Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.06 Кб
Скачать

Тістерді жұлу тәсілдері.

Тіс жұлу операциясы бірнеше қимыл-әсерлерден тұрады. Олар тісті немесе тіс түбірін қызыл иек тіндерінен, периодонттан күштеп ажыратады ( сонда тіс ұясының көлемі кеңереді).

Тісті арнайы қысқаштармен немесе элеваторлармен жұлады. Екеуі де бірінші сатының рычагы болып табылады.

Кейбір жағдайларжа тіс жұлу кезінде бор машина немесе балға мен қашауды қолданады. Олар арқылы тісті жұлуға кедергі болғпн сүйекті және тіс түбірлерін алады. Бұл айтылған операция жарақатты болып табылады.

Тіс жұлу операциясы алдында олардың анатомиялық шарттарын (санын, көлемін, түбірінің қисықтығын, түбірлер аралығындағы сүйектің қалыңдығын, тіс ұясының қисаюға бейімділігін, Гаймор қуысы түбінің жақындығын, сүйектің қалыңдығын, төменгі жақтың бұрышын, иегін, тістердің, сүйектің, қызыл иектің иннервациясын білк қажет. Бұл шарттарды білу үшін анатомиялық білім керек. Қиыншылық (белгісіз) жағдайларда алдын-ала рентген суретіне түсіру (жартылай ретенцияға ұшыраған тістерді жұлу).

Бұзылған, жұлынатын тіс түбірінің жағдайын көрші тістер немесе жақ сүйектің қарама-қарсы жартысындағы тістерге қарап білуге болады. Мысалы, тіс сауытының жалпақтығы және төмен болуы оның түбірлерінің ұзын және жан жаққа таралғандығын білдіреді.

Науқастың жалпы жағдайын ескертіп дәрі-дәрмектік және психологилық дайындықтан кейін, тісті жансыздандырып, жұлу керек.

Науқастың тісін жұлар алдын операция жайлы, жансыздандырғаннан кейін қандай өзгерістер болатындығын айтып түсіндірген жөн. Осындай ескертуден кейін науқас операция кезінде жағымсыз сезімдерге баяу жауап қатады.

Дәрігер мен науқастың тіс жұлардағы орналасу жағдайлары

Жоғарғы жақ сүйектің тістерін жұлар алдында науқас стоматологиялық орындықта басын кішкене шалқайтып, отыру керек (сонда иек алдыға қарай шығуы керек). Орындық дәрігердің иық буыны мен науқастың жұлынатын тісінің деңгейіне дейін көтерілу қажет. Сол жақтағы үстіңгі тістерді жұлу үшін науқас басын дәрігерге қарай бұрады, ал оң жақтағы тістерді жұлу үшін– керісінше бұрады.

Төменгі жақ тістерді жұлу үшін орындық дәрігердің шынтағымен жұлынатын тістің деңгейінде болу керек. Орындықтың бас тірегішін көтеретін, сонда науқастың басы тік жағдайда болып, иегі төменге, төске қарай жақындатады.

Төменгі күрек тістерді, ит тістерді және сол жақтағы кіші азу тістерді жұлу үшін, дәрігер науқастың алдында және оң жағында тұрады, ал төменгі оң жақтағы кіші азу мен үлкен азу тістерді жұлу үшін науқастың артынан және оң жағынан тұрады.

Тістің қиын жұлыну жағдайында науқасты операциялық столға көлденең жатқызған ыңғайлы болады.

Операция жасайтын аймақты операцияға даярлау

Ауыз қуысын асептикалық жағдайға келтіру мүмкін емес. Өйткені, әлсіз антисептиктер микрофлораны өлтіре алмайды, ал күшті антисептиктер ауыздың шырышты қабығын зақымдайды. Сондықтан, ауыз қуысын тіс жұлу операциясына дайындаудың ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан тазарту, бактериясын азайту болып болып табылады. Ол үшін ауызды марганец қышқылының калий әлсіз ерітіндісімен, хлорамин, фурацилин, нан содасы тағы басқа ерітінділерімен шайқайды.Егер жұлынан тістердің және көрші тістердің иегінде тастар болса, оларды тісті жұлмай бұрын тазарту қажет, өйткені ол тіс ұясын ластап, қабындыруы мүмкін.

Ауыз қуысының аздап ластанған жағдайында және жұмсақ тіс налетінің жиналған кезінде оларды калий перманганаты мен сутегі тотығы ерітінділерімен, суланған тампонмен сүртіп тазарту керек.

Ине кіргізетін және тіс жұлатын аймақты (тістің иегін, қоршаған шырышты қабығын) 1-2% спирттелген йод ерітіндісімен сүртеді.Йодтың жоғарғы концентрациясымен (5%) сүртуге болмайды, өйткені ол шырышты қабықты күйдіріп жібереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]