- •Лекциялық кешен құрылымы
- •1. Тақырып.Қаржылық бақылау және аудиттің экономикалық мәні, мақсаттары, міндеттері мен принциптері
- •Қаржылық бақылаудың ұғымы міндеттері мен функциялары.
- •Қаржылық бақылаудың түрлері және қаржылық бақылаудың орғандары.
- •Қаржылық бақылаудың әдістері.
- •Мемлекеттік қаржылық бақылау типтері:
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері:
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың жүзеге асырылуын орғанға қарай:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Тақырып. Қаржылық бақылау және аудиттың рөлі және құқықтық реттелуі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. Тақырып. Қаржылық бақылау нысандары. Сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру негізі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •4. Тақырып.Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •5. Тақырып.Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары
- •Қазіргі таңда стандарттың мынадай түрлері бар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •6.Тақырып. Салықтық, кедендік және валюталық бақылауларды жүргізу ерекшеліктері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Ұсынылатын әдебиеттер
1.ҚР-ның Заңы «Мемлекеттік қызмет туралы» 18.12.09 ж.
2.Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы. ЖОО-ға арналған оқулық. – Алматы.
3.ТОО “Издательство LEM”, 2005
4.Степашин С.В., Столяров Н.С. Государственный финансовый контроль. Учебник – Питер, 2004 г.
6.Тақырып. Салықтық, кедендік және валюталық бақылауларды жүргізу ерекшеліктері
\
Лекция мақсаты – Мпемлекеттік қаржылық бақылауда қолданылатын бақылау түрлерін талдау.
Лекция сұрақтары:
Салық бақылауының экономикалық мәні,мақсаты,міндеттері және бақылауды жүрргізу принциптері.
Салық бақылауының сыныптамасы және салықтық бақылауды жүзеге асырудың нысандары мен әдістері.
Салық міндеттемелері.
Кедендік бақылауды ұйымдастыру.
Валюталық бақылауды ұйымдастыру.
І.сұрақ
Салық бақылауы-бұл мемлекеттік қаржылық бақылаудың бөлігі болып табылады.Яғни,ол әртүрлі деңгейдегі қаржылық және бюджеттік саясаттың жүргізілуіне,сонымен қатар табыстың бюджетке түсуін қамтамасыз етуге негізделген.Салық салу кезінде салықтық бақылаудың маңызы өте зор,өйткені мемлекет салықтық бақылауды дұрыс ұйымдастырмаса,дұрыс жүргізбесе,онда мемлекеттің кіріс көзі толтырылмайды.
- Салық бақылауы дегеніміз-салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуына міндетті зейнетақы қорларының толық аударылуына салықтар мен міндетті төлемдердің өз уақытында төленуіне бақылаулар жасау болып табылады.
- Салық бақылау субьектілері- Мемлекеттің салық қызметі органдары және салық заңына сәйкес кеден органдары.
- Салық бақылауының обьектісі- Салық төлеуші заңды және жеке тулғалар.
- Салық бақылауының мақсаты:
Салық заңындағы заң бұзушылықтарды анықтау және құқықтық қатынастағы қызметкерлердің қызметінің сапасын анықтау.
Салық заңындағы заң бұзушы тұлғаларды анықтау және оларды заңды бұзғаны үшін әкімшілік шаруашылықтарға тарту.
Салық заңындағы заң бұзушының алдын алу.
Өсімпұлдар мен айыпүлдарды өтеудегі әртүрлі шараларды ескере отырып,мемлекеттің материалдык қызығушылығын қорғау.
Салық бақылауының басты міндеті: Ол салықтан жалтаруға тосқауыл жасау және мемлекет үлесіне түсетін кірістерді қамтамасыз ету болып табылады.
Салықтарды бақылау принциптері:
Мемлекеттік бақылаудың көп түрлілігі.Яғни,заңға сәйкес белгілі бір мерзімде тексерудің түрлерін крлдану.
Мемлекеттік бақылауды мамандандыру.яғни бақылауды жүргізу барысында белгілі бір салаларға байланысты қызмет атқарылуын білікті және тәжірибелі мамандардың болуы.
Арнайы уәкілетті органдар жүйесі.Яғни,белгілі бір бақылау жүргізу барысында тексеруші органның іс-қимылдары.
Қаржылық бақылаудың бірлігі.Бұл қағидат бюджетке түсетін міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы түсуін қамтамасыз ете отырып,акша қаражаттарын бөлу,қайта бөлу және тиімді пайдалануына бақылаулар жасау.
Сонымен қатар салықтың атқарылуын кызметіне сүйене отырып,салық жүйесін ұйымдастыру.
2.сұрақ
Әр ғыльм өзінің қолдану аясына байланыстыәртүрлі негізде жіктеледі.
Сол себепті салықтық бақылау өз кезегінде келесідей ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі:
Өзінің жүргізілу талаптарына байланысты алдын-ала,кейінгі,ағымдағы бакылау болып 3 ке бөлінеді:
Алдын-ала бақылау-бұл салық салумен байланысты қандай да бір қаржылық шаруашылық операциялардың орындалғанына дейін жүргізілетін операция.Яғни мұндағы мақсат салық заңдарындаәртүрлі заң бұзушыларды болдырмау және де тексеру барысында салық төлеушілерді ескерту.
Ағымдағы бақылау-бұл бақылау қандайда бір қаржылық шаруашылқ операциялардың жүргізілуікезінде қолданьшады,яғни жүргізіліп отырған қаржылық операция заңды ма,жоқ па,сол мәселені заң жүзінде анықтау.
Кейінгі бақылау-яғни қаржылық операцияның орындалу мерзімі біткеннен кейін жүргізілген бақылау.Мүның мақсаты салық міндеттілігін орындау кезінде қателіктер мен заң бұзушылықтар кетті ме,жоқ па,соны анықтау.Егер қателіктер мен заң бұзушылар кеткен жағдайда кінэлі және заң бұзған тұлғаны тауып,оны міндеттілік жауапкершілікке тарту.
Нысаны бойынша салықтық бақылау тура және жанама бакылау болып 2 бөлінеді:
Тура бақылау-бұл салықтық бақылау кезінде тексеріс бақылау обьектісіне тікелей жүргізіледі және тексеретін тұлға салық есебіне қатысты алған қү_жаттарға талдау жасайды.
Жанама бақылау-бұл бақылау сырттай сипатта жүргізіледі және тексеруші тулға ең басты есепті құжаттармен және орындалған көрсеткіштер мен нақты көрсеткіштерді салыстыра отырып құжаттарды тексеру.
Салықтық бақылау әдістері:
Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне қою.Яғни,салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеуден,салық төлеушілерге тіркеу номерін беру,және салық төлеуші мәліметтерді Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік тізіміне енгізулерді айтады,тіркеу номері салық төлеушілердің барлық құжаттарында көрсетілуі қажет.Мемлекеттік тіркеуден өткен салық төлеуші салық органарында салық төлеуші ретінде тіркеліп,тіркеу есебінен өтулері керек.
Тіркеу есебі деп-салық төлеушіні салық органдарында тіркеуге кою.Соның нәтижесінде салық төлеушілердің түрған жері,салық салу обьектісі және салыққа байланысты кэсіпкерлік қызметін жүзеге асыру орнын тіркеуғ алу.
Салық төлеушінің салық салу обьектілері және салық салуға байланысты обьектілерін есепке енгізу.Бұл әдіс кезінде салық органдары бақылау жүргізу барысында статистика нотариаттық іс-әрекеттер атқарылуын лицензия беретін уәкілетті органдар мен өзара қарым-қатынаста белгілі бір бақылауды жүргізу.
Бюджетке төленетін салық есебін есепке қою.Яғни,бюджетке төленетін салық есебін есептеуді салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органы жүзеге асырады.Есеп салық төлеушінің жеке шоты арқылы іске асырылады.Онда есептен төленетін және төленген салық енгізулерін көрсетеді.
Салық тексерулері-бұл салық қызмет органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық заңнамаларының орындалуын тексеру болып табылады.Яғни,салық төлеушілердің іс-әрекетін мемлекеттік бақылаудың басты тәсілі.
Камералдық бақылау-бұл бақылау белгілі бір обьектінің тіркелген жері бойынша тікелей жүзеге асырылатын бақылаудың түрі.
Салық төлеушінің қаржы шаруашьшық қызметінің мориторингі.Яғни,салық төлеушілердің нақты салық салубарысын анықтау мен тауардың өзіндік қүнын қалыптастырудың негіздемесіне талдаулар жүргізу.
Фискалдық жадысы бар бақылау касса машиналарын қолдану.Яғни,сауда операияларын жүзеге асыру кезінде және қолма-қол ақша банктік төлем карточкалары,чектер арқылы қызмет көрсеткенде түтынушылармен есеп айырысу міндетті түрде фискалдық жадысы бар бақылау касса машиналарын қолдану арқылы және түтынушы қолына бақылау чегін беру арқылы қолданылады.
3.сұрақ
Салық кодексіне сәйкес жәнеәртүрлі заң нормаларына сәйкес мемлекет алдында тұрған салық төлеушілердің міндеттері салық міндеттемесі болып табылады.Осыған сәйкес салық төлеуші салық органьша тіркеу есебіне түруына салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді айқындауға,салықтарды есептеуге,салық есептілігін жасауға оны белгілеген мерзімде табыс етуге,салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Салық міндеттемелерінің элементтері:
1.Міндеттеме субьектісі.Яғни салық міндеттемесі субьектісі олар мемлекет және жоғарғы органдар.
Салық міндеттемелерінің обьектісі.Мүндағы объект салық төлеушінің іс-кимылы,яғни салық есебіне түру,салық обьектісін есепке қою,салық есебін кұру және оны салық органдарына ұсыну,және салықтарды төлеу.
Салық салу базасы.
Салық ставкасы.
Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттерді жасауы керек:
1)Салық органына тіркеу есебіне тұру.
Салық салу обьекілері мен салық салуға байланысты обьектінің есебін жүргізу.
Салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып,бюджетке төленуге тиісті салық және басқа да міндетті төлемдер есептілігін есептеу.
Салық есептілігін жасау және оны белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде салық органына табыс ету.
3аңға сәйкес белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде салықтың есептеп шығаратын есептілігін төлеу.Сонымен қатар салық міндеттері орындалмаған жағдайда салық өсімпүлдары мен айыппүлдарын төлеу.
Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бүрын орындауға міндетті.Салық органдары салық бақылаулары нәтижелері бойынша салыктың және басқа да міндетті төлемдерінің өсімпүлдар мен айыппұлдардың есептерін есептілігі туралы,сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберген жағдайда салық міндеттемесі салық төлеушіге хабарлама тапсырысын күннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.Салық тексерулері нәтижелері бойынша көрсетілген өсімпұлдар мен айыппүлдарды төлеу салық төлеушілердің өтініші бойынша орындау мерзімі 60 жұмыс күніне үзартылуы мүмкін.Салыктың артық төленген сомасы белгілі бір мерзімде заңға сәйкес салық төлеушілердің өтініші бойынша оның банк шотына өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде аударылуы тиіс.Егер салықты бюджетке мерзімінен кешіктіріп төлейтін болса,онда Қазақстан Республикасының Ұлтық Банк белгілеген қайтарымсыз қаржының ресми ставкасының 2,5 еселеген мөлшердеәрбір кешіктірілген күн үшін өсімпүл есептелінді.
Салық тексерулері-бұл салық қызметі салық органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын тексеру болып табылады.Ягни,салық төеушінің іс-әрекетін мемлекеттік бақылаудың басты тәсілі.салық қызметі органдары салык тексеруін жүргізген кезде тексеру кезеңділігі,мерзімі және салық тексеруінің актісін толтырулары қажет.Ал егер тексеру барысында заң бұзушылар орын алса,онда ескерту қағаздарын беру шарттары сақталуы қажет.
Салық тексерулерінің мынадай түрлері бар: 1)Құжаттық тексеру2)рейдтік тексеру 3)хронометраждық зерттеу.
1)Құжаттық тексеру-бұл белгілі бір обьектінің есебі бойынша уәкілетті органдардың деректері және салықтық бақылау нәтижелері негізінде жүргізіледі.Яғни,салық төлеушілердің салықты дұрыс есептегендігі,толық және өз уақытында бюджетке аударатын тексеру болып табылады.Өз кезегінде құжаттық тексеру 3-ке бөлінеді: а)Кешенді тексеру-бұл тексеру жылына 1 рет жүргізіледі,және салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттерінің орындалуын тексеру.б)Тақырыптық тексеру-бұл тексеру жарты жылда І рет жүргізілетін тексеру.Яғни салық міндеттерінің орындалуын міндетті зейнетақы жарнамасын ЖЗҚ-на және элеуметтік аударымдарды мемлекеттік элеуметтік сақтандыру қорына толық және уақытылы үстап қалуды және есептеуді банктің және банк операциялардың түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың белгіленген міндеттерді орындалуын және мемлекеттік реттеу мәселлелерін жүргізу бойынша тексеру. в)Қарсы тексеру-бұл тексеруді жүргізу кезінде салык төлеушілердің жүргізілетін операциялардың салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат қажет болған жағдайда үшінші тұлғаға қатысты жүргізілетін тексерудің түрі.Бұл тексеру кезінде тексерілетін салық төлеушілердің басты құжаттары,есеп деректері сәйкес келетін құжаттар мен алынған материалдық құжаттар тексерілетін үшінші тұлғаның құжаттарымен салыстыруы қажет.
2.Рейдтік тексеру-заңға сәйкес салық төлеушілердің жекелеген талаптарына сәйкес жүргізіледі. Рейдтік тексеруді жүргізу кезінде мынадай талаптар орындалуы кажет:
Салық орандарында салык төлеушілерді тіркеу есебіне қою.
Фискалдық жадысы бар бақылау касса машиналардың дұрыс қолдануынтексеру.
Лицензия және басқа да рұқсат құжаттардың болуы.
Акцизделетін тауарлардың сақталуы мен өндірілу ережесінің дұрыстығы.
Рейдтік тексеру кезінде белгілі бір салық төлеуші салық органдарының қызметкерлерін нұсқама (предписание) негізінде қабылдауға құқығы бар.
Рейдтік тексеру нәтижесі салықтық тексеру актісінде көрсетілуі қажет және бұл акті маңызды құжат болып табылады.Егер рейдтік тексеру кезіндеәртүрлі заң бұзушылар туындаған жағдайда белгілі бір уақытта ескерту қағазы жіберіледі,жәнеәртүрлі әкімшілік шаралары қолданылады.
3.Хронометраждық зерттеу-бұл салық қызметі органдармен жүзеге асыратын белгілі бір салықтық тексерудің түрі.Хронологиялық зерттеу көбінесе арнайы салық режимдерінт қолданатын шағын бизнес субьектісіне және патент,оңайлатылған декларация негізінде қызмет аткаратын жеке кэсіпкерлер мен заңды тұлғаға қолданылады.Хронологиялық зерттеуді жүргізу мерзімі 7 күнге созылуы мүмкін.Хрогологтялық зерттеу жылына 4 рет жүргізіледі. Хронологиялық зерттеуді жүргізу кезінде мынадай міндетті түрде зерттеулермен есептер болуы қажет:
Салық салу обьектісі
Кассадағы қолма-қол ақшаның болуы
Фискалдық жадысы бар бақылау касса машиналарынан фискалдық чектің берілуі.
Тексерілген кезеңдегі нақты табыстың көрсетілуі.
Нақты шығынның көрсетілуі
бухгалтерлік есептің дұрыс толтырылуы.
Хронологиялық зерттеу соңында хронологиялық бақылау карталары негізінде белгілі бір салық салу обьектісінің орташа шығындары табылады және салық салушы түлғаның таза табыстары анықталады.Қорытындылай айтқанда хронологиялық зерттеу белгілі бір зерттеу кезеңіне сәйкес салық төлеушілердің барлық обьектілері бойынша салыктық бақылауды жүргізу.
Құжаттық рейдтік және хронологиялық зерттеулер заңға сәйкес нүсқама негізде жүзеге асырылады.Және салық органында арнайы тіркеу журналында тіркелуі қажет.Бұл нүсқамада мынадай риквизиттер көрсетілуі қажет:
Нүсқаманың салық органында тіркелген номері мен күні.
нүскамада көрсетілген салық органының аты (рошон)
Салық төлеушілердің толық атауы.
Салық төлеушілердің толық номері
Тексеру түрі
Тексеруші тұлғаның толық атауы,және қызметі
Тексерудің жүргізілу уақыты
Құжатық тексеру кезінде жүргізілген салық кезеңі.
Осы мәліметтерге сәйкес нүсқамада салық органы қызметкерлерінің басшысының қолы және арнайы тіркеу журналында тіркелгені туралы мөр қойылуы керек.Егер тексеру уақыты аз болып,мерзімі ары-қарай созылатын болса,онда қосымша жанадан тіркеу журналына тіркелген.Жүргізген салық тексеруінің бастамасы болып,салық төлеушіге нүсқаманы тапсырған сәт тексеру сэті болып табылады.Тексеруді жүргізу барысында салық кызмет органының уәкілетті тклғалары Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес арнайы қызмет құжаттары олуы қажет.
Рейдтік тексеру барысында салық төлеушіге нүсқаманың көшірмесі тапсырылуы қажет.Егер салық төлеуші нүсқамадан бас тартатын болса,онда ол белгілі бір заңға сәйкес әкімшілік шараларға тартылады.Салық тексеру,органдары тексеру барысында мүліктерді,құжаттарды және т.б. материалдарды тәркілеуге құқықтары бар.Жалпы салық тексерулері қорытындылары бойынша салық қызмет органдары салық тексеру актісі толтылылады.Ол актіде мынадай мәліметтер болуы қажет:
Салық тексерісі жүрген жер (аудан) және актінің толтырылған күні.
тексеру түрі.
салық тексеруін жүргізген салық қызмет органдарының өкілетті тұлғаларының аты-жөні.
Салық төлеушінің толық аты-жөні
Салық төлеушінің орналаскан жері,банктік реквизиттері және тіркеу номері.
Салықтың төленгендігін,бухғалтерлік есептің дұрыс жүргізгендігін растайтын және соған жауапты басшының және сенімді тұлғаның аты-жөні.
Қазақстан Республикасының қаңдарына сәйкес заң бұзушыларды көрсету.
Тексеру жүргізудің мерзімі.
Егер заң бұзушылар болған жағдайда сол заң бұзушыларды Қазақстан республикасының заң актілеріне сәйкескөрсету.
10) Салық тексерудің нәтижесі.
4.сұрақ.
ҚазақстанРеспубликасының заңдарына сәйкес қаржы қатынастарын реттеу және ақша-қаржының бөлінуімен пайдаланылуы белгілі бір бақылаулар негізінде жүзеге асырылады.Сол бақылаудың бір бөлігі ол кедендік бақылау.
Кедендік бақылау бұл тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумагына әкелу кезінде және Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен кезде жүргізілген бакылау болып табылады.Кеден органдарының лауазымды артықшылықтары мынадай кедендік бақылауды іске асырады:
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына бақылаулар жасау;
Таурлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде толтырылған кедендік декларациялар мен құжатарға қатысты бақылаулар жүргізу;
Тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге белгілеген шектеудің сақталуына бақылаулар жасау;
Тауарларды және көлік құралдарын сақтау бойынша кедендік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалардың іс-әрекетіне бақылаулар жүргізу;
Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге, төлеуге катысты кедендік бақылау жүргізу.
Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген немесе әкелетін тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезден бастап мынадай жағдайда кедендік бақылауда болады:
1.еркін айналыс үшін тауарлар мен көлік құралдарын айналысқа шығарғанда.
Мемлекеттің пайдасы үшін тауардан бас тартқанға дейін немесе оларды мемлекеттік меншікке айналдырғанға дейін.
Тауарларды көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан нақты мақсатты түрде шығарғанға дейін кедендік бақылауда болады.
Тауарлармен көлік құралдарының жойылуына дейін.
Тауарлармен көлік құралдарын кеден оғандары нақты мақсатты түрде шығарғаннан кейін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кедендік бақылауды жүргізіу кезінде кеден органдары ірікеу принципін негізге ала отырып,бақылауды жүзеге асырады.Яғни,Қазақстан Республикасы кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету және тауарлар мен көлік құралдарының жекелеген түрі бойынша және кедендік тарифтер бойьшша бақылауды жүргізу.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші кеден органдарына жүктелетін қызметті жүзеге асырушы тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша немесе жазбаша түрде және электронды нысанда кеден органдарына беруге міндетті.Ал кеден органдары кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және электронды нысанда сұрап алуға міндетті.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу үшін банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан,экспорттық және импорттық мәселелер бойынша ақша операциялары туралы мәселелермен анықтамалар алуға құқылы. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары салық қызмет органдары және өзге де бақылаушы органдар,банктер және банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар,ұйымдарды тіркеуді жүзеге асыратын органдар,органдарының сүрақтары бойынша Қазақстан Республикасының актілерінде көзделген жағдайда және белгіленген тәртіппен кедендік бақылауды жүзеге асыруға қажетті қолда бар мәселелер туралы хабарлауға міндетті.Кеден органдары Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес бакылау жүргізуге жәрдемдесу үшін мемлекеттік органдардың мамандарын,сондай-ақ шарттың негізінде өзге де ұйымның мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан тартылған мамандар мен сарапшылар мемлекеттік күпия комерциялық және заңмен қорғалатын өзге де қүпия болып табылатын мәселелерді,сондай-ақ кеден ісі саласындагы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты қүлия ақпараты жария етпеуге міндетті.Кедендік бақылау кедендік бақылау аумағында,сондай-ақ тауарлар,көлік құралдары және олар туралы мәліметтер,оның ішінде электронды нысандағы мәліметтер бар құжаттар орналасқан жерде кедендік бақылаулар жүргізіледі.Кедендік деклорацияны,құжаттарды тексеруді және тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарауды,тауарды алдын-ала деклорациялауға және құжаттарды тексеруді кеден органы кедендік деклорацияны тіркеген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырады.Аталған мерзімді жүктің кедендік деклорациясын қабылдаған кезден бастап 10 жұмыс күніне дейін,ал тауарлрды теңіз ішкі су көлігімен тасымалдау кезде 20 жұмыс күніне дейін үзартылуы мүмкін.
Кедендік бақылау нысандары мыналар:
Кедендік деклорацияны,құжаттар мен мәліметтерді тексеру.яғни кеден органдары құжаттың дұрыстығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізу кезінде беретін кедендік деклорацияны,құжаттарды және мәліметтерді тексеру болып табылады.
Ауызша пікір сүрау.яғни бұл Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу,алдын-ала операциялармен өзге де кедендік бакылау кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары белгілі бір тұлғалардан ауызша пікір сүрауға құқылы.
Түсіндірмелер алу.Яғни,бұл кеден органдары лауазымды адамдардың бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласындагы қажетті ақпараттарды алу,түсіндірме жазбаша нысанда жүргізіледі.
Кедендік қадағалау.Бұл кеден органдары лауазымды адамдардың кедендік бакылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасмалдауын,олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып,және технологиялық құралдарды қолдана отырып бақылау жүргізу.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру бұл-кеден органдары тауарлар мен көлік құрлдарын жөнелту кезінде белгілі бір айрықшылық белгілерінің болуына сәйкес бақылауды жүргізу.
Тауарлар мен көлік кұралдарын кедендік тексеріп қарау.Яғни бұл тауардың орамаларын несесе көлік құралының жүк тиелетін бөліктерін немесе тауарлар мен көлік құралдарына қатысты орындауды ашумен байланысты кеден органдарының іс-әрекеті.
Жеке тексеріп қарау.Бұл Қазақстан республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік кұралдары бойьшша заң бұзатын обьектілерді жасыру негізгі обьектілерді тексеру болып табылады.
Тауарды арнаулы таңбалармен таңбамен және оарға белгілерді қою.Яғни бұл кеден органдары кедендік бақылауды арнаулы таңбалардың және белгілердің негізінде жүргізген немесе айналыста болатын тауарлар мен көлік құралдарын тексеру.
Тауардың және көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру.
Тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу және оларды есепке алу.Яғни заңға сәйкес тауарларға бақылауға қамтамасыз ету мақсатта белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының кедендікшекарасы арқылы өткізетін тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу,және заңға сәйкес белгілі бір есептілікті тапсыру.
Үй жайлар мен аумақтарды тексеру бул жағдайда кедендік бақылау органдары кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар болуы мүмкін деген жағдайда сондай-ақ кедендік бақылаудағы тауарға қатысты қызмет пен жүзеге асырылатын аумақ пен үй жайларға кіріп тексеру жүргізуге құқығы бар.
5.сұрақ.
Валюта – мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде немесе оны қолма-қол және қолма-қол жасамайтын нысандардағы, банкноттар, қазынашылық билеттер мен металл ақша, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған ақша түрiндегi (айналыстан алынған немесе алынатын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбастауға жататындарын қосқанда) ресми стандарттар ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi, сондай-ақ шоттардағы, оның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражат.
Ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы.
Шетелдiк валюта – шет мемлекеттерiнiң валютасы.
Валюталық құндылықтарға:
шетел валютасы;
номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
тазартылған құйма алтын;
ұлттық валюта, резиденттер мен резидент еместер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда, номиналы ұлттық валютада көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары жатады.
Валюталық бақылау валюталық реттеу жүйесiндегi маңызды құрам болып табылады. Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары мен агенттiктерi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары заңдарға сәйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыруға құқылы мемлекеттiк органдар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, кеден органдары және басқалары) болып табылады. Валюталық бақылау органдары өздерiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн валюталық бақылау агенттерiн тартуға және олардың мiндеттi орындауы үшiн жекелеген тапсырмалар беруге құқылы.
Валюталық бақылау агенттерi уәкiлеттi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ олар операциялар жүргiзген кезде валюта заңдарының сақталуын бақылау мiндеттi жүктелген басқа да ұйымдар болып табылады.
Уәкiлеттi банктер – банк заңдарында көзделген операциялар жүргiзуге Ұлттық Банкi берген лицензиясы бар және валюта операцияларын, оның iшiнде клиенттердiң тапсырмалары бойынша жүзеге асыратын банктер.
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдары бойынша банк болып табылмайтын, шетел валютасында банк операцияларын жүргiзуге Ұлттық Банк берген лицензиясы бар заңды тұлғалар болып есептеледi.
Валюталық реттеу елдiң төлем балансының нығаюын, ұлттық валютаның тұрақтылығын, iшкi валюталық рыноктың дамуын қамтамасыз ету мақсатында валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн белгiлеу және оның сақталуына бақылау бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының (валюталық реттеу органдарының) қызметiн бiлдiредi.
Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негiзгi органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюталық реттеу функциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеу және бақылау саласында мынадай функциялады жүзеге асырады:
а) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
б) резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
в) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
г) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
д) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
е) алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
ж) мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
и) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
к) халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
л) жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
м) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Валюталық реттеу жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде валюталық реттеудi жүзеге асырады.
Валюталық реттеу объектiлерi Қазақстан Республикасының валютасы, Қазақстан Республикасының валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар мен валюта операциялары болып табылады.
Валюталық реттеу және бақылау мақсаттары мен мiндеттерi
Валюталық реттеудiң негiзгi мақсаттары – ұлттық валютаны қорғауды және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, төлем балансының тұрақтылығын қолдау, iшкi валюта рыногын қалыптастыру және дамыту.
Валюталық реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының аумағында валюта операцияларын жүзеге асыру принциптерi мен тәртiбiн, валюта операциялары субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, валюта заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiгiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу;
Валюта заңдарының сақталуын бақылау (валюталық бақылау);
Республикада жүргiзiлетiн валюта операциялары туралы ақпарат жинау, ақпараттық-талдау материалдарын дайындау болып табылады.
Валюталық бақылау валюталық реттеу жүйесiнiң маңызды құрамы болып табылады.
Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының валюта рыногының субъектiлерi валюта операцияларын жүзеге асырған кезде олардың заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Валюталық бақылаудың негiзгi мiндеттерi:
жүргiзiлетiн валюта операцияларының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестiгiн және оларды жүзеге асыру үшiн қажеттi лицензиялар мен тiркеу куәлiктерiнiң болуын анықтау;
экспорт түсiмiнiң толық және уақтылы түсуiн, импорт мақсатына шетел валютасымен жасалған төлемдердiң құқықтылығы мен негiздiлiгiн, оның iшiнде олардың сыртқы экономикалық келiсiм-шарттардың талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудiң толық және объективтi болуын тексеру.
Валюталық реттеудiң әдiстерi
Валюталық реттеу мәселелерiн шешу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мынадай негiзгi әдiстердi қолданады:
валюта операцияларының субъектiлерi мен объектiлерiн айқындауды, валюта операциялары субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, валюта операцияларының жiктеуiн, валюталық құндылықтар айналысының (иелiк ету, пайдалану, басқару) ережесiн белгiлеудi көздейтiн валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн белгiлеу және басқалары;
валюталық щектеулердi енгiзу – валюта операцияларының сипатына, субъектiлерiне, объектiлерiне, операциялар көлемiне қарай белгiленген валюта операцияларын жасауға шектеулердi (тыйым салуларды) белгiлеу және т.б.;
валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау;
капитал қозғалысына байланысты валюталық операцияларды тiркеу;
валюта операциялары туралы есептердi жинау және талдау;
валюта заңдарының сақталуын бақылау, оның iшiнде экспорт-импорт мәмiлелерiн паспорттау рәсiмiн белгiлеу және тексерулердi (инспекцияларды) жүргiзу арқылы (ҚРҰБ Басқармасының 05.09.01 ж. №343 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты және ҚРҰБ Басқармасының 13.06.02 ж. №229 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн қараңыз);
валюталық реттеу мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық.
Валюталық реттеудiң негiзгi әдiстерiнiң бiрi валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн белгiлеу болып табылады, ол валюталық реттеу мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлердi басу арқылы жүзеге асырылады. Негiзгi мақсаты - Қазақстан Республикасының валюталық рыногы субъектiлерiнiң валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн сақтауын қамтамасыз ету.
Мұндай валюта операцияларына:
валюталық құндылықтарға меншiк құқығының және өзге де құқықтардың көшуiне байланысты мәмiлелер;
валюталық құндылықтарды кез келген тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу және жiберу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу жатады;
Резиденттер және резидент еместер арасында валюта операциялары:
ағымдағы операцияларға;
капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлiнедi.
Ағымдағы операцияларға:
тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемдi не аванстық төлемдi 180 күннен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдыруды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуға арналған аударымдар;
180 күннен аспайтын мерзiмге кредиттер беру және алу;
салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар бойынша дивидендтер, сыйақы (мүдде) және өзге де кiрiстердi аудару және алу;
гранттарды, мұрагерлiк сомаларды, жалақыны, зейнетақыны, алименттердi аударуды және басқаларын қоса алғанда, сауда сипаты жоқ аударымдар;
капитал қозғалысына байланысты операцияларға датпайтын барлық өзге де валюта операциялары жатады.
Капитал қозғалысына байланысты операцияларға:
инвестицияларды жүзеге асыру;
интеллектуалды меншiк объектiлерiне қатысты айрықша құқықтарды толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойынша есеп айырысуға арналған аударымдар;
жылжымайтын заттарға теңестiрiлген мүлiктi қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтар үшiн ақы төлеу аударымдары;
тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемдi не аванстық төлемдi 180 күннен асатын мерзiмге кейiнге қалдыруды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуға арналған аударымдар;
180 күннен асатын мерзiмге кредиттер беру және алу;
зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiлелер бойынша халықаралық аударымдар;
жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар;
валюталық құндылықтарды сенiмгерлiк басқаруға беру жатады.
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау.
Ұлттық Банк республика аумағында валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензия беруге уәкiлеттi жалғыз лицензиар болып табылады. Қазiргi уақытта мынадай операциялар лицензиялауға жатады:
бөлшек сауданы жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасы үшiн қызмет көрсету;
резиденттердiң шетел банктерiнде және осы қаржы институттары тiркелген мемлекеттiң заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыру құқығы бар өзге де қаржы институттарында шоттар ашуы (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы шоттарды қоса алғанда), бiрақ банктердiң;
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кiретiн және рейтинг агенттiктерi бiреуiнiң талап етiлетiн ең төменгi рейтингiсi бар елдердiң шетел банктерiнде жеке тұлғалар-резиденттердiң;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс, оқу, емделу немесе демалу мақсатымен уақытша жүрген жеке тұлғалар-резиденттердiң шоттарын ашуын қоспағанда;
резиденттердiң шетелге инвестициялары:
банктердiң дилерлiк қызметiн;
Қазақстан Республикасының валюта және банк заңдарында белгiленген талаптарға жауап беретiн резидент еместердiң бағалы қағаздарға инвестицияларын;
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) немесе Қазақстан Республикасы инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы халықаралық шарттарды жасаған әрi ратификациялаған елдерге заңды тұлғаларының жарғылық капиталына инвестицияларды қоспағанда, олардың нәтижесiнде инвестицияларды жүзеге асыратын резидентке инвестициялау объектiсiнiң 50% және одан астам дауыс беретiн акциялары ( қатысушылардың 50% және одан астам дауыстары) тиесiлi болады;
резиденттердiң резидент еместердiң пайдасына жылжымайтын заттарға теңестiрiлген мүлiктi қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтардың көшуiн көздейтiн мәмiлелердi төлеу үшiн аударымдары;
резиденттердiң 180 күннен асатын мерзiмге тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн, сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспортына ақы төлеу үшiн резиденттердiң валюталық түсiмдер алу мерзiмi тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортталған күннен бастап 180 күннен астам күнге кешiктiрiлген кезде аванстық төлем көзделетiн импорттық мәмiлелер бойынша есеп айырысу үшiн резидент еместердiң пайдасына жасалған аударымдары;
егер тауарлар экспортының және экспорттық түсiмдi алу күнi арасындағы мерзiм 365 күннен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жекелеген тауарлар тiзбесiнiң экспорты бойынша резиденттердiң резидент еместерден төлемдердi алуы;
резиденттердiң (банктерден басқасы) резидент еместерге 180 күннен асатын мерзiмге кредиттер беруi;
валюта заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, резиденттiң кредит ретiнде резидент еместен алған шетел валютасын Үшiншi тұлғалардың шоттарына есепке алу;
резиденттердiң резидент емеске валюталық құндылықтарды сенiмгерлiк басқаруға беруi жатады.
Капитал қозғалысына және шетелде шоттарды ашуға байланысты валюта операцияларын тiркеу
Мыналар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде тiркелуге жатады:
Қазақстан Республикасына мүлiктiң (қаражаттың) келiп түсуiн және 100 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада резидент емеске қаражатты қайтару бойынша мiндеттемелердiң туындауын көздейтiн капитал көзғалысына байланысты валюта операцияларын:
қаржы лизингiн қоса алғанда, резидент еместерден 180 күннен астам мерзiмге кредиттер алу;
резидент еместердiң экспорт-импорт мәмiлелерiн кредиттеуi;
халықаралық капитал рыноктарында резиденттердiң бағалы қағаздарын бастапқы орналастыруын қоса алғанда, резидент еместердiң Қазақстан Республикасына тiкелей және портфельдiк инвестициялар нысанында инвестициялары, оның iшiнде резиденттердiң бағалы қағаздарына депозитарлық қолхаттардың шығарылуы;
резиденттердiң интеллектуалдық меншiк объектiлерiне қатысты айрықша құқықтарды толық беруi үшiн резидент еместердiң жасаған аударымдары;
жылжымайтын заттарға теңестiрiлген мүлiктi қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтарды төлеу үшiн резидент еместердiң жасаған аударымдары;
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) немесе Қазақстан Республикасы инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы халықаралық шарттарды жасаған әрi ратификациялаған елдерге кiретiн елдерге резиденттердiң тiкелей инвестициялары, олардың нәтижесiнде инвестицияларды жүзеге асыратын резидентке инвестициялау объектiсiнiң 50% және одан астам дауыс беретiн акциялары (қатысушылардың 50% және одан астам дауыстары) тиесiлi болады;
жеке тұлға-резиденттердiң шетелде, егер шетелдiк банк “А”-дан (“Standart&Poor’s” немесе “Fitch” рейтинг агенттiктерiнiң жiктеуi бойынша) немесе “А2”-ден (“Moody’s Investors Service” рейтинг агенттiгiнiң жiктеуi бойынша) төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингiге ие мемлекетте тiркелген және орналасқан болса және ЭЫДҰ-ның мүшесi болып табылатын шетелдiк банкте шоттар ашуы.
Валюта операциялары бойынша есептердi белгiлеу. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша орындалуы Қазақстан Республикасының аумағында барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болатын валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп беру тәртiбiн және нысандарын белгiлейдi.
Валюталық реттеу мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан 1992 жылдың ортасынан бастап Халықаралық валюта қорының мүшесi болып табылады, ал 1996 жылғы 16 шiлдеден бастап Қазақстан мемлекеттiң өз валютасының айырбасталымдылығын қамтамасыз ететiн, яғни ағымдағы валюта операциялары бойынша шектеулердi енгiзбеу мiндеттемесi көзделетiн ХВҚ келiсiмiнiң VIII бабына қосылады.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы валюталық реттеу және бақылау саласында тәжiрибе (оның iшiнде мамандар үшiн тағылымдамалар және семинарлар ұйымдастыру арқылы) және ақпарат алмасу, валюталық реттеудiң бiрыңғай принциптерiн әзiрлеу, ұлттық валюталық заңдарды интеграциялау және бiрегейлендiру бағыттары көделетiн валюталық реттеу аясында екi және көп жақты халықаралық келiсiмдер жасады, сондай-ақ әiрлеу және келiсу үстiнде. ЕурАзЭЫ қатысушы мемлекеттермен Кеден одағын құру туралы келiсiм шеңберiнде осындай жұмыс бiршама атқарылуда.
Өз-өзін бақылау сұрақтары
1.Мемлекеттік қаржылық бақылау кезінде қолданылатын басқа да бақылау түрлерін сипатта.
2. Аудиттік бақылау түсінігі, оның мақсаты мен жүргізілу әдістері
3.Аудиторлық қызмет түсінігі және оның аудиторлық бақылаудан айырмашылығы
