Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.06 Кб
Скачать

I тарау

Хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру

Стоматологиялық хирургия бөлімінің дәрігерлерінің міндетіне – халыққа хирургиялық стоматологиялық көмек көрсету, аурудың алдын алу жұмысына белсенді қатысу, стоматологиялық дертпен ауыратын науқастардың үйіне барып қажетті көмек көрсету, халыққа емдік алдын-алу көмек көрсету үшін бригада құрамында аудандық жерлерге бару кіреді. Сондай-ақ, хирург-стоматологтың міндетіне бақылау жүргізу де кіреді. Диспансерлік бақылауда туа және жүре біткен бет-жақ сүйегі аймағының бұзылыстары мен ақаулары бар науқастар, жақ сүйектерінің тістен пайда болған созылмалы қабыну процесстері бар сілекей бездерінің, нерв жүйелерінің аурулары мен аймағының ісіктерінен зардап шегетін адамдар тұрады. Стоматологиялық емханалар – диспансерлік бақылаудың мекемесі болып табылады.

Халыққа хирургиялық стоматологиялық көмек көрсету – арнайы емдеу – алдын-алу мекемелерінде территориялық не болмаса цехтық қағида бойында құрылған денсаулық пунктерінде, дәрігкрлік-санитарлық бөлімдерде жүргізіледі. Бұл стоматологияның алдын-алу бағытында жұмыс істейтіндігінің куәсі.

Амбулаториялық-емханалық жүйеде хирургиялық көмек көрсетудің көлемі мен құрылысы емдік мекеменің құрамына байланысты болады. Мысалы, орталық, республикалық, облыстық, қалалық стоматологиялық емханада хирургиялық стоматология бөлімі ұйымдастырылады. Ал, кішігірім стоматологиялық емханада, жалпы емханалардың стоматологиялық бөлімінде, қалалық, ауылдық, ауылдық-аудандық орталықтарда және өнеркәсіп мекемелерінің дәрігерлік-санитарлық бөлімдерінде хирургиялық стоматологиялық бөлме ұйымдастырылады. Диспансерлерде (арнайы ауруханалар), әйелдер кеңесінде, денсаулық пунктерінде, ауылдық-аудандық және бөлімдік ауруханаларда (стоматология бөлімдері болмаса) барлық стоматологиялық ауруларды емдейтін стоматологиялық бөлме ұйымдастырылады.

СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАБДЫҚТАРЫ МЕН

ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Ірі стоматологиялық емханаларда (дәрігерлердің саны 35-тен астам) бір немесе екі орындық хирургиялық стоматологиялық бөлімі ұйымдастырылады. Онда, бір креслоға (орындық) 14 м² көлеміндегі аумақ бөлінеді және қосымша қойылатын орындықтарға 7 м² көлем қосылып отыруы керек. Сондай-ақ хирургия бөлімінде төмендегідей бөлмелер болуы тиіс:

  1. Аурулар кезек күтіп отыратын бөлме (бір науқасқа 1,2 м² орын керек деп есептеледі) немесе нақастар емхананың жалпы бөлмесінде кезек күтеді;

  2. Операцияға дайындайтын бөлме (аумағы 10 м² кем емес );

  3. Операция жасайтын бөлме, бір стоматологиялық орындыққа есептелген көлемі 23 м² кем емес, әрбір қосымша қойылатын орындыққа 7 м² аумақ қосылып отыруы тиіс;

  4. Залалсыздандыратын бөлменің көлемі 8 м² кем емес;

  5. Анестезиологиялық бөлме;

  6. Операциядан кейін науқастар уақытша дем алатын бөлме.

Кішігірім стоматологиялық емхананың хирургиялық бөлмесі үшеу болуы тиіс:

  • Науқастар кезек күтетін бөлме, құрал-аспаптарды залалсыздандыратын, материалдарды дайындайтын, қызметкерлер операцияға дайындалатын бөлме, операция жасайтын бөлменің көлемі 12 м² ке емес, бір стоматологиялық орындыққа есептелген және қосымша орындыққа қойылатын болса 7 м² аумақ қосылады. Операция жасайтын хирургиялық бөлмелерге төмендегідей талап қойылады:

Қабырғалары тегіс, саңлаусыз болуы керек. Қабырғалардың қосылған жерлері, төбесі мен еденінің бұрыштары дөңгеленіп жасалуы қажет. Кабинеттің қабырғалары 1,8 м биіктікке дейін пластикпен не болмаса полихлорвенилді плиткамен, ал операция жасайтын бөлменің қабырғасы төбесіне дейін жабылуы керек. Ал кабинеттің едені линолиуммен, операция жасайтын бөлменің едені керамикалық плиткамен төселуі тиіс. Операцияға дайындайтын, операция жасайтын және залалсыздандыру жүргізетін бөлмелердің төбесі су өткізбейтің не майлы краскалармен сырланады. Есіктер мен терезелер ақ түсті сырмен сырланады. Барлық бөлмелерге күн сәулесі жарығы түсуі керек, сонымен бірге электр қуатынан жалпы және рефлектор түрінде, әрбір жұмыс орнын жарықтандыратын сәуле керек.

Жиһаздардың бояуы да ақшыл түсті болуы керек.

Стоматологиялық емханаларда медицина қызметкерлерінің штаты № 386 (1961ж. 2 қыркүйегінен) және № 340 (1968ж. 30 сәуірінен) денсаулық сақтау министрінің бұйрығына байланысты бекітіледі.

Ірі стоматологиялық емханада 2-4 хирург-стоматологтың штаты, кішігірім емханада – 1-2 хирург-стоматологтың қызметі бекітіледі. Ірі стоматологиялық емханаларда анестезиологиялық бөлмесі болуы тиіс. 20 дәрігерлік қызметке (стоматологтарға) 1 дәрігер анестезиологтың қызметі бекітіледі. Сондай-ақ 25 дәрігерлік қызметке 1 дәрігер-рентголог қызметі, ал дәрігер-хирургқа 1 орта және кіші медицина қызметкеолері тағайындалады. Хирургиялық стоматологиялық бөлмеде тіс жұлу, жедел және асқынған созылмалы қабыну процесстерінде жедел көмек (мысалы: шектелген қабыну процесін тілу) көрсету, беттің жұмсақ тіндері, кейбір жағдайда тістер мен жақ сүйегі жарақаттанғанында (аураханаға жату көрсетілмеген болса) көмек көрсетілуі қажет. Операция жасайтын жерде: кішкентай қатерлі емес ісіктерді алу, беттің жұмсақ тіндерінің бұзылуы мен ақауларын қалпына келтіру, қан-жел (пародонтоз) ауруында, созылмалы периодонтитте, жақ-сүйек сары-сулы ісігінде, экзостоздарда, тіс ұясының өткір қыры болғанында және биопсия сияқты жоспарлы амбулаториялық операциялар жасалады. Дәрігердің барлық көрсеткен көмегі, тағайындаған емі науқастың амбулаториялық сырқатнамасына жазылып, ол тіркеу орнында сақталады. Амбулаториялық операцияларды сырқатнамаға ғана емес, сонымен бірге операциялық журналға да жазылады. Дәрігер күнделікті істеген жұмысын сырқатнамаға жазады, диспансерлік бақылаудың картасын толтырады (№ 30 формасы). Бір күннің жұмыс есебі № 39 форма бойынша күнделіктің және операциялық журналдың негізінде толтырылады. Осы форма бойынша, ай соңында дәрігер есеп өткізеді. Ересек адамдарды емдейтін бір хирург-стоматолог күнінде 25 еңбек көрсеткішін орындауы тиіс. Амбулаториялық жасаған күні – тіс жұлу азаяды.

СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ АУРУХАНАСЫНЫҢ

ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Мұндай ауруханалар республикалық, облыстық, қалалық жерлерде ұйымдастырылады. Төсек орны – халықтың санына байланысты болады. Қалалық және аудандық ауруханаларда стоматологиялық дертке шалдыққан ауруларды емдеу үшін, жалпы хирургиялық бөлімнен төсек бөлінеді. Өз алдына емдік (стационарлық) бөлім, құрамында 30 төсек болғанда ғана ұйымдастырылады. Стоматологиялық ауруханалық (емдік) бөлім – операция жасайтын бөлімшеден, науқастар жататын бөлмелерден, қосымша қызмет бөлмелерінен (дәрігерлік, асханалық, шомылатын бөлме және материалдарды қоятын бөлмелерден) ауыз қуысын өңдейтін және дәрігер-ортопед пен тіс жасайтын техниктардың бөлмелерінен тұрады. Операция жасайтын бөлімше төмендегідей бөлмелерден тұрады:

1.Операцияға дайындайтын жер, операция жасайтын бөлме, залалсыздандыратын, наркоз беретін, аспаптар қоятын, материалдар жинайтын және хирург отыратын бөлмелер. Әрбір бөлімшенің екі операция жасайтын бөлмесі болуы керек. Біреуі – тек таза операциялар, ал екіншісі – іріңді операциялар жүргізу үшін. Егер, операция жасайтын бөлме біреу ғана болса, онда іріңді операциялар тек таза операциядан кейін ғана жасалады. Сонымен бірге операциядан соң, операцияға дайындалатын, жасайтын жерлер, аспаптар химиялық жолмен (хлорамин ерітіндісі, лизол, сулема) және физикалық (көгілдір түсті сәуле) бактерицидті заттармен залалсыздандырылады. Ауруханада екі жара таңатын орын болу керек. Оның бірі - іріңді қабыну процесстерімен ауыратын науқастарды таңу үшін қажет. Жара таңатын бөлмеде сондай-ақ бір немесе екі стоматологиялық орындық болуы тиіс. Ол науқастардың тісін жұлу үшін, отырғызып жараны таңу үшін және қажет жағдайда наркоз беру үшін қажет.

Операциядан кейін науқас жататын бөлмеде азоттың шала тотығын, оттегін орталықтан беретін газ бөлетін кішкентай қалқанша болуы керек.

Стоматологиялық хирургия стационарларында – әртүрлі стоматологиялық аурумен ауыратын науқастарға жедел хирургиялық көмек көрсетіледі, не болмаса операцияға тағайындаған күндері жоспарлы операциялар жасалады. Республикалық, облыстық, қалалық ауруханалардың стоматологиялық бөлімдері – методикалық ұйымдастыру орталығы болып табылады.

ОНЫҢ МАҚСАТЫ:

  1. Стоматологиялық дертпен ауыратын науқастарға жоғары квалификациялы көмек көрсету.

  2. Аудан стоматологтарына методикалық көмек көрсету.

  3. Емделген аурулардың сапалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу.

  4. Науқастарға кеңес беру.

  5. Стоматологиялық дертке шалдыққан науқастарға жедел көмек көрсету, ерте диагноз қою мәселелерін жетік білу үшін дәрігерлерге, орта медициналық мамандандыру және жетілдіру оқуын ұйымдастыру болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]