Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2258.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.31 Кб
Скачать

46.Қазақстандағы дін жағдайы

Қазақстан тәуелсіз ел болғалы, көп ұлтты елімізде әртүрлі діни конфессиялардың өкілдері, өздерінің діни ұстамдарын жарыққа шығарып, өз қолдаушыларының арасына тарата бастады. Ксро кезінде мемлекет тарыпынан заңсыз деп табылған діни мейрамдар, діни салт—дәстүрлер жандана бастады. Коммунистік режимнің нұсқаулары мен жойылып құртылып кеткен талай мешіттер, шіркеулер және синагогалар қайтадан қалпына келтіріле бастады.

Қазақстан республикасы көп ұлты болғандықтан, бұнда әр діни конфессиялардың өкілдері орнын тапқан. Еліміз мұсылман мемлекеті болғандықтан, ислам дінмен қатар христиан діні де кең өркен жайған.

Әлемдік діндердің тарих бойына жүргізіп келген негізінен кертартпа саясаттары өзгерді. Ендігі жерде кез келген қоғамның, кез келген мемлекеттің, тіпті бүкіл адамзат қауымдастығының алдында тұрған зәру мәселелерді дін иелері он бағытта шешуге араласа бастады. Олар ең алдымен ядролық соғыс қаупін азайтуға. Экологиялық апаттарды болдырмауға, алапат аурулардың алдын алып, оларға кедергі қоюға, жер шарын кеулеп бара жатқан кедейлікке қарсы тұруға, руханиялық пен адамгершілік. Жұтаңсуларына, отбасы қадірінің кетуіне қарсы және діни конфессиялардың өзара араздықгарын бәсеңсітуге байланысты қозғалыстар ұйымдастыруға кірісті. Патриарх алексий ii советтер одағы тарап, ұлттық республикалар тәуелсіз мемлекеттерге айналғаннан бері орта азия мен қазақстан республикаларын аралап, онда тұратын православие дінін ұстанатын орыс, украин, белорус сияқты славян халықтарының өкілдерін жергілікті халықтармен шынайы достық орнатуға, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, руханилықты дамытуға, сөйтіп коғамда саяси-әлеуметтік тыныштық сақтауға шақырумен келеді. Қазақстандағы халықтар арасындағы татулық пен тыныштықтың бір кезі, сөзсіз, партиархтың саясатында жатыр. Қазақстанның бас муфтиі әбсаттар дербісәлі қажы билік басына келгеннен бері мұсылман дінін ұстанатын халықтар арасында оқу-тәрбие, имандық мәселелерін көтеріп келеді. Қоғамымыздың қайта түлеп, рухани жаңғыруына басқа да факторлармен қатар муфтиаттың осындай топтастырушылық қызметтерінің де үлесі бар екені сөзсіз. Діни социологияның басқа да ғылымдар сияқты езінің зерттейтін пәні бар екенін, оның өзінің күрделі структуралық құралымы болатынын, яғни қоғамдық өмірде алатын орны бар екенін және қоғамдық өмірде жүргізетін қызметтері (яғни әлеуметтік функциялары) бар екенін көрсеткеннен кейін, осы ғылымның өзіне тән зертгеу методтары бар екеніне тоқталамыз. Дін социологиясы өзінің зерттеу жұмыстарында көптеген басқа да қоғамдық ғылымдардың, соның ішінде әсіресе социология ғылымдарының қолданып келген таным принциптері мен методтарын пайдаланады. Дін социологиясының қолданатын әдістері мен тәсілдері баршылық.

47.Ауытқыған міңез-құлық

Ауытқыған мінез-құлық (девиаштық мінез-құлық) - балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы; оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, і ондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетгер жасауы. Ауытқыған мінез-құлық физиологиялық және патологиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (aшу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті болғанымен, адамды оның салдары үшін жауапкершіліктен босатпайды. Яғни Мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасаған қылмысы үшін кінәлілік жоққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір жағдайларда жеңшдетілуі мүмкін. Патологиялық негіздегі Ауытқыған мінез-құлық адаады бір сөтке сана-сезімнен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық Ауытқыған мінез-құлық ұшыраған адам жасаса, ондай адам есі кіресілі-шығасылы деп танылады. Девианттық қьлық — қоғамдық нормаларға қарсы қылықтар жүйесі немесе жеке қылықтар. Мұндай қылықтар әлеуметте қоддау табатын (дарындылық, альтруизм, ерлік т.с.с) және әлеуметте қолдау таппайтын болып бөлінеді. Әлеуметті қолдау таппайтын қылықтар — қылмыстық іс-әрекет және жөнсіз іс-әрекет (маскүнемдікке, нашақорлыққа бейім қылықтар). Девианттық қылықтар ауытқушы қылықтар. Адамның орныққан құқықты немесе өнегелілік тәртіптерден ауытқитын немесе сол тәртіп ережелерін бұзатын қылықтары.

48.Әлеуметтанудың сауалнама әдісі

Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер жөнінде ақпараттар өте жиі қажет болады.Мұндай ақпаратты сауалнама әдісін қолдана отарып алуға болады.Бұл әдіс ғылымда кеңінен тараған және барынша жиі қолданылатын әдістердің бірі.Бақылау барысында зерттеуші обьектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемде мағлұмат ала алады, сонымен қатар олардың өткен уақыттағы тыныс – тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде ақпарат алады.Сауалнама әсіресе индивидтердің субьективті жай-күиі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ереше құнды әдіс болып есептеледі.Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды.Сұраулардың көмегімен ақпарат алып жиналады.Ғылымда сауалнама жүргізуші адамдар-анкетерлар(Сауалшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар – респоденттер деп аталады.Алынған ақпараттың сипатына қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.

Сауалнама әдісінің екі түрі бар:анкеталық және сұхбат немесе сұхбатнама (интервью).Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды.Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу , бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: ундеулік, негізгі, төлқұжаттық.Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады.Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]