Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық бақылау және аудит Лекция кешен құрылы...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.27 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. ҚР-ның Заңы «Мемлекеттік қызмет туралы» 18.12.09 ж.

  2. Интыкбаева С.Ж. Құлпыбаев С.К. Қаржы. ЖОО-ға арналған оқулық. – Алматы “Экономика”, 2010

  3. Степашин С.В., Столяров Н.С. Государственный финансовый контроль. Учебник Питер, 2004 г.

  1. Тақырып. Қаржылық бақылау және аудиттың рөлі және құқықтық реттелуі

Лекцияның мақсаты –Қаржылық бақылаудағы орнымен маңыздылығын ашу

Лекция сұрақтары:

1.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі қаржылық бақылаудың рөлі.

2. Экономикалық қатынастар құрылымындағы қаржылық бақылау және қаржы жүйесі

3.Қаржылық бақылау обьектісі басшысының құқығы мен міндеттері

Қаржы бұл мемлекеттің саясатын жүргізудің негізгі құралы қаржы өз кезегінде ақшаның белгілері мен функцияларының негізінде құралады. Қаржы бұл ақша қатнастарының н-е ақша оператцияларының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Қаржының ақшадан атқаратын қызметі жағынанда мазмұны жағынан да айырмашылығы бар. Ақша бұл өнім өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға бірдей экпи валент. Ал қаржы дегеніміз ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді бөлу ж-е қайта бөлу сондайақ ақша қорларын жасау мен оларды пайдалануға бақылау жасаудың құралын айтамыз. Қаржы өнімді өндіругк оларды бөлуге ж-е тұтынуға ықпал жасайды. Қаржы ақшаның құрамдас бір бөлігі болғандықтан мемлекет кәсіп орындар мен ұйымдар салалар аймақтар мен жеке азаматтар пайда болатын экономикалық қатнастардың жиынтығы қаржы қатнастарын білдіреді. Қаржы өз кезегінде әр түрлі қаржылық оператциларды орындау арқылы белгілі бір ақша қорларын қалыптастырады. Жалпы қоғамдық өнімді ж-е ұлттық табысты бөлу тек қана қаржы арқылы ғана емес сонымен қатар бағаның несиенің ж-е еңбек ақының негізінде жүзеге иасырылады баға бұл тауар өнімнің ақшалай көрінісі. Несие бұл қаржы қатнастардың жүзеге асырудың негізгі құралы яғни халықтың уақытша бос ақща қаражаттарын айналысқа жұмсау. Еңбек ақы бұл қаржы қатнастарды жүзеге асырудағы ақша қорларын қалыптастырудың көзі болып табылады яғни салықтарды жинау арқылы зейнет ақымен сақтандыру төлемдарін төлеу арқылы белгілі бір қаржылық қатнастарды жүзеге асыру ж-е ақша қаражаттарын белгілі бір салалар бойынша бөлу ж-е қайта бөлу болып табылады.

ҚР-ның бюджет заңдылығы ҚР-ның Ата заңы негізінде негізделеді және нормативтік құқықтық актілер негізінде құралады. Бюджет заңдылығы ҚР-ның барлық аумақтарының жеке және заңды тұлғаларына бірдей қолданылады.

Бюджет жүйесі келесідей принциптерге сәйкес негізделеді:

1) бірлік принципі – ҚР-ның аумағында ҚР-ның біріңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде біріңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың біріңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

2) толықтық принципі – ҚР-ның заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және ҚР-ның Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқтарынан шегінуге жол бермеу;

3) реалистік(нақтылығы) принципі – бекітілген бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімдік фискалдық саясатқа және ҚР-сы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;

4) транспаренттілік принципі – ҚР-ның бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау;

5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы; 6) тиімділік және нәтижелілік принципі – бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;

7) басымдық принципі – бюджеттік процесті республикагың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

8) жауапкершілік принципі – бюджет процесіне қатысушыларды ҚР-ның бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;

9) бюджеттің дербестігі принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініптұруын орнықтыру және олардың жұмсалуы бағыттарын анықта.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісі басшысының құқығы мен міндеттері.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің мынадай құқықтары бар:

  1. Бақылаудың мақсатын, уақытын және ұзақтығын, оның нәтижесін, тұжырымдар мен ұсынысн білуге құқығы бар.

  1. Бақылау нәтижесімен жағдайда 10 күн мерзімде бакылау жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау орғанына немесе маслихаттың тексеру комиссиясына бақылау актісіне сәйкес қарсылық жіберуге құқылы.

  1. Бақылауды жүзеге асырған мемлекеттік қаржылық бақылау орғандарының маслихаттың тексеру комиссиясының іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен шағым жасауына құқылы.

  2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ,маслихаттың тексеру комиссиясының тапсырысын, сонымен қатар ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орған және оның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығын табыс етпеген қызметкерлерін, комиссия мүшелерін бақылауға жібермеуге құқылы.

Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің мынадай міндеттері бар:

1.Мемлекеттік қаржылық бақылау орғандарының қызметкерлерін, маслихаттың тексеру комиссияының мүшелерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Мемлекеттік қаржылық бақылау орғандарының, ішкі бақылау қызметінің қызметкерлерін, маслихаттың тексеру комиссиясының мүшелерін бақылау жұмысын жүзеге асыру үшін қажетті барлық акпаратпен қамтамасыз етуге және оның мақсатты,анықтығы және толыктығы үшін жауапты болуға міндетті.

  1. Кемшіліктерді жою жөнінде қабылданған шаралар туралы уақытылы есеп табыс етіп отыруға міндетті.

  1. Қызметкердің комиссия мүшелерінің бақылау жүргізуге кедергі жасайтын шараларды болдырмауға міндетті.

  2. Жүргізілетін бақылау нәтижелері бар актіні берген күннен бастап 3 күн мерзімде белгіленген тәртіппен бақылау актілеріне қол қоюға міндетті.

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу кезінде органдармен қарым-қатынастармен іс-әрекеттер жүзеге асырылады.

Мемлекеттік орғандар мен маслихаттың тексеру комиссиясының мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы өзара іс-қимылдары:

1.Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орған республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және маслихаттың тексеру комиссиясына бақылау жоспарымен бақылау актілерін жібереді.

  1. Мемлекеттік қаржылық бақылау орғандары мен маслихаттың тексеру комиссиялары кешенді бақылауды жылына 1 рет және кем дегенде 2жылда 1 рет жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қаржылық бақылау мен маслихаттың тексеру комиссиялары бақылау актісі бақылау стандартының талаптарына сәйкес келген жағдайда бақылау нәтижесін дұрыс деп корытады. Ал егер сәйкес келмесе,онда тексерілген обьектілер белгілі бір мерзімде бақылауды және жоғаргы орғанға тапсырады.

  1. Мемлекеттік қаржылық бақылау орғандарының, маслихаттың тексеру комиссияларының және ішкі бақылау орғандары кызметкерлері келісім бойынша бірлескен бақылау қызметін жүзеге асыра алады. Осы орғандардың жауапкершілігі:

А)Мемлекеттік қаржылық бақылау орғандарының ішкі бақылау қызметінің және маслихаттың тексеру комиссиялары мүшелері бақылау актілерінде жазылған мәліметтердің анықтылығы, обьектілігі және толыктығы үшін Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауапкершілікте болу қажет.

Б)Осы орғандар өз құзыретіне сәйкес олардың міндеттерін орындауына, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпараттарды және өзге де мәліметтерді беруден бас тартуға жауапкершіліктері болу кажет.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1.Бюджет жүйесі принциптеріне сипаттама.

2.Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің құқықтары.

3.Бюджет қатынастарын реттеудегі мемлкеттік басқарушы органдардың қызметтері