- •Лекциялық кешен құрылымы
- •1. Тақырып.Қаржылық бақылау және аудиттің экономикалық мәні, мақсаттары, міндеттері мен принциптері
- •Қаржылық бақылаудың ұғымы міндеттері мен функциялары.
- •Қаржылық бақылаудың түрлері және қаржылық бақылаудың орғандары.
- •Қаржылық бақылаудың әдістері.
- •Мемлекеттік қаржылық бақылау типтері:
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері:
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың жүзеге асырылуын орғанға қарай:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Тақырып. Қаржылық бақылау және аудиттың рөлі және құқықтық реттелуі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. Тақырып. Қаржылық бақылау нысандары. Сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру негізі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •4. Тақырып.Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •5. Тақырып.Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары
- •Қазіргі таңда стандарттың мынадай түрлері бар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •6.Тақырып. Салықтық, кедендік және валюталық бақылауларды жүргізу ерекшеліктері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Ұсынылатын әдебиеттер
1.ҚР-ның Заңы «Мемлекеттік қызмет туралы» 18.12.09 ж.
2.Интыкбаева С.Ж. Құлпыбаев С.К. Қаржы. ЖОО-ға арналған оқулық. – Алматы “Экономика”, 2010
3.Степашин С.В., Столяров Н.С. Государственный финансовый контроль. Учебник – Питер, 2004 г.
4. Тақырып.Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
Лекция мақсаты – Мемлекеттік қаржылық бақылау дүйесінің жүргізілу деңгейін ашу.
Жалпы қаржы жүйесi – бұл мемлекет пен кәсiпорындардың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесiндегi қаржы қатынастарының оқшауланған, бiрақ өзара байланысқан әр түрлi салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Қаржы жүйесi анықтамасының бұл принципалды үлгiсiне сәйкес қаржы жүйесi мынандай үш бөлiктi қамтиды:
Қаржы қатынастарының жиынтығы;
Ақша қорларының жиынтығы;
Басқарудың қаржы аппараты.
Қаржы қатынастары өзiнiң экономикалық табиғаты жөнiнен бөлгiштiк қатынастар болып табылады, оның үстiне құнды бөлу ең алдымен субъектiлер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндiрiстегi субъектiлердiң рөлi қаржы қатынастары жiктемесiнiң алғашқы объективтi белгiсi ретiнде көрiнедi. Осыған сәйкес қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетiн тиiстi орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесiнiң екiншi бөлiгiн құрайды.
Өзiнiң тарихи дамуына қаржы жүйесi ұзақ эволюциядан өттi. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезiнде қаржы жүйесi, жалпыға мәлiм, әдетте, тек бiр буынмен – мемлекеттiк бюджетпен шектелдi. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениеттi елдерiнiң, соның iшiнде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесiн екi негiзгi буын – мемлекеттiк бюджет пен жергiлiктi қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi, бұл буындардың көмегiмен мемлекет өзiнiң саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады.
Қазақстан Республикасында макро-және микро экономиканың қаржы жүйесiн реттелiп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, халық шаруашылығын қаржыландыру мен несиелеуге байланысты бөлудi жүзеге асыратын қаржы мекемелерi құрайды.
Бүгiнде Қазақстанның қаржы жүйесi қаржы қатынастарының бiршама дербес мына салаларынан тұрады:
Мемлекеттiк бюджет жүйесi;
Мемлекеттiк несие;
Жергiлiктi қаржылар;
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң (корпорациялық) қаржылары;
Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы екi бөлiгi жалпы мемлекеттiк, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегi экономика мен әлеуметтiк қатынастарды реттеу үшiн пайдаланылады. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң (корпорациялық) қаржылар орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микро деңгейдегi экономика мен әлеуметтiк қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшiн пайдаланылады.
Жергiлiктi қаржылар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң маңызды сферасы болып табылады. Жергiлiктi қаржылардың әлеуметтiк рөлi, олардың құрамы мен құрылымы бүтiндей жергiлiктi органдарына жүктелiнген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкiл жүйесi (құрамы) екi iрiлендiрiлген бөлiкке бiрiктiрiледi:
Мемлекеттiк және муниципалдық қаржылар;
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылары (корпорациялық қаржылар)
Қаржы жүйесiнiң құрамы – бұл қаржы қатынастарының әр түрлi сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесiне түрлi ақша қорлары құрылып, пайдаланылады.
Қаржы жүйесiн құрудың негiзiне мына қағидаттар қойылған.
Қаржы жүйесiн ұйымдастыруда централизм мен демократизмнiң үйлесуi.
Бұл қағидат жергiлiктi қаржы органдарының тиiстi жергiлiктi әкiмшiлiкке және жоғарғы қаржы орындарына екi жақты бағынышты жүйесiн алдын-ала айқындайды.
Ұлттық және аймақтық мүдделердi сақтау. Бұл қағидат қаржы қатынастарында аймақты дамытуды қабылдауға болатын деңгейi сияқты ұлттық теңдiктi қамтамасыз етудi де талап етедi.
Қаржы жүйесi бiрлiгiнiң қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттiң жүргiзiп отырған бiрыңғай мақсаттары мен алдын-ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бiрыңғай негiзгi заңнамалық және нормативтiк кесiмдерге негiзделедi.
Қаржы жүйесiнiң жеке құрамды элементтерiнiң функционалдық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз мiндеттерiн шешiп отыратындығынан көрiнедi.
Сонымен қатар республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және маслихаттың тексеру комиссиясы жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, ол Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекттік каржылық бақылаудың жоғарғы орғаны болып табылады. Бұл комитетті Қазқстан Республикасының Президенті бекітеді,және олардың қолданатын жалпы ережесін қарайды және бекітеді.
Қазақстан Республикасының бұл есеп комитеті мынадай қызметтер атқарады:
Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсан сайын өздерінің жұмыстары туралы ақпараттар береді;
Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің атқаруын бақылауды талдауға,оның қорытындысы мен нәтижесіне және салық және басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытылы түсуіне бюджет қаражатының тиімді пайдалануына жауап береді;
Қазақстан Республикасының парламентіне ағымдағы жылдың 1-маусымына дейін өткен каржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс етеді. Және әр түрлі Бұқаралық ақпараттар тапсырылады;
Мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысады;
Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің республикалық бюджеттің түсімдері мен шығыстарының сәйкестігін, қаржы есептілігі мен олардың тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады;
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының орындалуын бақылауды;
Сыртқы бақылау саласында кадрлардың біліктілігін арттырады және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады.
Республикалық бюджеттік бағдарламаның атқарылу тиімділігі мен нәтижесіне баға береді.
Мемлекеттік және салалық бағдарламаның тиімділігімен нәтижелеріне баға береді.
10. Қаржылық бақылау обьектілері бойынша лауазымды адамдардың ұсыныстарымен есеп терін тыңдайды.
Маслихаттың тексеру комиссиясының атқаратын қызметтері:
Жергілікті атқарушы орғанның есебі бойынша белгіленген мерзімде өздерінің қызметтері туралы Маслихатқа белгілі бір көлемдегі ережелерді тапсыру.
Маслихат пен әкімдік бақылау нәтижелері бойынша негізсіз және тиімсіз пайдаланылған бюджет каражаттарын, сондай-ақ жергілікті бюджетті атқару жөніндегі жұмыстарды орындау кезіндегі кемшіліктер туралы ақпарат беру.
Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстарын атқару сәйкестігін қаржы есептілігі мен тиімділігіне бақылауды жүзеге асырады.
Жергілікті бюджеттегі түсімдердің толық және уақытылы келіп түсуіне бақылаулар жасайды. Және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары
1.Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің бюджет жүйесімен ерекшеліктері.
2. Маслихаттың тексеру комиссиясының міндеттері мен құқықтары
