Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2258.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.31 Кб
Скачать

57.Қажетті ақпараттар мен гипотезаларды сұрыптау

Нені зерттеу керекгігі аныкталған соң, зерттеу жұмысын қалай жүргізу керек деген орынды сұрақ туындайды. Ол үшін зерттелтін проблеманы элементгерге бөліп, сонан сон, сол элементтердің құрамды бөлімдерін аныктаған жөн. Сөйтіп оны схемаға тусіру керек. Схема проблемаға катысты элементтерді көрсетеді және олардын бір-біріне қатынасы мен байланысын бейнелейтін болады. Схема дайын болғаннан кейін, көземел құрылады. Көземел /гипотеза/ деп кайсыбір фактыларды, құбылыстар мен процестерді тусіндіру үшін жасалып, олардың дұрыстығын бекітіп немесе жокка шығаруды айтады. Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтыктын екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтык. Бас жиынтық деп проблемаға катысты бакылауға алынатын бүкіл беліктің жиынтығын айтады. Бас жиынтык территория, мерзім, өндіріс саласы немесе кесіптік, функциялык шенберді камтумен шектелген. Іріктелген жиынтык бас жиынтыктын бөлігі бола отырып, әзірленген әдістемеге немесе іріктеп, таңдап алу бағдарламасына сәйкес зерттелетін объектінің есебінде болады.

58.Анкета сұрақтарының түрлері

Анкета - алдын-ала құрылған сұрақтар жүйесіне жауап беру парағы. Толтырушы туралы қандай да бір мәлімет алу үшін және де кемшіліктің көзқарасын зерттегенде қолданылады.  Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: ундеулік, негізгі, төлқұжаттық.Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады.Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі. Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді: 1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады; 2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады; 3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді. 

59.Әлеуметтануды зерттеудің бағдарламасы туралы түсінік

Әлеу-к зерттеудің нақты түрі оған қойылған мақсат пен шарттардың сипатымен көрсетіледі. Осыған сәйкес әлеу-к зерттеудің 3 түрін ажыратады:

1) бақылаулық,2)суреттемелік,3)сараптамалық. Бақылаулық әлеу-к зерттеу(пилотаждық) мазмұны бойынша шектелген мақсаттарды шешеді.Бақылаулық зерттеулер н/е құбылысты алдын ала зерттеуге арналған,проблема аз ауқымда болғнда ол зат пен объект жөнінде толық ақпараттты анықтап береді, гипотезаны дұрыстайды.Сараптамалық зерттеулер-оқылатын құбылыстың элементтерін суреттеуге ғана мақсат етіп қоймай, сондай-ақ оның негізінде жатқан себептерді түсіндіру де мақсат еткен әлеу-к аналищдің ең тереңдетілген түрі, бақылау әлеу-к зерттеулерде әрқайсысында маңызды процедура бар 3 негізгі типті бөліп айтуға болады: дайындық сатысы(зерттеу бағдарламасын өңдеу), негізгі (бақылау зерттеулерін жүргізу), тәмамдайтын(мәліметтерді өңдеу мен талдау, қорытындылар мен нұсқауларды қалыптастыру). Әлеу-к зерттеу жүргізу үшін бағдарлама жасалады. Бағдарлама деп ғылыми ізденістің әдістемелік және әдістеме шарттарын қамтитын құжатты айтады. Бағдарлама әдістемелік, әдістеме және зерттеуді ұйымдастыру тауарларынан тұрады.Әдістемелік тарауда зерттелетін проблема және оның тұжырымы зерттеудің мақсаты анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]