Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.06 Кб
Скачать

Тіс жұлынған соң кездесетін жергілікті асқынулар. Қан кетуі.

Тіс жұлынуы басқа операциялар қатарлы қан кетумен өтеді. Қан 4-5 минут шамасында өздігінен немесе тампон жәрдемімен тоқтайды.

Алайда кейбір жағдайларда қан кетуі тез арада тоқтай қоймайды, жалғаса береді мұндайда біріншілік қан кету немесе операциядан соң бірнеше сағат, бірнеше күн өткен соң екіншілік қан кету деп аталады.

Қан кету мерзімі, оның сипаты жергілікті және жалпы себептерге байланысты. Жергілікті себептердің бірі шырышты қабаттың жырылуы болып есептеледі, мұнда ірі артерия, вена, қан тамырлары (таңдай, тіл, менталь т.б.) жарақаттануы мүмкін.

Сүйек тканінің зақымдануы (тіс ұяясы қабырғасының жарықшағы, тіс ұясы өсіндісінің өткелдері) көп мөлшерде қан кетуіне алып келеді, себебі сүйек қан тамырлары үңірейіп тұрады.

Өткір қабыну процессінде тіс ұясының қан кетуі, қан тамырларының кеңеюі нәтижесінде. Ал кешеуілдеп қан кетуі, тромбтың бұзылуынан (тіс ұясының қабынуы). Жергілікті жансыздандырғанда жансыздандырушы ерітіндіге адреналин қосылса, қан тамырлары тарайып операция кезінде оның аз кетуіне ықпал жасайды, ал 1-2 сағаттан соң тамырлар кеңейіп ұйыған қанды ығыстырып шығады. Осындай жағдайда қан кетуі мүмкін. Төменгі жақ азулары әсіресе ақыл азулары жұлынғанда төменгі тіс ұялары тамырлары тістердің түбір ұштарында кетіп жатқан қабыну процесстерінің әсерінен төменгі жақ каналының қабырғалары бүлінуі мүмкін.

Өте сирек кездесетін жағдайларда тіс жұлынғаннан соң – ақ қан кетуі ол тамырлы ісік гемангиомаға жақын жайласқанда болады.

Мұнда сыртқы ұйқы артериясын байламай немесе ісікті толығымен алып тастамай қан кетуі мүмкін емес.

Тіс ұясын тампондап, төменгі жақты жоғары жаққа қысып бинтпен таңып байлап ауруханаға жіберіледі.

Тіс ұясынан қан кетуіне алып келетін жалпы жағдайлар- қанның ұю қасиетінің әлсіреуі, қан тамырларының өткізгіштік қасиетінің нығаюы. Олардың қатарына: гемофилия, Верльгоф ауруы, цинга, лейкоз жатады. Жұқпалы аурулар (безгек, скарлатина, эндокардит).

Сондай-ақ қан қысымы жоғары ауруларда немесе антикоагулянттар қабылдап жүрген адамдарда қан кетуі байқалуы мүмкін.

Тіс жұлынған соң қан кетуін тоқтату әдістері.

Әдебиеттерде қан тоқтатудың физикалық, биологиялық және химиялық әдістері баяндалған. Олар әдетте бірлесіп қолданылады.

Көрінуге келген науқастан алдымен қан кетудің себептерін анықтау қажет. Тіс ұясы ұйған қаннан тазартылып, ауыз қуысы шайылып, қан кетіп жатқан орын анықталады. Қан жұмсақ тіндерден кетіп жатса оның қан тамырлары байланады немесе тігіледі, жарақаттанған шырышты қабатына тігіс салынады.

Қан тамырын байлауға мүмкіншілік болмаған жағдайда, жарақатты құрғатып,тамырды гальвано каутермен немесе қыздырылған құралмен күйдіру арқылы немесе калий перманганаты себілген тампон қою арқылы тоқтатылады. Қан сүйектен кеткен кезде қысқаштармен оның қан ағып жатқан бөлігі қысылып жұммсақ тіндермен жабылып, шырышты қабатының шеттері тігіледі. Тіс ұясын кетгут түйінімен немесе қан тоқтатқыш губкамен толтыру арқылы қанды тоқтатуға болады. Осы айтылған әдістердің барлығы нәтиже бермеген жағдайда тіс ұясын 4-5 күнге тампондауға болады. Тампонды тіс ұясына орналастыруды оның түбінен бастайды, йодоформ қоспасына малынған ұзынша дәке, қатпарланып нығыздалады. Тампонның үсті 1-2 тігіспен тігіледі. Тігістер 4-5 күннен соң алынады, сол кезде тампон тіс ұясынан грануляциялық тінмен ығыстырылады. Қан тоқтату үшін дәрі-дәрмектер қолданылады -10 % хлорлы калцийдің ерітіндісі 5-10 мл. мөлшерде көк тамыр арқылы, 1-5 мл.мөлшерде 5% аскорбин қышқылы, күніне 2 мезгіл 0,015-0,02 викасол немесе 1% викасол ерітіндісін 1-1,5 мл. мөлшерде бұлшықетке енгізу арқылы.

Кейбір қан аурулары бар науқастарда тез уақытта ауруханаға жатқызып гематологпен немесе терапевтпен кеңесу қажет болады. Алдын ала қан кетіп жатқан тіс ұясын тампондап қанның анализін зерттеп және куагулаграмманы анықтау қажет. Көп кешіктірмей қажеттілігіне қарай қанды тромбоциттерді, антигемофильді плазманы, изогенді сыворотканы құю қажет. Реципиенттен донорға тікелей қан құю өте тиімді болады. Қан құю екі мақсатты көздейді: біріншіден - қанды тоқтату үшін; екіншіден - қанды толықтау үшін;

Жергілікті жасалатын шаралар : - ұяшықты гемостатикалық губкамен, биологиялық антисептикалық тампонмен, тромбинді тампонмен, аминокапрон қышқылы, гемофиобинмен тығындауларда – қанды тоқтату мақсатына бағытталады. Қан кетуді болдырмаудың алдын-алу үшін дәрігер науқатан бұған дейін тіс жұлдырғанда қан кетудің болған болмағанын анықтап алу керек. Анықтау барысында науқасқа арнайы дайындау керек болса операцияны ауруханада өткізген тиімді болады.

Жергілікті себептермен болатын қан кетулерді болдырмау үшін парадонт тіндерін көп жарақаттамай, тіс жұлу операциясының бар ережелерін мұқият сақтау қажет.

Ұяшықтың ауруы тіс жұлғаннан кейінгі ұяшықта болатын әртүрлі асқынулардың салдарынан болады, оларға: альвеолит, неврит, ұяшық остеомилиті жатады.

Альвеолит – ұяшыөтың қабынуы. Себептері: тіс жұлу кезінде ұяшыққа инфекцияның түсуі, тіс жұлудан кейінгі түбір ұшы маңындағы қабыну процестерінін өршуі, операция кезінде ұяшықтың жарақаты.

Ауру тісті жұлғаннан соң 3-4 күннен кейін басталады. Үнемі тоқтамайтын сыздаған, науқас жатқан кезде, температуралық және механикалық тітіркендіргіштерден үдейтін ауру сезім осы ауру тән белгі. Ауру сезім анальгетиктерді ішіп, ыстық басқандада тоқтамайды.Дене қызыуы аздап көтеріліп 37-37,50 С ұрттың тіндері аздап ісінгені байқалады. Тексеру барысында ұяшық не бос, немесе иісі нашар шіріген сұр түсті қан ұйығы кейде тамақ қалдықтары барлығы анықталады. Қоршаған қызыл иек қызарып ісінген, басып тексергенде ауру сезімі жоғары.

Емі: жергілікті жансыздандыру жасалып, өткір қасықпен ұяшық тазаланып, реванолдың (1:1000) , фурацилиннің (1:5000), асқын сутегінің (2%), калий перманганатының (1:5000) жылы ерітінділерімен жуылады.Содан кейін ұяшыққа жағадан қан ұйығын түзеді немесе антибиотиктермен сульфаниламидтерден дайындалған паста толтырылып жарты сағатқа дәке тампонмен жауып қойылады. Егер ауру сезімі жоғары болса осы аталған пастаға анестизин қосуға болады. Ұяшыққа камфорофенолға малынған тампонмен қоюға болады және де жергілікті жансыздандыру тәсілі мен новокаин-пенициллин блокадасын жасауға да болады.

Кейбір авторладың айтуы бойынша ұяшыққа йодоформға және пропиолитикалық ферменттерге малынған тампондарға қоюға болады.

Үйде аналгетиктерді ішумен ауыз қуысына жылы ас содасынан жасалған ванночкалар тағайындалады.

Физиоемдер: УВЧ, Бернар тогы, сальлюкс пайдаланылады. Ауру сезім 1-3 күннің аралығында басылады. Альвеолиттің ағымы ауыр кезде ұяшықты тазалап өңдеу бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Науқастар альвеолит кезінде 2-3 күнге еңбекке жарамсыздығын жоғалтады.

Ұяшық остеомилиті: аоьвеолитке қарағанда кешірек дамып, ағымы созылмалы, ұяшықтың ірің шығып, грануляциының өсуімен ерекшеленеді.

Тексеру барысында ұяшықтың бос немесе аздаған грауляцияның , іріңнің барлығы анықталады. Жараның жазылу нышаны байқалмайды. 12-15 күннен кейінгі R- суретінде ұяшықтың сүйек тіні бұзылғаны, кейінірек сайда секвестрлердің барлығы анқыталады.

Емі: кешенді десенсибилизациялық, қабынуға қарсы емдеу шаралары мен секвестр болса ұяшыққа кюретаж жасау. Ұяшықтың невриті тісті жұлғаннан соң шеттерінде өткір қырлардың қалуынан пайда болады. 3-4 күннен кейін ұяшықта невралгиялық ауру сезім пайда болып, тамақ жеген кезде, ұяшықты механикалық тітіркендіру кезінде үдей түседі. Ауруу сезім шырышты қабық сүйектің өткір қырын жауып тұратындықтан пайда болады. Қан ұйығы сақталады. Ұяшық жазылғаннан кейін шетіндегі өткір қыр шырышты қабықты тесіп шығуы мүмкін, бірақ айналасындағы шырышты қабықта қабыну процессі байқалмайды. Кей кездері ұяшықтың өткір қыры 1-2 айдан соң сорылып кетеді.

Ұяшық невриті. Өте ұзақ әрі қиын емге көнетін өзінен- өзі әрі сыртқы тітіркенулерден де пайда болатын ұстамалы болатын ұстамалы ауру сезімі бар дерт. Ұяшықта қабыну белгілері жоқ, іші қан ұйығымен толған.

Аурудың себептері: нерв талшықтары тіс жұлу кезінде қысылып қалуы, езілуі, ұяшыққа түскен сүйек сынығының нервті тітіркендіруі және т.б. Науқастың ауруына бұдан басқа себептер болуы мүмкін. Мысалы, ұяшықтың өткір қырларының және түбір аралық сүйек пердесінің қалып қоюы. Бұл жағдайда ауру сезім осы өткір сүйек қырларының үстіндегі шырышты қабықтың тітіркенуінің себебінен пайда болады. Кейде жара толық жазылған кезде олар сүйекті тесіп шығады.

Өткір қырды саусақпен сипап анықтау қиын емес. Шырышты қабықтың сүйекке тиген жерінің ауру сезімі жоғары, қабыну процессінің белгілері байқалмайды. Ауру сезім біртіндеп азайып кейін 1-3 айдан соң ұяшық толық сүйекпен толған соң өткір қыр мұқалғаннан сорылып кеткен соң мүден қойып кетеді.

Осыған байланысты науқасты ертерек қатарға қосу мақсатымен альвеолоэктомия операциясы жасалады. Трапеция тәрізді тіліктер жасалып, шырышты қабық жалаңаштанады. Сүйектің өткір қырлары түбірлік қысқыштармен тістеліп алынады, немесе фрезбен бұрғымен тегістеледі. Тілік қайта орнына қойылып тігіледі.

Ұяшықтың өткір қырлары науқастың ауыз қуысына протез салу кезінде де тегістеледі.

Егер өткір қырлар болмай, тіс түгел жұлынып, қабыну дерті болмаса да ауру сезімі пайда болса физиоемдер мен ауыздың ішінен жасалатын жылы ванночкалар тағайындалады.Кейде ауру сезім көрші тістердің әсерінен болатынын есте сақтау керек.

Бет нервінің парезі. Өте сирек кездесетін асқыну, тісті жұлғанан кейін бірден немесе бірнеше сағаттан соң дамуы мүмкін. Себебі – нервтің операциялық жарақатқа рефлекторлы тітіркеніп жауап беруі. Бірнеше күннен бірнеше апта аралығында іс-түссіз кетеді. Құрғақ жылу, физиоемдер (УВЧ, соллюкс, ионогаьвонизация) тағайындалады. Төменгі ерін мен иек аймағында парез төменгі тістерді жұлғаннан кейін пайд болады. Бұл асқыну төменгі альвеолды нервінің тіс жұлу, ұяшықты кюретаж жасау, жансыздандыру кезінде (немесе остеомилиттің дамуынан) жарақаттануынан пайда болады. Ауру төменгі альвеолды нерві иннервациялайтын аймақтарда сезімталдықтың төмендеуі мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.

Сезімталдық 1-3 айдың көлемінде қалыпқа келеді.

Қабыну процесстері – абсцесстер, флегмоналар, остеомилиттер түбір ұшы маңындағы созылмалы процесстердердің қабыну салдарынан дамиды. Абсцесстер мен флегмоналар тісті дөрекі жұлып, асептика және антисептика талаптарын дұрыс сақтамаған кезде де дамуы мүмкін. Емдеу жолдары оқулықтың арнайы тарауында айтылған. Көрші тістердің жарақатты перидонтиті, тісті элеватормен дөрекі жұлу себебінен болады.

Алдын- алу: элеватормен жұмыс істеу техникасын жетік меңгеру.

Соңында айта кететін нәрсе, тіс жұлу операциясы жақсы жетілген операция екені. Бірақ, кей жағдайда оның орындау техникасы тәжірибелі хирургтың өзіне де қиынға соғады. Бұл жағдайлар анатомиялық ерекшеліктерге, қарысу мен қабыну прцессінің барлығымен түсіндіріледі. Тіс жұлу операциясы кезінде және одан кейін әртүрлі өмірге қауіпті асқынулар кездесулері мүмкін. Сондықтан амбулаторияда хирургиялық операциялар тәжірибелі хирургқа сеніммен беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1.Тіс жұлуға арналған құралдар.

2.Тісті жұлуға болатын және болмайтын жағдайлар.

3.Жүрек-қантамырларының қызыметі бұзылған геморрагиялық диатез, қан аурулары және басқа да аурулары бар науқастардың тісін жұлуға дайындаудағы ерекшеліктер.

4.Тіс жұлу ідңстері.

5.Кейбір тістер мен тіс түбірлерін жұлу ерекшеліктері.

6.Тістер мен тіс түбірлерін кесіп, шауып алу әдістері, альвеолоэктомия әдісі.

7.Операциядан кейінгі жараны күту.

8.Тіс жұлу кезіндегі кездесетін жалпы асқынулар.

9.Тістер мен түбірлердің тыныс жолдары мен ас қорыту жолдарына түсуі.

10.Жоғарғы жақ қуысының тесілуі, емдеу тәсілі.

11.Тіс жұлу кезінде және соңғы кездесетін қан кетулер.Жедел жәрдем көрсету.

12.Операциядан кейінгі ұяшықтың ауруы, альвеолиттер, олардың алдын алулары мен емі.

Оқулықтар: 1.Бернадский Ю.И. «Основы хирургической стоматологии» Киев 1970г.

2.Верлодский А.Я. «Хирургическая стоматология» М.1960г; «Удаление зубов и заживление экстракционный раны» М. 1950г.

3. Евдокимов А.И. , Васильев Г.А. «Хирургичесуая стоматология» М. 1964г.

4. Абдуллаев Г.М., Кожевников И.Н. «Удаление зубов у больных гемофилии», « Стоматология» 1966г. №1, стр. 61-64.

5.Аржанцев П.З. «Опыт применения биологической губки и тампона в хирургической стоматологии», « Стоматология» 1958г., №2 стр. 63-64.

6. Левенец А.К. «Лечение перфорации гайморовой пазухи» , «Стоматология», 1964, №3 стр. 81-83.

7. Мануйлов О.Е. «К вапросу о кровотечении после удаления зуба», В кн. «Вопросы стоматологии и восстоновительной хирургии лица». М, 1965, стр. 88-93.

8. Скоробогатько В.З. « О механизме реакции сердечно сосудистой системы на удаление зубов у больных с сердечно- сосудистой патологии», «Стоматология» 1966, №4 стр. 60-62

9. Танфильев Д.Е. «Удаление зубов, М-Л, 1956 изд. Л 1966.

10.Татаринцев К.И. «Кравотечение после операции удаление зуба. Их педупреждение и лечение», « Стоматология» 1956 №6 стр.41-44.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]