
- •I тарау
- •Хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру
- •Құралдарды және таңғыш заттарды залалсыздандыру (өңдеу)
- •Хирургияда пайдаланылатын тігіс жіптерін залалсыздандыру
- •2 Тарау
- •Стоматологиялық дертпен ауыратын науқастарды тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Науқасты жалпы жансыздандыруға дайындау.
- •Наркозды жүргізу тәсілдері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Хирургиялық стоматологиядағы жергіліктім жансыздандыру үшін қолданылатын дәрігерлердің клинико-фармакологиялық сипаттамасы.
- •2. Амидтер тобы:
- •Жергілікті жансыздандыруды күшейтетін және ұзартатын дәрілер.
- •Жергілікті жансыздандыру түрлері.
- •Өткізгіштік жансыздандыру.
- •Көзасты тесігінде жансыздандыру жүргізу (инфраорбитальді анестезия).
- •Ауыз қуысы арқылы көзасты тесігіне жансыздандыру жүргізу тәсілі
- •Ауыз қуысы сыртынан жансыздандыру жүргізу әдісі
- •Үлкен таңдай тесігінде жансыздану жүргізу (палатиналді жансыздандыру)
- •Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты әдісі.
- •Торусты жансыздандыру ( м.М.Вайсбремнің әдісі бойынша)
- •Берше жансыздандыру.
- •Иек тесігінің, ауыз қуысы сыртынан жасалатын жансыздандыруы.
- •Үшкіл нервтің екінші бұтағын жансыздандыру
- •Жергілікті жансыздандыру кезіндегі асқынулар
- •Алын алу шаралары.
- •Новокоинмен, тримекаинмен улану.
- •Жергілікті асқынулар
- •Хирургиялық операциялар алдында жасалған премедикация.
- •IV тарау
- •1841 Жылы Джон Томсон “Анатомиялық экстракциялық қысқыщтар” жасап шығарды, олар көп өзгеріссіз қазірге дейін қолдануда.
- •Тіс жұлуға болатын жағдайлар
- •Жоспарлы түрде жүргізілетін тіс жұлу операциялары:
- •Тістерді жұлу тәсілдері.
- •Дәрігер мен науқастың тіс жұлардағы орналасу жағдайлары
- •Тіс жұлатын аспаптар
- •Саптарының иілу белгісі
- •Қысқыштың жақтық белгісі
- •Тісті қысқыштармен жұлу процессіндегі кейбір ерекшелік жағдайлар
- •Жоғарғы үлкен азу тістерді жұлу
- •Төменгі жақ сүйегіндегі кейбір тістерді жұлу ерекшеліктері
- •Төменгі күрек тістерді жұлу әдістері
- •Төменгі кіші азу тістердің жұлыну әдісі
- •Төменгі үлкен азу тістерді жұлу әдістері
- •Тіс түбірлерінің жұлыну әдісі
- •Тіс түбірлерінің қысқыштар жәрдемімен жұлыну әдістері
- •Тістерді және тіс түбірлерін элеваторлар арқылы жұлу
- •Терең жайласқан тіс түбірлер қалдықтарының жұлыну әдісі
- •Түбірді немесе тісті бормен кесіп шығару
- •Жұлынған тістің орнын өңдеу және олардың күтімі
- •Тіс жұлынғаннан кейін тіс ұясының жазылуы.
- •2 Айдың соңына қарай тіс ұясы қабырғасы мен сүйек арасындағы айырмашылықтар жойылады.
- •Естен тану
- •Тіс жұлынған соң кездесетін жергілікті асқынулар. Қан кетуі.
- •Тіс жұлынған соң қан кетуін тоқтату әдістері.
Алын алу шаралары.
Анамнезді тиянақты жинау, әсіресе кейбір дәрі-дәрмектерді науқастың көтере алмауына көп көңіл бөлу керек. Егерде анамнезінде дәрі-дәрмектерді қабылдағанда, есекжем, қышыну, бас ауруы, әлсіздік болуын мәлімдесе онда жансыздандырғыштың қай түрін қолдану мәселесін шешу қажет. Жергілікті жансыздандырғыш заттарға идиосинкрозия жиі кездесіп жүр, ол дене терісінде қызыл дақтардың пайда болуы, терінің қышынуымен терлегіші, ысыну сезімі, бет терісінің бозаруы юайқалады, кейде есі танады. Осы тәрізді рекцияны болдырмас үшін көк тамырға 1-2 мл 1% димедрол ерітіндісін, супрастинмен хлорлы кальций 10мл- 10% ерітіндісімен бірге енгізілгені жөн. Науқасты жатқызып оның жалпы жағдайын, тамыр соғысын, тыныс алуын, артелиальды қысымын тұрақты қадағалау керек. Егерде науқастың жағдайы нашарласа реаниматорлар бригадасын шақыру қажет себебі науқас өміріне қауіп төнуі мүмкін. Науқастың жалпы жағдайының жақсаруы, қызыл дақтың қайтуы реакцияның кері қайтқанын көрсетеді. Бұл жағдайда науқасты науқасты қайтаруға болады. Науқасқа рекция тудырған анестетикті бұдан былай қолдануға болмайтынын ескерту қажет. Науқастың ауру тарихын бірінші бетіне белгілі анестетикті көтере алмайтындығын ескерту түрінде жазып қою керек.
Алдын алу шаралары: Науқасты жағымсыз сезімдер тудырған дәрі-дәрмектерге сынама жасау. Қайта жансыздандырылуға келген науқастарды алдын алып антигистоминдік препараттармен үш күн аралығында премедикация жасаған дұрыс./ пипольфен, димедрол, супрастин/.
Новокоинмен, тримекаинмен улану.
Организмге новокаин немесе тримекаин ерітінділерін дозадан көп енгізсе, улану пайда болуы мүмкін. Олардың улы дозалары- алдымен адамның көңіл күйін көтеріп, содан кейін орталық нерв жүйесінің жұмысын тежейді де, коллапс /талықсу/ тудырады немесе тыныс алу мен жүрек жұмысын тоқтатуы мүмкін. Жеңіл уланған жағдайда науқастар басы айналғанын, қызуы көтерілгенін, лоқсу пайда болғанын, аяқтарының тырысқанын айтады. Бұл жағдайда науқасты көлденеңінен жатқызып, мүсәтір ерітіндісін иіскетеді.
Ауыр уланған жағдайда көк қантамыры арқылы дереу әсер ететін барбитураттарды /1% 1-2 мл натрий тиопентал/ енгізеді. Олар жансыздандырғыш ерітінділердің активтігін төмендетеді /азайтады/. 10-20 минуттан кейін барбитураттарды қайта енгізуге болады. Тыныс алу нашарласа , респитатор арқылы жасанды тыныс алдыру шарасын қолданады. Дене температурасын жою үшін өкпе вентиляциясымен қатар, натрий тиопентал немесе кураре типтес заттарды енгізеді. Көрсетілген жағдайда жүрек қан тамырларының жұмысын қалыптастыратын дәрілерді де енгізуге болады. Улы организмнен тез шығару үшін, диуретиктерді /манитол, лазикс/ қолданады. Емхана жағдайында жергілікті жансыздандырғыш ерітініділермен улану бола қалса, жедел көмек машинасын шақырған жөн.
Жергілікті асқынулар
1.Иненің сынып қалуы- жооғары және төменгі жақ сүйектеріндегі кез-келген жансыздандыру жүргізілген кезде кездесуі мүмкін. Ине көбінесе өзегінің конуспен бекіген жерінде және басқа да аймақтарда сынуы мүмкін. Сондай-ақ ине жансыздандырудың техникасын дұрыс жүргізбеген жағдайда немесе тот басқан инені қолданған жағдайда да сынуы мүмкін. Ол үшін иненің алдын ала ұзындығын, мықтылығын, тоттың жоқтығын тексеру қажет.
ЕМІ: Ине тіндер ішінде сынып қалып қойса, бірнеше проекцияда рентген суретін жасайды да, оның орнынң қозғалғыштығын анықтайды. Егер ине қозғалмайтын болса және ауру сезімін тудырмасағ оны тінде қалдыруға болады немесе аурухана жағдайында тәжірибелі хирург оны алып тастауы тиіс.
2.Жұмсақ тіндердің қан тамырлары мен өрімдерін жарақаттау- жансыздандырудың техникасын дұрыс орындамағанда, ұшы қисық, өтпейтін инелерді қолданғанда пайда болуы мүмкін. Бұл асқыну түрі –туберальды жансыздандыруды жүргізгенде, қанатша көк тамыр өрімін жиі жарақаттаудан туады. Көк тамырдан шыққан қан ұйып кері сорылуы немесе іріңдеп қабынуы мүмкін.
АЛДЫН АЛУ: өткір, ұшы түзу ине қолдану, инені сүйек бетімен жылжыта отырып, алдында жансыздандырғыш ерітінді жіберіп отыру және туберальды жансыздандыруды тек көрсетілген жағдайда ғана жасау қажет.
ЕМІ: Қан тамыры жарақаттана қалса, ол жерді басып ұстап тұрып, қысып таңып тастау керек және тәулік бойына мезгіл- мезгіл мұз басқан жөн. Үйыған қан іріңдемес үшін қабынуға қарсы ем, екінші күннен бастап құрғақ жылу, УВЧ тағайындайды. Ал егер ұйыған қан іріңдеп қабынса ол жерді тіліп іріңді шығарады да, қабынуға және сенсибилизацияға қарсы ем қолданады.
3.Бет терісінің ишемиясы- қан тамырларының қабырғаларының тарылуынан пайда болады. Ол тері қабатының дереу бозаруымен білінеді. Бірақ өзі қайтады, ешқандай емнің қажеті жоқ. Көбінесе бұл асқыну инфраорбитальды, ментальды жансыздандыруды жүргізгенде пайда болады.
4.Нерв талшықтарын жарақаттау- жансыздандырудың техникасын дұрыс орындамағанда, анестетиктерді көп мөлшерде дереу енгізгенде, эндоневральді жансыздандыру жүргізгенде нерв талшықтары жартылай үзіліп, мылжаланып кетуі мүмкін.
КӨРІНІСІ: аузыз қуысы шырышты қабығы мен тері қабатының сезімталдығы төмендейді, парестезия байқалады.Инфраорбитальды жансыздандыру кезінде бет нервісінің ұрттық және беттік бұтақшалары блокадаға ұшыраса және мандибулярлы мандибулярлы жансыздандыру кезінде ерітіндіні төменгі жақ сүйегінің бұтағының артына енгізіп жіберсе, бет нервісінің талшықтары блокадаланып мимикалық бұлшық еттердің парезі пайда болады. Үшкіл нервтің бұтақтары жарақаттанса, бірнеше күннен бірнеше айға созылатын парестезия мен невралгия пайда болуы мүмкін.
АЛДЫН АЛУ: үшкіл нервпен қатар басқа да нервтердің топографиясын жақсы білу, перифериялық өткізгіштік және орталық жансыздандыру техникасын дұрыс орындау. Эндоневральды жарақаттану кезінде қажетті ем тағайындау қажет. /УВЧ, соллюкс, көк свет, витаминдер, ауру сезімін басатын дәрілер/. Парестезиялар емсіз өз бетімен қайтады.
5.Ауа эмболиясы- шприцтегі ауаны жансыздандырғыш ерітіндімен бірге қан тамырына енгізуден пайда болады. Бұл дәрінің немқұрайлығымен болады.
6.Қателесіп, бөтен сұйық заттарды тіндерге енгізу- /спирт, сілтілер, сутегінің асқын тотығы т.б./ Бұл мед.персоналдың салақтығынан, жансыздандырғыш ерітінділерді сақтау тәртібін бұзғанда немесе дәріхананың дәрілерді қателесіп беруімен пайда болады. Мұндай қателіктің бірінші белгісі- сұйық затты енгізген мезгілден қатты ауру сезімінің тууы.
АЛДЫН АЛУ: жансыздандырғыш ерітіндіні басқа дәрілерден бөлек сақтау, қолданар алдында этикеткадағы жазуын оқу, новокаинға Лукомский сынағын жүргізу, ерітіндінің органолептикалық қасиетін /дәмін, иісін, түсін/ тексеру.
ЕМІ: қателесіп енгізген дәрінің орнын 0,25% новокаин немесе физиологиялық ерітіндімен /80-120-150мл/ блокадалап, сол дәрі енгізген тұсты тілу қажет. Іріңді- шіру процесстері болмас үшін антибиотиктер енгізіледі. Одан әрі науқастың жағдайын бақылап, жараны гипертониялық ерітіндімен жуып тұру керек.
7.Инфекция енгізу:- жансыздандырғыш ерітіндіні енгізгенде асептиканы сақтамаудан, ине шаншитын тұстағы шырышты қабықтың ластануынан, стерильді емес инені щприцті және жансыздандырғыш ерітінділерді қолданғанда туындайды. Вирулентті микроорганизмдерді сырттан немесе ауыз қуысынан енгізу әсерінен әр түрлі аймақта абсцесстермен флегмоналар пайда болады.
АЛДЫН АЛУ: жансыздандырғыш ерітінділердің, аспаптардың операция жасайтын аймақтың, хирургтың қолының стерильдігін сақтау. Ине шаншыр алдында ауыз қуысын әлсіз антисептик ерітіндісімен шайқау, тері қабатындағы ине шаншитын тұсты спирт немесе әлсіз йод ерітіндісімен сүрту.
ЕМІ: Қабыну процесстерін емдеу тәсіліндей.
8.Бұлшық еттерді жарақаттау- көбінесе мандибулярлы және торусальды /үстірттік/ жансыздандыру кезінде жиі кездеседі. Бұл асқыну кезінде қанатша бұлшық еті ұшы майысқан инеден немесе шамадан көп енгізілген жансыздандырғыш ерітіндіден жарақаттанады. Ол ауызды ашудың шектелуімен және ауру сезімімен білінеді.
ЕМІ: Жақ астына құрғақ жылу тағайындау, ауыз қуысын ас содасынмен шайқау, қарысуға қарсы ем және механотерапия.
9.Қатты таңдайдың шырышты қабығының өлі еттенуі- бөтен сұйық дәрілерді енгізуден және жансыздандырғыш ерітіндіні шамадан көп мөлшерде +1 мл-ден көп /енгізілгеннен пайда болады. Бұл жағдайда таңдайдың шырышты қабығы сүйек сырты қабығымен қоса сүйектен ажырайды да қоректенуінің бұзылуы әсерінен өлі еттенеді.
АДЫН АЛУ: 1,5-0,75 мл көп жансыздандырғыш ерітінді енгізбеу.
10.Жұмсақ таңдайдың парезі- таңдай тесігінде жансыздандыру жүргізгенде, көп ерітінді енгізуден немесе үлкен таңдай тесігінің артына жансыздандырғыш ерітінді енуінен пайда болады. Ол лоқсу, құсу, жөтелу, тамағында бөтен зат тұрып қалғандай сезімдермен байқалады.
ЕМІ: жұмсақ таңдайдың тілшігінің тіл түбіріне тимеуді қамтамасыз ету. Ол үшін науқас аузын кеңінен ашып терең дем алуы тиіс.
11.Мүрын қуысының шырышты қабығының жарақаттануы- күрек тіс тесігіне жансыздандыру жүргізгенде өзекке инені 0,3-0,5мл көп енгізіп жібергенде пайда болады. Бұл жағдайда мұрын жолдарынан қан кетуі мүмкін.
12.Қосарлану /диплопия/- көз алдындағы заттардың қосарланып көрінуі. Бұл жағдай инфраорбитальды жансыздандыру кезінде инені өзекке терең енгізуден және жансыздандырғыш ерітіндіні шамадан көп мөлшерде жіберуден пайда болады.
АЛДЫН АЛУ: инені өзекке 7-10мм терең жылжыту және 1,5-0,75 мл көп дансыздандырғыш ерітіндіні енгізбеу.
ЕМІ: Көз алмасын жарақаттау – инфраорбитальды жансыздандыру кезінде инені терең енгізу әсерінен немесе көзді нашудан пайда болады.
14. Инъекциядан кейінгі добығу мен ауырсын жансыздандырғыш ерітіндіні сүйек сырты қабығының астына енгізілсе, сондай-ақ сақтау мерзімі өткен ерітінділерді қолданғаннан туындайды.
АЛДЫН АЛУ: жансыздандырғыш ерітіндінің жаңа даындалған болуы, сүйек сырты қабығын жарақаттамау және иненің кесілген бетімен сүйекке бағытталғаны дұрыс.
15.Анестетиктердің зиянды әсерінің жергілікті көрінісі – домбығу, дерматит – дәрігердің, мейірбикенің немесе анестетиктерді дайындайтын адамдардың қолдарының терілері ұзақ уақыт бойы анестетиктермен тікелей байланысты болғанынан туындайды. Новокаинге сезімталдығы жоғары науқастардың да бет әлпетінде дерматит пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәріге сезімталдығын алдын- ала анықтап, оны көтере алмайтын жағдайда, басқа анестетиктермен ауыстырған жөн.