
- •I тарау
- •Хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру
- •Құралдарды және таңғыш заттарды залалсыздандыру (өңдеу)
- •Хирургияда пайдаланылатын тігіс жіптерін залалсыздандыру
- •2 Тарау
- •Стоматологиялық дертпен ауыратын науқастарды тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Науқасты жалпы жансыздандыруға дайындау.
- •Наркозды жүргізу тәсілдері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Хирургиялық стоматологиядағы жергіліктім жансыздандыру үшін қолданылатын дәрігерлердің клинико-фармакологиялық сипаттамасы.
- •2. Амидтер тобы:
- •Жергілікті жансыздандыруды күшейтетін және ұзартатын дәрілер.
- •Жергілікті жансыздандыру түрлері.
- •Өткізгіштік жансыздандыру.
- •Көзасты тесігінде жансыздандыру жүргізу (инфраорбитальді анестезия).
- •Ауыз қуысы арқылы көзасты тесігіне жансыздандыру жүргізу тәсілі
- •Ауыз қуысы сыртынан жансыздандыру жүргізу әдісі
- •Үлкен таңдай тесігінде жансыздану жүргізу (палатиналді жансыздандыру)
- •Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты әдісі.
- •Торусты жансыздандыру ( м.М.Вайсбремнің әдісі бойынша)
- •Берше жансыздандыру.
- •Иек тесігінің, ауыз қуысы сыртынан жасалатын жансыздандыруы.
- •Үшкіл нервтің екінші бұтағын жансыздандыру
- •Жергілікті жансыздандыру кезіндегі асқынулар
- •Алын алу шаралары.
- •Новокоинмен, тримекаинмен улану.
- •Жергілікті асқынулар
- •Хирургиялық операциялар алдында жасалған премедикация.
- •IV тарау
- •1841 Жылы Джон Томсон “Анатомиялық экстракциялық қысқыщтар” жасап шығарды, олар көп өзгеріссіз қазірге дейін қолдануда.
- •Тіс жұлуға болатын жағдайлар
- •Жоспарлы түрде жүргізілетін тіс жұлу операциялары:
- •Тістерді жұлу тәсілдері.
- •Дәрігер мен науқастың тіс жұлардағы орналасу жағдайлары
- •Тіс жұлатын аспаптар
- •Саптарының иілу белгісі
- •Қысқыштың жақтық белгісі
- •Тісті қысқыштармен жұлу процессіндегі кейбір ерекшелік жағдайлар
- •Жоғарғы үлкен азу тістерді жұлу
- •Төменгі жақ сүйегіндегі кейбір тістерді жұлу ерекшеліктері
- •Төменгі күрек тістерді жұлу әдістері
- •Төменгі кіші азу тістердің жұлыну әдісі
- •Төменгі үлкен азу тістерді жұлу әдістері
- •Тіс түбірлерінің жұлыну әдісі
- •Тіс түбірлерінің қысқыштар жәрдемімен жұлыну әдістері
- •Тістерді және тіс түбірлерін элеваторлар арқылы жұлу
- •Терең жайласқан тіс түбірлер қалдықтарының жұлыну әдісі
- •Түбірді немесе тісті бормен кесіп шығару
- •Жұлынған тістің орнын өңдеу және олардың күтімі
- •Тіс жұлынғаннан кейін тіс ұясының жазылуы.
- •2 Айдың соңына қарай тіс ұясы қабырғасы мен сүйек арасындағы айырмашылықтар жойылады.
- •Естен тану
- •Тіс жұлынған соң кездесетін жергілікті асқынулар. Қан кетуі.
- •Тіс жұлынған соң қан кетуін тоқтату әдістері.
Тіс жұлуға болатын жағдайлар
Тісті жұлуға болатын жағдайлар мүлдем (абсолютті) және уақытша (салыстырмалы) ( Танфильев Д.Е. 1966ж.), жалпы және жергілікті (Борнадский Ю.И. 1970ж.), жедел және жоспарлы (Заусаев В.Н. ) деп бөлінеді.
Тісті жедел (абсолютті) түрде жұлуға болатын жағдайларға: -жедел одонтогенді қабынулар ( остеомиелит, флегмона, перостит, абсцесс) жатады.
Жедел қабыну процессінің басталғанына неғұрлым аз уақыт өтсе, соғұрлым оны тез жойып асқынуды алдын алуға болады.
Қабыну асқынып кеткен жағдайда, тіс жұлу жалғыз қажетті шара болып қалмай, өтпелі қатпардыда, жақ-жанындағы жұмсақ тіндерді де тіліп, жалпы дәрі дәрмектік ем тағайындаған жөн.
Сонымен қатар, консервативті емнен нәтиже болмаса, емдесе де қабыну әрі қарай өрши берсе және одонтогендік хрониосепсисті тудырса сол тістерді жұлу қажет.
Жоспарлы түрде жүргізілетін тіс жұлу операциялары:
1.Тіс сауыты түбегейлі бұзылған жағдайда, оның түбірін ортопедиялық жолдармен қалпына келтіре алмайтын кезде;
2.Емделуге келмейтін жағдайларда –тіс герметизмге шыдамағанда, тіс түбірінің қисық болып, өзегін өте алмайтын жағдайда (егер де тіс түбірін кесу операциясы мен реплантацияны қолдануға болмайтын жағдайда);
3.Гаймор қуысының қабынуына себепші болған тістер;
4.Ішкі ағзалардың ауруын тудырушы тістер; 5.Парадонтозға ұшырап, 3-дәрежелі босаған тістер;
6.Ортодонтиялық мақсатпен тіс доғасынан сырт орналасқан тістерді қалпына келтіру үшін сау тістерді жұлады;
7.Альвеолды өсіндіде қарама-қарсы тұрғн тіс жоқ жағдайда тіс ұясынан жылжыған (Попов-Годон феномені) болған жағдайда, протез салуға кедергі болған кезде ол тіс жұлынады. Сонымен қатар, жақ доғасында тіс жалғыз қалып протездің тұрақтылығын бұзған жағдацда ол тіс жұлыну қажет;
8. Жақ сүйегінің сынған жерінде орналасқан, оларды орнына қоюға кедергі болатын, ұясына жартылай шыққан немесе сынған, инфекцияны сүйекке өткізуге себепші болатын тістер жұлынады;
9.Егерде тіс ұдайы ұрттың шырышты қабығын, тілді, жақ қанатша қатпарын, ерінді жарақаттайтын (зақымдайтын) болса, оның сауытын егегеннен кейінде қайта жарақаттайтын болса ол тіс жұлыну қажет; 10.Егер де тіс доғасынан қисық орналасып, ортодонтиялық тәсілмен қалпына келмейтын болса, ол тіс косметикалық көзқараспен жұлынады;
11.Дистопияға және ретенцияға ұшыраған, қиналып шыға алмаған тістерге тіс доғасынан орын жетпеген жағдайда олар жұлынуы қажет.
12.Егер тіс парадонты альвеолды өсіндіде ісіктің пайда болуына себепкер болса, ол тіс радикальды операция кезінде ісікпен бірге (жұлыну, алыну) қажет.
Сүт тістерді жұлуға болатын жағдайлар: жасөспірімдер стоматология бөлімінде қарастырылған.
Қорытындылап айтқан кезде бұзылған тістерді неғұрлым ерте жұлу қағидасы дұрыс болады.
Тіс жұлуға болмайтын уақытша (салыстырмалы) жағдайлар
Мүлдем (абсолютті) тіс жұлуға болмайтын жағдайлар жоқ.
Уақытша (салыстырмалы) тіс жұлуға болмайтын жағдаларды жалпы және жергілікті деп бөлуге болады.
Жалпы тіс жұлуға болмайтын жағдайлар:
1.Қан аурулары ( гемофилия, геморрагиялық диатез, анемия, ликемия, Верльгоф ауруы);
2.Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруары миокард инфарктісі, декомпенсивті жүрек ауруы;
3.Инфекцияыл аурумен ауырған кезеңде;
4.Нерв жүйесі аурулары кезінде (эпилепсия, психоз т.б.);
5.Әйелдің аяғы ауыр кезде (1,2 және 8,9 айларда, етеккір келген уақытта);
Қан аурулары кезінде тіс жұлғаннан кейін ұзақ уақытқа дейін тіс ұясынан қан ағуы мүмкін. Сондықтан, бұл жағдайда тісті ауруханада алдын ала дайындап және гематологпен бірге келісіп жұлған дұрыс болады.
Науқасқа операцияға даярлау алдында күнде вена (көктамыр) арқылы 10мл 10% кальций хлоридін ішке – витамин К, аскорбин қышқылы, 1группалы қанды вена арқылы 50-75-100 мл бөліп құяды.
Тісті қан ұю қалпына келген кезде (4-5минут) жылу қажет. Бірақ, қан ұюға көмектесетін емдеуді жара жазылғанша жүргізген дұрыс.
Ликемия ауруы кезінде, ауыз қуысында жаралы- өліеттену процесстерінің болу себебінен, тіс жұлу операциясы кезінде оны қошаған тіндерді мейілінше қорғаған жөн болады.
Әйелдерде етеккір кезінде қан ұю процессі нашарлайды. Сондықтан, осы мерзім кезінде тісті жедел жұлудың қажеті жоқ, оны 2-3 күнге кешіктіруге болады.
Жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсивті ауруы кезінде тісті уақыша жұлуға болмайтын жағдай болып табылады. Бұл жағдайда жалпы терапевтік дайындықтан кейін емханада не болмаса ауруханада жұлу қажет.
А.И.Рыбаков (1962) ауыр жағдайда тіс жұлуға болмайды деген асыра сілтеушілік деп есептейді.
Сондықтан, автордың айтуы бойынша жедел жағдайларда (жедел қабыну кезінде) алдын-алу шараларын қолдана отырып, тісті ешқандай асқынусыз жұлуға болады деп есептейді. Бірақ, бұндай жағдайда тіс жұлар алдында терапевтпен кеңескен дұрыс.
В.З. Скоробогатьконның (1966) айтуы бойынша тіс жұлғаннан кейін негізгі аурудың қайта қозуы байқалады – қан қысымы көтеріледі, әлсірейді, жүрегі қысыңқырайды, тамыр соғуы жиілейді.
З.М.Миканбойдың (1958) бақылап тексеруі бойынша жүрек-қантамырының ауруымен ауыратын науқастардың тісін мүлдем жұлуға болмайды деген көзқарастың теріс екендігін дәлелдейді.
Ол методикалық хатында (1963) ауруларды 3 топқа бөледі:
1топ- тістерін емхана жағдайында жұлуға болатын аурулар ( науқастар). Төмендегі аурулар түрімен амбулаториялық жағдайда тісті жұлуға болады. Олар:
1.Органикалық жүрек ақаулары; 2.Кардиосклероз; 3.Гипертониялық ауру І,ІІ,ІІІ дәрежелері кризге түспеген жағдайы; 4.Қан айналымының созылмалы жетіспеушілігі І және ІІ дәрежелері;
5. Органикалық жүрек ақауымен ревматизмнің жедел фазасы;
6.3 ай бұрын болған миокардты инфаркті, стенокардия мен жүрек демігуінің жиі қайта қозбағанында.
2 топ- мүлдем тіс жұлуға болмайтын науқастарға келесі ауру түрлері жатады:
Жедел миокардтың инфарктың бірінші күндері;
Инфарктың қайталаған коллаптоидты және жүрек қарыншасының жедел аневризмімен асқынған жағдайы;
Гипертониялық криз жағдайында;
3 топ- тіс жұлу операциясын уақытша (салыстырмалы) жұлуға болмайтын науқастар жатады.
Созылмалы коронар жетіспеушілігімен,стенокардияның жиі ұстамасымен, жүрек қарыншасының созылмалы аневризмімен және септикалық эндокардитпен ауырған науқастарды аурухананың терапевтік бөліміне жатқызып, тіс жұлар алдында оларға қажетті ем беріп, терапевтің кеңесінен кейін тісін жұлу қажет.
Жүрек қантамыр ауруларымен ауырған барлық науқастарды операция жасар алдында дәрі-дәрмектік және ішкі рухани сезімдік (психо-эмоционалдық) дайындық жүргізу қажет (перемедикация, тереңдетілген анестезия). Бұл жағдайларда жансыздандырғыш сұйыққа адреналин қосудың қажеті жоқ.
Операция алдында науқастың қорқыныш сезімін жою үшін триоксазин, андаксин және т.б. дәрілер тағайындау керек.
Жүрек қантамыр жүйесінің реакциясын төмендету үшін кейбір науқастарға жүрек гликозидтерін , тіндерде зат алмасу процесін қалпына келтіретін заттар, аритмияға қарсы дәрілер тағайындау қажет. Бұндай жағдайларда операцияны жасағанда балға мен қашау қолданудың қажеті жоқ.
Инфекциялық ауруларда организмді қорғау күштері әлсірейд, сондықтан жоспарлы операциялар және тіс жұлу бұл жағдайда уақытша жүргізілмейді.
Уақытша (салыстырмалы) тіс жұлмауға болатын жағдайларға нерв жүйесі аурулары (эпилепсия, психоздар, қояншық ауруы т.б.). Осындай науқастардың тістерін қажетті дәрігер маманның кеңесінен кейін жұлу қажет. Егер де, тіс түбіріндегі дерті ошақты қалдырып кеткен жағдайда ол науқастың ауруын қоздырғыш болатынын да ескеру керек.
Тіс жұлу операциясы нерв жүйе ауруларына оң әсерін тигізеді.
Әйелдердің аяғы ауыр кезеңінде ауыз қуысын тазарту мақсатымен емделуге жарамайтын тістерін жұлады. Бірақ, бұл жағдайда акушер-гинеколог дәрігерінің кеңесі қажет, өйткені тіс операциясы бала түсігінің себепкері болуы мүмкін.
Сондықтан, ауыз қуысын тазалау кезеңі 3-7 айлар аралығы ыңғайлы болады. Жүктіліктің бастапқы 2 айы лоқсу рефлесі мен сілекей бөлінуі күшейуіне байланысты.
8-9 айларда жүкті әйелдердің дәрігерге келіп қаралуы қиындау және ауыз қуысындағы манипуляцияларды (қол қимылдар) көтере алмауы мүмкін.
Жергілікті уақытша (салыстырмалы) тісті жұлуға болмайтын жағдайларға жаралы-өліеттенген стоматиттер, гингивиттер жатады. Ауыз қуысы шырышты қабығында жараның пайда болуының өзі-ақ, оның иммунитетінің әлсіреуін және микрофлораның күшейуін байқатады. Сондықтан, егер тіс жұлуға жедел жағдайлар болмаса, оны шырышты қабаттағы жараның жазылғанынша жұлмай қоя тұруы қажет.
Төменгі жақ доғасында жалғыз қалып кішкене босаған тісті уақытша жұлмай тұру керек. Өйткені, ол тіс алмалы-салмалы протезді ұстап тұру және протезге тез үйрену үшін қажет болады.
Мына жағдайларды ескеру керек, егер жұлынатын тіс ісік маңында (қасында), әсіресе қатерлі ісік маңында болса, ол тісті операция кезінде ісікпен бірге алу керек.
Өйткені, тіс жұлу операциясы қатерлі ісіктің жылдам өсіп, метастаздар беруін жеделдетеді, ал гемангиома аймағында көп қан кетеді.
Сонымен, жоғары атап кеткен аурулар және жедел сәулелі ауру, бүйректің инфекциялық аурулар т.б. аурулар кезінде тісті жұлу керек емес деген көзқарас уақытша болады. Бұл аурулар кезінде тісті жедел жұлу қажет жағдайларында (іріңнің кеулеп бара жатқанында) стоматолог басқа қажетті мамандармен бірге кеңесіп науқасты алдын-ала дайындап операция жасау қажет.
Ауыр дертпен ауыратын науқастарға тіс жұлу операциясы және т.б. операциялар стационар шартында жасалады.
Лейкоз, агранулацитоз, сәуле ауруларымен, септикалық эндокардитпен, ревматизммен,нефриттермен ауыратын науқастардың тістерін жұлар алдында оларға инфекциялық қабынуды алдын-алу үшін бактерияға қарсы ем жүргізу керек.
Науқастың анамнезін, негізгі диагнозын операция барысын анық және қысқаша іс қағазына енгізу қажет.