Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №7.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.72 Кб
Скачать

Канаданың экспортын алға жылжытатын корпорация.

Канаданың экспортын алға жылжытатын корпорация (ExportDevelopmentCanada) - канадалық өндіріс компанияларына экспортты операцияларда көмек көрсететін қаржы институт. ЭЖК 1944 жылы құралған және коммерциялық қаржы ұйымы ретінде жұмыс атқаратын мемлекеттік мекеме.

Бұл басқа елдердегі, Еуропа мен АҚШ экспортты кредитті агенттігінен айырмашылы көп. Мысалы, ЭЖК кредит беру немесе сақтандыру арқылы процент мөлшерімен өзіне қаржылай пайда әкеледі. Сондықтан, бұл қаржылы тәуелсіз, өз-өзін ұстап тұратын институт қылады. ЭЖК басқару бөлімі 15 адамнан құралған директорлардан тұрады. Олардың көпшілігі жеке кәсіпкерлер.

ЭЖК жұмыс атқару географиясы кең. Бұл корпорация 200 аса шет елдік нарықта орын алған. ЭЖК қызметіне 7 мыңнан аса канадалық компаниялар жүгінген, олардың 90 пайызы кіші немесе орташа бизнес.

Канадалық өнеркәсіптерге ЭЖК тарапынан экспортты қолдаудың бірнеше бағдарламалары беріледі, кейбіреулері басқа институттармен біріге істелетін жұмыс. Мысалы, «MontcapFinancial» және «AccordBusinessCreditInc.» корпорациялары кіші компанияларға қолдау шарасында «ExportEase» пакетін ұсынады. Бұл пакет қаржылы басқарма және канадылық өнімнің жаңа нарықта қатерден қорғанысты қамтамассыз етеді.

ЭЖК көрсетілетін қызметтердің бірі: кредитті сақтандыру, саясатты қауіп-қатерден сақтандыру, кредитке кепіл беру және орындау, кредиттік линиялар ашу және т.б. Және де ұзақ уақытқа негізделген проектілерді жартылай қаржыландыру ұсынылады.

Корпорация мемлекеттің банктерімен қатты байланыста. Бірігіп атқарған жұмыстардан, көбінесе шет елдік инвестиция мен валютадан, 2003 жылы 100 млрд. кан. долларына асқан, соның әсерінен ЭЖК канадалық ірі банк клиенті болып табылады.

Еуропа Елдерінде ауыл шаруашылығына ішкі көмек көрсету және ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауды субсидияландыру

Еуропа одағының құрылуында келісімшарттың басты элементтерінің бірі - Ортақ Аграрлы Саясат (ОАС) ұйымдасытру және ауылшаруашылық өнімдеріне ортақ нарық жасау болып табылады. Одақтың кеңейе бастағанынан кейін әр елдердің тарапынан көптеген мәселелер пайда бола бастады. Сол себепті, одақ қатысушы мемлекеттердің ауылшаруашылыған дамыту үшін «ортақ аграрлы Европа» бағдалламасы аясында шаралар қолдана бастады.

ЕС ортақ аграрлы саясаты ауылшаруашылық саласында ЕС құрамына кіретін мүшелерінің қатысымен қабылданған заңды және нормативті актілер және басқа да құжаттары бар пакет қабылдады.

ОАС 1962 жылдан бастап жүргізіле бастады, ОАС-тың басты мақсаты ауылшаруашылық өндірістің өнімділігін жоғарлату болған. Бұл талап орындалғаннан кейін, ОАС көбінесе кейбір секторларда артық мөлшерде қалған өнімді сатып алумен және сол өнімнің өндірісін азайтуды қадағалаумен айналысты. Кейін ОАС екі бағытта жұмыс істеді: негізгі тауарлардың бағасын арзандату және осы себепті шаруа қожалықтарының пайдасы төмендеп кетпеуі үшін, оларды тікелей субсидияландыру жүргізілді. Бұл тәсіл 1992 жылы болған реформаның негізіне айналды. Осы реформаның арқасында нарық бірқалыптанып, шаруа қожалықтарның табысы тұрақтала бастады.

ЕС 2000ж бастап 2000-2006 жылдар аралығында өткізілетін «Бағдарлама 2000» атты жаңа реформа қабылданды. Бұл бағдарлама тек ауылшаруашылықтың ғана емес, жалпы аграрлы экономикасына қолдау көрсетуді қарастырды. Жаңа ОАС ауылшаруашылығын көпатқарымдылығын ескере отырып, шаруа қожалықтары иегерлерін тек шығарылатын өнім үшін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпы нарыққа қосқан үлестері үшінде қолпаштай бастады. Бұл реформа ЕС үлкеюіне және ауыл шаруашылығы бойынша ВТО-мен келсім жүргізуге қатысуына мұрша береді.

«Бағдарлама 2000» басты мақсаттары:

  • ЕС ауылшаруашылық секторының экономикасын ішкі және сыртқы саудада бәсекелеске қабілетті қылу;

  • қоршаған орта және ландшафттық жағдайын сақтайтын және жақсартатын шаруашылықтарды марапаттау;

  • ОАС оңайлату;

  • шаруа қожалықтарының жағдайын сақтау және аграрлы экономиканы әрі қарай жетілдіру.

Мақсатқа жету жолы:

  • кепілдендірілген сатып алу бағасын төмендету. Сол арқылы, бағаны ұстап тұрудан кетіп, өндірістерді тікелей қолдау қарастырылады.

  • экологиялық тұрғыда таза өнімді марапаттау. ЕС мүшесіне кіретін мемлекеттер арасында қоршаған ортаны қорғау және сақтап қалуы үшін бағдарламаға осы мәселені енгізген. Сондықтан, мемлекет тарапынан жеке меншік шаруа қожалықтарының осы талапты орындауын қадағалап, керек болса субсидияландыру қарастырылған.

  • аграрлық аймақтарды жетілдіруде ЕС барлық мүшелерінің бірдей тәсіл қолдануы.

  • ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жоғарлату.

ОАС жүзеге асыру ЕуроОдаққа жылына 40 млрд. еуродан аса қаражат жұмсалады, (орта есеппен 1998 - 2000 ж. - жылына 43,3 млрд. евро, бұл ЕС бюджетінің осы 3жылда 55 % құрады)

2002 ж. ауыл шаруашылыққа 47,3 млрд. евро жұмсалды (ЕС бюджетінің 48 %),

2003ж. - 47,0 млрд. евро,

2004 ж. - 47,7 млрд. евро;

2005 ж. 53,1 млрд. евро шығарылды.

Сонымен қатар, «зеленая корзины» шарасы ЕС мемлекеттерінің ұлттық бюджетітен қаржыландырылады (орта есеппен жылына12-15 млрд. евро).

Қазіргі уақытта ОАС екі жобасы (ішкі қолдау/экспортты субсидиялар және аграрлы аумақтың дамуы) да EAOGF (Европалық кепілдік және өтемақы аграрлық фонд) арқылы қаржыландрылады.

EAOGF секциясының кепілдендіру қаржысы ішкі ауыл шаруашылықты («зеленая», «синяя» и «янтарная» корзина шаралары ) қолдауға , эспортты субсидияларға, қоршаған орта, жануарлар және адам денсаулығын қорғауға ( 2004 ж. - 40 млрд. евродан аса) және қалған бөлігі аграрлық региондарды жетілдіруге (2004 ж. - 5 млрд. евродан аса) жұмсалады.

EAOGF секциясының өтемақы қаржысынан баяу дамыған ауыл шаруашылықты қолдауға арналған «зеленая корзина» шарасы қаржыландырылады (2004 ж. - 2 млрд. евродан аса).

ЕС бюджетінен ауыл шаруашылыққа бөлінетін қаражат одаққа енетін мемлекеттер арсында қосқан сыбағасына теңбе-тең бөлінеді. ЕС үлкеймей тұрғанда 2004ж. кірістің жылда 70 % бес мемлекет бөлісіп отырған: Франция (шамамен 22 %), Германия (14-15%), Испания (12-14 %), Италия (шамамен 12 %) және Ұлыбритания (9-10 %).

Шамамен ЕС «ауылшаруашылық бюджетінің» шығынның 60 % өсімдік шаруашылығын қалыпта ұстап тұруға, сақтауға және экспорттауға , ал 21-22 % - малшаруашылығына, ал қалғаны қосалқы өндірісті қолдауға, аграрлы аймақтарды жетілдіруге және т.б. шараларға жұмсалады.

Ішкі көмек

Еуропа Елдерінің ІТО талаптарына сай, 2000 жылдан батап көрсетілетін «янтарная корзина», көмектің мөлшері әр жылда 67.159,0 млн. евродан аспауы керек. Сонымен қоса, Еуро Одақ тарапынан «зеленая корзина» шарасына 20 млрд. евродан аса қаржы, «синяя корзина» шарасына шамамен 20 млрд. евро қаржы бөлінген.