
- •Лекциялық кешен құрылымы
- •1. Тақырып.Қаржылық бақылау және аудиттің экономикалық мәні, мақсаттары, міндеттері мен принциптері
- •Қаржылық бақылаудың ұғымы міндеттері мен функциялары.
- •Қаржылық бақылаудың түрлері және қаржылық бақылаудың орғандары.
- •Қаржылық бақылаудың әдістері.
- •Мемлекеттік қаржылық бақылау типтері:
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері:
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың жүзеге асырылуын орғанға қарай:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Тақырып. Қаржылық бақылау және аудиттың рөлі және құқықтық реттелуі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. Тақырып. Қаржылық бақылау нысандары. Сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру негізі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •4. Тақырып.Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •5. Тақырып.Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары
- •Қазіргі таңда стандарттың мынадай түрлері бар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •6.Тақырып. Салықтық, кедендік және валюталық бақылауларды жүргізу ерекшеліктері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
|
«ЭКОНОМИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ»
ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП»
КАФЕДРАСЫ
«Қаржылық бақылау және аудит» пәнінен
ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН
Алматы, 2011 ж.
|
Лекциялық кешен құрылымы
1. Тақырып.Қаржылық бақылау және аудиттің экономикалық мәні, мақсаттары, міндеттері мен принциптері
Лекцияның мақсаты – жалпы қаржылық бақылауға тоқтала отырып мемлекеттік қаржылық бақылау мән мағынасын ашу және мемлекеттік қаржылық бақылауда қолданылатын әдістерді үйрену.
Лекция сұрақтары:
Қаржылық бақылаудың ұғымы міндеттері мен функциялары.
Қаржылық бақылаудың түрлері және қаржылық бақылаудың орғандары.
Қаржылық бақылаудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың ұғымы,міндеттері мен функциялары.
Қаржылық бақылау дегеніміз -қаржы жүйесінің барлық қаржылық ресурстарын жасау,бөлу және оларды пайдалану негіздерінде оларды тексеруге бағытталған қаржылық басқармасының элементтерінің бірі болып табылады.Қаржылық бақылаудың экономикалық мәні -мемлекеттің қаржы саясатын дұрыс ұйымдастыру,қаржы ресурстарын қалыптастыру және оларды тиімді пайдалану процестерін қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық бақылаудың обьектісі - қаржы ресурстарын, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлеріндегі ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақшаның бөлгіштік процесі болып табылады. Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды:
1.Экономикалық заңдар талабының сақталуын тексереді.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлуді ұйымдастыру.
Бюджетті жасау және оның атқаруын тексеру.
ШЖС-дің ,мемлекеттік мекемелердің,қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және басқа да заңды тұлғалардың еңбек,материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйін және олардың тиімді пайдалануын тексеру.
Салықтық бақылау.
Қаржылық бақылаудың міндеттері:
1.Мемлекеттік бюджет алдында қаржылық міндеттердің уақытылы және толығымен қамтамасыз етілуі.
Кәсіпорындарда,ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде материалдық құндылықтар мен ақша ресурстарын ұтымды жұмсауға,сонымен бірге бухғалтерлік есеппен есептемені дұрыс жүргізуге жәрдемдесу.
Қаржы ресурстарын өсірудің және өнім мен қызметтер пайдасын арттыру барысында ішкі өндірістік резервтерді анықтау.
Түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорынның қолданып жүрген заңдылықтары мен нормативтік актілерін,соның ішінде салық салу саласындағы актілерді сақтауды қамтамасыз ету.
Қаржылық бақылаудың фунциялары:
1 .Қаржының жұмсалуын тексеру (смета бойынша)
Қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыты мен толықтығын тексеру.
Есеп және есептеме ережелерінің сақтауын тексеру.
Бақылауды жүзеге асырудың мынадай қағидалары бар:
1.Бақылаудың реттілігі қағидаты. Яғни қаржылық операциясының дұрыс орындауын реттеп отыру.
Бақылаудың алдын-алу қағидаты. Яғни қаржылық операцияның дұрыс жүргізілуіне алдын-ала бақылаулар жасау.
Бақылаудың нақтылығы қағидаты. Бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру негізінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бақылаудың нақты және мақсаттылығын көрсету.
Бақылау қызметі орғандарының тәуелсіздігі. Яғни қаржы министірлігі,қаржы полициясы. Қаржылық бақылау түрлері және қаржылық бақылаудың орғандары.Қаржылық бақылауды жіктеу субьектісіндегі айырмашылықтарға бақылау іс-қыймылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген.Осы белгілерге қарай қаржылық бақылау 3 бағытта жіктеледі:
1)Түрлері бойынша
Субьектісі бойынша
Бақылауды жүзеге асырудың әдістері бойынша
Түрлері бойынша қаржылық бақылау жүргізілу уақытына қарай алдын-ала бақылау,ағымдағы және кейінгі болып 3-ке бөлінеді.
А) Алдын-ала бақылау дегеніміз-белгілі бір қаржылық операцияның орындалуына дейін және ақша қорын жасау,бөлу және пайдалану операциялары жүргізуге дейін орындалатын бақылаудың түрі.
Б) Ағымдағы бақылау дегеніміз-бұл бақылау белгілі бір операцияның орындалуы кезінде және ақша қорларының жасалуы кезінде жүргізілетін бақылау түрі.
В) Кейінгі бақылау дегеніміз-бұл бақылау белгілі бір шаруашылық қаржылық операциялардың орындалуынан кейінгі және ақша қорларының жасау және бөлу мен оларды тиімді пайдалану операциялары орындалғаннан кейін жүргізілетін бақылау түрі.
Субьектілері бойынша мемлекеттік,қоғамдық,аудиторлық бақылау болып бөлінеді.
А)Мемлекеттік бақылау:
-Жалпы мемлекеттік
- ведомствалық болып бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік және ведомствалық бақылаулар қаржылай меншікті бақылауға өз есептемелерін тапсырады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау- бұл бақылау обьектісінің республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есеп жүргізу,олардың аттқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, мемлекеттік мекемелердің тауарларын сатқаннан түскен ақша қорларын пайдалану сәйкестігін тексеру болып табылады. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың обьектілеріне: Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орғандар,бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік орғандар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын,активтерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау орғандары: республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орташа уәкілетті орғандар.