Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_-_shporzhan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.36 Кб
Скачать

62.Химиялық қару деген не?

Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар . УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы.

Оларды жеткізу құралдары – снарядтар,бомбалар, ракеталар.1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді.Мысалы,қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе , ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады.

Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады.

Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады.Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қатерін туғызатындар:зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын : ипкапостанттар (дене жағдайына әсер етеді),кереңдік, соқырлық , анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді.

Химиялық қаруды қолдану мақсаттары:

1.Уақытша қатардан шығару

2.Жою

3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру

4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.

63)Уландырғыш заттардың ағзаға әсер етуіне байланысты топтарға жіктелуі. Олардан қорғану шаралары

Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топарға бөлінеді:

  • Жүйкені жансыздандыратын УЗ – фосфорорганикалық заттар тобы- зарин, заман, V- газдар;

  • Жалпы улағыш әсері бар УЗ- көгілдір қышқылы, хлорциан;

  • Терінің құрысуына әсер ететін УЗ- иприт, люизит;

  • Тұншықтырғыштық әсердегі УЗ –фосген, дифосген;

  • Көздің жасын ағызатын және тітіргендіргіштік әсерә бар УЗ- хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит

  • Психохимиялық әсер ететін УЗ

Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді.

УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:

  • Өлімге ұшырататын –(зарин, заман, көгілдір қышқыл, иприт, люизит, фосген)

  • Уақытша есті тандыратын- ДЛК, BZ

  • Тітіркендіретін-хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит

УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман жатады. Олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылатын заттар жатады.

64.Бактериологиялық қару дегенді қалай түсінесіз, олардың зақымдағыш факторлары қандай?Биологиялық қару(БҚ)-биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау мтериалдарын бүлдіру үшін қолданылады.БҚ-зақымдау әрекеті адам, мал, өсімдіктерде жұқпалы ауру мен індет тудырғыш микроорганизмдерге негізделген қару.Оған бактерия, вирус, риккетсия және олардың зәрлі уы-токсиндермен уландырылған оқ-дәрілер, ауру таратқыш жәндіктер (шыбын, кене, бүрге, бит, т.б.) жатады. Адамды зақымдауға оба, тырысқақ, туляремия, мелоидоза, шешек, сарып, безгек, бөртпе, сүзек аурулары ; малды зақымдауға топалаң, алаөкпе, кебенек, аусыл, қарасан, сарып, маңқа сияқты аурулар; өсімдік пен ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдайтын түрлі індетті жұқтырушы бактериялық құралдар пайдаланылады.Адам ағзасына (жануар) аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен оладың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді.

65.Бактериологиялық қарудың тиімділігі неге байланысты, олардан қорғану жолдары?Биологиялық қару ұрыста өте тиімді құрал, өйткені ол күш пен құралды аз жұмсап, материалдық байлықты жоймай, тиісті аумақтағы адамды түгел зақымдайды. Оның организмге енген азғантай мөлшерінің өзі-ақ емдеуге бой бермейтін жұқпалы ауруларды тудырады және тез жайылып, көп адамды дертке шалдықтырады.Биологиялық қару дайындауға шағын лабораторияның өзі-ақ жеткілікті.

БҚ-ды қолдану қаупі алдын ала санитарлық – тазалық, егу – емдеу жұмыстарын, жұртшылық пен әскерді жұқпалы аурулардан қорғану тәсілдерімен таныстыру және оларды арнаулы жабдықталған баспаналармен қамтамасыз ету, азық-түлік пен суды, мал мен өсімдіктерді қорғау әзірлік шараларын жүргізуді талап етеді.БҚ-мен зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету кезінде АИ-2-дегі №1 бактериядан қорғайтын құрал пайдаланған жөн.№1 бактериядан қорғайтын құрал – жасыл түсті таблеткалар.Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек бригадасы:

  • Қарым-қатынас жасаған адамдарды анықтау және оладың обсервациясы;

  • Қолдану аясы кең антибиотиктерді беру (доксициклин, тетрациклин);

  • Дезинфекциялық шараларды жүргізу;

  • Сырқаттардың материалдарын іріктеу және оны микробиологиялық зерттеу үшін лабораторияға жеткізу;

  • Ішінара (толық) санитарлық тазалауды ұйымдастыру сияқты әрекеттерді орындауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]