
- •I тарау
- •Хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру
- •Құралдарды және таңғыш заттарды залалсыздандыру (өңдеу)
- •Хирургияда пайдаланылатын тігіс жіптерін залалсыздандыру
- •2 Тарау
- •Стоматологиялық дертпен ауыратын науқастарды тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Науқасты жалпы жансыздандыруға дайындау.
- •Наркозды жүргізу тәсілдері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Хирургиялық стоматологиядағы жергіліктім жансыздандыру үшін қолданылатын дәрігерлердің клинико-фармакологиялық сипаттамасы.
- •2. Амидтер тобы:
- •Жергілікті жансыздандыруды күшейтетін және ұзартатын дәрілер.
- •Жергілікті жансыздандыру түрлері.
- •Өткізгіштік жансыздандыру.
- •Көзасты тесігінде жансыздандыру жүргізу (инфраорбитальді анестезия).
- •Ауыз қуысы арқылы көзасты тесігіне жансыздандыру жүргізу тәсілі
- •Ауыз қуысы сыртынан жансыздандыру жүргізу әдісі
- •Үлкен таңдай тесігінде жансыздану жүргізу (палатиналді жансыздандыру)
- •Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты әдісі.
- •Торусты жансыздандыру ( м.М.Вайсбремнің әдісі бойынша)
- •Берше жансыздандыру.
- •Иек тесігінің, ауыз қуысы сыртынан жасалатын жансыздандыруы.
- •Үшкіл нервтің екінші бұтағын жансыздандыру
- •Жергілікті жансыздандыру кезіндегі асқынулар
- •Алын алу шаралары.
- •Новокоинмен, тримекаинмен улану.
- •Жергілікті асқынулар
- •Хирургиялық операциялар алдында жасалған премедикация.
- •IV тарау
- •1841 Жылы Джон Томсон “Анатомиялық экстракциялық қысқыщтар” жасап шығарды, олар көп өзгеріссіз қазірге дейін қолдануда.
- •Тіс жұлуға болатын жағдайлар
- •Жоспарлы түрде жүргізілетін тіс жұлу операциялары:
- •Тістерді жұлу тәсілдері.
- •Дәрігер мен науқастың тіс жұлардағы орналасу жағдайлары
- •Тіс жұлатын аспаптар
- •Саптарының иілу белгісі
- •Қысқыштың жақтық белгісі
- •Тісті қысқыштармен жұлу процессіндегі кейбір ерекшелік жағдайлар
- •Жоғарғы үлкен азу тістерді жұлу
- •Төменгі жақ сүйегіндегі кейбір тістерді жұлу ерекшеліктері
- •Төменгі күрек тістерді жұлу әдістері
- •Төменгі кіші азу тістердің жұлыну әдісі
- •Төменгі үлкен азу тістерді жұлу әдістері
- •Тіс түбірлерінің жұлыну әдісі
- •Тіс түбірлерінің қысқыштар жәрдемімен жұлыну әдістері
- •Тістерді және тіс түбірлерін элеваторлар арқылы жұлу
- •Терең жайласқан тіс түбірлер қалдықтарының жұлыну әдісі
- •Түбірді немесе тісті бормен кесіп шығару
- •Жұлынған тістің орнын өңдеу және олардың күтімі
- •Тіс жұлынғаннан кейін тіс ұясының жазылуы.
- •2 Айдың соңына қарай тіс ұясы қабырғасы мен сүйек арасындағы айырмашылықтар жойылады.
- •Естен тану
- •Тіс жұлынған соң кездесетін жергілікті асқынулар. Қан кетуі.
- •Тіс жұлынған соң қан кетуін тоқтату әдістері.
Берше жансыздандыру.
Қабыну процесстері кезінде шайнау бұлшықеттерінің қарысуын босаңсыту үшін Берше жансыздандыру қолданылады. Осының әсерінен үшкіл нервтің қозғалтқыш талшықтары ( меншікті шайнау, терең самай, қанат тәрізді бұлшықеттерінің нервтері) жансызданып, ауыз ішінде операциялар жүргізуге мүмкіншіліктер туады. Инені құлақтың көкілінен 2см. алға бет сүйегінің доғасының астыңғы қырынан теріге перпендикулярлы шаншиды. Ине төменгі жақтың ойығы арқылы 2-2,5 см. жылжытылып, 3-4 мл. жансыздандырғыш ерітінді жіберіледі. 10-15 минуттан соң шайнау бұлшықеттер босаңсып, науқастың ауызы ашылады.
М.Д.Дубов сезімтал нервтерді жансыздандыру мақсатымен Бершенің әдісін түр өзгертті. Ол инені 3-3,5 см. тереңге жылжытуды ұсынды. Осы тереңдікте жіберілген жансыздандырғыш ерітінді сыртқы қанатша бұлшықеттің ішкі бетіне сіңіп, қозғалтқыш нервтер мен қатар төменгі альвеолды және тіл нервтерінде тежейді. Себебі, бұл нервтер осы бұлшықетке өте жақын жатады. Жансыздандырудың артықшылығы қарысқан бұлшықеттерді босаңсытып қана қоймай себепші тісті жұлуға да мүмкіншіліктер туады.
В.М.Уваров инені оданда тереңге 4,5 см. жылжытуды ұсынады.Себебі, инені осы тереңдікке жылжытқан кезде сопақ тесікке жетіп, төменгі жақ нервін орталықтан тежеуге болады.
Иек тесігінің, ауыз қуысы сыртынан жасалатын жансыздандыруы.
Нысана көзі- иек тесігі. Ол көбінесе төменгі жақтың альвеолды өсіндінің шетімен төменгі жақтың төменгі қырының ара қашықтығының ортасында орналасады. Науқаста оны екі сызықты қиылысқан жері арқылы табуға болады.
Тік сызықты- бірінші, екінші кіші азу тістердің ортасы арқылы: егер тістер болмаса меншікті шайнау бұлшық етінің алдыңғы қырымен иек орта сызығының ара қашықтығына тең бөлу арқылы; адам тіке қарап отырғанда көз қарашығы арқылы жүргізуге болады.
Көлденең сызықты жақтың төменгі қырынан 12-13 мм жоғары жүргізіп, тік сызықпен қиылысқан жерінен иек тесігін табады. Иек тесігі артқа, жоғарыға және сыртқа қарай ашылады. Сондықтан, инені оған жеткізу үшін инеге кері бағыт беріледі, яғни, алға, төмен және ішке қарай. Осы аталған тесіктен аттас нерв шығады. Ол төменгі альвеолды невінің бір тармағы. Иек нерві бөлінген соң, төменгі жақ өзегі мен күрек тіс бұтағы деген атпен жалғасып, қарсы жағындағы осындай бұтақпен сүйектің ішінде өрім түзеді. Сондықтан бұл жансыздандыруды бір жағынан жасағанда оның жансыздандыру әсері жеткіліксіз болады.
Ауыз қуысының ішінен жасалатын әдісі:
Науқастың оң жағынан жасағанда дәрігер оның оң және кішкене артқы жағында тұрады. Айнамен езуді кейін тартып, ине шаншитын орынды ашады. Шприцті «қалам» секілді ұстап, инені бірінші үлкен азудың тұсындағы өтпелі қатпардың шырышты қабатына шаншиды. Оған жоғарыдан төмен, арттан алға және сырттан ішке қарай бағыт береді. Ерітіндіні жібере отырып, инені 1 см тереңдікке жылжытады.Сол қолдың сұқ саусағымен иек тесігінің басын басып тұру керек. Содан соң иненің ұшымен иек тесігін іздеп, оның тесікке түсіп кеткенін сол қолдың сұқ саусағы арқылы сезіп немесе төменгі ерінде оқыс ауру сезім пайда болу керек. Осы жерде тағы 1-2 мл жансыздандырғыш ерітінді жіберіледі.
Науқастың сол жағында дәрігер оның оң және кішкене алдыңғы жағында тұрады. Шприцті «шанышқы» секілді ұстайды. Қалған әдістері жоғарыда айтылғандай.
Ауыз қуысының сыртынан жасалатын әдісі: Ауыз қуысының сыртынан жасалатын әдісінің айырмашылығы, ине нысана көзіне тері арқылы ұрт тіндерін шаншып отырып, нысана көіне жеткізіледі. Ине кішкене жоғары жіне арт жағынан шаншылады. Басқа қимылдары жоғары айтылғандай.
Осы жансыздандырулардың нәтижесінде күрек, сүйір, кіші азу тістер, осы тістердің тұсындағы жақ сүйегі, аталған тістердің тұсындағы қызыл иек пен өтпелі қатпардың шырышты қабығы жансызданады.
ҰРТ НЕВІН ЖАНСЫЗДАНДЫРУ.
Ұрт нервіне өткізгіштік жансыздандыру жасау кезінде инені төменгі жақтың бұтағының алдыңғы қыры маңындағы жұмсақ тіндерге , жоғары азу тістерді, шайнау бетінің деңгейінен І см тереңдікке шаншу керек. Бұл жансыздандыру өте сирек қолданылады. Төменгі азу тістерді жұлу кезінде альвеолды өсіндінің сырт жағындағы шырышты қабықты жансыздандыру үшін ұрт нервінің тарамдалған жері өтпелі қатпарға жансыздандырғыш ертініді енгізіледі.
ТІЛ НЕРВІН ЖАНСЫЗДАНДЫРУ.
Тіл нерві көп жағдайда төменгі альвеолдық нервімен бірге төменгі жақтың самай қырынан ішкері жансыздандырғыш ерітіндіні жіберу арқылы тежеледі. Егер, осы аталған жерге не бары 0,75 см-ге дейін тереңдікке шаншып жансыздандырғыш ерітіндіні жіберсе, онда тек қана тіл нерві тежеліп, оның тервтейтін аймақтары жансызданады.
Сонымен қатар, тіл нервінің өткізгіштігін үшінші азу тістің тұсындағы альвеолды өсіндінің ішкі бетінде ауыз қуысының түбінің шырышты асты қабағына 0,5-1 мл ерітіндіні енгізу арқылы да тежеуге болады. Себебі сол жерде тіл нерві шырышты асты қабатта беткей жатады.
Жансызданатын аймақтар: тілдің алдыңғы үштен екісі мен жансыздандыру жасалған жағындағы ауыз қуысының түбінің шырышты қабығы, төменгі жақтың ішкі бетінің шырышты қабығы мен сүйектің беткі қабаты.
Үшкіл нервтің 2-ші, 3- ші бұтықьарының бас қаңқасынан шығаберісінде жасалатын жансыздандырулар /орталықтан жансыздандыру/
Орталықтан жасалатын жансыздандыру лар деп жансыздандырғыш ерітіндіні үшкіл нервтің 2-ші не 3-ші бұтағында домалақ немесе сопақ тесіктен шыққан жеріне жіберу арқылы жүргізілетін жансыздандыруларды айтады. Бұл жансыздандырулардың артықшылығы инені бір рет шаншып, толық та әрі ұзақ уақытқа созылатындығы. Жансыздандыру аса залалсыздандырылған жадайда ғана жасалуы керек.
Орталықтан жансыздандыруды төменгі жағдайларда қолданады:
Әртүрлі жағдайлармен шеткі өткізгіштік жансыздандыруларды
жасау мүмкіншілігі болмаған кезде / қабыну процесстері, қатерлі ісіктер, әртүрлі жаралар және т.б./
Әртүрлі патологилық процесстермен жақ сүйектері жарақатқа
ұшыраса, нысана көдері жойылса.
3.Көлемді және жарақатты операциялар кезінде /үлкен ісіктер мен жақ сүйектерін алып тастау, сүйек сынығын хирургиялық әдіспен бекіту және т.б.
4.Үшкіл нервтің 2-ші, 3-ші бұтақтарының невралгиясы және т.б.
5.Бет жақ аймағының көлемді жарақаттарын өңдеу кезінде.