
- •Д.А. Қонаев атындағы университет гуманитарлық-экономикалық факультет
- •Оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •3. Пререквизиттер
- •5. Пәннің мазмұны
- •6. Сабақтың тематикалық жоспары
- •Дәрістердің тематикалық жоспары
- •6.2 Семинар, тәжірибе сабақтардың жоспары
- •6.3 Оқутышының басшылығы мен студенттердің өздік жұмыс сабақтарының жоспары (соөж)
- •7. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары
- •7.1. Тақырыптық жоспары
- •7.2. Студенттердің өзіндік жұмыс тақырыптарының жоспары
- •Төртбаллды жүйе бойынша сандық баламаға сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі
- •11. Әдебиеттер тізімі негізгі әдебиеттер
- •12. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
|
Д.А.Қонаев атындағы Университет |
ҚУ ҮРДІСІ 703-07-13 |
басылым: бірінші |
Бет. 12 -нің 4-сі |
|||
Оқу-әдістемелік үрдісін басқару |
Д.А. Қонаев атындағы университет гуманитарлық-экономикалық факультет
Тел. 292-60-34,
E.mail: kunaev.un@mail.ru
«БЕКІТЕМІН»
Оқу - әдістемелік ісі жөніндегі
_____________ проректор
«___» _________20 _____ж.
Оқу бағдарламасы (Syllabus)
«Қаржылық бақылау және аудит» пәні бойынша
мамандығына «5В050900 - Қаржы», «5В050800-Есеп және аудит»
пән коды___ FKA 2220, FKA 2221
(ГОСО бойынша)
Оқу нысаны: Сыртқы
(күндізгі, сыртқы, дистанциялық)
Кредиттер саны 2 |
Семестр __4,6_ |
Курс __2,3__ |
|
Дәрістер __13__ сағат |
Тәжірибе (сем., студиялық) сабақтар _5__ сағат |
АБ саны _1__
|
|
СОӨЖ _18__ сағат |
|
СӨЖ __54_ сағат
|
|
Емтихан _4,6_ семестр |
Барлығы 90 сағат
|
Алматы, 2014 ж
Оқу бағдарламасы (Syllabus)
5В050900-Қаржы мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспары негізінде құрастырылған.
«Қаржылық бақылау және аудит» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасын құрастырушы аға оқытушы Джаксынкаева Н.Т. Оқу жұмыс бағдарламасы «Қаржы және есеп» кафедрасында талқыланған. «__27_»_тамыз 2012 ж., хаттама № 1.
Бағдарламаны құрастырушы аға оқытушы Джаксынкаева Н.Т
Кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Дауылбаев Қ.Б
Жұмыс оқу бағдарламасы ОӘК-те бекітілген.
«___»__тамыз__2013 ж., хаттама №_1_.
1. Оқытушы туралы мағлұмат: «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Джаксынкаева Н.Т.
2.Контакты ақпарат: «Қаржы және есеп» кафедрасы 904 кабинет
Ұялы телефоны: 8 701 918 76 73, email dzhaksynkaeva1973@mail.ru
Пәннің сипаттамасы
Курстың қысқаша мазмұны: " қаржылық бақылау және аудит" курсы теориялық және практикалық жағынан "Қаржы" мамандығы студенттері оқуға тиіс арнайы пән болып табылады. Курста Мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі аспектлері қарастырылған. Мемлекеттік қаржылық бақылау – негізгі және маңызды бақылау саласы. Бұл қаржының қоғам өмірінде және әрбір жеке адам үшін үлкен маңыздылығымен байланысты. Қаржы мемлекет болмысының материалдық негізі және оның функцияларының жүзеге асырылуын ақшалай қамтамасыз етудің көзі болып табылады. Қаржы тетіктері арқылы мемлекет елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына белсенді әсер етеді. Әрбір ұйым және әрбір азамат әртүрлі қаржылық институттар арқылы мемлекетпен тығыз байланыста болып, әртүрлі қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Сол себепті, қаржылық бақылауды оқып үйрену, олардың түрлерін, функцияларын, сыныптамасын және де мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылу әдістерін үйрену жоғары оқу орындары студенттері үшін оқытылуға міндетті арнайы пән болып табылады.
Студент қаржылық бақылауға қатысты экономикалық процесстерді талдай білуі, қандай да бір кезеңдегі республикада жүргізіліп отырған бюджеттік - салықтық саясаттың нәтижелілігіне баға беріп, өзінің позициясын ұстануға дайын болуы керек .
Курстың мақсаты: Мемлекеттік қаржылық бақылаудың теориялық аспектлерін оқып үйрену, нақты бір салық түрлерін практика жүзінде есептеп үйрену, салық заңдылықтарын, түрлі бақылау әдістерін, салықтық әсер ету құралдарын оқып - үйрену.
Курстың міндеті:
Курсты оқып - білу кезінде студенттер: біріншіден, қаржылық бақылаудың функциялары мен міндеттерін, қаржылық бақылау түрлері мен әдістерін және олардың теориялық аспектілерін оқып үйрену, яғни мемлекеттік қаржылық бақылаудың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге қаржылық бақылаудың функциялары мен әдістерін, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қаржылық бақылау мен салықтық бақылау дамуының кезеңдерін, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын және т.б. оқыту.
екіншіден мемлекеттік қаржылық бақылау практикасын терең қарастыру мен қатар, нақты қаржылық бақылау түрлерінің практикалық есептелуін жетіп үйрену, заңдарды жан-жақты оқып-үйренумен бірге бақылау тетіктердің әсер етуін қарастыру.
үшіншіден, мемлекеттік қаржылық бақылаудың теориялық және практикалық аспектілерін терең оқып-үйрену негізінде қаржылық жоспарлау әдістерін игеру, сонымен бірге қаржылық бақылау тетіктерін қолдана білуі қажет.