
- •I тарау
- •Хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру
- •Құралдарды және таңғыш заттарды залалсыздандыру (өңдеу)
- •Хирургияда пайдаланылатын тігіс жіптерін залалсыздандыру
- •2 Тарау
- •Стоматологиялық дертпен ауыратын науқастарды тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Науқасты жалпы жансыздандыруға дайындау.
- •Наркозды жүргізу тәсілдері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Хирургиялық стоматологиядағы жергіліктім жансыздандыру үшін қолданылатын дәрігерлердің клинико-фармакологиялық сипаттамасы.
- •2. Амидтер тобы:
- •Жергілікті жансыздандыруды күшейтетін және ұзартатын дәрілер.
- •Жергілікті жансыздандыру түрлері.
- •Өткізгіштік жансыздандыру.
- •Көзасты тесігінде жансыздандыру жүргізу (инфраорбитальді анестезия).
- •Ауыз қуысы арқылы көзасты тесігіне жансыздандыру жүргізу тәсілі
- •Ауыз қуысы сыртынан жансыздандыру жүргізу әдісі
- •Үлкен таңдай тесігінде жансыздану жүргізу (палатиналді жансыздандыру)
- •Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты әдісі.
- •Торусты жансыздандыру ( м.М.Вайсбремнің әдісі бойынша)
- •Берше жансыздандыру.
- •Иек тесігінің, ауыз қуысы сыртынан жасалатын жансыздандыруы.
- •Үшкіл нервтің екінші бұтағын жансыздандыру
- •Жергілікті жансыздандыру кезіндегі асқынулар
- •Алын алу шаралары.
- •Новокоинмен, тримекаинмен улану.
- •Жергілікті асқынулар
- •Хирургиялық операциялар алдында жасалған премедикация.
- •IV тарау
- •1841 Жылы Джон Томсон “Анатомиялық экстракциялық қысқыщтар” жасап шығарды, олар көп өзгеріссіз қазірге дейін қолдануда.
- •Тіс жұлуға болатын жағдайлар
- •Жоспарлы түрде жүргізілетін тіс жұлу операциялары:
- •Тістерді жұлу тәсілдері.
- •Дәрігер мен науқастың тіс жұлардағы орналасу жағдайлары
- •Тіс жұлатын аспаптар
- •Саптарының иілу белгісі
- •Қысқыштың жақтық белгісі
- •Тісті қысқыштармен жұлу процессіндегі кейбір ерекшелік жағдайлар
- •Жоғарғы үлкен азу тістерді жұлу
- •Төменгі жақ сүйегіндегі кейбір тістерді жұлу ерекшеліктері
- •Төменгі күрек тістерді жұлу әдістері
- •Төменгі кіші азу тістердің жұлыну әдісі
- •Төменгі үлкен азу тістерді жұлу әдістері
- •Тіс түбірлерінің жұлыну әдісі
- •Тіс түбірлерінің қысқыштар жәрдемімен жұлыну әдістері
- •Тістерді және тіс түбірлерін элеваторлар арқылы жұлу
- •Терең жайласқан тіс түбірлер қалдықтарының жұлыну әдісі
- •Түбірді немесе тісті бормен кесіп шығару
- •Жұлынған тістің орнын өңдеу және олардың күтімі
- •Тіс жұлынғаннан кейін тіс ұясының жазылуы.
- •2 Айдың соңына қарай тіс ұясы қабырғасы мен сүйек арасындағы айырмашылықтар жойылады.
- •Естен тану
- •Тіс жұлынған соң кездесетін жергілікті асқынулар. Қан кетуі.
- •Тіс жұлынған соң қан кетуін тоқтату әдістері.
Тіс түбірлерінің жұлыну әдісі
Тіс түбірлерінің жұлынуы сауыты сақталған тістерге қарағанда біршама күрделілеу, себебі қысқыштардың ұртына сүйеніп қызметін атқаратын,тіс сауыты жоқ. Қысқыштың ұртын тіс ұясына тереңдете енгізу қиындайды. Солай болған соң қысқыштардың ұртын тіс ұясының сыртқы қабырғасымен төмен сырғытып түбірді қысып ұстауға қолайсыз.
Төменгі және жоғарғы жақтардың тіс ұяларының сүйек өсінділері қалыңдау болып, конус пішінді жоғарылаған сайын көлемі кеңейеді қысқыштың ұрты сырғанап, қиыншылықтарға соқтырады. Азу түбірлерінің жұлуын жеңілдету үшін бормен түбірлерді ажырату, немесе элеватормен босаңсыту арқылы жүзеге асырылады. Түбірлерді жұлудан бұрын дәрігер оның беріктігін,тереңдігін тіс ұясы қабырғаларын өсінділерінің ерекшеліктерін көршілес тістерді жан-жақты зерттеу қажет.
Тістің жұлынуы қиыншылықпен өту қаупі бар жағдайда, оны рентгенге түсірген жөн. Түбірлерді жұлу кезінде аурудың және дәрігердің жайғасу орындары және қысқыштардың ұстау тәртібі алдыңғы сауытты тістердің жұлынуындағы жағдайлар болады.
Түбірін босаңсыту үшін жасалатын қозғалыстар және соңғы басқыштағы түбірдің тіс ұясының жұлынатын кезеңі сауытты тістердегідей анатомиялық құрылысын есепке алған жағдайда өткеру қажет.
Тіс түбірлерінің қысқыштар жәрдемімен жұлыну әдістері
Жоғарғы жақтың барлық тістерінің түбірлері үшін найза тәрізді универсальды (әмбебап байонеті) ұштары істік, ұрттары түйіскен қысқыштар қолданылады. Олар найза тәріздес істік, немесе жалпы түбір жұлуға негізделген қысқыштар. Қысқыштың ұрты оның сабына параллель сызықта жатады,ал сабы мен ұртының аралығында аралық бөлігі (өткелі) бар. Қысқыштың осындай құрылысының сүйір ұштарының жұлынатын түбірдің периодонт саңылауларына және тіс ұясы қабырғаларына тереңдей енуіне мүмкіншілік жасайды.
Найза тәріздес сүйір ұшты қысқыштардың жоғарғы жақтың бір түбірлі тістерін және төменгі ақыл тісті жұлу үшін қолдануға болады. Сондықтан, бұл қысқыштарды универсальды деп атайды. Әйтседе, бұл қысқыштарды ескере кететін жай, қысқыштың сабы қаттылау қысылған жағдайда мылжаланып кетуі мүмкін, осы себепті сақтық шараларын ескере отырып жұмыс істеу қажет.
Қысқыштың ұрттары түбірдің таңдай және ауыз қуысына кіреберіс беткейінде жайласады.
Азу тістердің түбірін жұлуда қысқыштың ұрты, ұрт жақ беткейінде түбірлерінің ортасына жіне таңдай жағына салынады. Егерде түбірлер арасындағы байланыс берік болса, түбірлерінің үшеуі бірігіп бірге шығады. Ал енді екі түбір жұлынса үшіншісіне қысқыш қайта салынады.
Керісінше түбірлер бөлек болса, алдымен айналмалы қозғалыспен таңдай түбірі босатылады, сосын жұлынған тіс ұясына қысқыштың ұрты қайта салынып басқа түбірлер жұлынады. Түбірлерді қысқыштармен жұлу мүмкін болмаса, бормен түбірлер бір-бірінен ажыратылып, сосын жоғарыда келтірілген әдіс бойынша жұлынады.
Түбірлер бір-біріне дөңгелек және үшкір борлармен түбір аралық қалқаны кесу арқылы ажыратылады.
Бормен ажыратылғасын таңдай түбірін тік элеваторын босатады. Ол үшін тік элеваторды түбірлер аралық саңылауға енгізіп, айналмалы қозғалыс жасап ұрт жақ түбірді босатып жұлынады. Содан кейін найза тәріздес сүйір ұшты қысқыштармен бас түбірлер жұлынады.
Ақыл тістердің түбірлері өзара бірігіп кеткен болса оларға найза тәріздес қысқыштар қолданылады. Төменгі жақтың барлық тістерінің түбірлері құс тұмсықты, ұрты түйіскен қысқыштармен жұлынады. Ал төменгі ақыл тістеріне құс тұмсықты қысқыштарды пайдалану қолайсыз. Себебі түбірге қысқыштың ұртын салу кезінде азу және ұрт кедергі жасайды. Әдетте бұл тістердің түбірлерін босатуға тік элеваторлар қолданылады.
Түбір қысқыштарының ұрты тістің тіл жақ және ұрт жақ беткейлерін қысып ұстауға негізделген. Егер тіс аралық байланысы берік болса, екі түбір қосарланып бірге шығады. Ал байланыс әлсіз болса, әрбір түбір бөлек, өз алдына жұлынады.
Қысқыштың ұртымен түбірді қарап, қысып ұстауға мүмкіншілік жоқ болса, түбірлер бормен ажыратылады.
Медиальды және дистальды түбірлер ұрт тіл бағытымен ажыратылады.