Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2258.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.31 Кб
Скачать

3)Қоғам оның негізгі белгілері

Қоғам - нақтылы мүддесі мен тілегіне сәйкес біріккен адамдардың жиынтығы. Қоғамның негізгі маңызды белгісі - территория (аймақ), онда әлеуметтік байланыстар іске асырылады. Территория - индивидтер арасында қатынастар мен өзара әрекеттердің қалыптасатын, дамитын әлеуметтік кеңістігінің негізі болды. Қоғамның екінші ерекшелік белгісі оның ішкі өзара байланыстарының жоғары интенсивтілігін қолдап отыру және ұдайы өндіру қабілеті. Тұрақтылық қоғамның маңызды сипаты деп айтылса да, социологтар оның негіз болатын себептерін түсіндіруде әртүрлі көзқарастарда болды. Э.Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығының басты негізіне "ұжымдық сананы", ортақ жігердің болуын алады. Р.Мертон болса қоғамның сақталуын халықтың көпшілігі меңгерген және әрбір индивидті біріктіретін тіршілік әрекеттерінің нормаларын сақтауға бағыттайтын "келелі құндылықтар" арқасында болады деп есептейді. Э.Шилз қоғам бүкіл территорияға бақылау жасайтын және ортақ мәдениетті таңатын тек қана "ортақ биліктің" ықпалымен өмір сүреді деген сенімде болған. Қоғамның үшінші белгісіне оның автономдығы және өзін-өзі жоғары деңгейде реттеушілігі жатады. Қоғамның автономдығы оның көп функциялылығымен іске асады, яғни индивидтердің алуан түрлі қажеттігін қанағаттандыру үшін керекті жағдайлар жасау қабілетінің болуы және индивидтерге өзін көрсету, өзін бекіту үшін кең мүмкіндіктер жасауы. Қоғам өз ішінде пайда болған және жасалған нормалар мен принциптердің негізінде, институттар мен ұжымдардың арасында реттеліп отырады және басқарылады.  Төртіншіден, қоғамды үлкен интеграциялық күш ерекшелейді. Ол әрбір жаңа ұрпақты әлеуметтендіреді, сол ұрпақты қалыптасқан қатынастар жүйесіне қосады, оларды бәрі мойындап қабылдаған нормалар мен ережелерге бағындырады. Қоғам мен тілдің, мәдениеттің шығу тегінің көрінбес жіптермен байланысқан адамдардың өздері оған ұмтылады. Ол адамдарға әдеттегі мінез-құлық үлгілерін қолдануға мүмкіндік береді, тұрақталған принциптерді басшылыққа алдыртады.

4)Әлеуметтанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегіорны және ерекшелігі.

Әлеуметтік философия  мен социологияның объектісін зерттеуде ұқсастық бар. Ал, пәні жағынан екеуі де қоғамдық өмірді зерттейді. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дүниеғаламының ерекше, құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны жалпы философиялық ұғымдардың, категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Ал социология ол проблемаларды әлеуметтік заңдар мен категориялар арқылы зерттейді. Социология мен тарих өзара бір-біріне әсерін тигізеді. Социологиялық қорытындылар тарихи тәжірибеге, фактілерге сүйенеді, сөйтіп оның табыстарына себепші болады, өмірдің алшақтауына, шамадан тыс абстракциялық жалпылауларға жол бермейді. Социологиялық зерттеулер тарихшыларға тарихи процестерді терең талдауға көмектеседі. 

Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар саясаттың субъектісі және объектісі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер - жеке адамдар және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Социология әлеуметтік болмысты, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді, ал саясаттану қоғамның саяси болмысын, саяси өмірін зерттейді. Социологияның дербес ғылым есебінде дамуы статистика, демография, психология басқа да пәндердің қоғамды және адамды зерттейтін жетістігіне сүйенеді. Өз теориясын қоғамдық өмірдің тәжірибесін зерттеу тәсілі, оларды қорыту арқылы дамытады.   

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]