Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекционный курс ГПРК.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
593.41 Кб
Скачать

Тақырып № 1 Сатып алу-сату шарты Мақсаты: Студенттердi курстың мақсатымен таныстыру. Сатып алу – сату шартының мазмұнын, мәнiн және элементтерiн ашу. Жоспар

1Сатып алу-сату шарты.

2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.

3 Тауар жеткізілімі шарты.

4 Келісім шарт жасасу шарты.

5 Энергиямен жабдықтау шарты.

6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

1 Сатып алу-сату шарты

Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және сол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субьект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді.

Тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады.

Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады.

а) Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері:

Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы (көлемі). Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.

Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті.

Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті.

Шартпен гарантиялық мерзімдері орындалу мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды әдеттегі немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін белгілейді.

Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету құқықтары жатады.

Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, ол жағынан тауарды беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін алдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиісті болса, сатып алушы жүкті тиеп жіберу үшін қажетті мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін болса).

Сатып алушы шартты бұзып затты қабылдамаса, сатушыға оның затты қабылдауын талап етуге, болмаса шартты орындаудан бас тартуына болады

2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты

Бөлшектеп сатып алу –сату шартын жасамақ алдынала сатушы сатып алушыға тауар туралы қажетті және сенімді ақпарат беруі керек. Ақпарат өзіне міндетті кезеңдерді енгізу қажет: олар, баға жөніндегі сенімділігі және қажетті хабар; алушыны қызықтырған өнім туралы мәлімет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау және қауіпсіз пайдаға асыру тәртібі.

Сатып алушының құқығы мен міндеттері. Сатып алушы сатып алған тауардың ақысын төлеуге міндетті. Шартқа отыру кезімен ақы төлеу кезі сәкес келген жағдайда сатып алушының жалғыз міндеті затты қабылдап алу.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша, сатып алушы затты қабылдағанда, оның берілген тауардың сапасын тексеру мен оның жедел түрде жіберілген кемшіліктері туралы хабарлау емес, затты нақты қабылдау бойынша әрекеттері (затты қолма-қол алу, накладнойға қол қою ж.б.) маңызды болып келеді. Сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша тауардың сапасы үшін сөзсіз жауап береді.

Сатып алушының сатып алған сапасы тиісті болып келетін тауарды айырбастап алуға құқығы бар. Яғни тауар тек көркі жағынан, оның түсі, дизайны т.б. ұнамаса сатып алушының тауарды айырбастауға құқығы бар. Тауар қолданыста болмаса, буып-түюі сақталса, тауар белгілі сатушыдан алғанын растайтын чек немесе өзге айғақ болса ғана жүргізілуі тиіс. Айырбасқа жатпайтын тауар түрлері заңмен бекітіледі.

Айырбасқа алтын, платин, күмістен жасалған бұйымдар, төсек қап, ішкиімдер, шұлықтар, парфюмерия және косметикалық бұйымдар жатпайды.

Тауарды алмастыру, сатып алу бағасын кеміту және сапасы лайықсыз тауарды қайтару кезінде баға айырмашылығының орнын толтыру. 456-б.

Қолданыста болған делдалдық сауда дүкендерінен алынған заттар айырбасқа жатпайды. Бұлардың қатарына делдалдық дүкендерден алынған, бірақ қолдануда болмаған, комиссияға қабылданған кезде анықталмаған көзге білінбейтін кемістіктері бар заттар жатпайды, бірақ олар сатып алынғаннан 2 күн аспай айырбасталуы қажет. Сатып алушы сатушы да қажетті тауар болмаған жағдайда оған тауарды қайтарып төлеген орнына осындай тауар қайта түскенде тауар алуға құқығы бар.