
- •Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы
- •«Қазіргі қазақ тілінің негіздері»
- •Силлабусы
- •5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған
- •2. Машықтандыру сабағының тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •3.2 Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Проректор _______________ Қ.Ә.Ахметов
“___”______________________2014 ж.
«Қазіргі қазақ тілінің негіздері»
пәнінің
Силлабусы
5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған
Оқу нысаны: күндізгі
Кредит саны – 4
Курсы – 1
Семестр – 1
Машықтандыру саб. – 60
СОӨЖ – 40
СӨЖ – 80
Емтихан
Барлығы: 180 сағат
Астана – 2014
Силлабус Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж. Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген, ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің № 289 11.05.2005ж. бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген, 050102 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес дайындалған «Қазіргі қазақ тілі» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде әзірленді.
Силлабусты дайындаған: гуманитарлық бағыттағы қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, филол.ғ.к. А.Е. Абдрахманова
_________
(қолы)
Силлабус гуманитарлық бағыттағы қазақ және орыс филологиясы кафедрасының отырысында талқыланған.
№ __-хаттама, 2014 жылдың __маусымы
Кафедра меңгерушісі Қ.А. Мамаділ
Институттың ғылыми-әдiстемелiк кеңесiнде қаралып бекiтiлген, № __- хаттама, __қыркүйек 2014 ж.
ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Абдрахманова Айтбала Ергалиевна,
Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Каф. тел: 56-21-27; е-mail: aitbala65@mail.ru
Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы- 406-407-каб.
М. Жұмабаев көшесі, 3-үй.
Қабылдау уақыты (office-hour): кафедрадағы консультациялар кестесі бойынша
Пәні: «Қазіргі қазақ тілінің негіздері»
1. ТҮСІНІК ХАТ
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Бастауыш сынып мұғалімі – жас ұрпақ бойына білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарының дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын тұлға. Осы талаптарды жүзеге асыруда «Қазіргі қазақ тілі негіздері» пәнінің өз орны бар. Өйткені қарым-қатынастық, танымдық, адамгершілік, эстетикалық т.б. дағдыларды қалыптастыру үшін мұғалім қазақ тілінің теориялық-практикалық қырларын жетік білуі тиіс. Оқу пәні бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндер жүйесінде қазақ тілінің жетекшілік рөл атқаратынын көрсетіп, мұғалімнен тілден берілетін теориялық білімді жетік білуді талап етеді.
Пәнді оқытудың мақсаты: Оқу пәні студенттерге қазақ тілінің фонетикасынан, лексикологиясы мен сөзжасамынан, морфологиясы мен синтаксисінен жүйелі білім беруді көздейді.
Пәнді үйрету міндеті:
- тілдің қоғамдық мәні және оның ойлаумен байланысы туралы түсінік беру;
тіл дыбыстары және олардың түрлерімен таныстыру;
тіл дыбыстарының жасалу жолын үйрету;
дыбыстардың үндесу заңдылықтарын білдіру;
орфографиялық және орфоэпиялық ерекшеліктерді меңгерту;
буын түрлерімен таныстыру;
сөз мағыналарын топтастыру жайындағы ғылыми пікірлермен таныстыруыыыы,
сөз мағыналарының түрлерін айыра білуге үйрету;
сөзжасамның негізгі тәсілдерін, морфемаларды меңгерту;
сөздерді таптастыру принциптерімен таныстыру;
сөз таптарын және олардың грамматикалық түрлену жүйесін меңгерту;
сөздерді тіркестіру формалары мен тәсілдерін үйрету;
сөйлем мүшелерін меңгерту;
сөйлемнің айтылу мақсатына және құрылымына қарай түрлерін меңгерту;
сауатты жазуға үйрету.
Пәннің пререквизиттері: Дидактика, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы.
Пәннің постреквизиттері: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы, шешендік өнерге үйрету әдістемесі, мемлекеттік тілде іс жүргізу.
Студенттердің меңгеретін білімі мен дағдылары:
- тіл дыбыстарының құрамын, түрлерін, ерекшеліктерін, буын түрлерін білу;
- сөз мағынасының түрлерін, омоним, антоним, синоним сөздерді, олардың стильдік қырларын меңгеру;
- сөзжасамдық ұғымдарды, сөз таптарының сөзжасамын меңгеру;
- жалаң сөз бен күрделі сөздің өзіндік белгілерін, ерекшеліктерін білу;
- сөз таптарының морфологиялық сипаттамаларын білу;
- сөз тіркесі мен сөйлемнің өзіндік белгілерін, түрлерін, сөйлем мүшелерін білу;
- құрмалас сөйлем түрлерін, төл сөз бен төлеу сөзді, автор сөзін, тыныс белгілерін білу;
- тақырыпқа қатысты басты ұғымдарды және бірліктерді меңгеру;
- дәстүрлі талдауға байланысты зерттеушілік жұмыстарды жүргізе алу қабілетін шыңдау.
- студенттердің білімін бағалауға олардың аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасы мен белсенділігі негізге алынады;
- семестрде жоспарланған ағымдық, аралық және қорытынды бақылаулар, студенттердің өздік жұмыстары еске алынады;
- студенттерді тиісті әдебиетпен қамти отырып, оларға өздігінен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағдар берілуі керек.
Сонымен қатар пәнді оқыту барысында бақылаудың мынадай түрлері қарастырылған: ағымдық, аралық, қорытынды және тағы басқа бақылау амалдары. Студенттер сабақты жібермей қатысуға, топ ішінде болатын талқылауларға белсенді қатысуы керек.
Оқытушы дәріс ақпараты мен белгілі бір бөлімді бекітуге бағытталған бақылаудың алуан түрін (квиз, тест) студенттерді алдын ала ескертпей-ақ қабылдауға құқы бар. Олардың бағасы материалды жалпы түсінуін анықтайтын қорытынды бағаға қосылады. Студент тапсырманы қойылатын талаптарға сай сапалы орындаса максималды балл ала алады. Өз уақытында өткізілмеген тапсырманы оқытушы қабылдамайды.
Дәрістік сабақ барысында оқытушы оқитын дәрістер мазмұнын студенттердің қандай дәрежеде меңгергендігін бағалау және бақылау өздік жұмыс, коллоквиум және тест сауалдары түрінде белгіленген.
Дәрістік сабақтарға қатысу (10% жалпы балдан), машықтану сабақтарына қатысу және сабаққа белсенді қатысуы (10%).
Аралық бақылау жүргізіледі: 1- коллоквиум түрінде (35%).
2 бақылау жұмысы (100%). Талаптарды орындаған студенттер емтиханға жіберіледі.
Студенттің білімін бағалау көрсеткіші
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Бағаланатын бағдар (позиция) |
1-8 аптадағы бағалау мөлшері |
9-15 аптадағы бағалау мөлшері |
Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері |
Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Ағымдық бақылау |
7 |
7 |
Әрбір бағалауға 100 баллдан |
Апта сайын (бірінші аптадан басқа) |
СӨЖ |
2 |
2 |
Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан |
4,7,11, 14 апталарда |
Аралық бақылау |
1 |
1 |
Әр аралық бақылауға 100 баллдан |
8 және 15 аптада |
Кіру рұқсатының рейтингісі |
R1 |
100 |
8 апта |
|
Кіру рұқсатының рейтенгісінің |
R2 |
100 |
15 апта |
|
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі |
Қ% = Р1 + Р2 х 0,6 + Е х 0,4 2
|
100 |
15 апта |
|
Емтихан |
Е |
100 |
16-19 апта |
|
Қорытынды баға |
І = R*0.6+E*0.4 |
100 |
|
Мұндағы Р1 – 1-рейтинг бағасының пайыздық мазмұны, Р2 – 2-рейтинг бағасының пайыздық мазмұны, Е – емтихан бағасының пайыздық мазмұны.
Бағалау жүйесі
Әріппен бағалау |
Сандық бағалау |
Пәнді меңгерудің пайыздық көрсеткіші |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
A |
4,0 |
95-100 |
өте жақсы |
A- |
3,67 |
90-94 |
|
B+ |
3,33 |
85-89 |
жақсы |
B |
3,0 |
80-84 |
|
B- |
2,67 |
75-79 |
|
C+ |
2,33 |
70-74 |
қанағаттанарлық |
C |
2,0 |
65-69 |
|
C- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
нашар |
Курс саясаты
«Қазіргі қазақ тілінің негіздері» пәні студенттерге міндетті компонент ретінде жоспарланған. Оқу жүктемесінің көлемі – 180 сағат, оның ішінде практикалық сабақ – 60 сағат, СОӨЖ – 40 сағат, СӨЖ – 80 сағат бақылау түрі – емтихан, 1-семестр; кредит саны – 4.
Студенттердің білімін бағалауда олардың аудиториялық сабақ барысындағы белсенділігі, сабаққа қатысуы, жауап беруі басшылыққа алынады. Студенттердің әдеби талдауға деген машықтары қалыптасып, жауапкершілігі артуы тиіс және бұл міндет оқу процесінде жүзеге асырылады.
Студенттерден аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, практикалық, семинар және лабораториялық сабақтарға дайындықпен келу, СОӨЖ тапсырмаларын кесімді мерзім ішінде орындау, барлық бақылауға қатысу талап етіледі.
«Қазіргі қазақ тілінің негіздері» пәні бойынша жүргізілетін дәріс, машықтану сабақтары барысында, СОӨЖ тапсырмаларының орындалу деңгейі нәтижесінде ағымдық, аралық бақылау алынады. Ағымдық бақылау өткен немесе жаңа тақырып бойынша дербес, топтық, жалпы сұрақ-жауап, жазба жұмыстары түрінде өткізіледі.
Оқу үдерісінің 7, 14 -апталарында аралық бақылау алынады. Аралық бақылаудың түрлері: жазба жұмысы, коллоквиум.
Қорытынды бақылау емтихан түрінде қабылданады. Студенттердің білімін бағалау барысында оқу жоспарындағы негізгі тақырыптарды игеруі, пәнге қатысты теориялық мәселелерді практикамен ұштастыра білуі, ой тұжырымын жасауы, тілдік талдау деректерін ұтымды қолдану жақтары да негізге алынады.