
- •1) «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер
- •9. Адамдардың шаруашылық қызметі гидросферада қандай өзгерістерді туғызады.
- •11. Литосфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
- •13) Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі
- •14) Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы (комбинациялы) әсері
- •15. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы
- •16. Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивті заттардың шығу көздері?
- •17. Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері
- •18. Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады?
- •19. Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары қандай?
- •20.Йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •21. Электромагнитті өрістің адам ағзасына әсері, олардан қорғану
- •22. Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар
- •23. Компьютермен жұмыс істеген кездегі қорғаныс шаралары
- •24. Ұялы телефонның ағзаға əсері жəне қауіпсіздік шаралары
- •26.Төтенше жағдайлардың жүйеленуі, мысал келтіріңіз
- •27.Төтенше жағдайлардың зардаптары
- •28. Өнеркəсіп объектілеріндегі ақ жəне тж құрылымы, қызметі.
- •29. Төтенше жағдайларды басқару қалайша жүзеге асырылады
- •30. Төтенше жағдай кезінде халықты жəне аймақты қорғау.
- •31. Төтенше жағдай кезінде халықты көшіру (эвакуация) жəне қоныстандыру.
- •32. Деградация- француз тілінен шыққан (degradation- біртіндеп нашарлау,құлдырау) Биологияда қоршаған
- •33. Төтенше жағдайларда халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізеді?
- •34. Көшіру жөнінде құлақтандырған соң адамдар өзімен бірге қандай заттарды алуы
- •35)Ұжымдық қорғану құралдары
- •36.Қай уақытта және не үшін үйді (пәтерді) тығындап жабу керек?
- •37) Жеке қорғаныс құралдары.
- •39.Сел қаупі неде?
- •40. Сел, қар көшкіні қаупі кезінде адамдардың өзін өзі ұстауы
- •46.Жер сілкінісі кезінде үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлерді атаңыз
- •47. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-əрекеті
- •48 Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар)
- •51. Қай өндіріс объектілерінде жиі-жиі өрттер мен жарылыстар болып тұрады?
- •52. Өрт пен жарылысты өндірісте болдырмау үшін қандай қауіпсіздік шаралары
- •54. Ультра күлгін сəулесінен қорғану.
- •55.Лазер сәулелері, қолдану аймақтары.
- •57.Шуылдан, дірілден қорғану.
- •59. Ядролық қарудың зақымдағыш факторларын сипаттаңыздар
- •60. Ядролық жарыс кезіндегі жарық сəулеленуінің зақымдағыш факторлары қандай?
- •62.Химиялық қару деген не?
- •63)Уландырғыш заттардың ағзаға әсер етуіне байланысты топтарға жіктелуі. Олардан қорғану шаралары
- •66.Бактериологиялық қаруды қолдану әдістері. Қарсылыстардың бактериологиялық қаруды қолданғанын қандай белгілерден білуге болады?
- •67.Бактериологиялық қару ретінде қолданылатын аса қауіпті жұқпалы аурулар.
- •68.Жыныс жолымен берілетін қауіпті ауруларды атаңыздар, олардың т.Б. Жұғу жолдарына мысал келтіріңіздер
- •72)Вич-инфекциясын жұқтыратын сұйықтықтарды атаңыз
- •73) Туберкулезбен ауырып қалғанын адам қандай симптомдар арқылы біледі?
- •74) Туберкулез ауруының адамға жұғу жолдары
- •75) Есірткінің, алкогольдің адам ағзасына әсерін атаңыз
- •76) Ланкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы (не істеу, не істемеу
- •77.Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері
- •78. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
- •80. Жер сілкінісінен кейінгі адамның іс-əрекеті
- •81. Халықтың су тасқыны кезіндегі іс-əрекеті.
- •82. Халықтың сел кезіндегі іс-əрекеті.
- •83. Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты
- •84. Химиялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-əрекеті
- •86. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-əрекеті
- •87. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-əрекеті..
- •89. Адамдардың тұрмыстағы өрт кезіндегі іс-əрекеті.
- •90. Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс-əрекеті__
- •1. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер
1) «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер
Қауіпсіздік дегеніміз-қоршаған ортаның бір қалыпты тұрақты болуы, адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін қауіп-қатердің болмауы не аз болуы, адамдардын ауқатты тұрмысының (благосостояние) сақталуына қолайлы жағдайдың болуы. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:Бірінші міндет:нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау(идентификация). Ол өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау;қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу.Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі. Екінші міндет:адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп- қатерден ұорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.Үшінші міндет:осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу,себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен,адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер көздері:адамның өзі;өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары,жан-жануар және өсімдік әлемі;адамдар ұжымы және жеке тұлға;адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері. Қауіп дегеніміз-адамдардын іс әрекеті негізінде және табиғаттан келетін, тіршілік ортаның қалпын бұзатын, нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін процесс, құбылыс, обьект, субьект.Зілзала-кенеттен пайда болатын,халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын,материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын,сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғи құбылыс. Апат – бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономиқалық және экологиялық залалмен сипатталады
2.Қауіптердің жүйеленуі:Шығу тегіне байланысты екіге бөлінеді:Табиғи табиғаттан келетін қауіп: Метерологиялық,топологиялық,теллурлық және тектоникалық, космостық ,биологиялық болып бөлінеді Антропогендік адам әсеріне болатын қауіп:экологиялық техногенді, әлеуметтік болып бөлінеді.Адамға әсер ету сипатына байланысты төрт топқа бөлінеді: Физикалық химиялық, биологиялық,психофизиологиялық, Адамға әсер етуіне байланысты екіге бөлінеді:шапшаң бірден әсер етеді; шоғырланған зиянды әсері көп уақыттан соң белгілі болады; Шоғырланған жеріне байланысты үшке бөлінеді: атмосфералық, литосфералық,гидросфералық.Шығынына байланысты әлеуметтік,экономикалық,техникалық,экологиялық және т.б.
3)Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар адамдардың қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.Оның түрлері: Өндіріс орындарында болатын апаттар(зауыттарда,шахталарда); Көлік жүйесіндегі апаттар; Түрлі жарылыстар мен өрттер (мұнай,газ,коммуналдық жүйеде) Себептері:улы,тез тұтанғыш,жарылғыш заттарды сақтау,тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы,олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі.Экологиялық қауіп: жер сілкінісі,сел,қар көшкіні, дауыл,таудың су тасқыны, опырмалар т.б жатады.Жер сілкінісі-бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған,елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.Сел- тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп,деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.Қар көшкіні- бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.Дауыл-жойқын күші бар және едәуір созылатын,жойқын күші бар және едәуір созылатын,30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.Таудың су тасқыны-таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып,жолындағы тау тастарын,топырақтарын ала төмен құлайды.Опырмалар- ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы.Әлеуметтік қауіптер:Секта дегеніміз – дәстүрлі діннен бөлінген және оған қарама-қайшылықта болатын болатын діни ағым.Алматыда әр түрлі секталар бой көрсетіп, тіпті ауа жайылып бара жатыр. олар Иегова куәгерлері, Протестанттар, Кришнайттер, Сопылар, Хизбут – Тахрирлер, Ваххабистер т.б. Олар заңсыз да өрескел әрекеттерді жасап халықтың басын улады. Отбасына іріткі салып, шаңырақтарын шайқалтты. Әсірессе Иегова куәгерлері үй-үйді аралап, пәтерлерді жағалап өз қатарларына адамдарды күшпен алдап - арбап, тартып, еріксіз кіргізді. Оларға тыйым салуға біздіқ құқығымыз да, мүмкіндігімізде жоқ.
4) Тіршілік қауіпсіздігі - ғылым, адамадарды олардың өмір сүретін ортасынан туатын қауіпті және зиянды факторларынан қорғау, денсаулықты сақтау және қауіпсіздік жолдарын теориялық және практикалық жағынан қамтитын білім саласы. Тіршілік қауіпсіздігі пәнін оқытудың негізгі мақсаты:адамдарды сырт ортамен қауіпсіздіқ қарым-қатынаста болып, өмір сүруге қолайлы(камфортты) жағдайларды жасауға уйрету.Міндеті: қауіпті жағдаларды зерттеу, анықтау, оларға баға беру;қауіпті және зиянды фаторлардан қорғану және оларды жою жолдарын уйрету;болашақ мамандарға сыртқы ортамен қауіпсіз өмір сүру жөнінде жаңа сана-сезім қалыптыстыру;ТЖ жағдайларда адамдардың өзін өзі ұстау және саналы шешім қабылдауға уйрету;
5. Сыртқы ортаның антропогенді ластаушылары қалайша жүйеленедіАнтропогендік фактролар адамның қатысуымен қоршаған ортаға тікелей әсер етуі.антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келе жатыр.Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада экологиялық проблемалаар пайда болды.Адамзат тарихында аң аулау,ауыл шаруашылығы,транспорт пен өнеркәсіпті дамыту,қоршаған ортаны қатты өзгеріске ұшыратуда.Жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелеріне антропогендік әсер күннен күнге күшейуде.Антопогендік факторлар организмге тікелей оған ағаштарды кесу,аң аулау жатады,және жанама әсер ету ортаның ластануы.өзендерге су қоймаларын салу болып табылады.
7. Автокөліктерден шыққан газдардың құрамында қандай уландырғыш заттар бар? Оларды қалайша зиянсыздандырады?Атмосфера ауасын ластайтын негізгі факторлардың бірі автокөлік болып табылады. Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. Шала жанған көмірсутектер машинадан шығатын түтіннің құрамында, әсіресе көлік моторы баяу істеп тұрғанда көп бөлінеді. Сапалы бензин құйылып, тоқтаусыз жүрген көліктен бөлінетін газдың құрамында 2,7 % жанбайтын көмірсутегінің тотығы болады. Машина жылдамдығын баяулатқан кезде оның мөлшері 6,9 %-ке дейін артады. Бұдан машинаны баяулатып жүру жиі болғандықтан, қала ауасына көміртегінің тотығы көп бөлінетіні шығады. Бұл зат адам ағзасына енетін болса, қан гемоглабинімен байланысып, оттегінің ұлпаларға жеткізілуіне кедергі жасайды. Бүгінгі таңда автокөлік көптеген қалаларда бірінші орындағы ластаушы көзге жатады. Көптеген мәлеметтерге қарағанда бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектердің толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель қозғалтқышыныкінен анағұрлым жоғары екені анықталған.Машина газының құрамында альдегидтер бар. Бұл заттардың өткір иісі болады. Бұдан басқа да газ құрамында азот тотығы, ажырамаған көмірсутектері – гексан, пентан болады. Бір литр бензинде бір грамм тетроэтил-қорғасын болады. Бұл затты АҚШ 1923 жылдан бері бензинге қосады. Содан бері қоршаған ортада қорғасын қалдығы көбейіп келеді.Автокөлік адамның еңбегін оңайлатып, қимылын тездететін жақсы жағымен бірге, уланатын зиянды жағы тағы бар. Бір жеңіл машина жылына төрт тонна оттегін сіңіріп, бөліп шығаратын газымен бірге шамамен 800 кг көміртегінің тотығын, 40 кг азот тотығын және 200 кг әр түрлі көмірсутектерін бөліп шығарады.Қазақстан Республикасының көп қалаларының ауа бассейні автокөліктерден шығарылған зиянды заттармен ластанып отыр. Зиянсыздандыру жолы: Экологиялық
таза отын пайдаланатын автомобиль қозғалтқыштарын жасау, экологиялық таза жанар майлар пайдалану,.қазіргі автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарды ұстап қалатын сүзгіштер орналастыру,арнайы сүзгіштерсіз көліктердің жүруіне тиым салынуы керек.
8. Гидросфераны ластаушы химиялық заттарГидросфера дегеніміз құрдықтағы(тереңдңгі,топырықтағы,жер бетіндегі),мұхиттағы және атмосферадағы,яғни Жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы.Бұлар құрлықтың 70%−ін алып жатыр.Гидросфераныңкөлемі 400 миллионшаршы километр.Қазіргі таңда ауа,су,топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті деуге болады.Судың ластануы,әсіресе,өнеркәсіптерден шыққан қалдықтардан болады.Сол қалдықтардың химиялық құрамының болуына сәйкес,олардың тигізетін әсері әр түрлі.Ал олардың тигізетін әсері жердің белгілі бір аймағына ғана шектелмейді.Мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып,оттектің алмасуын қиындатады.Ол судың оттекті бойына сіңіру қабілетін төмендетеді,органикалық заттарды ыдырататын бактерияларды құртып,балықтарды улайды.Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жұмсалады.Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды.Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек.Онда метан,аминдер,күкірт және фосфор улы қосындылары пайда болып,су саси бастайды.Оттектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына,онан кейін су өсімдіктерің құрып кетуіне әкеп соғады.Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады.Су қорының басты көзі болып өзен есептеледі.Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқа түсетін іс.Осыдан адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен.Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп айту қиын.Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкирлер алады.Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда құйылады,әсіресе ірі танкерлердің күйреуі аса қауіпті.Бұл уақытта суға 200−300мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып,орасан зор алқапқа жайылады.Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті.Одан әсіресе теңізде тіршілік ететін барлық организмдер,құстар т.б.қырылады.Соңында осының барлық зардабын адам тартады.