Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.06 Кб
Скачать

2 Айдың соңына қарай тіс ұясы қабырғасы мен сүйек арасындағы айырмашылықтар жойылады.

Үш айдан соң, сүйек тәрізді тіннің сүйекке айналу процессі толығымен аяқталады. Бұл аралықта тіс ұясы қабырғасының биіктігі және қалыңдығы алдыңғы кездегімен салыстырғанда 1/3 төмендейді, 6 айдан ішінде тіс ұясының сүйек тіндерінің айналасындағы сүйектен ешбір ажыратып болмайды. Басқа жан-жануармен салыстырғанда, адамда тіс ұясының жазылуы біршама жай өтеді.

Егер тіс ұясында, тіс түбірі немесе тіс түбірінің ұшы қалып керкен болса,оның тіс ұясына бітісіп кетуі немесе ығыстырып шыңарылуы мүмкін емес. Оның айналасында созылмалы қабыну процессі өтіп жатады. Тіс ұясы эпителий қабатымен жабылуы мүмкін, бірақ қызыл иекте немесе жақ шоқтығғында тесік (жыланкөз) пайда болып мезгіл-мезгіл қабыну процесі асқынып тұруы мүмкін.

ТІСТЕРДІ ЖӘНЕ ТІС ТҮБІРЛЕРІН ЖҰЛУ КЕЗІНДЕ ЖӘНЕ ЖҰЛЫНҒАННАН КЕЙІН ПАЙДА БОЛАТЫН АСҚЫНУ ПРОЦЕССТЕРІ.

Тісті жұлу кезінде болатын асқынуларды жалпы және жергілікті асқынулар деп бөлінеді. Жалпы асқыну жағдайлары: естен тану, коллапс, шок, жұлынған тістің, тампонның ұйыған қанның, тыныс жолына еніп кетіп кептелесіп қалуы нәтижесінде болатын тұншығу жатады. Олардың пайда болуына- операция алдында қорқу, құрал-жабдықтардың, түкіргіштегі қанның көрінісі /дәрігердің/ науқасқа селқос қарауы әсер етеді.

Сонымен бірге организмнің қажуы, аштық, жүрек-қантамырларының сорығуы, жұқпалы аурулар себепші болуы мүмкін. Жансыдандырудың толық әсер етпеуі, науқастың ауруды сезінуі, тыныс және жүрек- қантамыр орталықтарының жұмысына әсер етіп оларды әлсіретеді.

Естен тану

Орталық нерв жүйесінде жеке ми қыртыстарында қан кемуі нәтижесінде ауру адам есінен танады. Мұдай кезде: әлсіздік, құлағы шуылдап, көзі қарауытып, басы айналуы, аяқ- қолы мұздауы мүмкін. Естен тану кезінде денеден суық тер шығып, көз қарашықтары кеңейеді. Ауру адамның денесі босап, қолдары төмен салбырап түсіп кетеді. Тамыр соғысы жиілеп әлсірейді. Мұндай жағдайда науқас бірнеше минуттан соң қалпына келеді.

Алғашқы әрекеттер мидың қан айналымын жақсартуға бағыттауы тиіс. Операция жедел тоқтатылып, аурудың басын тізесінен төмен қарай еңкейту керек, немесе креслоның сүйенішін төмен түсіріп оның денесін көлденең күйге келтіру керек.Терезелерді ашып, түймелерін, белбеуін ағытып, тыныс алуды қиындататын кедергілерден арылады. Тыныс алу орталығын қоздыру үшін мұрынға мүсәтір спиртімен ылғалданған мақта иіскетеді. Бұл іс-әрекеттер жеткілікті нәтиже бермеген жағдайда тері астына /1мл 10 % кофеин ерітіндісі, кордиамин, коразол тағы сол сияқты/ егіледі, оттегімен тыныс алдырады. Лобелиннің немесе цитотонның 1 мл 1% ерітіндісі егіледі. Аурудың аяқтары бас деңгейінен жоғары көтеріледі.

Есі танған науқастың жағдайы жақсарғасын, операцияны жалғастыруға болады. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, алдын ала сақтық шараларын қолдану қажет.

КОЛЛАПС- тіс жұлыну кезіндегі аурудың жағдайының қиындауының ауыр түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл жағдай жүрек-қантамырлары жұмыстарының әлсіреуі нәтижесінде келіп шығады.

Коллапстың негізгі себептері- үлкен жарақат және аурудың қансырауы. Науқастың бет аузы бозарып, аяқ- қолы мұздап, қан қысымы төмендейді, басы айналып көру қабілеті төмендейді. Тыныс алуы әлсіреп жиілейді. Емдеудің негізгі мақсаты қансырауды тоқтатуға, қан қысымын қалпына келтіруге бағытталады, операцияны тоқтатып, жарақатты тампонмен жауып, ауруды көлденең жанқызып 40-60 мл 40% глюкоза ерітіндісін, физиологиялық ерітіндіні вена арқылы жібереді. Сондай-ақ қан немесе плазма құйылады. Тері астына жүрекке әсер ететін дәрілер салынады. Аяққа ыстық су құйылған резеңке қыздырғыш қояды.

ШОК.

Тіс жұлу кезінде ауруда шок дамуы өте сирек кездеседі. Кей жағдайларда операциядан соң болуы мүмкін.

Шокқа алып келетін жағдайлар- естен тану, коллапстағыдай. Негізгі себептері: ұзақ уақытқа созылған операция, көп мөлшерде қан жоғалту, жансыздандырудың жеткілікті дәрежеде болмауы.

Бұл жағдай өмірлік маңызы зор дене мүшелерінің қызметінің нашарлауына әкеп соғады және орталық нерв жүйесінің шамадан тыс әлсіреуінің нәтижесінде болады. Алғашында қозу, оның вртынан іле-шала тежелу процесстері жүреді. Ауру адам айналасына қатыссыз қарайды, ақыл есі жайында, тері қабаты көгеріп-бозарған, көз қарашығы кеңейіп, қан қысымы төмендеп, тамыр соғысы әлсірейді. Үстірі тыныс алып, көз алмасы үңірейіп қозғалыссыз болады. Дене қызуы төмендейді. Шок жағдайында емдеу- физиологиялық ерітіндіні, глюкоза, морфин егу, қан құю, ысытқыштармен ысыту, оттегі мен көмір қышқылының 3-5 % қоспасымен тыныс алдырады.

Қанды, шокқа қарсы бағытталған сұйықтармен /Ц.И.П.К., Ц.Щ.Л.И.П.К. – 5, Петров ерітіндісі / кезектестіріп құю қажет. Полигюкин немесе поливинил, пирромедон қабылдаған да пайдалы. Алдын- алу шаралары қансыратпау, жеткілікті дәрежеде жансыздандыру, операцияның алдында пемедикация жасау.

ТЫНЫС АЛУДЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Тыныс жолдарына- жұлынған тістің, тампонның немесе ұйыған қанның түсуінің нәтижесінде, ауру тұншығуы мүмкін. Мұндай жағдайда жедел трахеостомия жасау қажет.

Егер тыныс жолдарына жұлынған тістің жарықшақтары түссе бұл тыныс алуды шұғыл өзгертпейді. Алайда, кейіннен өкпенің іріңді қабынуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан ауруды рентгендік зерттеуден өткізу және пульмонологтың кеңесі қажет. Ал тісті немесе түбірді жұлып жіберу үшін қауіпті емес.

ТІСТІ НЕМЕСЕ ТҮБІРДІ ЖҰЛУ КЕЗІНДЕ БОЛАТЫН ЖЕРГІЛІКТІ АСҚЫНУЛАР

Тіс жұлу кезінде, тіс саутының немесе түбірдің сынуы салыстырмалы жиі кездесетін құбылыс. Бұған себеп көбінесе: тіс сауытының қатты бұзылуы, түбірлердің қисық болуы немесе гиперцементоз т.с., көп емделген тіс. Тіс жұлу әдістерін жеткілікті дәрежеде меңгермеу де, көп жағдайда оның сынуына алып келеді. Мысалы / қысқыштың ұрттатын терең енгізбей, жақсы қысып ұстамау, керекті қозғалыстармен босаңсыту /қлзғалту/ немесе бұрау. Мұндай асқынуларда операцияны элеваторды қолданумен немесе түбірлерді бормен кесіп алумен аяқталады. Мұндай жағдайды болдырмау үшін, тіс жұлу әдісін дұрыс таңдап алу және оны дұрыс өткізу керек.

Төменгі жақтың денесінің сынуы

Аз кездесетін жағдай. Ол сүйекте болатын қандай да бір патологиялық процесстер нәтижесінде (ісік, сүйек кемігінің қабынуы, киста) немесе тістің дөрекі жұлынуы, сол сияқты қашау мен балғаны қолданып жұмыс істегенде болуы мүмкін. Емдеуі – шендеуіш салу. Алдын –алу- тісті жұлардан бұрын, науқасты жан-жақты тексеру.

Тіс ұясы сүйек өсіндісінің сынуы

Қысқыштың ұртын терең енгізіп қашаумен жұмыс істегенде кездеседі, жоғарғы жақтың денесі қоса жұлыуы мүмкін, дөңестің сынықтары қозғалмалы болып, ауа көпіршіктері аралас қан кетеді. Емдеу – дөңестік бос жатқан сынықтарын жұлып тастап, қан тоқтату және тігу қажет. Керек жағдайда- шендеуіш салу қажет.

Төменгі жақ буынының шығып кетуі

Өте сирек кездеседі. Мұндай жағдай самай төменгі жақ буынының немесе оны біріктіруші аппаратының ауруы және шамадан тыс көп мөлшерде күш жұмсау нәтижесінде немесе ұлғайған қарт адамдарды тіс жұлу операциясы үстінде кездесетін жай.

Бұл асқыну түрі самай төменгі жақ сүйегі буынында патологиялық процесс болғанда немесе сау буынға мөлшерден тыс күш салғанда, қысқышты тіске салып, төмен жылжыту зорлықпен жүргізілгенде, жасы ұлғайған адамдардың тісін жұлу ұзақ уақытқа созылған жағдайларда болуы мүмкін. Емдеу: буынды өз қалпына келтіру. Төменгі жақты қозғалтпастай етіп, байлап таңу, 3-4 күнге диета сақтау.

Бет және ауыз қуысы тіндерінің жарақаттануы тіс жұлу тәртібін бұзу нәтижесінде болады. Шырышты қабықтың жырылуы, қан кетуі, тіл ерін, ұрт және ауыз қуысы тіндерінің жарақаттануы.

Емделуі – ауыз қуысындағы барлық жарақаттар тігіледі.

Алдын –алу шаралары: Тіс жұлу кезінде периодонттық айналма байламдарын үзу үшін шырышты қабықты тістен ажырату керек. Операцияны тәртіп бойынша дұрыс жүргізу. Көршілес тістердің сынуы және босап қалуы, элеватормен, қашаумен, ұрттары кең қысқыштармен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде болады.

Босап қалған тіс қайтадан өз орнына қондырылуы қажет. Қарама-қарсы тістердің жарақаттануы, тісті жұлып шығару кезіндегі дөрекі қимыл іс –әрекеттердің нәтижесінде туады. Мұнда тіс сауытының сынуы, эмальдан бөлектенуі, ұрылу нәтижесінде периодонттың жарақаты пайда болуы мүмкін.

Сақтау шаралары: жұлынатын тісті ұясынан дұрыстап шығару, қозғалыс әдетте жанына сосын жоғарыға немесе төменге жүргізілу керек. Тістерді немесе тіс түбірлерін, ауыз қуысы түбі тіндеріне, ақыл азу тістер арты кеңістігіне, ауыз босағасы жанындағы шырышты қабыққа өкізіп жіберу элеватормен, қашаумен дөрекі жұмыс істеу нәтижесінде болады.

Емделуі: тіс түбірлері немесе тіс әдетте аурухана жағдайында жұлынуы керек. Екі бағытта (проекция) рентген суреті болуы қажет. Сақтық шаралары: элеватормен байқай жұмыс істеу, сол қолдың саусақтарымен тісті немесе түбірді тежеп ұстап тұр.

Гаймор қуысының тесілуі. Мұндай жағдай жоғарғы жақ азуларының анатомиялық орналасуына байланысты. Егер тіс түбірлері гаймор қуысына жақын жайласса, немесе қандайда бір қабыну процесстері жүріп жатқан кезде, ісіктер болған жағдайда тік элеваторды абайлап пайдаланбаған кезде болады (кездеседі). Мұнда, мұрыннан ауыз қуысына ауа ағыны еркін өтіп, мұрыннан, жұлынған тіс ұясынан ауа көпіршіктері аралас қан кетеді. Ауру адам ұртын томпайта алмайды, себебі ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп, ажыратып тұратын тосық (гермитизация) жоқ.

Ол мұндай жолдармен анықталады: саусақтармен мұрынды қысып ұстап, мұрын арқылы тыныс алуды ұсынады, ауа көпіршіктері аралас қан сырылдап тесік арқылы шығады. Осындай жағдайда гаймор қуысын жуу немесе оны құралдармен зерттеу жақсы нәтиже бермейді, қосымша жарақаттануы және ыластануы мүмкін. Түбір гаймор қуысына шырышты қабығы астында оған зиянын тигізбей орналасуы мүмкін. Егер тіс толығымен жұлынып, жақ қуысында қабыну процессі болмаса, тіс ұясында қанның ұйығы жиналуын қадағалап, оны жарақаттанудан және жуылып кетуден сақтау қажет. Осы мақсатпен, тіс ұясынан үстіне йодоформға малынған тампон көршілес тістерге бекітіледі. Тампонды айналадағы шырышты қабыққа тігу де мүмкін. Тіс ұясы қабырғаларында едәуір үлкен жарақат болса, оны тігу керек. Шырышты қабықтың шеттері тіс ұясы үстінде бір-біріне жанасу үшін қосымша кесіктер кесіледі. Ауыз қуысына кіреберісінің шырышты қабығын трапеция тәрізді тігіп, сүйекке дейін тіс ұясы жағына жылжытады. Ал кейде сол кесінді таңдай жағынан жасалынады, негізін үлкен таңдай тесігіне қаратып. Содан кейін тігіс салынады. Тіс немесе түбір гаймор қуысына итеріліп өтіп кеткен, бірақ қабыну процессі дамымаған жағдайларда кездеседі.

Тіс немесе түбір ыластанған болса, оны қуыстан шығарып алып тастамайынша, алғашында, сосын бара-кере созылмалы без қаптаған созылмалы гаймор қуысы қабынуына ұласады.

Сол себепті түбірлерді, тістерді шығарып тесікті неғұрлым тезірек жабу керек. Мұндай жедел операция, әдетте жатып емделетін аурухана жағдайында, тіс жұлынған соң 1-2 күннің аралығында жасалады. Операция Колдуэл- Люктің әдісі бойынша гаймор қуысын тесу арқылы өткізіледі. Тіс жұланған соң, гаймор қуысы, төменгі тыныс жолы арқылы тесік ашу арқылы қатпардағы кесілген жарақат тігіледі. Қажетті дәрі- дәрмектер тағайындалады.

Кей жағдайда тіс жұлынғанынан кейін, гаймор қуысынан тіс ұясы арқылы көп мөлшерде іріңді экссудат ағады, бұл қуыста қабыну процессінің жүріп жатқанының айғағы.

Мұндай қуыс, тіс ұясы арқылы антисептикалық ерітінділермен жуылып, тіс ұясы ашық күйінде қалдырылады. Науқас рентгендік тексеруден өтуі қажет. Жоғары жақ ұуыстарына белгіленген арнайы әдістер бойынша операция жасалады (гаймор қуысына ығысып өскен ісіктерге операция жасау әдістері оқулықтың арнайы бөлімшесінен қаралсын).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]