
- •I тарау
- •Хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру
- •Құралдарды және таңғыш заттарды залалсыздандыру (өңдеу)
- •Хирургияда пайдаланылатын тігіс жіптерін залалсыздандыру
- •2 Тарау
- •Стоматологиялық дертпен ауыратын науқастарды тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Науқасты жалпы жансыздандыруға дайындау.
- •Наркозды жүргізу тәсілдері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Хирургиялық стоматологиядағы жергіліктім жансыздандыру үшін қолданылатын дәрігерлердің клинико-фармакологиялық сипаттамасы.
- •2. Амидтер тобы:
- •Жергілікті жансыздандыруды күшейтетін және ұзартатын дәрілер.
- •Жергілікті жансыздандыру түрлері.
- •Өткізгіштік жансыздандыру.
- •Көзасты тесігінде жансыздандыру жүргізу (инфраорбитальді анестезия).
- •Ауыз қуысы арқылы көзасты тесігіне жансыздандыру жүргізу тәсілі
- •Ауыз қуысы сыртынан жансыздандыру жүргізу әдісі
- •Үлкен таңдай тесігінде жансыздану жүргізу (палатиналді жансыздандыру)
- •Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты әдісі.
- •Торусты жансыздандыру ( м.М.Вайсбремнің әдісі бойынша)
- •Берше жансыздандыру.
- •Иек тесігінің, ауыз қуысы сыртынан жасалатын жансыздандыруы.
- •Үшкіл нервтің екінші бұтағын жансыздандыру
- •Жергілікті жансыздандыру кезіндегі асқынулар
- •Алын алу шаралары.
- •Новокоинмен, тримекаинмен улану.
- •Жергілікті асқынулар
- •Хирургиялық операциялар алдында жасалған премедикация.
- •IV тарау
- •1841 Жылы Джон Томсон “Анатомиялық экстракциялық қысқыщтар” жасап шығарды, олар көп өзгеріссіз қазірге дейін қолдануда.
- •Тіс жұлуға болатын жағдайлар
- •Жоспарлы түрде жүргізілетін тіс жұлу операциялары:
- •Тістерді жұлу тәсілдері.
- •Дәрігер мен науқастың тіс жұлардағы орналасу жағдайлары
- •Тіс жұлатын аспаптар
- •Саптарының иілу белгісі
- •Қысқыштың жақтық белгісі
- •Тісті қысқыштармен жұлу процессіндегі кейбір ерекшелік жағдайлар
- •Жоғарғы үлкен азу тістерді жұлу
- •Төменгі жақ сүйегіндегі кейбір тістерді жұлу ерекшеліктері
- •Төменгі күрек тістерді жұлу әдістері
- •Төменгі кіші азу тістердің жұлыну әдісі
- •Төменгі үлкен азу тістерді жұлу әдістері
- •Тіс түбірлерінің жұлыну әдісі
- •Тіс түбірлерінің қысқыштар жәрдемімен жұлыну әдістері
- •Тістерді және тіс түбірлерін элеваторлар арқылы жұлу
- •Терең жайласқан тіс түбірлер қалдықтарының жұлыну әдісі
- •Түбірді немесе тісті бормен кесіп шығару
- •Жұлынған тістің орнын өңдеу және олардың күтімі
- •Тіс жұлынғаннан кейін тіс ұясының жазылуы.
- •2 Айдың соңына қарай тіс ұясы қабырғасы мен сүйек арасындағы айырмашылықтар жойылады.
- •Естен тану
- •Тіс жұлынған соң кездесетін жергілікті асқынулар. Қан кетуі.
- •Тіс жұлынған соң қан кетуін тоқтату әдістері.
Бақылау сұрақтары:
Стоматологиялық емханада және ауруханада анестезиология қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Стоматологиялық ауруларға жалпы жансыздандыру қолдануға болатын-болмайтын жағдайлар.
Науқасты оперцияға және наркозға дайындау.
Қандай шамалы стоматологиялық операцияларда вена арқылы наркоз жүргізіледі?
Стоматологиялық ауруларға жасалатын наркоздың ерекшеліктері.
Бет аймағының және ауыз қуысы мүшелерінің патологиясы бар науқастарға интубациялық тәсілмен жүргізілетін наркоздың ерекшеліктері.
Интубацияны ауыз қуысы, мұрын, трахеостома жіне ларингоскопсыз мұрын қуысы арқылы жүргізу тәсілдері.
ОҚУЛЫҚТАР:
1. Бажанов Н.Н., Ганина С.С. “ Стоматологиялық емханаларда жансыздандыру жүргізу” М. 1979 ж.
Дунаевский В.А. “Хирургиялық стоматология оқулығы” М.Л. 1979 ж.
Золотарев Ю.С. “Темір жол ауруханасында анестезиология бөлімінің жұмысын ұйымдастыру “ Киев, 1977 ж.
Майзель А.Б. “Жансыздандыруды таңдап алу” Ростов . 1962 ж.
Муковозов И.Н. “Стоматологияда және бет-жақ хирургиясында жалпы жансыздандыруды қолдану”, “Медицина” , 1965 ж.
Муковозов И.Н. “Бет-жақ хирургиясындағы наркоз және реанимация” Л. 1962 ж.
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІМ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ.
Адам денесінің белгілі бір бөлігінің ауру сезімін, оның сана сезімін сақтай отырып уақытша жою-жергілікті жансыздандыру деп аталады.
Операция болатын тұстың тіндерін жансыздандыру әрекеті ертеден басталған. Мысалы, египеттіктер терінің сезімталдығын төмендету үшін, оны крокодил майымен майлаған, немесе ол жерге (уксус) сірке суы қосылған “мемфиялық тасты” басқан. Орта ғасырда тері қабатына меңдуана қосылған май жағатын болған.
Бұл тәсілдердің кемеліне жетпегендігінен жансыздандыру үшін механикалық және физикалық әдістер қолданыла бастады. XVI ғасырда жергілікті жансыздандыру үшін операция болатын жердің терісін материалға оралған мұзбен ысқылаған. Ал, XIX ғасырдың 70-ші жылдарында жергілікті жансыздандыру жетілдіріліп, тері қабатын салқындатып жансыздандыру үшін эфир, хлороформ, бромэтил және т.б. заттарды қолдана бастаған. Бірақ, осы заттардың ішінде жергілікті жансыздандыруды жүргізу үшін тек хлор-этил ғана тиімді болып шықты. Оны тіс жұлу үшін, абсцесс пен флегмоналарды тіліп алу үшін қолдана бастады. Суықтың жансыздандырғыш қасиетін Ресейде терең зерттеген С.Е. Березовский, И. Ефремовский, Г.А. Маслов болды.
Операция болатын тіндерге ауруды басатын заттарды енгізу (егу) әрекетін 1843 жылы Воед жасаған еді. Ол, үшкіл нервтің невралгиясын басу үшін морфия және апиын ерітінділерін жіберген. Бірақ та, жергілікті жансыздандырудың тарихы 1879 жылы орыс фармакологы Б.К.Андрептің кокаинды пракктикалық медицинаның мақсатында, жергілікті жансыздандырғыш зат ретінде қолдануға ұсынуынан басталады.
Кокаинды бірінші рет кезде жасалатын операцияны жансыздандыру үшін 1884 жылы И.Н.Кацауров Ресейде және Коллер Австрияда қолданды. Кейінірек жергілікті жансыздандыру бет-жақ аймағында да қолдана бастады. Өзінің жансыздандырғыш қасиетімен бірге кокаин улы зат болғандықтан, жүректің жұмысын тоқтатып немесе тыныс алу орталығының салдануын тудырып, кісі өлімінің пайда болуына әкеп соқты. Сондықтан, бұл жағдай жаңа дәрі-дәрмектерді іздеуге талпындырды. 1905 жылы Эдингорн жергілікті жансыздандыру үшін улылығы төмен новокаин дәрісін ашты. Бұл дәрі Ресейде және шет елдің хиругиялық практикасында кеңінен қолданыла бастады. Осы уақыттан бастап жергілікті жансыздандыру жетекші тәсілге айналды. Сондай-ақ жаңа жансыздандырғыш заттар да ойлап табыла басталды. Олар: анестезин, дикаин, тримекаин, бенкаин, 1970 жылдың басынан стоматология (Қ.Қ.Құрақбаев), жалпы хирургия, ЛОР қызметі салдарында ринокаин атты анестетигі қолданыла бастады. Жергілікті жансыздандыруды жетілдіру саласында көп еңбек атқарған ғалымдар: А.В.Вишневский, А.А.Андреев, В.Э.Линберг, С.В.Журавлев, М.И.Галченко, А.Л.Ремизов және т.б. Әсіресе А.В.Вишневскийдің жайыла жүретін инфильтраты стоматологияда кеңінен қолданылып жүр. Жергілікті жансыздандыру әдістерін жетілдіру үшін С.Н.Вайсблат, М.И.Вейсбрем, М.Ф.Даценко, М.Д.Дубов, М.П.Жаков, М.В.Уваров үлкен еңбек сіңірген ғалымдар.