Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.06 Кб
Скачать

Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты әдісі.

Науқас ауызын кең ашуы керек. Сұқ саусақпен төмен жақ сүйектің бұтағының алдыңғы қырын, сосын самай айдарлы қырын тауып, осы арада үлкен ретромолярлы үшбұрыш орналасады. Осы шұңқыршаға саусақты орналастырып, саусақ ұшы самайлық қырында орналасуы қажет. Шприцті қарама-қарсы жақтағы кіші азу тістер аймағында орналастырып, инені ( кесілген жағын сүйекке қарата отырып) саусақтың ұшы жағындағы шырышты қабатқа, төменгі үлкен азу тістердің шайнау беттерінен 0,75-1 см. жоғары шаншимыз. Бұл кезде ине самай айдарлы қырына жетеді, осы жерде тіл нервісін жансыздандыру үшін (тереңдігі 0,75 см.) 0,5 мл. ерітінді жібереміз. Сосын шприцті жансызданатын жағына ақырын ауыстырып, инені 2-4 мм. енгіземіз (бұл кезде иненің ұшы самай айдарлы қырын айналып өтеді). Сосын тек сүйек бойымен инені жылжыта отырып, инені 1,5-2 см., шприцті ақырындап орнына алып келеді, сөйтіп иненің ұшы төменгі жақ сүйек тесігі үстіндегі сүйек тілшігі жанына келеді. Осы жерде төменгі альвеолды нерв өтеді. Осы жерде 1,5-2 мл. жансыздандыратын ерітіндіні жібереміз. Жансыздану 15-20 минуттан соң басталады.

ЖАНСЫЗДАНУ АЙМАҒЫ: Сезімтал төменгі альвеолді нерв жансыздану әсерінен жансыздандыру жасалған жақтың барлық тістері, альвеолды өсіндісі, жартылай төменгі жақ сүйегінің денесі, төменгң ерін, тері, иек, ( жұмсақ тіндер) альвеолды өсіндіні жауып тұрған жұмсақ тіндер вестибулярлы жағынан тек екінші кіші азу тістің ортасынан екінші үлкен азу тістің ортасына дейінгі шырышты қабат жансызданбайды, себебі бұл аймақты ұрт нервісі нервтейді, бұл жансыздандыру тәсілінде жансызданбайды. Тіл нервісінің тежеу әсерінен альвеолды өсіндінің ішкі беті, ауыз түбі: тілдің алдыңғы 1/3 бөлігі жансызданады (сәйкес жағында). Күрек тістер мен сүйір тістер аймағында терең жансыздану байқалмайды себебі, қарама-қарсы жақпен анастамоздар бар екенін ұмытпау қажет. Сондықтан, бесінші, алтыншы, жетінші тістерді және алдыңғы тістерді жұлар кезінде қосымша инфильтрациялық жансыздандыру жасалған дұрыс.

Аподактильді тәсілі ( саусақсыз) А.Е. Берлодский бойынша: Науқас ауызын кең ашу қажет. Шприцті ауызыдың қарама-қарсы бұрышына қойып, инені қанатша жақ қатпарының сыртқы бөлігіне төменгі және жоғарғы үлкен азу тістердің шайнау беттерінің арақашықтығының ортасынан инені шаншимыз, 1,5-2 см. тереңдікте сүйекке жетіп, осы жерде анестетик жібереміз. Егерде осы тереңдікте сүйек байқалмаса, шприцті сәл қайтара шығарып тағы да қарама-қарсы жаққа орналастыруымыз қажет. Егер де қанатша жақ қатпаршасының көлемі үлкен болса инені қатпарларының орта бөлігіне шаншуымыз қажет. Егер де, қатпаршаның көлемі жіңішке және ұртқа жақын орналасқан жағдайда, инені қатпаршаның медиальді қырына шаншуымыз қажет. Жансызданудың басиалу уақыты мен жансыздану аймағы саусақты жансыздандыру тәсіліндегі көрсеткіштермен сәйкес.

Торусты жансыздандыру ( м.М.Вайсбремнің әдісі бойынша)

НЫСАНА КӨЗІ: Төменгі жақ үстірті. Ол төменгі жақтың тесігінен 1 см-ге дейін жоғары және алда орналасқан. Үстірт буын өсіндісі мен тәжді (айдарлы) өсіндіден шығатын екі қырдың қосылуының нәтижесінде пайда болған. Осы жердегі борпылдақ майлы клетчатка аралығында үш нерв қатар өтеді. Олар – төменгі альвеолды, тіл және ұрт нервтері. Ине шаншитын нүкте ойша екі сызықты жүргізіп, екеуінің қиылысқан жерін табу арқылы анықталады. Бірінші, тік сызық – ұрт сызаты мен жүргізіледі, ол ұрттық шырышты қабығы жақ қанат тәріздес қатпарлы өткен жерінде табылады. Екінші, жоғарғы ақыл тістің шайнау бетінен 0,5 см. төмен жүргізілген көлденең сызық.

Науқастың ауызы барынша кең ашылып, дәрігердің шынтағының тұсында болуы керек. Дәрігер айнамен езуді керіп, ине шаншитын жерді анықтап, инені аталған нүктеге шаншиды. Бұл кезде шприц қарсы жағындағы төменгі үлкен азу тістердің тұсында орналасады. Иненің ұшы сүйекке тірелген соң 2-3 мм. анестетик жіберіледі. Бұл жансыздандырудың нәтижесінде төменгі альвеолалық, тіл және ұрт нервтері тежеледі.

ЖАНСЫЗДАНАТЫН АЙМАҚТАРЫ: Мандибулярлы жансыздандыруды кезіндегі аталған аймақтарға қоса ұрт нерві нервтейтін ұрттық терісі еті және шырышты қабығы, сондай-ақ төменгі жақтың екінші кіші азу тістен, екінші үлкен азу тістер арасындағы сырт жағының қызыл иегі мен өтпелі қатпары мен шырышты қабығы жансызданады.

МАНДИБУЛЯРЛЫҚ ЖАНСЫЗДАНДЫРУДЫҢ АУЫЗ ҚУЫС СЫРТЫНАН ЖАСАЛАТЫН.

(С.Н.Вайсблаттың түр өзгертуі бойынша)

Нысана көзі – төменгі жақ тесігі. Инені төменгі жақтың төменгі қырына жақтың бұрышынан 1,5-2 см. алға шаншиды. Жансыздандыруды сол жағынан жасайтын болса: бас бармақты төменгі жақтың артқы қырына қойып, сұқ саусақ жақ бұрышынан 1,5-2 см. алға және ішке орналасады. Бұл жағдайда, бас бармақ иненің бағытын, ал сұқ саусақ ине шаншитын жерді көрсетіп тұрады. Оң жағынан жасалатын болса, онда сол қолдың сұқ саусағы иненің бағытын, бас бармақтың ұшы ине шаншитын жерге бағыттайды.Диаметрі 0,3 мм. ұзындығы 5см. ине алынады. Инені жақ бұрышынан 1,5-2 см. алға теріге шаншиды. Төменгі жақтың бұтағының ішкі бетімен инені сүйектен ажыратпай жылжытады.

Төменгі жақ тесігі жақтың төменгі қырынан 27 мм. жоғары орналасқан. Оған 1,5-2 см. жұмсақ тіндердің қалыңдығы қосылады.Инені жақ бұтағының артқы қырына параллельді бағытта 35-40 мм. жоғары жылжытып, 4мл. жансыздандырғыш ерітінді жібереді. Жансызданатын аймақ: төменгі жақ пен оның маңындағы тіндердің нервтелуіне қатысатын үш нервте (төменгі альвеолалық, тіл және ұрт нервтері) тежеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]