- •1 ) Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
- •2)Әлеуметтанудың құрылымы. Әлеуметтанудың функциялары
- •3)Қоғам оның негізгі белгілері
- •4)Әлеуметтанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегіорны және ерекшелігі.
- •5)Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •6)Әлеуме-дың құрылымы. Әлеу эмпирикалық, теор мәсел.
- •7)Қоғамның типтері, қызметі
- •8)Әлеуметтану ғылымының рефор жолынд рөлі
- •9)Әлеуметтік стратификация
- •10)Әлеуметтану пәнінің негізгі категориялары
- •11)Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары
- •13)Әлеуметтік мобильдік
- •14)Қазіргі заманғы әлеуметтанудың негізгі парадигмалары
- •15)Қазақстандағы орта таптың қалыптасуы:нәтижесі проблемалары
- •16)Тұлға әлеуметтануы
- •17. Қазақ ойшылдарының әлеуметтік саяси көзқарастары.
- •19. ХіХғасырдың аяғы мен хХғасырдың бас кезіндегі қазақ ойшылдарының әлеуметтік проблемалары туралы ой пікірлері.
- •20. Тұлға және әлеуметтендіру процесі.
- •21. Қазақстан қоғамының қазіргі саяси әлеуметтік проблемалары.
- •22. Әлеуметтендіру процесінің негізгі деңгейлері
- •24. Ұйым әлеуметтануы
- •25. М.Вебердің әлеуметтанулық ілімдері.
- •26. Аномия-қазіргі қоғамдағы негізгі фактор. Жасөспірімдердің нашақорлыққа үйірсек болуының себептері.
- •27. .Еңбектің әлеуметтік өлшемі.
- •28. Адамзат еңбегінің дамуының негізгі кезендері.
- •29)Отбасының типтері мен циклдары
- •31)Отбасы әлеуметтік институт және кіші топ ретінде
- •36)Инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелері
- •37)Отбасының функциялары
- •38)Әлеуметтік инженерия, өндірістің әлеуметтік қорлары
- •39.Инженердің кәсіби мобильдігі
- •40. Қазақстандағы демографиялық саясат және отбасының әлеуметтік дамуы
- •41.Қоғам және білім берудің бір-біріне тәуелділігі
- •42.Әлеуметтік рөл
- •43.Білім беру және әлеуметтендіру процесі
- •44.Әлеуметтік мәртебе
- •45.Әлеуметтік институттар
- •46.Қазақстандағы дін жағдайы
- •47.Ауытқыған міңез-құлық
- •49.Зерттеу бағдарламасының құрылымы
- •50.Президенттің Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстан- 2050 стратегиясы-Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазаұстан-2030 стратегиясының негізгі қорытыңдылары
- •51.Әлеуметтік зерттеудің бақылау мен тәсілдері
- •52.Әлеуметтік зерттеудің түрлері
- •53.Зерттеудің негізгі әдістері, олардың сипаттамасы
- •54.Ақпаратты жинау және өңдеу әдістері
- •55.Әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру
- •56.Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты-Елбасының Қазақстан халқына жолдауы
- •57.Қажетті ақпараттар мен гипотезаларды сұрыптау
- •58.Анкета сұрақтарының түрлері
- •59.Әлеуметтануды зерттеудің бағдарламасы туралы түсінік
- •60.Г.Спенсердің әлеуметтанулық тұжырымдамалары
- •61.Құжат талдау әдісі
- •62.Отбасының негізгі белгілері және зерттеулердің негізгі бағыттары
- •63.Әлеуметтануды зерттеудің міндеттерін анықтау.Міндеттердің түрлері.
- •64.ХХғ. Әлеуметтануының негізгі тұжырымдамалары
- •65.Некеге отыру мен ажырасудың себептері
- •66.Білім институтының сипаттамасы
- •67.Мәдениеттің функциясы
- •68.Мәдениеттің түрлері
- •69.Саясат әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •70.Қазақстандағы әлеуметтік саясат
- •71.Сұхбат-әлеуметтік зерттеудің объектісі
- •72. . Мәдениет социологиясы
- •73.Субмәдениет
- •74.Маркстік әлеуметтану ілімдері
- •75.Еңбек социологиясының категориялары: еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ықпалдандыру,еңбек түрлері
- •76.Адам талаптарының тұжырымдамалары
- •77.Президенттің Қазақстан халқына 2050 стратегиялық жолдауындағы әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары
65.Некеге отыру мен ажырасудың себептері
Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күмәнсіз. Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас.
Жалпы Қазақстан бойынша ажырасуға себеп болатын негізгі факторларды атайтын болсақ: отбасының бұзылуына ең алдымен бір-біріне деген терең сезімдердің, өзара түсіністіктің жоқтығы себеп. Екінші кезекте – тұрмыстық зорлық. Одан әрі менмендік; тәкаппарлық пен пікірлер қарама-қайшылығы; өз кінәсін немесе қатесін мойындай білмеу; отбасылық өмірге дайын болмау; отбасылық құндылықтардың жоқтығы; тәуелділік (есірткіге, ішімдікке, интернет пен теледидарға); әлеуметтік-экономикалық қиындықтар; жағдайды бағалауда асыра сілтеу; отбасыда кімнің қандай рөл атқаратынын өзара келісе алмау; сыңарын таңдауда және отбасылық өміріне ата-анасы мен туған-туыстарының ықпалы; әлеуметтік деңгейлерінің әралуандығы; көзіне шөп салу; есеп бойынша тұрмыс құру; бедеулік; бойдақтығынан айырылып қалудан қорқу; отбасылық өмірден бейхабар болу және соңғысы – діни сенім-нанымның әртүрлілігі сынды себептер бар.
66.Білім институтының сипаттамасы
Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар:
1. бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);
2. қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);
3.тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);
4.білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);
5. рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).
Білім ерекше әлеуметтік институт, ол-өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылыап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады, т.б.
Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерін жалпы әлеуметтагудың арнаулы теориясы- білім әлеуметтануы зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқа – да әлеуметтік жүйелерімен, процестермен, институттарымен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды.сонымен бірге білім жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына, қоғамдық қатынастарға, еңбектің өнімділігіне, өндіріске және басқа іс-қызметтің тиімділігіне әсерін, жеке адамды тұлғаға айналдырудағы интеллектульды, білім процесінің рөлін, адамның табиғат және қоғам туралы білімді, озық тәжірибені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын, білім деңгейінің қызметке, жұмысқа, тәртіпке әсерін, адамдардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өзгеруін, т.б. талдап зерттейді.
