Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.06 Кб
Скачать

Стоматологиядағы деонтология қағидалары

Стоматолог әр уақытта аурудың түрін емес, науқас адамды емдеп отырғанын ұмытпауы қажет. Өйткені, ауыз қуысы бүтін организмнің бір бөлігі, яғни, ол қоршаған ортамен тығыз байланыста және одан тәуелді де.

Науқастың психикасын қорғау орнынан операция жасайтын жерге дейін, яғни емхананың барлық сатысында қорғалуы тиіс. Бұл дәрігер науқастың сеніміне ие болу деген сөз. Дәрігердің науқасқа селқос қарауы, асығыстығы, ашулануы, науқасты тексеріп жатып бөтен атқа алдануы, ұмытшақтығы, орынсыз және абайсыз жасалған ескертулері; ойланбай айтылған қорытындылары – науқас пен дәрігер арасындағы қарым –қатынасты бұзады. Яғни, дәрігер жағынан ешқандай айқай, науқастармен, қызметкерлермен ұрсу деген мүлдем болмау керек.

Емхананың, емдеу бөлмелерінің санитарлық тазалығы жоғарғы деңгейде болуы тиіс. Науқастар кезек күтетін бөлмеде дұрыс жағдай жасалып, тыныштық бұзу, қатты сөйлеу, әртүрлі дыбысты тітіркенгіштер болмауын қадағалау қажет. Әсіресе, жұбату сөздің, тіс жұлу, іріңді-қабынған жерлерді тілу алдында маңызы зор. Науқас дәрігердің өзіне қарағанда өз ісін жақсы білетіндігіне сенуі керек.

Дәрігерге тәжірибе мен білім әр уақытта аз, онымен бірге онда сезім мен өз мамандығына деген үлкен махаббат болуы қажет. Көптеген дәрілерге қарағанда, дәрігердің жылы сөзі мен сыпайы күлкісі бағалы екені ертеден белгілі. Сондықтан, мұндай қасиеттерді студенттік жылдардан жинақтау қажет, өйткені кейін оны бойға сіңдіру өте қиын болады.

Нағыз дәрігер болу үшін, арнайы медициналық әдебиеттермен қатар, еңбекті сүю, өзін-өзі тәрбиелеу мәселелері де үлкен жағдай атқарады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Хирургиялық стоматологияда науқастың жағдайын сұрақ қойып тексеру ерекшеліктері.

  2. Қарап тексеру ерекшеліктері.

  3. Бет-жақ аймағын тексеруде рентген анықтаудың ерекшелігі.

  4. Диагнозды дұрыс қоюға морфологиялық тексеру тәсілдерінің (цитология, биопсия) мағынасы.

  5. Хирургиялық стоматологияда функционалды анықтау тәсілінің маңызы.

  6. Тіс ауруларында электр қозуын анықтаудың маңызы.

  7. Аурухана және емхана жағдайларында қандай ауруларды өңдеу қажет.

  8. Стоматологиядағы деонтология.

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДАҒЫ

ЖАНСЫЗДАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІ

Хирургиялық стоматологияда жансыздандырудың бірнеше түрі қолданылады: жалпы жансыздандыру (наркоз және нейролептаналгезия), жергілікті және үйлесімді жансыздандыру (жергілікті жансыздандырумен наркоз, жергілікті анестезия мен нейролептаналгезия ).

ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ

Бұл жансыздандыру түрін стационар және емхана жағдайларында қолдануға болады. Егер де жалпы жансыздандыру емхана жағдайында жүргізілетін болса, арнайы анестезиологиялық бөлме ұйымдастырылуы керек. Ол бөлмеде табиғи және жасанды жарық көзі мол болып, ауа алмастырушы желдеткіштің болғаны жөн. Бұл бөлме бір-біріне жалғасқан, жалпы аумағы 38-40 м² екі бөлмеден тұруы керек. Оның біреуі –наркоз жүргізетін бөлме де, екіншісі –наркоздан кейін науқас уақытша дем алатын бөлме болып есептеледі. Сонымен бірге бөлме құрамында науқастар кезек күтетін бөлменің болуын да қарастыру керек. Наркоз жүргізетін бөлмеде мақсатқа сай құрал-аспаптар, аппараттар, дәрі-дәрмектер болады.

Құрал-жабдықтар, операция жасайтын стол, залалсыздандырылған құрал-аспаптар мен заттар қоятын стол, залалсыздандырылған ерітінділер қоятын стол, стоматологиялық қондырғы мен орындық, анестезиологиялық стол, стоматологиялық және анестезиологиялық аспаптар қоятын шкаф және трахеостомия жасайтын құралдар жинағы мен ерітінділерді инфузия жүргізуге арналған системалар.

АППАРАТТАР: наркоз жүргізетін аппарат (стационарлық және ықшамды), мұрын-ауызға және тек мұрынға бейімделген маскалар мен интубациялық түтікшелер, әртүрлі катетерлері бар сорғыш аппарат, дефибрилятор, қан қысымын өлшейтін аппарат, сондай-ақ құрал-саймандар жиынтығы (ларингоскоп, интубациялық қысқыш, әртүрлі көлемдегі шприцтер, ауа өткізетін түтік, тіл ұстағыш және ауыз қуысын кеңейтіп ашатын аспаптар) болады.

Наркоздан кейін науқас тынығатын бөлмеде 2 төсек, дәрі-дәрмектер мен құрал-аспаптар шкафы (жедел-жәрдем көрсету үшін) және залалсыздандырылған шприцтер қоятын стол болуы қажет. Емхананың анестезиологиялық кабинеттің штатында 1 анестезиологиялық дәрігер және 2 орта медицина қызметкері қарастырылады. Олардың бірі дәрігерге көмек көрсету үшін, екінші - наркоздан кейін науқас жағдайын қадағалау үшін қажет. Науқастарға жалпы жансыздандыру әдісін қолдануды, стоматолог пен анестезиолог бірге отырып шешеді. Сондай-ақ, анестезиолог жалпы жансыздандыру жүргізетін күнді және арнайы тексеру (қан-несеп анализі, терапевтің қорытындысы) тағайындайды.

Хирургиялық стоматология ауруханасында анестезиология және реанимация қызметі ұйымдастырылады. Ол операция кезінде жансыздандыру жүргізумен бірге, операциядан кейінгі кезеңде реанимациялық шараларды, интенсивті (қарқынды) емді жүргізуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, бұл бөлімше қызметкерлерінің міндетіне ауыр функционалдық өзгерістермен түскен науқастарды емдеу де кіреді. Бұл міндеттерді шешу үшін, интенсивті ем жүргізетін палаталар ұйымдастырылады. Оның саны ауруханадағы төсек орны санына байланысты (100 штатты төсек орны болса, оның 8-і интенсивті ем палатасына беріледі). Бұл палаталардың өз медбике постысы және қажетті құрал-жабдықтары мен аспаптары, дәрі –дәрмектері болады.

Интенсивті ем бөлімшесіне наркозбен операция жасалған науқастар бірнеше сағаттан 2-3 тәулікке дейін және ауыр жағдайдағы (халдегі) науқастар жатқызылады.

Ауруханада жалпы жансыздандыру, операция жасайтын немесе науқастарды таңатын бөлмелерде емхана жағдайындағыдай шартта жүргізіледі. Бұл жердегі аппараттар мен құрал-жабдықтар емханадағыдай, тек аппараттар тұрақты қалыпта. Сонымен бірге, көлемді 1-2 респиратор болуы керек. Диагностикалық аппараттардан кардиоскоп, кардиограф, электроэнцефалографтар болады. Анестезиологиялық кабинетте жиі қолдана бермейтін диагностикалық аппараттар, наркоз аппаратының бөлшектері, наркоз аппараты және дәрі-дәрмектер сақталады.

Науқастарды анестезиологиялық қамтамасыз ету ауру түріне байланысты болады. Егер науқасқа жедел түрде жалпы жансыздандыру (анестезия) жүргізу керек болса, анестезиолог оны хирургпен бірлесе отырып қарайды да, керек анализдерді жедел түрде тағайындайды. Қажет жағдайда керек маманның кеңесін алып, жалпы жансыздандырудың қай түрін жүргізу керек екенін шешеді.

Егер науқас ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылса және оған жалпы жансыздандыру арқылы операция жасалатын болса, ол туралы дәрігер анестезиологқа айту керек. Анестезиолог науқасты қарап, қажетті лабораториялық тексерулерді, керек болса мамандардың кеңесін (терапевтің, невропатологтың, эндокринологтың және т.б.) және жалпы жансыздандыруға қажетті дәрі-дәрмектерді тағайындайды.

СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ АУРУХАНАЛАР МЕН ЕМХАНАЛАРДА.

ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУДЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАТЫН ЖӘНЕ БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР.

Стоматологиялық аурухана жағдайында жалпы жансыздандыруды бет-жақ аймағының зақымдануы үлкен болған жағдайда және күрделі операциялар жүргізгенде қолданылады.

Күрделі операциялар қатарына: жақ сүйектерді алып тастау, Крайля, Венах операциялары, төменгі жақ сүйегі пластикасы, уранопластика, тіл және ауыз қуысы түбіндегі қатерлі ісіктерді алу, бет жұмсақ тіндерінің ақаулары мен бұзылыстарын жою операциясы, бет-жақ аймағының жарақаттарын хирургиялық жолмен өңдеу және т.б. Сонымен бірге, жалпы жансыздандыруды жас өспірімдерге (балаларға) әртүрлі операциялар жасағанда және нерв жүйесі ауруымен ауыратын ересек адамдарға операция жасағанда жүргізеді.

Ал, енді, стоматологиялық емханаларда жалпы жансыздандыруды қолдану біршама төмен. Өйткені, көптеген операцияларды жергілікті жансыздандыруды дұрыс жүргізу арқылы жасау мүмкіншілігі бар. Жалпы жансыздандыруды амбулаториялық операцияларда жүргізу үшін 2 шарт болу тиіс.

  1. Жергілікті анестетиктерді көтере алмаушылық және науқастың психикалық жағдайы. Сондықтан, жалпы жансыздандыру арқылы операция жасау амбулаториялық жағдайда төмендегідей науқастар тобына жүргізіледі.

  • жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрі – дәрмектерді көтере алмайтын;

  • жас балаларға;

  • ұшқалақ, психикасы орнықсыз ауруларға (стоматологиялық орындықты, аспаптарды көргенде зәресі қалмайтын аурулар;)

  • нерв жүйесі, психикалы ауруға шалдыққан (олигофрения, эпилепсия, ДАУН ауруы, менингиттің салдары).

Кейбір жағдайларда жалпы жансыздандыруды, жергілікті жансыздандыруды жүргізу мүмкіншілігі болмаған жағдайда немесе әсерә төмен болғанда (тіндердің тыртықтанып өзгеруі, туа біткен ақаулардың болуы, іріңді қабыну болған жағдайларда) жағдайда жасауға болады.

Наркозды жүргізуге болмайтын жағдайлар: паренхималы ағзалардың жедел аурулары, декомпенсациялы жүрек- тамыр аурулары, миокард инфарктісі және одан 6 ай өткенге дейінгі кезең, мас болған жағдайлар, анемия ауруы, глюкокортикоидты дәрілерді ұзақ уақыт қабылдаған жағдайлар (кортизон, гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон және т.б.), тыныс алу жолдарының жедел қабынулары, “тиреотоксикоз” ауруы, эпилепсия ұстамасының жиі қайталанып тұратын кезеңі, қант диабеті ауруы, әйел адамдарда ”етеккір” келген уақытта.

Жалпы жансыздандыруды хиругиялық стоматологиядағы ерекшеліктері. Стоматологиялық практикада жалпы жансыздандыруды қолданудың бірнеше ерекшеліктері бар.

БІРІНШІ: Хирург та, анестезиолог та бір аймақта жұмыс істейді, яғни, тыныс алу жолдарының маңында болуы. Сондықтан, операция кезінде тыныс алу жолдарының обтурациясы (бітеліп қалуы ықтимал).

ЕКІНШІ: Кейбір бет-жақ аймағының ауруларында, ауыз қуысы ашылмайды немесе шектеліп қалады. Ал ол өз алдына интубация жүргізуді нашарлатады.

ҮШІНШІСІ: Бет-жақ аймағы операциясы кезінде залалсыздандырылған жамылғымен жабулы тұратындықтан, анестезиологқа көз қарашығы рефлексі арқылы аурудың жағдайын бақылау мүмкіншілігі төмендейді.

ТӨРТІНШІСІ: Операция кезінде науқастың басын ары-бері бұру интубациялық түтіктің шығып керуіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, оны мықтап бекіту қажет. Сондай-ақ, ол түтікшенің бүгіліп қалуы да ықтимал. Жалпы жансыздандыруды емхана жағдайында жүргізудің күрделілігін де атап өткен жөн:

БІРІНШІДЕН: науқасты наркозға дайындау уақытының тапшылығы.

ЕКІНШІДЕН: операция алдында науқасты толық тексеріп үлгрмеушілік, оның кейбір ағзаларының ауруын байқамау операциядан кейін олардың қайта қозуын тудыруы мүмкін.

ҮШІНШІДЕН: науқасты орындыққа отырғызып, наркоз жүргізудің қиындығы.

ТӨРТІНШІДЕН: операциядан кейін науқастың аз ғана уақыт дәрігердің байқауында болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]