Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.06 Кб
Скачать

Хирургияда пайдаланылатын тігіс жіптерін залалсыздандыру

Бұл өте күрделі, жұмысы қиын және жауапты жұмыс. Қазіргі кезде жібек, лавсан, капрон, мақта жіптерімен бірге жылқының құйрық-жалынан ұсақ малдың ащы ішектерінен (кетгут) жасалған тігін жіптері кеңінен қолданылады.

Ал, енді, микрохирургиялық операциялар мен аспаптардың дамуына байланысты біздің ел шет мемлекеттерден алынатын диаметрі: 0,001-ден 0,06-ға дейінгі проленнен жасалған атравматикалық жіптерді кеңінен пайдалануға көштік.

Жібек жіпті залалсыздандыру үшін оны нашатырлы спиртте өте ұқыпты жуып, 6-7 рет сол ерітіндіге шайқап, сулема ерітіндісіне (1:1000) 2-6 минут ұстағаннан кейін, ауызы нығыздалып жабылатын банкіге салынып 96° спиртте сақталынады. Першин жібек жіпті диоцитте ұстағанды қолдап, мына әдісті ұсынады. Жіпті жоғарыда айтылғандай етіп ұстатқаннан кейін, диоцит ерітіндісінде (1:1000) 24 сағат ұстағаннан соң, диоцит ерітіндісін 1:5000 мөлшерінде сақтайды.

Жылқы құйрық-жалынан алынған жіпті өңдеу.

  1. Құйрық-жалдан алынған бір буда жіпті сабынменен жылы суда таза болғанға дейін жуылады.

  2. Буда жіпті суға салып, жылқы иісі кеткенше 50° - 1 сағат қайнатады.

  3. Буданы судан шығарып құрғатқаннан кейін бір талдап жинап буындайды. Әрбір буындыда 15-20 тал жіп болуы қажет. Буданы шеңбер тәрізді түрде иіп бірнеше (3-4) жерден сол жіптерменен байлайды. Шеңбер тәріздес жіп бумаларын (бірнеше шеңберлерді) стерилизаторға салып, оны стерильды суға толтырады.

  4. Стерилизаторде 5 күн қайнатады: бірінші күні- 40 минут, қалған 4 күн 20 минуттен. Осылайша споралы қабыршықта микробтардан құйрық-жал жібі айықтырылады.

  5. Операциялық бикеш (сестра) жуынып операцияға жуынғандай стерильдік жағдайда шеңбер тәріздес бума жіптерді ауызы мықты жабылатын сауытқа салады.

Осындай әдіспен өңделген жіпті 9-10 айға дейін пайдалануға жарайды. Тек операция алдында 5-10 минут қайнатып алған жөн. Полиэтиленнен жасалған жіпті (жилка, леска, қармақ байлайтын) өңдеу. Ұзындығы 20 см-ге жуық етіп жіпті кесіп бума-бума етіп (әрбір бумада 30-50 ден) жинап бөлінген бірнеше (3-4) жерден байлайды. Жүнге арналған бояуменен араластырған таза суға салып стерилизаторға 30 минут қайнатады. Жүнге арналған бояу қара түсті болса өте жақсы болады. Өйткені қара түс операциялық жара ішінде көзге жақсы көрінеді. Бұл жіптерді стерильді банкіге сақтап, тұтынар кезінде 5-10 минут суда қайнатып алған жөн.

ХИРУРГ ҚОЛЫН ӨҢДЕУ

Бұндағы басты міндет хирургтің қол терісіндегі микроорганизмдерді мейлінше азайту және терінің терең қабатындағы микробтарды үстіңгі қабатқа шығармау. Терінің үстіңгі (мүйізді) қабатында, майлы сілекейде, түк қабатында және сілекей жолдарында көптеген микроорганизмдер өмір сүреді.

Хирург қолын операция алдында өңдеуде мына 3 тәртіп сақталуы қажет:

  1. Қолды жөкемен сабындап жылы суменен жуу;

  2. Микробтарды жою үшін антисептикалық ерітінділерменен өңдеу;

  3. Микробтар үстіңгі қабатқа шықпас үшін терінің үстіңгі қабатын домбықтыру (дубление кожи).

Бұрынғы кең тараған әдістердің ішіндегі тиімдісі. Қолды Спасокукоцкий – Кочаргин тәсіліменен өңдеу. Жөкемен сабындап қолды ыстық суменен 5 минут жуғаннан соң, 0,5% нашатыр ерітіндісіне 3 минут бойы стерильді дәкеменен қолды құрғатқаннан кейін, тағы да (екінші легенде) осындай ерітіндіде 3 минут жуып құрғатады. Осыдан кейін саусақ буындарын 5 % йод ерітіндісімен өңдейді. Осыдан кейін хирургтың жұмысқа кірісуіне юолады.

Бұл айтылған тәсіл көп уақыт алады, сондықтан емханада қолдану қиын.

Емхана жағдайында қолды диоцит

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]