
- •1) «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер
- •9. Адамдардың шаруашылық қызметі гидросферада қандай өзгерістерді туғызады.
- •11. Литосфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
- •13) Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі
- •14) Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы (комбинациялы) әсері
- •15. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы
- •16. Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивті заттардың шығу көздері?
- •17. Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері
- •18. Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады?
- •19. Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары қандай?
- •20.Йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •21. Электромагнитті өрістің адам ағзасына әсері, олардан қорғану
- •22. Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар
- •23. Компьютермен жұмыс істеген кездегі қорғаныс шаралары
- •24. Ұялы телефонның ағзаға əсері жəне қауіпсіздік шаралары
- •26.Төтенше жағдайлардың жүйеленуі, мысал келтіріңіз
- •27.Төтенше жағдайлардың зардаптары
- •28. Өнеркəсіп объектілеріндегі ақ жəне тж құрылымы, қызметі.
- •29. Төтенше жағдайларды басқару қалайша жүзеге асырылады
- •30. Төтенше жағдай кезінде халықты жəне аймақты қорғау.
- •31. Төтенше жағдай кезінде халықты көшіру (эвакуация) жəне қоныстандыру.
- •32. Деградация- француз тілінен шыққан (degradation- біртіндеп нашарлау,құлдырау) Биологияда қоршаған
- •33. Төтенше жағдайларда халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізеді?
- •34. Көшіру жөнінде құлақтандырған соң адамдар өзімен бірге қандай заттарды алуы
- •35)Ұжымдық қорғану құралдары
- •36.Қай уақытта және не үшін үйді (пәтерді) тығындап жабу керек?
- •37) Жеке қорғаныс құралдары.
- •39.Сел қаупі неде?
- •40. Сел, қар көшкіні қаупі кезінде адамдардың өзін өзі ұстауы
- •46.Жер сілкінісі кезінде үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлерді атаңыз
- •47. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-əрекеті
- •48 Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар)
- •51. Қай өндіріс объектілерінде жиі-жиі өрттер мен жарылыстар болып тұрады?
- •52. Өрт пен жарылысты өндірісте болдырмау үшін қандай қауіпсіздік шаралары
- •54. Ультра күлгін сəулесінен қорғану.
- •55.Лазер сәулелері, қолдану аймақтары.
- •57.Шуылдан, дірілден қорғану.
- •59. Ядролық қарудың зақымдағыш факторларын сипаттаңыздар
- •60. Ядролық жарыс кезіндегі жарық сəулеленуінің зақымдағыш факторлары қандай?
- •62.Химиялық қару деген не?
- •63)Уландырғыш заттардың ағзаға әсер етуіне байланысты топтарға жіктелуі. Олардан қорғану шаралары
- •66.Бактериологиялық қаруды қолдану әдістері. Қарсылыстардың бактериологиялық қаруды қолданғанын қандай белгілерден білуге болады?
- •67.Бактериологиялық қару ретінде қолданылатын аса қауіпті жұқпалы аурулар.
- •68.Жыныс жолымен берілетін қауіпті ауруларды атаңыздар, олардың т.Б. Жұғу жолдарына мысал келтіріңіздер
- •72)Вич-инфекциясын жұқтыратын сұйықтықтарды атаңыз
- •73) Туберкулезбен ауырып қалғанын адам қандай симптомдар арқылы біледі?
- •74) Туберкулез ауруының адамға жұғу жолдары
- •75) Есірткінің, алкогольдің адам ағзасына әсерін атаңыз
- •76) Ланкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы (не істеу, не істемеу
- •77.Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері
- •78. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
- •80. Жер сілкінісінен кейінгі адамның іс-əрекеті
- •81. Халықтың су тасқыны кезіндегі іс-əрекеті.
- •82. Халықтың сел кезіндегі іс-əрекеті.
- •83. Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты
- •84. Химиялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-əрекеті
- •86. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-əрекеті
- •87. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-əрекеті..
- •89. Адамдардың тұрмыстағы өрт кезіндегі іс-əрекеті.
- •90. Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс-əрекеті__
- •1. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер
11. Литосфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
Литосфера (тау жыныстары)−жердің қатты қабаты.Ол екі қабаттан құралған.Үстіңгі қабаты граниттен,оның қалыңдығы 10−40км болады.Ал астыңғы қабаты базальттан тұрады. Жердің қатты қабатының 16км тереңдікке дейінгі химиялық құрамы әртүрлі. Онда бәрінен де оттек көп(50%жетеді). Кремний оның жартысындай. Алюминий 7%,ал темір 4% шамасында кездеседі.Магний,калий,кальцийнатрий масса бойынша 10% орын алса,қалған 80 элементтің меншігіне тек 3−3,4% қана тиеді.Табиғатта адам баласы, жан−жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі табиғи радиоактивті сәулеленудің сыртқы және ішкі әсерімен шектелініп тұрады.Жер бетін мекендейтін бүкіл тірі организмдердің жиынтығы өмір сүретін картасымен қосыла отырып,өзгеше қабат құрады.Ол биосфера деп аталады. Литосфера осы биосыераның бір қабаты болғандықтан, биосфераның ластануын литосфераның ластануы деп қарастыруға болады.Дүние жүзінде ең үлкен проблемалардың бірі−адамзат баласының тұрмыс қажетіне байланысты пайда болатын қалдықтардың мөлшерден тыс көбеюі болып отыр.Көне заманда тау жыныстарынан темірді,мысты,жезді бөліп алу кезінде керексіз топырақтар тау−тау болып үйіліп қалған.Ал қазіргі уақытта адамзат баласының қоғамдық қызметі тым шапшаң қарқынмен өрістеп келеді.Сондықтан да қоқыстар мен радиоактивті элементтердің қалдықтарының көлемі жыл сайын өсіп отыр.Айналадағы ортаны қорғау,яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзат баласын толғандырып отыр.Біздің заманымызда адамзат баласы табиғатты өзгерте түсуде.Оны халық игілігіне толық пайдалану әрекеттері күннен күнге күшейе түсуде. Жер қойнауынан ағыл−тегіл алынып жатқан кен байлықтардың көлемі жыл сайын ұлғаюда.Қазіргі кезде адамзат құрлықтың 50%−ін пайдаға жаратып,өзен суларының 12%−ін,орман−тоғай көлемінің 50%−ін пайдаланады,жыл сайын құрылыс және тау−кен жұмыстары кезінде 4мың км−ден астам жыныстар аудастырылып жер қойнауларынан 100миллиярд тоннадан астам кен алынады. 7миллиярд тонна шарты отын жағылып,дүниежүзілік мұхит суларына 600 миллиард тонна кәсіптік−тұрмыстық қалдықтары мен 1,5миллион тонна мұнай төгіледі, 800миллион тоннадан астам металл балқытылып,егістіктерге төрт миллион тонна улы химикаттар шашылады,биосфераға 25мллиярд тоннаға дейін түрлі заттар шығарылып тасталады. Қолда бар болжамдарға қарағанда, 2000 жылға қарай бұл көрсеткіштер 4-5 есе өсетіні сөзсіз.
12. Өндіріс орындарының күрт артуы кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі проблемаларының бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініксіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамумауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін.
Адамдар және олардың шаруашылық әрекеттері жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. т деңгейінде антропогендік заттар (СО2-ні есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т ластағыштар енгізіліп отырса, топыраққа түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. жетеді. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында топырақта жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығы антропогендік ландшафтқа айналған. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзі шөлдерінің барлығының шығу тегі де антропогендік.
Топырақты зиянды ластағыштардан қорғау адамның негізгі мақсаты, өйткені оның құрамындағы зиянды қоректік қосылыстар қоректік тізбек арқылы адам ағзасына түседі. Біріншіден, ластағыш заттар сумен шайылып ашық су көздері мен ыза суларына қосылады, ал ол суларды адам ауыз су ретінде және әр түрлі қажеттілігіне пайдаланады. Екіншіден, бұл ластағыштар топырақ ылғалы, грунт сулары мен ашық су көздерінен өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына түседі. Үшіншіден, зиянды қосылыстардың көбісі адам ұлпасы мен сүйегінде шоғырлану қауіпіне ие.
Зерттеулер көрсеткендей биосфераға жыл сайын 20 - 30 млрд. тонна қатты қалдықтар және 1 млрд. тоннаға жуық газды, аэрозольді ластағыштар түсуде. Сонымен қатар топырақты ластаушы негізгі көздер автркөліктер болып табылады. Бір автокөлік жүргенде атмосфераға, орташа есеппен, СО – 200 кг, NO - 60 кг, СН - 40 кг, SO2 – 2 кг, Pb - 0,5 кг, бензопирен - 2 кг шығарылады, сондықтан да автокөлік атмосфера мен топырақтың айтарлықтай бөлігінің ластануына себепші болады.
Өндіріс орталығы болып табылатын ірі қалаларға тән бұл жағдай Тараз қаласында да экологтардың негізгі проблемаларының бірі.
Жамбыл облысының өндірістерінің жетекші салалары – тау-кен өндірісі, химия өндірісі болған. Бірақ экономикалық қыйындықтарға байланысты бұл салалардың мекемелері жұмыстарын толық тоқтату алдында. Соған қарамастан, жеке шаруашылықтар, кіші кәсіпорындар, әсіресе көліктердің көбеюі ауаның ластану дәрежесінің әлі де болса жоғары деңгейде болуына себеп болып отыр.
Жамбыл облысы өңірінің ластануы ұзақ уақыт бойы химия өндірісімен тікелей байланыстылығы мәселесі өз маңызын жойған жоқ. Бұл жағдайда қоршаған табиғи орта сапасын реттеу стратегиясының ең маңызды мәселесі - халық денсаулығына және биосфераға ең күшті әсерін тигізетін факторлар мен көздерді анықтайтын және осы әсерге көбірек ұшырайтын биосфера элеметтерінің анықтайтын жүйе ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Мұндай жүйеге қоршаған орта жағдайының антропогендік өзгерістерінің мониторингі жатады.