- •I тарау
- •Хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру
- •Құралдарды және таңғыш заттарды залалсыздандыру (өңдеу)
- •Хирургияда пайдаланылатын тігіс жіптерін залалсыздандыру
- •2 Тарау
- •Стоматологиялық дертпен ауыратын науқастарды тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Науқасты жалпы жансыздандыруға дайындау.
- •Наркозды жүргізу тәсілдері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Хирургиялық стоматологиядағы жергіліктім жансыздандыру үшін қолданылатын дәрігерлердің клинико-фармакологиялық сипаттамасы.
- •2. Амидтер тобы:
- •Жергілікті жансыздандыруды күшейтетін және ұзартатын дәрілер.
- •Жергілікті жансыздандыру түрлері.
- •Өткізгіштік жансыздандыру.
- •Көзасты тесігінде жансыздандыру жүргізу (инфраорбитальді анестезия).
- •Ауыз қуысы арқылы көзасты тесігіне жансыздандыру жүргізу тәсілі
- •Ауыз қуысы сыртынан жансыздандыру жүргізу әдісі
- •Үлкен таңдай тесігінде жансыздану жүргізу (палатиналді жансыздандыру)
- •Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты әдісі.
- •Торусты жансыздандыру ( м.М.Вайсбремнің әдісі бойынша)
- •Берше жансыздандыру.
- •Иек тесігінің, ауыз қуысы сыртынан жасалатын жансыздандыруы.
- •Үшкіл нервтің екінші бұтағын жансыздандыру
- •Жергілікті жансыздандыру кезіндегі асқынулар
- •Алын алу шаралары.
- •Новокоинмен, тримекаинмен улану.
- •Жергілікті асқынулар
- •Хирургиялық операциялар алдында жасалған премедикация.
- •IV тарау
- •1841 Жылы Джон Томсон “Анатомиялық экстракциялық қысқыщтар” жасап шығарды, олар көп өзгеріссіз қазірге дейін қолдануда.
- •Тіс жұлуға болатын жағдайлар
- •Жоспарлы түрде жүргізілетін тіс жұлу операциялары:
- •Тістерді жұлу тәсілдері.
- •Дәрігер мен науқастың тіс жұлардағы орналасу жағдайлары
- •Тіс жұлатын аспаптар
- •Саптарының иілу белгісі
- •Қысқыштың жақтық белгісі
- •Тісті қысқыштармен жұлу процессіндегі кейбір ерекшелік жағдайлар
- •Жоғарғы үлкен азу тістерді жұлу
- •Төменгі жақ сүйегіндегі кейбір тістерді жұлу ерекшеліктері
- •Төменгі күрек тістерді жұлу әдістері
- •Төменгі кіші азу тістердің жұлыну әдісі
- •Төменгі үлкен азу тістерді жұлу әдістері
- •Тіс түбірлерінің жұлыну әдісі
- •Тіс түбірлерінің қысқыштар жәрдемімен жұлыну әдістері
- •Тістерді және тіс түбірлерін элеваторлар арқылы жұлу
- •Терең жайласқан тіс түбірлер қалдықтарының жұлыну әдісі
- •Түбірді немесе тісті бормен кесіп шығару
- •Жұлынған тістің орнын өңдеу және олардың күтімі
- •Тіс жұлынғаннан кейін тіс ұясының жазылуы.
- •2 Айдың соңына қарай тіс ұясы қабырғасы мен сүйек арасындағы айырмашылықтар жойылады.
- •Естен тану
- •Тіс жұлынған соң кездесетін жергілікті асқынулар. Қан кетуі.
- •Тіс жұлынған соң қан кетуін тоқтату әдістері.
Тіс жұлатын аспаптар
Тіс жұлатын маңызды аспаптар анатомиялық қысқыштар болып табылады, ал көмекші аспаптар - элеваторлар.
Қысқыштар үш бөлімнен тұрады:
І. Ұрттары – аспаптың жұмысшы бөлімі, ол тіс сауытын немесе тіс түбірінің шығып тұрған бөлімін қысып ұстау үшін қажет. Қысқыш ұрттары тістердің анатомиялық құрылысына сәйкес, оның ішкі беті ішке қарай иіліп, бұдырланған.
ІІ.Сап тар – дәрігердің қысқышты қолына ұстайтын бөлімі.
ІІІ. Құлыпы – жоғарыда аталған қысқыштың екі бөліміне бір-бірімен жалғастырып тұрған бөлімі (№9 суретті қара).
Қысқыштардың екі жиынтығы бар олар – сүт тістерді жұлатын қысқыштар және тұрақты тістемдегі тістерді жұлатындар. Қысқыштар жоғарғы және төменгі жақ тістерін жұлатын және сауыты сақталған немесе бұзылған тістерді жұлатын қысқыштар болып бөлінеді.
Сонымен қатар, қысқыштардың арнайы топ тістерді жұлатын түрлері бар (төменгі «ақыл тісін» жұлатын және жоғарғы «ақыл тісті» жұлатын).
Қысқыштарды таңдаған кезде олардың бір-бірінен ажырату белгілерін білу қажет.
І. Бұрыш белгісі. Бұл белгі жоғарғы тістерді жұлатын қысқыштарға тән, олардың ұрттарының саптарының бұрыш аралығы екі түзу сызыққа (1800 ) жақындайды.
Төменгі тістерді жұлатын қысқыштардың ұрттары мен саптар бұрыш аралығы түзу сызыққа (900 ) сәйкес немесе жақындайды. Төменгі тістерді жұлатын қысқыщтар қырының (саптары бірінің үстінде бірі орналасады) немесе жазықтың , көлденең түрінде иілген болады (саптары бірін - біріне қарама - қарсы орналасады).
Саптарының иілу белгісі
Жоғарғы күрек тістерді жұлу үшін тік қысқыштарды қолданады, олардың ұрттары мен саптарының осьтері бір жазықтықта орналасқан. Жоғарғы жақтағы кіші азу тістерді және үлкен азу тістерді жұлу үшін S – тәрізді иілген қысқыштар қолданылады. Осы кезде, төменгі жақ сүйегі, тісті жұлуға кедергі бермейді. Өйткені, қысқыштың S – тәрізді иілуі және оны тіске салғанда ұртының осі жұлынатын тістің осімен сай келеді де қимыл жеңілденеді.
Ал енді, жоғарғы ақыл азу тісті жұлу үшін, найза тәрізді иілген (бойонет тәрізді-арнайы) қысқыш қолданылады. Бұл қысқыштың сабы және ұрты S – қысқышқа қарағанда көбірек (майысқан, қисайған) иілген және ақыл азу тісті жұлуға ғана бейімделген.
Төменгі жақ сүйектің тіс түбірлеріне арналған қысқыштардың сапиары мен ұрттары бір-бірімен 900 бұрышпен орналасқан, сондықтан оларды құс тұмсықты қысқыш деп атайды.
Қысқыштың жақтық белгісі
Егер қысқыштардың ұрттарының құрылысы бірдей болса, олар оң және сол жақтағы белгілі бір тістерді жұлуға арналған. Мысалы, жоғары жақ сүйектегі күрек тістер мен сүйір тістерді тік қысқыштармен жұлады, ал кіші азу тістерді S-тәрізді иілген, ұрттары тегіс қысқыштар қолданылады. Сондай-ақ, төменгі күрек тістерді, ит тістер және кіші азу тістер жұлатын қысқыштардың ұрттары тегіс болады.
Төменгі үлкен азу тістерді жұлатын құс тұмсықты қысқыштар оң және сол жағында да қолданыла береді, өйткені, олардың екі ұртының ұшында да істік тәрізді өсінділері және бүйірінде ойығы бар.Бұл өсінділер қысқышты тіске салғанда, оның медиальды және дистальды түбірлерінің аралығын ұрт және тіл жағынан бекітуге қажет.
Ж
оғарғы
жақ сүйектегі үлкен азу тістерді 7,6
6,7 жұлуға бір ұртының ұшында істік
өсіндісі бар, ал келесі ұрты дөңгелектенген
S-тәрізді қысқыш қолданылады. Сондықтан,
бұл қысқыштар оң және сол жақтық болып
бөлінеді. Оң жақтық қысқыш істік өсіндісі
сол жақ ұртында, ал сол жақтық қысқышта
– оң жағында орналасады. Қысқышты тіске
салынған кезде, істік өсіндісі бар ұрты
тістің вестибулярлық жағынан орналасып,
ұрт түбірлерінің араларына кіреді.
Қысқыштың ені мен ұрттарының түйісу белгісі
Сауыты сақталған тісті жұлуға арналған қысқыштардың ұрттары түйіспейді (бірікпейді), яғни қысқыштың сабын толық жапқанда ұрттары бір-біріне тимейді (сауытты қысқыштар). Ал енді ұрттары бір-бірімен түйісетін қысқыштар тек тіс түбірлерін жұлуға қолданылады ( түбірлік қысқыштар). Соынмен қатар, сауыттық және түбірлік қысқыштар ұрттарының ені кең, орташа, жіңішке болып бөлінеді. Соған байланысты қысқыштар әр тіске жеке (дара) таңдалуы тиіс.
Қысқыштарды дұрыс ұстау тәсілдері
Көптеген авторлар қысқышты ұстаудың екі тәсілін ұсынды. Әр уақытта қысқыштарды оң қолмен ұстайды.
Бірінші тәсілі: қысқыштың саптарының арасына 4-ші және 5-ші саусақты енгізіп, бірінші бармақты қысқыштың құлпына жақындау орналастырып , оның бір сабын ұстайды. Екінші, үшінші бармақтар – қысқыштың екі сабын бірдей ұстайды ( суретті қара).
Қысқышты осылай ұстағанда, оның бір сабы бас бармақтың , алақанның және екінші, үшінші саусақтардың фалангаларының арасында қимылсыз болады, ал екінші сабы 4-ші, 5-ші саусақтардың кимылынан оңай ашылады.
Қысқыштың саптарын қысқанда, оның арасынан 4-ші ,5-ші саусақтарды шығарып, қысқышты қолдың барлық саусақтарымен ұстайды.
Екінші тәсілінде – қысқыштың сабының арасында екінші және үшінші бармақтар орналасып, бас бармақ бір сабын, 4-5-ші саусақтар екінші сабын ұстайды. 3-ші саусақпен қысқыштардың ұртын ашады да, 4-ші, 5-ші саусақтармен ұрттарын жақындатады. Қысқышты тіске салғаннан кейін саптарының арасындағы саусақтарды шығарып, алақанмен және барлық саусақтармен қысқыштың сабын қысады ( суретті қара).
