- •Мазмұны
- •Бұрғылау құбырлары тізбегін көтеріп –түсіру жабдықтары.
- •Ұңғыларда жер асты жөндеу кезіндегі қолданатын жабдықтар мен құралдар
- •Ұңғыларды бұрғылауда қолданатын бұрғы мұнаралары
- •Көтеріп-түсіру жұмыстарын автоматтандыру амт-221 имитаторы туралы мәлімет
- •Көтеріп-түсіру жұмыстары кезінде сақталатын негізгі сақтық ережелері
Мазмұны
Бұрғылау құбырлары тізбегін көтеріп –түсіру жабдықтары. 3
Ұңғыларда жер асты жөндеу кезіндегі қолданатын жабдықтар мен құралдар 4
Ұңғыларды бұрғылауда қолданатын бұрғы мұнаралары 8
Көтеріп-түсіру жұмыстарын автоматтандыру АМТ-221 имитаторы туралы мәлімет 9
Көтеріп-түсіру жұмыстары кезінде сақталатын негізгі сақтық ережелері 10
Кіріспе
• Скважиналарды жер асты жөндеу екі түрге бөлінеді: Ағымдағы жөндеу; • Скважиналарды күрделі жөндеу. Ағымдағы жөндеу деп скважина ішіндегі жабдықтарды жөндеу жұмысын айтады. Ағымдағы жөндеудің өзі үшке бөлінеді: Ескерту немесе профилактикалық жөндеу, яғни әрбір скважинаның жұмыс істеу мерзіміне байланысты жоспарланған жөндеу жұмыстарын жүргізу; Амалсыз жөндеу, яғни жоғары дебитті скважи¬наларды өнім болмағанда және сораптық штангалық тізбек айналып кеткенде жөндеу жұмыстарын жүргізу; Технологиялық жөндеу, яғни өндірудің басқа әдісіне көшу және бүрғылаудан шыңңан жаңа скважинада немесе скважиналарда жөндеу жұмыстарын жүргізу. Скважинаны күрделі жөндеу деп күрделі жұмыс- тармен байланысты жөндеу жұмыстарын, яғни скважи¬на бағанасы бойындағы жөндеу жұмыстарын айтады. Скважинаны күрделі жөндеу екі бөлімге бөлінеді: Скважина бағанасындағы жұмыс, яғни бағанада пай да болған жарықшақтар ды және бағананың қисаюын түзету жұмыстары, басңа өнім ңабаттарына көшу және скважинаның екінші бағанасын бүрғылау жұмысына байланысты; Фильтрге немесе скважинаның тік аймағына әсер ету, яғни қабатты су арынымен жору, түрлі қынщылдық өңдеу жұмыстарын жүргізу және перфторациялау жұмыстарына байланысты. Мұнара көтеру-түсіру операциясын орындайтын таль жүйесінің элементтерін орнықтыру үшін ңажет. мұнаралар күмбезді және діңгекті болып бөлінеді. Күмбезді мұнараның үш немесе төрт тірегі болады, яғни салмаң үш немесе төрт тізбекке түседі және оны тігінен жинақтайды. Діңгекті мұнара бір немесе екі тіректі болады, яғни салмақ бір немесе екі тірекке түседі және оны көлдене- ңінен жинақтап көтереді. Бүрғылауда қолданылатын мұнаралар қазылу тереңдіктеріне байланысты, егер 4000 м тереңдікке дейін бол- са — 41 м, ал 4000 м-ден жоғары болса — 57 м-ден жоғары болады.
Қорытынды
Тұрақты немесе жылжымалы мұнаралармен және мачталармен жабдықталған скважиналарда негізінде тракторлы АзИНмаш-43П типті көтергіштерді пайдаланады. бұл көтергіштердің өздігінен қозғалатын механикалық шығыра бар. Ол трактор Т-100 МБ үстінде қондырылған. Шығырдың 4 жылдамдығы бар. Ең төмен 0,88 м/с жылдамдығындағы арқанның тартылу күші — 7,5 тк (тонна-күш), төртінші 4 м/с жылдамдығында — 1,66 тк. бұл көтергішпен барлық пайдалану қорының скважиналарын жөндеуге болады. Жүк көтергіштігі — 50 және 75 т, төменгі табанының өлшемі — 6-8 м, жоғарғы алаңы — 2 м. Мачта биіктігі 15-22 м болса, соған сәйкес жүк көтергіштігі — 15-25 т. Мачталарды скважинаның сагасына орнатңанда, аз- дап бүрышқа қисайтыгі, оны арқанмен тартып қояды. тұрақты мұнаралар мен мачталар тек жұмыс істеп түрған кезде ғана қолданылады да, қалған кезде бос тұрады. Пайдалану скважиналарының жалпы жұмыс уақытының 2-3%-ын ғана жерасты жөндеу жұмыстары алады, яғни мұнаралар мен мачталар жылына 6-10 күн ғана қолданылады. Телескопты мұнараны көтеру үшін гидравликалық цилиндрлерді, ал секцияларды жылжыту үшін арнайы гидрожетекші шығырды қолданады. Агрегаттың тәл жүйесінің жабдықталуы төрт тармақты, яг¬ни Зх2. Агрегаттың төрт жылдамдығы бар, ал бірінші жылдамдықта ілмектің максимал жүк көтергіштігі — 32т.
