Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық бақылау және аудит Лекция кешен құрылы...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.27 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. ҚР-ның Заңы «Мемлекеттік қызмет туралы» 18.12.09 ж.

  2. Интыкбаева С.Ж. Құлпыбаев С.К. Қаржы. ЖОО-ға арналған оқулық. – Алматы “Экономика”, 2010

  3. Степашин С.В., Столяров Н.С. Государственный финансовый контроль. Учебник – Питер, 2004 г.

3. Тақырып. Қаржылық бақылау нысандары. Сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру негізі

Лекция мақсаты – қаржылық бақылау нысандарын аша отырып, олардың жүргізілу ерекшеліктеріне тоқталу.

Лекция сұрақтары:

1.Сырткы бақылаудыц мән-мағынасы және оларды жүргізудің ерекшеліктері.

2.Ішкі бақылау негізі және оларды жүргізудің өкілдіктері.

3.Сыртқы бақылаудың жүргізілудің негіздері мен олардың құрылымы.

4.Бақылау шараларын жүргізу жоспарлары,тәртіптері,сапасы және есеп берулері.

1).сұрақ. Сыртқы бақылау-бұл жоғарғы органдардың уәкілеттілігімен жүргізілетін бақылаудың түрі болып табылады. Қазақстан Республикасында сыртқы бақылау жүргізу қаржылық есепті ұсынумен бухгалтерлік есепті жүргізу республикалық және жергілікті бюджеттің қаржысының тиімді және мақсатты пайдалануына бақылаулар жасау болып табылады.

Ережеге сәйкес сыртқы бақылаудың мынадай негізгі ұғымдары бар:

  1. Бақылау масштабы-бұл бақылау көлемін ескере отырып және уақытты үнемдей отырып бақылауға сәйкес белгілі бір сұрақтарды шешу.

  1. Бақылау обьектісі-бұл орталық және жергілікті органдар,мемлекеттік мекемелер,салықтық емес түсімдерді өндіріп алу өнімнің жауапкерлері, республикалық және жергілікті бюджетпен қаржыландыратын мекемелер,заңды және жеке тұлғалар, әртүрлі гранттарды қолданушылар және мемлекеттің актілері.

  1. Бақылау субьектісі-бұл сыртқы бақылау бойынша орталық уәкілетті орган және сыртқы бақылау қызметкерлері.

  2. Бақылау шаралары,яғни белгілі бір тексеру барысында құжаттық тексерулерді жүргізу.Мұндағы мақсат- болып жатқан қаржы шаруашылық операцияларының заңға сәйкес және тиімді жүргізілуіне бақылаулар жасау. Сонымен қатар ақша қаражатының бухгалтерлік есептерде және есеп берулерде дұрыс және нақты көрсетілуін тексеру.

  3. Тексеруші тұлға-бұл тұлға бақылау шараларын жүргізу барысында тақырыптық және құжаттық тексерулерді жүргізеді .Бұл тексеруші тұлға тек 1 ғана адам болуы кажет.

  4. Тексеруші топ бұл жерде бақылау субьектісінің қызметкерлері 2 және одан да көп адамдардан тұруы мүмкін. Бұлар құжаттық және тақырыптық тексерулерді жүргізеді.

  5. Тексеру актісі. Бұл акт бақылау кезінде алған құжаттарды тексеру барысында олардың нәтижелері бойынша толтыратын актілер.

  6. Бақылаудың жекелеген бағдарламасы.Бұл багдарламада бақылау обьектісінің нақты шаралары көрсеткіштерді және сол шаруашылықтың негізіндеәртүрлі сұрақтар шешіледі.

Қазіргі кезде заң негізіне сәйкес сыртқы бақылаудың мынадай бөлімшелері бар:

  1. Жергілікті атқарушы органдар бақылауы.

  2. Мемлекеттік мекемелер бақылауы.

  3. Мемлекеттік кәсіпорындар бақылауы.

  4. 3аңды және жеке тұлғалар мемлекеттің актілері мен гранттарын қолданатын заңды және жеке тұлғалар бақылауы.

  5. Бюджет қаражатын қалыптастыру және алуды бақылау.

  1. Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдар заңға сәйкес тексеру шараларын жүргізулері қажет.Жергілікті атқарушы органдар субьектісі болып сыртқы бақылау бойынша орталық уәкілетті орган болып табылады.Ал обьектісі бюджеттің атқаруы және бюджетті жоспарлау бойынша жергілікті аткарушы органдар мен әкімшілік аппараттары.

  1. Мемлекеттік мекемелер бойынша бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік мекемелердің кызметтері Қазақстан Республикасының заңды талаптарына сәйкес құралады және жүргізіледі.Мемлекеттік мекемелерді бақылаудың субьектісі барлық мемлекеттік мекемелер үшін орталық уәкілетті орган,республикалық бюджеттен қаржыландыратын орталық аппараттар үшін сыртқы бақылау қызметі.Ал обьектісі бюджетпен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер.

  1. Мемлекеттік кәсіпорындар бақылауын жүргізу кезінде мемлекеттік кәсіпорынның іс-әрекетідызмет көсетулері Қазақстан Республикасының заңдарына нормативтік актілеріне сәйкес жүргізілуі қажет.Бұл бақылаудың субьектісі барлық мемлекеттік кәсіпорындар үшін орталық уәкілтті органдар және сырткы бақылау қызметтері.Ал обьектісі мемлекеттік кәсіпорындар.

  2. Мемлекеттің актілері мен гранттарын ұстаушы немесе қолданушы заңды және жеке тұлғаларға бақылау жүргізу кезінде берілген әртүрлі актілер мен гранттар кепілдеме негізінде жүргізілуі қажет.Бұл бақылаудың субьектісі активтер мен гранттарды қолданушы заңды және жеке тұлғалар үшін орталық уәкілетті орган және орталық басқару органдары мен сыртқы баскару қызметі.Ал обьектісі активтер мен гранттарды қолданушы заңды және жеке тұлғалары.

  3. бюджеттің ақша каражаттарын қолданушы обьектілерді бақылау кезінде бакылау шаралары, бақылау іс-әрекеті бақылау жүргізу әдістері мен амалдары Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет.Бұл бақылаудың субьектісі бюджет каражаттарын алушылар үшін сыртқы бақылау бойынша орталық уәкілетті орган, және сыртқы бақылау қызметі,обьектісі бюджет қаражаттарын қолданушы заңды және жеке тұлғалар,мемлекеттік мекемелер,орталык және жергілікті аткарушы органдар,сонымен қатар қаржьшандыру қызметтерін көрсететін басқа да тұлғалар.

2)Сұрақ.

Ішкі бақылау-бұл ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау болып табылады. Ішкі бақылау қызметі бұл Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен құралады.Бұл қызметті құруға рұқсат беретін мемлекеттік органдардың тізбесін Қазақстан Респбликасының Үкіметі айқындайды. Ішкі бақылау қызметі орталық мемлекеттік органдардың басшысына есеп береді және де басқа да құрылымдық бөлімшелердің функцияларын орындауға және оларды ұйымдастыруға құқығы беріледі.

Ішкі бақылау қызметі мынадай қызметтерді(функцияларды) жүзеге асырады:

1.Бақылау жоспарын жасау;

2.Жасалған жоспардың орындалу нәтижелігін орындау;

З.Орталық мемлекеттік органдардың басшысына жасалынған жоспардың орындалуы жөнінде есепті табыс ету;

  1. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әртүрлі белгіленген нысандар мен мерзімдер негізінде бақылау нәтижесін көрсету;

  1. Мемлекеттік органда және аумактық бөлімшелермен ведомствалық бағыттағы ұйымдарына бақылау жүргізу.

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың міндеттері мен құқықтары:

1.Ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар беру.

2.Қаржы бақылауына сәйкес бақылау стандарттарын қолдану.

З.Ішкі бақылау саласында кадрлар біліктілігін арттыру және оларды кайта ұйымдастыру.

  1. Бақылау актілеріне талдау жасау және олардың тиімділіктерін арттыру.

  1. Нормативтік-құқықтық нормалар бойынша ішкі бақылау жүргізу әдістемесін жетілдіру мәселелерін әзірлеу және т.б.

3.сұрақ. Бақылау шараларын жоспарлау бұләртүрлі шаралардың өз уақытында белгілі бір мақсаттарға жетулеріне сапалы және тиімді іс-әрекеттер жүргізуге бағыт беретін шаралардың жиынтығы. Бақылау шараларын жоспарлау Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде көрсетілгендей тәуелсіз және обьективті принциптерге сәйкес жүргізіледі.Бақылау шараларының жоспары каржылық бақылаудың ақпараттық жүйесі негізінде сыртқы бақылау бойынша орталық уәкілетті органдардың қатысуымен жүргізіледі және жоспар бақылау субьектісінің басшысымен бекітіледі

Бақылау шараларының жоспары І жылға бекітіледі және олар мынадай,құқықтық бөлімшелерден тұрады:

  1. Бюджеттік бағдарламалар мен олардың бөлімшелерінің әкімшілігін кешенді бақылау.

  1. Жергілікті аткарушыоргандарды кешенді бақылау.

  1. Жергілікті атқарушы органдарды тақырыптық бақылау.

  2. бюджет бағдарламасы мен олардың бөлімшелерінің әкімшілігін тақырыптық бақылау.

  3. бюджет қаржыларын,гранттарын,актілерін алушы заңды және жеке тұлғаларды тақырыптық бақылау.

Кешенді бақылауды жоспарлау Қазақстан Респуликасының бюджет кодексінің негізінде белгілі бір нақты бір обьектіні тексеру барысында жүргізіледі.Ал тақырыптық жоспардың бұл заңға сәйкес жеке азаматтардың қалауларымен келіп түскен мәліметтер бойынша жоспар құру.Бақылау шараларынан жоспарлау кезінде жоспарларындағы өзгерістер мен толықтырулар бақылау субьектісінің жетекшісінің бүйрығы бойынша жүргізіледі.Ал егер жоспардан тыс бақылаулар жүргізілетін болса,ол бақылаулар тек Қазакстан Республикасы Президентінің ұсынысымен немесе тапсырмасымен, Қазақстан Республикасының үкіметінің сынысымен, депутаттардың ұсынысымен және заңды және жеке тұлғалардыңәртүрлі арыздарыдарым-қатынас қағаздары және келіспейтін немесе қабылдамайтын шаралары негізінде жүргізіледі.Бақылау шараларын жоспарлаудасыртқы бақылау субьектілері бақылау обьектісін,бақылауды жүргізу мерзімін және бакылау мәліметтерін қолдану әдістерін көрсетулері қажет.

Сыртқы бакылау бойынша орталық уәкілетті органдар алдағы жылға шараларды жоспарлауды ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін мына талаптар негізінде бақылау шаралардың жоспарларын құру қажет:

1.Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуына талдаулар жасаулар туралы мәліметтер және ағымдағы жылы орындалған жұмыстар туралы орталық және жергілікті уәкілетті органдардың мәліметтері.

2.Сыртқы бақылау қызметінің бақылау шараларын жоспарлау ұсыныстары.

3.Орталық уәкілетті органдардың,есеп комитетінің және маслихаттарды тексеру комиссиясының ұсыныстары.

Бақылаудың сапасын басқару бұл құқық қорғау органдарымен жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының бюждет кодексіне сәйкес мемлекттік қаржылық бақылау стандартына сәйкес бақылау сапасын жақсарту белгілі бір талаптарға сәйкес жүргізілуі кажет.

Материалдық құндылықтарды тексеру,олардың сапасын анықтау бакылау органдарының материалдық құндылықтарды тексеру басты ^ақсаты болып табылады.

Материалдық құндылықтың сапасын бақылау кезінде мынадай прициптер қолдану қажет:

  1. Обьективтілік принципі,яғни белгілі бір материалдың сапасын бақылау кезінде оларды заңға сәйкес белгілі бір стандарттарға сәйкес обьективті түрде тексеру.

  1. Тиімділік қағидаты-бұл қағидат материалдар сапасын бақылау кезінде жүргізілген бақылауға баға беру.

  1. Анықтылық принципі-бұл принцип материалдың сапасын анықтау кезінде белгілі бір нақты әдістерді қолдану және жоспарға сәйкес алға қойған мақсатарға жету.

Материалдық құндылықтарды бақылау кезінде орталық уәкілетті органдардың қатысуымен әртүрлі құжаттар толтыру қажет.Сол құжаттардың негізгі бірі тексеру актісі.Бұл тексеру актісін толтыру барысында республикалық бюджеттің аткарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және маслихаттың тексеру комиссиялары өздерінің жүргізген бақылаулары нәтижесінде заңға сәйкес орындалмаған талаптарды көрсете отырып,тексеру актілерінде қорытынды береді.Егер бакылау жүргізу нәтижесі бойынша қылмыстық істер мен қүдық бұзушылық болған жағдайда 7 жұмыс күні ішінде жоғарғы құқық қорғау органына тапсырылады.Бұл шаралар бойынша 7 жұмыс күні ішінде шешім қабылдауы керек.

Бақылау шараларын қорытындылау жөнінде есеп берулер сырткы бақылау бойынша орталық уәкілетті органның қызметімен жүзеге асырылады.

Сыртқы бақылау бойынша есеп берулер орталық уәкілетті органдардың бақылауды жүргізу нәтижесіне сәйкес жыл бойы орындалған іс-әрекеттің,қызметтердің сапасына, тиімділігіне және жоспарға сәйкес жүргізілуіне кррытынды баға беру болып табылады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1.Сыртқы жән ішкі қаржылық бақылаудың айырмашылықтарын белгілі бір әдіс арқылы талда

2. Сыртқы бақылау және оның жүргізілу ерекшеліктері

3. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың міндеттері мен құқықтары