Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №7.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.72 Кб
Скачать

Дәріс №7

Бидай сапасын жоғарлатуға және өндіріс көлемін ұлғайтуға арналған шаралар. Бидай өндірісі саласын жүргізуді жаңаландыру, техникалық жабдықтау және заманауи технологияларды еңгізу.

Астық саласының заманауи технологиялары шаруашылығы дұрыс басқаруды қамтиды. Бірінші, топырақ-климаттық жағдайлары мен нарықтық сұраныс пен ұсынысқа сәйкес, экономиканың құрылымы болып табылады.

ҚР ҰҒА академигі Сүлейменов М.К. ғылыми-ізденісі бойынша, Солтүстік Қазақстанда, Канада тәжірибесіне сәйкес, майлы дақылдыр және бұршақ дақылдарын кеңейту, яғни әртараптандыру керек екенін көрсетеді. Бұл тұтастай алғанда, өндірістің тұрақтылығын жақсартады.

Бұршақ, нұт және жасымықтың орны нарықта айтарлықтай жоғары екенін атап өткен жөн. Үндістан жылына бұршақ тұқымдас астықты шамамен 3 млн. тонна импорттайды, негізінен Канада елінен. Жасымық Өзбекстанда үлкен сұранысқа ие, сондықтан осы елге экспорттаудың болашақта жолы ашық.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының мөлшері мен техника жиынтығы бір-біріне сәйкес келуі қажет, техника толық жүктелген, және далалық жұмыстар оңтайлы уақытта жүзеге асырылуы керек, сондықтан Мысалы, Канадада шаруа қожалығының мөлшері техника өнімділігіне сай болмаса, ендеше жер тілімдері жалға беріледі.

Қазіргі уақытта елімізде, негізінен ірі астық холдингтері өндірісті қазіргі заманғы технологияларды оңтайлы жиынтығына сәйкес қамтамасыз етуге қабілетті болды. Басқа аймақтарда, атап айтқанда, оңтүстікте шағын фермерлер шарашылығында әдетте өз құрал-жабдық жоқ, жалға жабдықтарды пайдаланады нәтижесінде егін егу мен жинау уақыты кешігіп, егіннің біршама бөлігі жылдан жылға егілмей қалып қалады.Оңтүстікте суармалы жерде бидай технологияларды пайдалану мүлдем жарамайды.

Қазіргі заманғы жоғары өнімділікті ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, шығындарды азайту арқылы астық жинау шығымдылығын арттырады.

Жақсы астық тазалау жабдықтардың жетіспеушілігінен, ірі қоқымдардан, астық сапасы төмендейді және оның бағалығы азаяды. Дамыған елдерде қоқыстану әрқашан бақылауда болады, себебі шөп шалаңдар егін сапасын нашарлатады, сонымен қоса астыққа қажетті ылғал мен пайдалы заттардың толығымен қамтамасыздануына кедергі келтіреді.

Астық өндірісін және экспортты дамыту. Мемлекеттік қолдау шараларын ұлғайту.

Қазақстан Республикасында АШК өнім экспортын дамыту.

Экспортты ынталандыру қазіргі заманғы шарт бойынша көптеген дамыған мемлекеттердің нарық саясатында маңызды бағыт болып табылады. Бұл елдерде экспортты көбейтуге және экспортерлерге ыңғайлы макроэкономикалық климат жасалған.

1. Сауда-политикасы шарасымен қолдау

2. Экспортты өнімді ынталандыру (бұл арада мемлекет кредитор, кепілдеме, донор ретінде болады) мысалы:

- салықтық жеңілдік;

- субсидиялар;

- дербес ақша салымына кепіл беру;

- кредит алуға жеңілдік;

- гранттар беріледі;

- экспорт инфраструктурасын қолдау;

- тікелей шет елдік инвестицияны ынталандыру;

- ғылыми-ізденіс жұмыстарын субсидиялау;

- еркін экономикалық аймақ жасау.

3. Экспортты тікелей қолдау:

- экспортты кредитпен қамтамассыздандыру (арнайы фондтардан қаржы беру, рефинансиялау, құзіретті банктер арқылы субсидиялау, үкіметарасы банкі бірлестіктері, арнайы кредиттеу);

- сауда мен инвестицияны экономикалық және саясаттық рисктерді сақтандыру;

- салықтық және кедендік жеңілдіктер (экспортерлердің тікелей не болмаса жанама салықтардан босату, шет елде филиалдары бар фирмалардың салығын азайту және т.б.);

- шет елде құралған фирмалардың шартты капиталдарына қатысу;

- ақпаратты-кеңеспен жәрдем беру;

- ұлттық фирмалардың шет елде көрмелерге және жәрмеңкелерге қатысуына жәрдемдесу;

- арнайы болысу шаралары (мысалы экспортқа шығарылған өнімге арнайы сый ақы беру).

Ұлттық брендті жасау бағдарламасы.

Сату шаралары. Көптеген елдердің тәжірибесіне қарағанда, ұлттық экономиканы қолдау тарапында есте қалатын брендті ойлап табу үлкен мәнге ие. Себебі бұл ұлттық өнімнің шет елдік нарықта конкуренцияға қарсы тұруға көмектесетін бірден бір талап. Сонымен қатар, танымал бренд туристерді, инвесторларды және сауда серіктестерін қызықтырады.

Мемлекет ішілік экспортты дамыту бағдарламасында екі негізгі құралды қолдануға болады:

  • техникалық көмек

  • дотациялар.

Техкөмектің әр түрлі формаларын қолдану қазақстандық өнімдерді шет елдік нарықта экспортты экспанцияны қамтамасыз ететін институциялық құрылымды жасауға болады. Бұл формаларда экспортты қолдауға арналған кеңес беру немесе субсидия беру, шет елдік саудагерлермен қарым қатынасты жақсарту және ауылшаруашылық бағытында білім алу қарастырылған.

Сонымен қатар, дотациялау бағдарламасы кәсіпкерлерді экспорттық іскерлікке оқытуға жұмсалатын қаражатты бөлуді қарастырады:

  • «Экспортқа үйрету» - жаңадан бастап келе жатқан кіші немесе орташа кәсіпкер экспортерлерге бағдарламаға қатысуы үшін қаражатты бөлу;

  • «Экспортты қолдау бағдарламасы» - белсенді экспортерлерге сыртқы нарықта промо-маркетингті шараларды ұйымдасыруға қаржылай көмек беруді қарастырады.

«Экспортқа үйрету» бағдарламасының мақсаты экспортты іскерлікте кәсіпкерлердің біліктілігі мен білімін жоғарлату арқылы экспортты қолдау. Қаржыландыру жүйесінің мөлшері: шығынның 60%-ы.

«Экспортты қолдау бағдарламасының » - мақсаты экспортты нарықтың дамуына жүзеге асыратын шараларға дотация беріп, сол арқылы экспорттың дамуын қолдау:

  • изучение конъюнктуры на внешних рынках

  • әріптестерді іздеу

  • шет елдік нарықты зерттеу үшін мамандарды іссапарларға жіберу

  • жаңа нарыққа шығарылатын тауарды қолдау шаралары

  • шет елде өткізілетін көрме-жәрмеңке шараларына қатысуды қолдау

  • экспортты қолдайтын құралдырды жетілдіру