- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев атындығы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Сертификаттау
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Алматы 2014
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев атындығы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •А.О.Ермекбаева, и.Ж.Жаханова, с.Б.Әмір, б.А.Бекбосынова Сертификаттау
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Алматы 2014
- •6 Тәжірибелік жұмыс
- •7 Тәжірибелік жұмыс
- •8 Тәжірибелік жұмыс
- •Д қосымша Өнім қауіпсіздігі туралы өтініш-декларация бланкінің үлгісі
- •Өнім қауіпсіздігі туралы
- •Е қосымша
- •Ж қосымша Импортталатын өнім сәйкестігін растау бойынша жұмыс жүргізуге арналған келісімшарт нысанының үлгісі
- •1 Келісімшарт мәні
- •2 Тараптардың міндеттемелері
- •3 Жұмыс құны және есеп-айырысу тәртібі
- •4 Тараптар жауапкершілігі
- •5 Келісімшарт мерзімі және тараптардың заңдық мекенжайы
- •Төлем деректемелері ________________________________________________
- •3 Қосымша
- •Қр сертификаттаудың мемлекеттік жүйесіндегі қызметтерді сертификаттау жүргізуге арналған
- •И қосымша Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша
- •К қосымша сынақ орталығы
- •Л қосымша
- •Сәйкестік сертификатын беруден бас тарту туралы
- •М қосымша
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
6 Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Қызметті сертификаттау. Негізгі ережелер», Импортталған өнімдердің сәйкестігің растау» стандарттарын зерделеу.
Оқудың мақсаты: студенттерге импортталатын өнімнің құқұқтық және нормативті негіз қалаушы сертификаттарымен таныстыру. Импорталатын өнімнің міндетті нормативті құжатының сәйкестігін растау, Қазақстан Республикасында жүзеге асатын сертификаттау жөніндегі органның құзырында.
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырма аудиторияда орындалады, оқытушы ҚР заңы ретінде қолданылатын материал немесе ҚР сертификаттау аумағында жүретін стандарт береді, міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімнің негізгі ережелері мен терминдері талқыланады. ҚР СТ 3.9 стандартына сай белгілі нұсқаларға сай өтініш-декларациясы (Д қосымша), щет елдің сертификатын алу үшін өтініш толтырып (Е қосымша), импорталатын өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарын жүргізу үшін келісім жүргізіледі (Ж қосымша), ҚР сертификаттаудың мемлекеттік жүйесіндегі қызметтерді сертификаттау жүргізуге арналған өтініш (З қосымша), қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім (И-қосымша) толтырылады.
Оқудың мазмұны: жалпы ережелермен, Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу үрдісімен, Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесіндегі терминдермен танысу.
Қызметті сертификаттау – Қазақстан Республикасында жаңадан қолданыла бастаған сала. Қызметті сертификаттаудың негізгі принциптері өнімді сертификаттау принциптерімен бірдей, олар: міндеттілік пен еріктік, үшінші жақпен сәйкестікті бағалау, сертификаттау органдарын аккредиттеу, сәйкестік сертификатын беру. Сертификаттау объектісі ретінде қызметтің ерекшелігі – қызмет көрсетілуі кезінде орындаушы мен тұтынушының өзара іс-әрекеті, тұтынушыға қызмет көрсету жағдайының әсер етуі және қызмет сапасын тұтынушының өзі бағалауы. Функционалдық критерийлер бойынша көрсетілетін қызмет материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. ҚР МСЖ қызметінде сертификаттаудың бес сұлбасы қабылданған. Қызметке сертификаттау тексерулерін ҚР МСЖ Мемлекеттік Реестрінде тіркелген сарапшы-аудиторлар жүргізеді.
Қызметке қойылатын жалпы талаптардың сандық сипаттамаларына күту уақыты, орындалу мерзімін сақтау, қызметкерлер саны мен жабдықтар саны, ал сапалық сипаттамаларға қауіпсіздік, эстетика, ыңғайлылық және т.б. жатады.
1 - сұлба - жұмыс жағдайын, нормативтік және технологиялық құжаттарды білу, жұмыс тәжірибесі, кәсіпқойлықты көтеру туралы мәліметтер, қызмет нәтижесін таңдап тексеру және соңынан жүргізілетін инспекциялық тексеруді қамтитын орындаушы шеберлігін бағалауды қарастырады. Бұл сұлбаны кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындар көрсететін қызметті сертификаттауда қолданады.
Көрсетілетін қызметке сертификаттау жүргізгенде қолданылатын сұлбалар 4 кестеде берілген.
4 кесте. Қызмет көрсетуді сертификаттау сұлбасы
Сұлба нөмірі |
Орындаушының іскерлігін бағалау |
Қызмет көрсету процесін бағалау |
Кәсіпорынды аттестаттау
|
Сапа жүйесін сертификаттау |
Қызмет нәтижесін таңдап тексеру |
Инспекциялық тексеру |
1 |
+ |
|
|
|
+ |
Көрсетілген қызмет нәтижесін тексеру |
2 |
|
+ |
|
|
+ |
Қызмет көрсету процесін стандарттау тұрақтылығын тексеру |
3 |
|
|
|
|
+ |
Көрсетілген қызмет нәтижесін таңдап тексеру |
4 |
|
|
+ |
|
+ |
Көрсетілген қызмет нәтижесін таңдап тексеру |
5 |
|
+ |
+ |
+ |
|
Жүйенің жұмыс істеуін стандарттау тұрақтылығын тексеру |
2- сұлба - екі тәсілмен іске асатын қызмет көрсетілу процесін бағалауды қарастырады: технологиялық процесті, орындаушы шеберлігін, қызмет көрсету жағдайын тексеру немесе қызмет сапасын бағалау мен инспекциялық тексеру.
Технологиялық процесті тексеру:
- технологиялық құжаттардың толықтығы;
- орындалатын технологиялық процесс талаптарына жабдықтардың сәйкестігі;
- орындалатын технологиялық процесс талаптарына орындаушылар кәсіпқойлығының сәйкестігі;
- технологиялық тәртіптің сақталуы;
- орындалатын технологиялық процес талаптарына тексеру-өлшеу құралдарының сәйкестігі параметрлерін қамтуы тиіс.
Инспекциялық тексеру көрсетілетін қызмет тұрақтылығын тексеру арқылы жүзеге асады.
3 - сұлба – қызмет нәтижесін толық тексеру, қызмет нәтижесін таңдап тексеру арқылы инспекциялық тексеруді қарастырады. Бұл сұлбаны материалдық қызмет көрсету, сонымен қатар жеке тапсырыс бойынша бұйым жасау мен жөндеу кезінде қолданады.
4 - сұлба – кәсіпорынды аттастаттау және инспекциялық тексеруді қарастырады.
Кәсіпорынды аттестаттау кәсіпорынның материалдық-техникалық базасының жағдайын; тұтынушыларға қызмет көрсетудің санитарлық- гигиеналық жағдайын; қызмет сапасы мен түрлерін: қызмет көрсетудің нақтылығы мен уақытын; қызмет көрсету сапасын; қызметкерлердің кәсіпқой шеберлігін тексеруді қамтиды.
«Қызмет көрсету сапасы» деген ұғымға тұтынушы сұраныстарын ескеру, сөйлесу этикасы, эстетика және с.с. кіреді.
Бұл сұлбаны қонақ үй, мейрамхана, шаштараз, кинотеатрларды сертификаттауда қолдануға болады. Кәсіпорынды аттестаттау нәтижесі разряд тағайындау (категория, жұлдыз, класс) болады. Инспекциялық тексеру қызмет нәтижесін таңдап тексеру және әлеуметтік әдістерді қолдану жолдарымен жүргізуге болады.
5 - сұлба – сапа жүйесін сертификаттау мен оның жұмыс жасау тұрақтылығын инспекциялық тексеру қарастырады.
Сапа жүйесін сертификаттауда: сапа саласындағы саясат; сапаға басшылық; бекітілген талаптарға сапа жүйесі элементтерінің сәйкестігі; сапа жүйесі саласында орнатылған сапа жүйесі мақсатына қол жеткізу тиімділігі тексеріледі.
Сапа жүйесін сертификаттау ҚР МСЖ нормативтік құжаттарына сәйкес- сапа жүйесі сарапшы-аудиторларының көмегімен, сертификаттау органымен жүргізіледі. Өтінім берушінің сапа жүйесі сертификаты болса, сапа жүйесін сертификаттау жүргізілмейді. 5-сұлба қызметтің барлық түрлерін сертификаттауда қолданылады.
Импортталатын өнімді сертификаттау. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде импортталатын өнімге қатысты келесі іс-әрекеттері бекітілген:
келісімге қатысушылар - ТМД елдері берген сәйкестік сертификатта-
рын мойындау;
Қазақстан Республикасы Мемстандартымен аккредиттелген шетелдің
сертификаттау бойынша органдарының берген шетел сертификаттарын мойындау;
сертификат ұстаушысы болып келетін заңды тұлға немесе сертификат
беруші сертификаттау органымен расталған, келісімге қатысушылар-ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттар көшірмесін мойындау;
Қазақстан Республикасы ТР МЖ бекітілген талаптарға сәйкес өнімді
сертификаттау.
Қазақстан Республикасында аталған құжаттар болмаған жағдайда, өтінім беруші ұсынған, импорттаушы елдің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізіледі. Халықаралық, мемлекетаралық, ұлттық және аймақтық жүйелер немесе Қазақстан Республикасының саудадағы серіктес елдерінің сертификаттау органдары берген шетел сертификаттарын мойындау туралы шешімді ҚР Мемстандарты осы жүйелерге қосылу немесе сол жүйелермен сәйкес келісім жасау арқылы қабылдайды
Келісімге қол қойылғаннан кейін Мемстандарт қол қойылғанын және мойындау шарттарын сертификаттау органдарына мәлімдейді.
ҚР территориясына әкелінген өнім, кедендік мағлұмдамалау органдарында бекітілген ретпен кедендік рәсемдеуден өтеді.
Сырттан әкелінген өнімді кедендік тексеруден өткізуге қажетті құжаттардан басқа негіз болатын құжаттар:
- Келісімге қатысушы - ТМД елі сертификаттау органының сертификаты немесе сәйкестік белгісі;
- Қазақстан Республикасының ТР МЖ орнатылған рет бойынша аккредиттелген шетел ұйымдарының сертификаты немесе сәйкестік белгісі.
- Сертификаттау органында тіркелген өнімнің қауіпсіздігі туралы өтінім-декларация.
Көрсетілетін қызмет – орындаушы мен тұтынушының тікелей әрекеттері мен орындаушының тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру жолындағы өз іс-әрекетінің нәтижесі.
Халыққа көрсетілетін қызмет өзінің функционалдық арналуына байланысты екі топқа бөлінеді:
- материалдық қызмет, бұйымның тұтынушылық қасиеттерінің орнына келуін (өзгеру, сақталу) қамтамасыз ететін немесе азаматтар тапсырысы бойынша жаңа бұйым жасау, сонымен қатар жүк пен жолаушы тасымалдау, сауда-саттық, банктік қызметтер. Мысалы, тұрмыстық қызмет, тұрғын үй-коммуналдық қызмет, қоғамдық тамақтану қызметі, тасымал құралдары қызметі және т.с.с.
- материалдық емес қызмет, денсаулықты түзету мен қалпында ұстауды, адамның ішкі дүниесі мен дене дамуын, кәсіптік шеберлікті көтеру жағын қамтамасыз ететін мәдени-әлеуметтік қызметтерге медициналық қызмет, мәдениет қызметі, білім беру, туризм және т.б.
Орындаушының қызмет көрсетуге қажетті іс-әрекетін қызмет көрсету процесі деп атаймыз.
Сертификаттау мақсатымен біртекті қызметтер тобы тізімі жасалынады, оларға:
- тұрмыстық радиоэлектрондық жабдықтарды, тұрмыстық электр машиналары мен приборларын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету;
- сұйық және газ тәрізді отында жұмыс істейтін тұрмыстық құралдарды жөндеу;
- автокөлік құралдарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету;
- химиялық тазалау мен бояу, кір жуу қызметі;
- туристік–экскурсиялық және қонақүй қызметі;
- қоғамдық тамақтану қызметі;
- жолаушы тасымалдау қызметі;
- жиһаз жасау мен жөндеу қызметі;
- байланыс қызметі;
- киім тігу және жөндеу қызметі;
- аяқ киім тігу, бояу және жөндеу қызметі жатады.
Нақты қызмет көрсету түріне нормативтік құжат жасаған бойда біртекті қызмет көрсету тобының тізімі кеңейіп отырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қызметті сертификаттауда қандай құжаттар жасалынады, олардың мазмұны.
Импортталған өнімнің сәйкестігін растауда қандай құжаттар
жасалынады, олардың мазмұны.
3. Өнімді сәйкестендіру дегеніміз не.
