Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №7.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.72 Кб
Скачать

Экспортты қолдайтын құралдарды жетілдіру. Экспортты қолдайтын жаңа құралдарды еңгізу.

Ауылшаруашылық саласында тауарды экспортқа шығару үшін, әрбір сатып алушының талабына сай келетін біршама қызмет түрі болу керек.

Астықтың сапасын қадағалау шарасын, оның шешу жолдарын және осы мәселені шешу барысында сақтандырудың рөлін қарастырайық.

Экспортты сақтандыру – жіберілген немесе қабылданған тауардың саны мен сапасы келісімшартқа сай екендігін дәлелдеу үшін.

Келісімшартта астықты алыс орналасқан шет елге (Италия, Турция, Германия, Иран, Монголия және т.б.) жіберерде келесідей келісімшарттар талап етіледі:

  • астықтың натурасы жұмсақ бидайға 750 г/л кем емес болуы керек және қатты бидайға 780 г/л кем емес болуы керек;

  • қатты бидайда жұмсақ бидайдың мөлшері 5%дан аспауы керек;

  • шикі балауыздың орташа мөлшері 23-30% болуы керек;

  • қатты бидайға шынылығы 75% кем болмауы керек;

  • құлау саны 250-300 сек. кем болмауы керек;

  • W 200х10-4 Дж кем болмауы керек;

  • индекс Зелени не менее 23 мл;

  • құрғақ затта ақуыздың мөлшері 12% кем емес;

  • зиянкестермен бүлінген дән болмауы керек.

Қазақстанда бидайдың орташа сапа көрсеткіші бойынша:

  • құрғақ затқа аударғанда ақуыздың мөлшері дәннің өнген жері бойынша құрамында 12,9% дан 16,5% арасында;

  • балауыздың жалпы мөлшері (ГОСТ 13586.1-68) 23 дан 41%ға дейін;

  • қамырдың бұзылуы (W) от 210 до 600х10-4 Дж.

Шет елде экспортты мемлекет тарапынан қолдау көрсету Канадада ашк өнімдерін экспорттауда көрсетілетін қолдаудың басты элементтері

Канадада сыртқы нарықта басты орынды АШК алады. Канада ауылшаруашылық шикізаты мен өнімдерін экспорттайтын ірі мемелекет, ол АҚШ, ЕМ және Бразилиядан кейін төртінші орын алады. Канадада өндірілетін АШК өнімнің көп бөлігі экспортқа шығады. Мысалы, жалпы алғанда 2002 жылы шаруа қожалықтардың экспорттан алынған кірістің 33%-астықтан, 68%-май өнімдері және 57%- ет өнімдерінен құралған. Сондықтан, бұл елде АШК-де экспорт мәселесіне көп мән береді.

Экспорттың бір айырмашылығы, оның объемының 87% сегіз мемелекетке келеді: АҚШ, Жапония, ЕЕ, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайвань, солардың ішінде ауылшаруашылық өнімінің 60%-ға жуығы АҚШ келеді.

Ірі экспортты қауымдастықтардың ішінде Сиыр етін Экспорттайтын Канада Федерациясын (CanadianBeefExportFederation), Шет елдік нарыққа шығарытын Шошқа етін Сату Бірлестігі (PorkMarketingBoard), Ақтүйнек (картоп) Сату бойынша Эдвард Айленд Патшалығы провинциясы (PEI PotatoMarketingBoard), Онарио провинциясының Қытайбұршақ Өндірісі Қауымдастығы (OntarioSoybeanGrowers) және т.б. атап өтуге болады.

Ірі кооперативті-акционерлі бірлестіктерде SaskatchewanWheatPool, AgricoreUnited жемге арналған астықты экспорттаумен айналысатын бөлімшесі бар.

Ет, сүт, май дақылдарынан алынған өнімдерді экспорттайтын ішінде ең ірілерін атап өтсек, олар - MapleLeafFood, McCainFoods, SchneiderFoods және америкалық компаниялар Cargill және т.б.

Ірі экспортерлердің біразы Тәуелсіз Канадалық Агроөнім Альясына (Canadianagri-foodTradeAliance) біріккен, оның жұмысы экспортерлердің көңілін парламентте, министрлікте және еларалық бірлестіктерде (лоббирование интересов) жақтау.

Канаданың ауылшаруашылық және өндіріс министрлігінің бюджетінің 5%-ы (114,7 млн. долл. 2005/2006 ж) канадалық өнімге еларалық нарықты ұлғайту үшін жіберіледі. Көбінесе қаржы Агроөнімді сату службасына (AgrifoodTradeService -ATS) жіберіледі. Ол 1995ж құралған.

Көбінесе қаржы Агроөнімді сату службасының қызметінің бірі - канадалық компанияларды мемлекетаралық ауылшаруашылық көрмелерде (SIAL, ANUGA, FOODEX және т.б.) қатысуда қолдау көрсеті. Ауылшаруашылық және өндіріс министрлігі шет елдік көрмелерге қатысуға бел буған компаниялар тарапынан өзінің провинциядағы бөлімшелері арқылы шығындарын жартылай қаржыландыруға сұраныс алып, мемлекеттік PEMD (ProgramforExportMarketDevelopment) Экспорт Нарығын Жетілдіру Бағдарламасы бойынша қаржы бөледі. Бағдарлама бойынша сұраныс түскен компанияның көрмеге қатысуға кететін шығынның, жолымен қоса 50%-ы төленеді. Бөлінетін қаржының мөлшері шет елде жұмыс істеу тәжірибесі бар компанияларға 5000 до 50 000 доллар, ал тәжірибесі (New-to-ExportingCompanies) аз немесе мүлдем жоқ компанияларға 7500 долларға дейін. Сонымен қатар, компаниялардың жылдық сату көлемі 250000нан 10 млн. долларға дейін болуы керек. Өнім өндіретін компанияда жұмыс атқаратын жұмысшылар саны 100 адамнан аспауы керек, ал қызмет көрсететін компанияларда 50 адамға дейін болуы керек. Бұл компаниялар мемлекеттен алынған қаржыны көрме өткізген елде саттыған тауардың немесе көрсетілген қызметтің мөлшері ұлғайғанда ғана қайтарады.

Агробизнеспен шұғылданатын адамдар мемлекет тарапынан экспортты қолдауға көрсетілетін көмегінің тағы бір саласы сауда өкілдерінің (TheTradeCommissionerService - http://www.infoexport.gc.ca/) көмегіне жүгінуіне болады. Бұл өкіл мемлекет аралық сауда Министрлігіне қарайды. Бұл қызмете қазіргі таңда жер шары бойынша 140 елде және Канаданың 12 аумақтық нүктелерінде 900 жуық қызметкерлерге ие. Ол Канаданың мемлекет аралық сауда министрлгі мен Өндіріс министрлігінің бірігуімен салынған Мемлекет аралық Сауда Орталығы (InternationalTradeCenters) деп аталады.

Мемлекет аралық Сауда Орталығы аумақтық отралықтарда канадалық компанияларға өнімді өткізу үшін шет елдегі потенциялды нарықты табуға және сол нарыққа шығу үшін маркетингті жоспар дайындауға кеңестер береді. Одан кейін осы потенциялды экспортерлерді шет елдік сауда өкілділігіне жібереді. Ол жерде канадалық компаниялардың нарықтағы орны мен болашағы, баратын мемлекетте келісімшартқа отыру жолы, баратын мемлекеттегі конкурентті компаниялар жайлы мәлімет беру және көптеген т.б. мәселелерді шешумен айналысады.