Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2258.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.31 Кб
Скачать

10)Әлеуметтану пәнінің негізгі категориялары

Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; « әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус»,« әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т.б.

Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол - «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.

11)Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары

Социологияның алғаш негізін қалаушы француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары "Позитивті философияның курсы" деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады, оның үшінші томында алғаш рет Конт "социология" деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қойды. Ол социология фактіге негізделуі керек және ол әлеуметтік құбылыстарды жаратылыс ғылымындай тәжірибелік және аналитикалық зерттеу қажет деген.  Бірінші, теологиялық сатыда адам құбылыстарды діни негізде түсіндіреді. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделеді. Позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылады деп көрсетеді. О.Конт қоғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде адамның рухани дамуын, ақылының дамуын көрсетеді.       Социология ғылымының негізін салып, оны дамытудағы Конттың рөлін анықтайтын болсақ, біріншіден, ол алғаш рет қоғамтануда ғылыми тәсілді қолданды. Социологияны әртүрлі эксперименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтады. Үшіншіден, социология ғылымында эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мәселесін көтерді. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.

12)Әлеуметтік байланыс, қауымдастықӘлеуметтік байланыс — қоғамдағы жеке адамдардың не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін түсінік. Бұл түсінікті социологияға француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм енгізген. Ол әлеуметтік байланыс ұғымын топқа, ұйымға және тұтас қоғамға қатысты қарастыруға болады деп білді. Әлеуметтік топтардың не қоғамның ішіндегі әлеуметтік байланыстардың үш белгісі болады: а) топқа не қоғамға мүше әрбір адам сол қауымдастыққа тән ортақ ережелерді орындайды және құрметтейді; ә) аталған қауымдастық мүшелері өздерінің ортақ мүдделеріне байланысты бір-біріне тәуелді; б) жеке адам өзін қауымдастықпен біргемін деп санайды. Әлеуметтік байланыс ұғымыәлеуметтік қарым-қатынастар ұғымын да қамтиды және әлеуметтік детерменизм принципі негізінде анықталады. Адамдар, топтар, қауымдар арасындағы үнемі қайталанып отыратын әлеуметтік байланыстар әлеуметтік қарым-қатынастар деп аталады. Олар саяси, экономикалыққұқықтық т.б. қарым-қатынастар болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастардың бәрі де өзара тығыз байланыста, біріне-бірі себепші болады.

Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]