары мен өзге де қатысушылары
- •4 Шарт пәнi
- •1 Конкурстық міндеттемелер ұғымы
- •2 Тендер
- •3 Аукцион
- •4 Лотерея
- •1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы
- •2 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
- •3 Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жаупкершілік
- •4 Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік
- •1 Негізсіз баю міндеттерінің түсінігі
- •2 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер
- •1 Авторлық құқықтардың ұғымдары
- •1 Патенттің жалпы ережелері
- •2 Авторлар мен патент иеленушілер
- •3 Патент иеленушінің ерекше құқықтары мен міндеттері
- •4 Өнеркәсіптік меншік объектісін тіркеу және қорғау құжатын беру
- •5 Патент иеленушілердің құқықтарын қорғау
- •1 Селекциялық жетістіктер ұғымы
- •2 Селекциялық жетістік авторының құқықтары
- •3 Патент иесінің құқықтары мен міндеттері
- •4 Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар ұғымы
- •5 Интегралды тіркеу және қолдану мерзімі
- •1 Фирмалық атау
- •2 Тауар белгiсi
- •3 Тауар шығарылатын жердiң атауы
- •1 Мұрагерлік туралы жалпы ережелер.
- •2 Өсиет бойынша мұрагерлік
- •3 Заңды мұрагерлік
4 Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік. Оларға АК-тегі мердігерлік қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне егер ҚР АК-нің бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелер де қолданылады.
5 Мердігерлік шарт бұзғаны үшін жауаптылық
Мердігерлік шарт бойынша жауапкершілік өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісті орындамаған шарт тараптарының біреуінің кінәлі жүріс тұрысының салдары болып келеді. Егер мердігерлік шартындағы міндеттемелердің кәсіпкерлік сипаты болса немесе осы шартта арнайы көзделсе, тарап шарт бойынша міндеттемесін тиесілі орындамауы үшін оған кінәсіз жауапкершілік жүктеледі. Жауапкершіліктің мөлшері азаматтық заңнамамен немесе шартпен белгіленеді, әдетте зиянды өтеу міндетін атқарады. Осыған орай, АК-те жұмысты сапасыз орындауы үшін мердігердің жауапкершілігі көзделген (635-б.), оның нормалары мердігер – бұзушыға жауапкершілік туралы жалпы нормалармен жүктелетін қолайсыз нәтижелермен бірге тапсырысшыға өзінің құқықтарын арнайы тәртіпте қалпына келтіру мүмкіншілігін береді.
Кейбір жағдайларда, жұмысты орындау жоғарланған қауіп-қатермен байланысты болса, шартта белгілі бір кемшіліктері үшін мердігерді жауаптылықтан босату көзделуі мүмкін.
Шартты бұзғаны үшін мердігерді жауапкершілікке тартудың тәжірибелік мүмкіншілігі талап қою мерзімін сақтауға байланысты болып келеді. Мердігерлік шарттан талаптарға талап қоюдың жалпы – үш жылдық мерзімдері тарайды.
Бақылау сұрақтары
1 Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2 Мердігерлік шарт бұзғаны үшін жауаптылық
Тақырып № 8 Өтемелі қызмет көрсету Мақсат: Өтемелi қызмет көрсету шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу. Жоспар
1 Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер ұғымы.
2 Өтемелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны.
1 Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер ұғымы
Өтемелі қызмет көрсету Азаматтық кодексте 33-тараудың нормаларымен реттеледі. Құқықтық қатынастардың бұл түріне, егер олар Азаматтық кодекстің нормаларына, өтемелі қызмет көрсету туралы арнайы нормаларға, сондай-ақ өтемелі қызмет көрсетудің ерешеліктеріне қайшы келмесе, мердігерлік және тұрмыстық мердігерлік туралы жалпы нормалар да қолданыла алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 683-бабының 2-тармағына сәйкес өтемелі қызмет көрсетуер ежелеріне байланыс қызметін, медициналық, мал дәрігерлік, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге оқыту бойынша көрсететілетін қызметтерге, туристік қызмет көрсетуге және басқа да шарттарға қолданылады. Мысалы, әр түрлі заң қызметін көрсету, жеке нотариустардың қызметі және т.с.с. дамып келеді. өтемелі қызмет көрсету шарты бір субъектімен, жанарма агентігімен, өз тауарларын, жұмыстарын немесе қызметтерін өткізуді қалайтын басқа субъектінің пайдасы үшін жүзеге асырылатын жарнама қызметіне де себепші болады.
Өтемелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысша бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттеледі.
Өтемелi қызмет көрсету шарты оның субъектілеріне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекітілуге тиіс, не ауызша нысанда бекітілуі мүмкін.
Бұл шартты реттейтін нормалардың мағынасына байқағанымыздай, шарттың мәнді жағдайлары болып оның пәні мен бағасы туралы жағдайлар табылады.
2 Өтемелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны
Атқарушының тапсырысшының тапсырмасына, яғни шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті. Сондай-ақ қызмет мазмұны заңнамамен, анықталуы қалыптасқан жағдайдан, іскерлік айналым әдетінен туындауы мүмкін. әдетте атқарушы қызметі өзі көрсетуге міндетті. Яғни, мұнда мердігерлік шарты бойынша (субмердігерлік қатынастарға қатысты) сияқты, қызмет көрсетуді басқа тұлғаға қайта тапсыру мүмкіндігі туралы жалпы сипаттағы нормалар жоқ. өтемелі қызмет көрсету туралы шартта атқарушының қызмет көрсетуіді басқа тұлғаға жүктеу туралы құқығы көзделуі мүмкін.
Өтемелі қызмет көрсетуді реттеуде атқарушының қызмет көрсетуден бір жақты түрде бас тарту құқығын шектейтін норманың аса зор маңызы бар. Заңнама тараптардың нақты жай күйін, олардың құқықтық мүдделерін ескереді. өйткені қызмет көрсету кезінде, бір жағынан, әдетте кәсіпкерлік қызметтің субъектісі немесе кәсіби субъект шығады, ал екінші жағында, тұтынушы тұрады, сондықтан оның құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі болады. ҚР Азаматтық кодексінің 686-бабының 2-тармағында сәйкес атқарушы, тапсырысшының кінәсінен болған жағдайларда қоспағанда, өтемелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.
Өтемелі қызмет көрсету шарты бойынша, мердігерлік шартында көзделетіндей атқарушының нәтижені тапсырысшыға тапсыру міндеті және тапсырысшының оны сондай күйде қабылдап алу міндетін белгілейді.
Тапсырысшы атқарушының қызметіне, өтемелі қызмет көрсету шартында көзделген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанның тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру, аванстық төлемдер және т.б. жүргізу жоққа шығарылмайды.
Жалпы ереже бойынша тапсырысшы көрсетілген (нақты жүзеге асырылған) қызметтерге ақы төлеуге міндетті.
Өтемелі қызмет көрсету шартын тапсырысшының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметке ақы толық көлемінде төленуге жатады.
Орындаудың мүмкін болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе,.тапсырысшы атқарушыға оның іс жүзінде шыққан шығындарын өтейді.
Бақылау сұрақтары
1 Мердігерлік шарт бұзғаны үшін жауаптылық
2 Жобалау-сметалық құжаттама
Тақырып № 9 Тасымалдау
Мақсаты: Тасымалдау шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу.
Жоспар
1 Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер.
2 Тасымалдың элементтері.
3 Тасымалдау шартының сипаттамасы.
4 Тараптардың құқықтары.
5 Жүктерді тасымалдағаны үшін есе айырысу тәртібі.
